2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері



бет44/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
ббжм

Эпистемологиялық білім
Эпистемологиялық білім ‒ ғылымдағы білім беру процесіне қажет құрылымдар мен айқындаушы сипаттамаларды және олардың ғылымнан шыққан білімді негіздеудегі рөлін білу. Осылайша, эпистемологиялық білім ғалымдар айналысатын процедуралар мен тәжірибелердің негіздемесін, ғылыми зерттеулерді басқаратын құрылымдар мен айқындаушы сипаттамаларды білуді және ғылымның табиғат әлеміне қатысты тұжырымдарына сенудің негізін қамтамасыз етеді. Бұл келесілерді түсінуді: 

  • ғылыми бақылаулардың, фактілердің, гипотезалардың, модельдер мен теориялардың табиғатын

  • ғылымның мақсаты мен міндеттерін (табиғат әлеміне қатысты дәйекті түсініктемелер беру және болашақта болатын оқиғаларды болжау), технологиядан айырмашылығын (адам қажеттіліктерінің оңтайлы шешімін жасау); 

  • ғылымның құндылықтарын, мысалы, сараптамалық бағалауға бейім болуды, объективті болуды және сыңаржақтықты жоюды көздейді. 

Эпистемологиялық білім, ең алдымен, практикалық тәсілмен тексеріледі. Мысалы, оқушылардан деректердің қорытындыларды растайтынын не растамайтынын анықтауды немесе қай дәлелдер тапсырмада берілген гипотезаны көбірек растайтынын анықтауды және неліктен олай екенін түсіндіруді сұрауға болады. 
Негізінде, эпистемологиялық білім төрт элементтен тұрады, олар: 

  • ғылымдағы модельдердің рөлі; 

  • ғылымдағы деректер мен дәлелдердің рөлі

  • ғылыми пайымдаудың табиғаты; 

  • ғылыми зерттеулердің бірлескен және коммуналдық сипаты. 

Контекст
PISA–2025 зерттеуі жаратылыстану ғылымдары мен экологиялық білімге қатысты сұрақтар мен мәселелерді көтеретін нақты контекстегі құзыреттер мен білімді бағалайды. Бұл контекстер мектепте оқытылатын ғылымға қатысты мазмұнмен шектелмейді. Қайта олар 15 жастағы оқушылар алған және олардың қызығушылықтары мен өмірлік жағдайларына сәйкес келетін білім мен түсінікке қарай таңдалады. Олар алдыңғы PISA зерттеулеріндегі жаратылыстану сауаттылығы тұжырымдамаларының қолданыс салаларына сәйкес келеді.
Тест тапсырмалары мына жағдайлар төңірегінде құрастырылады: 

  • жеке басы, отбасы мен құрдастары (жеке); 

  • қауымдастық (жергілікті және ұлттық); 

  • бүкіл әлемдегі тіршілік (жаһандық). 

Технология мен экологияға қатысты тақырыптарды жалпы контекст ретінде пайдалануға болады. Тарихи контекстер білім алушылардың жаратылыстану ғылымдары бойынша білімін дамытуда процестер мен тәжірибелер туралы түсінігін бағалау үшін пайдаланылуы мүмкін. Негізінен, тест тапсырмаларына арналған контекст ретінде пайдаланылатын жеке, жергілікті, ұлттық және жаһандық жағдайларда ғылым мен техниканың қолданылуы мыналарды қамтиды: 

  • денсаулық және ауру-сырқаулар; 

  • табиғи ресурстар

  • қоршаған ортаның сапасы (қоршаған ортаға әсер ету мен климаттың өзгеруін қоса алғанда); 

  • қауіптер мен тәуекелдер;

  • ғылым мен техника әлемі (заманауи жетістіктер мен сын-қатерлерді қоса алғанда). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет