200 ж. №1 басылымының орнына 200 ж


ТАҚЫРЫБЫ: Шошқалардың және жыртқыштардың қарындарын зерттеу



бет7/9
Дата15.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#136866
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ТАҚЫРЫБЫ: Шошқалардың және жыртқыштардың қарындарын зерттеу



Сабақтың мақсаты: Шошқа, жыртқыш аңдардың қарындарын зерттеу әдістерін үйрену.

Керекті материалдар: Стетоскоп, фонендоскоп, нұқу балғасы және плессиметр, жылқы, шошқа және итке арналған қарын түтіктері, шошқа мен ит езуліктері, Жанэ шприці, тітіркендіргіш сынақ, микроскоп, лейкоциттерге арналған меланжер, Горяева камерасы, центрифуга, термостат, ареометр, бюреткалар, пипетка мен цилиндрлер, химиялық стакандар, химиялық және центрифугалық пробиркалар, жапқыш шынылар, Метта таяқшасы, универсальды индикатор қағазы, вазелин майы, 0,1 н. HCl ерітідісі, 1% амизарин- сульфоной қышқылды натрийдің сулы ерітіндісі, жылқы, шошқа, иттер.

Жылқының қанын тексеру. Жалпы әдістермен қоса диагностикалық түрде оған түтік жіберу және қарындағы заттарды алу үлкен роль атқарады.

Жалпы әдістермен зерттеу. Сыртқы сипалау, тыңдау және нұқу жылқыда нақты нәтиже бермейді. Сондықтан жылқының қарнының жағдайына баға беру сыртқы қарау мәліметтерін, кейде нұқу, тік ішек арқылы зерттеу, түтік жіберу нәтижелерінің негізінде жатыр. Қарын ауырғанда есінеу, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жоғарға еріннің ісінуі, таңдайдың кілегей қабығының ісінуі, тынышсыздану және т.б. Қарынның жіті түрдегі кеңеюінде 14-15 –ші қабырға аралықта сол жағында сербек сызығы және соңғы қабырғаға көтерілгенде кішкене томпаю байқалады. Осы аймақты сыртқы сипалаған кезде қабырға аралық еттердің тартылып тұрғандығын көруге болады, ал ішкі сипалауда жылқыларда сол бұйректің алдыңғы астында қарынның артқы қабырғасының жартылай домалақтанған денеге ұқсастығын сезуге болады. Сипалау арқылы ауырған аймақтардың сезімталдығын анықтауға болады.(Захарина – Геда аймағы).

Қарынды (Мышкин бойынша) сербек сызығы бойынша сол жақта 14-14 қабырға аралық аймағын күшті соққымен нұқиды. Қарында біршама мөлшерде газ жиналса топастанған- тимпаниялық дыбыс естіледі, ал газ көп жиналса онда дыбыс қатты тимпаниялық, ал азықтың массамен немесе сұйықтармен толып кетсе, онда топас дыбыс естіледі.

Қарынға түтік жіберу және қарынның құрамындағы жиналған заттарды зерттеу. Бұл әдіс ішек-қарын трактасының бірқатар ауруларын диагностикалағанда сенімді болып есептеледі.

Жылқының түйнегінде қарынды жуан мұрын – қарын түтікпен зондтайды. Өңделмеген қарынға жиналған затты жануарды толық дайындамай алады.

Жылқының гастритін және функциональды зақымдалуын анықтағанда көп әдістер және аш қарыннан соң алынған қарын затын тексеру және тітіктендіргіш сынама қою.

Қарын заттарын алу үшін жуан мұрын – қарын түтігі қолданады. Біріншісінен шыны бутылка трубкасын резиналы трубка насосы арқылы түтікпен қосады, ал екіншісінен Камовский және басқа ваккумды аппараттар көмегімен ауаны сорады. 12-14 сағаттан соң аш қарыннан қарын затын алады, одан соң сынақ тітіркендіргішін береді. сынақ тітіркендіргіші ретінде әртүрлі ботқаны береді: 500 г арпа ұны 3 л судағы, 500 г –2,5 л суға арпа ұнтағы.

Қарынға жиналған затты алудың екі әдісі бар:бірретті және фракционды. Бір ретті әдісте қарын затының бір бөлігін алып, зерттейді, оны сынақ тітіркендіргішін берген соң 45 минуттан кейін алады. Фракционды әдісте бірінші порциясын сынақ тітіркендіргішін берген соң 45 минуттан кейін құяды, ал соңғы 5 порциясын әрбір 20 минуттан кейін құяды. Алынған порцияларды физико – химиялық әдістермен зерттейді, ал аш қарыннан соң алынған порцияны микроскопиялық түрде зерттейді.

Аш қарындағы қарын заттарының мөлшері миллиметрден бір литрге дейін жиналуы мүмкін. Қарын заттарының түсі берілген сынақ тітіркендіргішіне және от қоспасына байланысты.

Қарын жарасы мен кілегей қабықтың қабынуында қарын затының түсі қызыл немесе қоңыр болады. Иісі арнайы қышқылтымнан анық қышқылға дейін. Қарын атониясында иісі күкірт сутекті, іріңді – геморрагиялық қабынуда - өлексе иісті болады. Консистенциясы сынақты тітіркендіргіштердің қалдығына, ал қарын ауруында онда кілегей, …ірің болуы мүмкін. Орташа қарын затының тығыздығы нормада 1,006 –дан 1,016-ға дейін болады.

Сау жылқыларда қарын затының қышқылдық көрсеткіштері, аш қарында ….кейінгі: бос HCl 0-6 бірлік, жалпы қышқылдығы 4-9 бірлік, қосылған HCl – 2-8 бірлік титр.

Сынақ тітіркендіргішін енгізген соң 1 сағат 25 минуттан кейін бұл көрсеткіштер максимум көтеріледі және құрайды: бос HCl 5-9, жалпы қышқылдық –13-20, қосылған HCl 5-12 титр. Ал 2 сағат 25 минуттан кейін барлық көрсетілген көрсеткіштер бастапқы қалпына келеді.


СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 19-20

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен» пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Диспансеризация

Сабақтың мақсаты: Студенттерді ауруларымен таныстыру, тиімді емдеу түрін қолдануға үйрету.

Диспансеризация – дені сау, сапалы өнімді, конституциясы қолайлы, организмдегі зат алмасу деңгейі жоғары малдар тобын құру үшін жүргізілетін диагностикалық, емдік және сақтық шараларының жоспарлы жүйесі.

Диспансеризацияның теориялық негізі – организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын қағидалайтын жалпы биологиялық заң болып табылады. Ол заң бойынша топырақтағы, онда өсетін өсімдіктегі және ол өсімдікпен қоректенетін мал организміндегі зат алмасу процестерінің өзара байланысы келтірілген.

Малдәрігерлік тәжірибеде диспансеризация алғаш рет Қызыл әскер бөлімдерінің малдәрігерлерінің жылқы малдарын күнделікті клиникалық тексеруден өткізуінен басталады (И.Г.Шарабрин және басқалар).

Ал диспансеризацияны мал шаруашылығына еңгізу сол кездегі ауылшаруашылық министірінің ғылыми-техникалық кеңесінің шешімі бойынша, Қазан ветеринарлық институтының ғалымы Х.Г.Гизатуллиннің ұсынысымен, 1957 жылы басталды. Ол ұсынысқа сәйкес диспансеризация негізгі және негізаралық болып екіге бөлінеді. Негізгі диспансеризация жылына екі рет: жазғытұрым - мал жайылымға шығарда және күзде – мал қыстаққа қойыларда, ал негізаралық – жыл тоқсанында бір рет жүргізіледі.

Диспансеризация үш кезенден тұрады:


  1. Диагностикалық;

  2. Емдеу;

  3. Аурудан сақтандыру.

Диагностикалық этапта қаралатын мәселелер:

Шаруашылықтағы малдарды пайдалану жөнінде анализ (тұқымы, өнімі, жасы және т.б.);

Малдарды азықтандырудың анализі (азықтың сапасы, азықтандыру деңгейі, берілетін уақыттары);

Малдарды күтіп-бағу тәртібі (қоражайы, желдеткіштің бар-жоғы, еденінің жағдайы, серуендетуді ұйымдастыру, ультракүлгін сәулесі, жарықтың мөлшері және т.б.);

Нақтылы деректерге сүйене отырып малдардың организміндегі зат алмасу процесінің деңгейін анықтау;

Табындағы малдың синдроматикасын анықтау. Оны бақылау тобындағы малдарды жан-жақты клиникалық-биохимиялық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жүргізеді.


Жануардың диспансерлық карта
Лақап аты, ені, таңбасы, реттік саны___________________ Жасы ________

Жынысы__________________ тұқымы ________________ Түсі мен ерекшеліктері _______________




Зерттеудің күні

күлілігі

Клиникалық зерттеудің қортындылары
























































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет