2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет43/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
ббжм

ТІРІ ЖҮЙЕЛЕР (Биология)

  • Организм (жануарларды, өсімдіктер мен микроорганизмдерді (мысалы, вирустар, бактериялар) қоса алғанда) туралы түсінік. 

  • Гендер (мысалы, экспрессия, тұқымқуалаушылық/тұқым қуалау, биотехнология) және олардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі. 

  • Жасушалар (оның құрылымы мен қызметі, энергиясы, тыныс алуы (көміртектің тотығуы), фотосинтез (көміртектің байланысуы), өсуі және т. б.). 

  • Өсімдік және жануарлар жүйелері (мысалы, қанайналым/тасымалдау, көбею, тыныс алу, жеткізу, бөлу, ас қорыту/тамақтану) және олардың өзара байланысы. 

  • Биологиялық эволюция (биоалуантүрлілік, генетикалық вариация, бейімделу және табиғи сұрыпталу). 

  • Экожүйелер (мысалы, материалдық ағындар мен энергия ағындары, қоректік тізбектер, тіршілік ету ортасы, экологияның бұзылуы (мысалы, ластану). 

  • Биосфера (мысалы, жаһандық экожүйенің тұрақтылығы).

  • Адамдардың өзара іс-қимылы және олардың қоршаған ортаға, басқа түрлерге, тұрақтылыққа әсері мен ықпалы. 

Процедуралық білім
Процедуралық білім деп ғалымдар сенімді әрі дәйекті деректерді алу үшін қолданатын стандартты процедуралар мен тәжірибелер туралы білімді айтуға болады. Мұндай білім ғылыми зерттеу жүргізу үшін де, алынған мәліметтер негізінде жасалған болжамдарды растау үшін пайдаланылатын дәлелдемелерге сыни талдау жүргізу үшін де қажет. 
Бағалауға болатын процедуралық білімге мынадай мысалдар келтіруге болады: 

  • тәуелді, тәуелсіз айнымалылар мен бақылау айнымалыларын қоса алғанда, айнымалылар ұғымы; 

  • өлшем тұжырымдамалары, мысалы, сандық (өлшемдер), сапалық (бақылаулар), шкаланы, категориялық және үздіксіз айнымалыларды қолдану; 

  • өлшемдерді қайталау және орташа мәнге келтіру сияқты белгісіздікті бағалау және барынша азайту әдістері; 

  • дәлдікті (бірдей шаманың қайталама өлшемдері арасындағы сәйкестікті) және алынған деректердің дәлдігін (өлшенген шама мен өлшемнің шынайы мәні арасындағы сәйкестікті) қамтамасыз ететін механизмдер;

  • кестелерді, графиктер мен диаграммаларды қолдана отырып, деректерді абстракциялау мен ұсынудың жалпы тәсілдері және оларды дұрыс пайдалану; 

  • айнымалыларды бақылау стратегиясы және оның эксперимент жасаудағы рөлі немесе қате нәтижелердің алдын алу, ықтимал себеп-салдарлық механизмдерді анықтау үшін кездейсоқ бақыланатын сынақтарды пайдалану; 

  • ғылыми сұраққа жауап беру үшін қолайлы зерттеу дизайнын таңдау, мысалы, эксперименттік, тәжірибелік немесе заңдылықтарды іздеу; себеп-салдарлық байланысты анықтаудағы бақылау құралдарының рөлі; 

  • ғылыми қауымдастық тұжырымдардың дәйектілігін қамтамасыз ету үшін қолданатын сараптамалық тексеру процестерін анықтау. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет