2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет15/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
ббжм

«Үлгілік жауаптар» тәсілі 
Үлгерімі нашар оқушылар сол деңгейде қалып қоймау үшін мұғалімнің көмегін жиі қажет етеді. Оқушыларға олардан нақты не күтетініңізді көрсету үшін үлгілік жауаптарды көрсетуге болады. Олардың артықшылықтары: екіұдайлықты азайтады, нәтиже қандай болатынын көрсетеді және балалардың алдында тұрған міндеттерді нақтылайды. Бұл білім алушылардың батылырақ әрекет етуіне мүмкіндік беріп, өзіне деген сенімділігін арттырады. Үлгілер көшірілмеуі керек, бірақ олар оқушылардың іс-әрекетіне дұрыс бағдар бере алады. Мысалы, экожүйелердегі ортаның биотикалық факторлары мен қоректік байланыстар туралы сабақта заттар мен энергияның берілу схемаларын құруға тапсырма беруге болады. Ал үлгілік жауап ретінде қоректік желінің бір схемасын көрсетуге болады. Білім алушылар басқа компоненттермен қоректік тізбекті немесе желіні құрады. Бұл әдісті үлгерімі нашар оқушыларды белсенді оқу процесіне тарту үшін қолдануға болады және ол оқуда қолдау қызметін атқарады. 

«Нәтижелерді саралау» тәсілі
Әр оқушы тапсырмаларды өз деңгейіне қарай орындайды (сәйкесінше, әрқайсысы табысқа жету жағдайын бастан кешеді). Осыған байланысты білім алушылардың бәрі шеше алатындай, яғни әркім өз мүмкіндігін көрсете алатындай тапсырмалар беру қажет. Негізгі ой: «Тапсырмада әрекет етуге орын қалдырыңыз». Яғни оқушылар тапсырма орындай отырып, кейін оның шешуіне бірқатар өзгеріс енгізе алу үшін дәптерлерінде біраз орын қалдыра алады. 
КОНДЕНСАЦИЯ ЖӘНЕ БУЛАНУ 

  • Өсімдіктер неліктен үнемі, тіпті үнемдеу қажет болған кездің өзінде де суды буландырады? 

  • Әртүрлі жағдайда тіршілік ететін өсімдіктер суды әртүрлі жолмен буландырады. Кейбірі лептесіктерін тек түнде ашса, басқалары күндіз ашады. Олардан бөлек үшіншілері, төртіншілері және т. б. бар. Жапырақтардың бір тәулік ішіндегі суды буландыру процесінің әртүрлі графиктерін салыңыз (абсцисса осінде уақытты, ордината осінде шартты бірліктермен берілген булану жылдамдығын көрсетіңіз). Әр график үшін оның пішіні неге дәл солай екенін, оның сіз қарастырып отырған түрдің тіршілік жағдайларымен қалай байланысты болатынын түсіндіріңіз. 

  • Шырын ағаш, әсіресе биік ағаштар діңімен қалай көтеріледі? Ағаштың әрекеті сорушы сорғы сияқты бола ма? Олай болса, неге биіктігі 10метрден асатын ағаштар бар (су қысымының айырмасы есебінен су көтерілетін максимал биіктік)? 

  • Өсімдікті сумен қамтамасыз ету дәрежесі фотосинтез жылдамдығына әсер ете ме? 

  • Дем шығарғанда адам мен жануарлардың өкпесінен ауамен бірге үнемі су буы бөлінеді. Біз мұны неге тек суық мезгілде ғана көре аламыз? 

  • Жанған кезде қай ағаш көбірек шытырлап жарылады: жаңа кесілген ағаш па әлде құрғақ ағаш па? Неліктен? 

  • Шырша шөркелері неліктен қатты шытырлап жарылып жанады? 

  • Ормандағы ағаштар неге қатты аязда шытырлап жарылып кетеді? 

  • Халықтың жорамалы бойынша, қарлығаштар жерге жақын ұшса, жауын жауады. Бұл рас па? Жауабыңызды негіздеңіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет