200 ж. №1 басылымының орнына 200 ж



бет6/9
Дата15.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#136866
1   2   3   4   5   6   7   8   9

СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 1

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » пәнінен

ТАҚЫРЫБЫ: Электрокардиография. Жануарлардың ЭКГ-сын жазу.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді электрокардиограф құрылғысымен таныстыру. Студенттерге әртүрлі жануарлардың ЭКГ-сын жазуды және ЭКГ-ның диагностикалық мәнін анықтауды үйрету.

Қажетті құралдар: Электрокардиограф.

Жануарларда ЭКГ жүргізудің үш кезеңі көрсетілген жоспар – плакат. Қалыпты ЭКГ-ң жоспары – жүректегі электр құблыстарын тіркеу. ЭКГ «Малыш» типті бір және екі каналдық электрокардиограф көмегімен жүргізіледі.



Жұмысты жүргізу техникасы.

Электрокардиограф құрылғысының сызбасын көру.

2. Аспаппен жұмыс жасау. Электрокардиографтың жұмысын тексеру. Жануардың (жылқы, ірі қара мал) алдыңғы оң және сол жақ сирақ және артқы сол жақ тірсекке, ал ит, қой, ешкі, шошқаның алдыңғы оң және сол жақ тірсекке ас тұзының 5 % ерітіндісі сіңдірілген дәке тартып, үстіне электрокардиографтың металл пластинкаларын бекітеді. Содан соң электрокардиограф кабелімен қосады. ЭКГ-ны түйеден басқа жануарларда тұрған күйінде (жүргізеді) жазады. Электрокардиограмма үш кезеңде жазылады:

1- кезең – алдыңғы оң және сол жақ сирақ (жүрекшелердің қозуы).

2 – кезең – алдыңғы оң жақ аяқтың сирақтан артқы сол жақ аяқтың тірсегінде (оң және сол жақ қарыншалардың қозуы).

3 – кезең- алдыңғы сол жақ аяқтың сирақтан артқы сол жақ аяқтың тірсегінде (сол жақ қарыншаның қозуы). Электрокардиограмма түзу изопотенциалдық сызықтан және бес тісшеден тұрады. Олардың ішінде 3 тісше изопотенциалдық сызықтан жоғары көтеріледі де оларды оң тісшелер деп атайды. Ал екеуі изопотенциалдық сызықтан төмен түседі, оларды теріс тісшелер деп атайды. Электрокардиограмманы жазып болғанда, аспаптың қуаттығышы өшіріледі, электродтар ажыратылады. Содан соң тексеріліп отырған жануардың электрокардиограммасы оқылады.

Тапсырма. Жылқы мен сиырдың электрокардиограммасын жазуды жүргізу.

Бақылау сұрақтары:

1.Электрокардиография дегеніміз не?

2.Жүрек биотоктары I, II, III кезеңде қай аяқтардан жүргізіледі?

3.Р және Т тісшелері нені көрсетеді?

4.Электрокардиографияны қандай аурулардың диагностикасы үшін қолданылады?

5.Сау жылқының ЭКГ-ғы барлық тісшелердің және сызықтардың схемасын сызыңыздар.

6.Бұзаулардың қандай ауруларында комплекс теріс болады?

СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 2

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » пәнінен
2- сабақ. Электрокардиограммаларды оқу

Сабақтың мақсаты: Әртүрлі жануарлардың электрокардиограммаларын оқу ережелерін студенттерге үйрету.

Қажетті құралдар: Жылқы, сиыр, қойдың электрокардиограммасының схемасы. Сау малдардың ЭКГ көрсеткіштері бар таблица. әртүрлі жануарлардың және адамның (ауруханада жазылған) электрокардиограммалары.

Жұмысты орындау техникасы: Көрсету және түсіндіру арқылы келесі көрсеткіштер бойынша ЭКГ-ны тексеру жүргізіледі:

тісшелердің биіктігі, мм.

2. тісшелердің изопотенциалдық сызықтан ауытқу бағыты (оң болса – жоғары, теріс болса – төмен).

интервалдардың ұзақтығы, сек.

Тісшелердің және кезеңдердің пайда болуына түсіндірме беріледі:

1. Систолалық кезең – Р – тісшенің басынан бастап, Т-тісшесіне дейін;

2. Диастолалық кезең – Т-тісшенің аяғынан бастап, келесі Р – тісшенің басына дейін.

Тапсырма - Әрбір студент оқытушы берілген электрокардиограмманы талдайды. ЭКГ-ғы тісшелерді, интервалдарды, кезеңдерді сипаттап, сау жануардың ЭКГ-мен салыстырады, өзгерістерін көрсетеді. ЭКГ бойынша қорытынды жасалады. Сабақтың соңында электрокардиограмманы оқу нәтижелеріне талдау жасалады.

Бақылау сұрақтары

1. ЭКГ арқылы қандай аурулардың диагнозын қояды?

2. Систолалық және диастолалық кезеңдердің өзгеруі жүректің қандай ауруларында кездеседі?

3. ЭКГ қандай ретпен оқылады?

4.ЭКГ-ға қандай факторлар әсер етеді?
СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 3

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » пәнінен


3-сабақ. Вегетативті жүйке жүйесін тексеру. Захарыш – хеда зоналары (бөліктері).

Қажетті құралдар: И.П. Шатала аппараты, бұраулар, фонендоскоптар.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге вегативті жүйке жүйесін дұрыс тексеруді және бейнеленген ауруды анықтауды үйрету.

Вегативті жүйке жүйесін тексеру

Малдәрігерлік тәжірибеде вегативті жүйке жүйесінің жағдайын анықтау үшін арнайы рефлекстер әдістемесі қолданылады. Бұл мақсатта жануардың 30 секунд ішінде жүрек соғуын санайды. Содан соң Шатала аппаратын қолданып немесе қолмен көз алмасына сынап бағанасы бойынша 20-30 мм қысым түсіру арқылы көз-жүрек рефлексін түзеді. Құлақ – жүрек рефлексінде Шатала динамаметрін құлақ негізіне қойып немесе жылқылар үшін қозғыштық типті- 20 кг, қозғалғыш –25 кг, инертті –30 кг қысым күшін түзу үшін бұрау салады, сол кезде бір уақытта 30 секунд ішіндегі жүрек рефлексін анықтағанда үстіңгі ерінге бұрау салып, жүрек соғуын санайды. 1 минутта 4 реттен аз соқса, ол жануардың вегатоникалық жағдайда екенін, ал 4 реттен көп соқса, ол жануардың симпатикотоникалық жағдайда екенін білдіреді.



Захарыш-Хеда зоналарын (бөліктерін) тексеру.

Захарыш- Хеда зонасы – ішкі мүшелердің аурулары кезіндегі терінің сезімталдығы жоғарылаған бөліктерін анықтау.



Сезімталдығы жоғары бөліктердің клиникалық сипаттамасы. Сезімтал бөлік аймағын ақырын басқанда немесе нұқығанда ауру малда терінің ауырсыну реакциясы (гиперестезия) болады. Жоғары сезімталдық бұлшық еттің жиырылуымен, тердің көп бөлінуімен, ыңырсумен, арқасын бүгумен, тексерушінің қолынан қашқалақтаумен сипатталады.

Тапсырма. Тірі жануардың денесіне көкірек және құрсақ қуысының мүшелерінің топографиясын бормен сызып, бейнеленген ауырсынуды тексеру. Тексеру нәтижесін жұмыс дәптеріне жазып алу керек. Жылқыларда ауырсыну бейнеленген бөліктер мынадай:

1. Асқазан ауруында терінің жоғары сезімталдық зонасы – шоқтықтың артқы еңісінде;

2. Асқазан, 12-елі ішек, бауыр, көкбауыр және ұйқы безінің ауруларында – сол жақтан 5-10-шы қабырға аралығында;

3. Ащы ішек, мықын ішек, соқыр ішек ауруларында – оң жақтан және сол жақтан 11-12-ші қабырға аралықта;

4. Тоқ ішек ауруында – 13-15-ші қабырға аралығы аймағында;

5. Бүйрек, бүйрек үсті безі және қалақаның ауруларында – 16-18-ші қабырға аралығында;

6. Кіші тоқ ішек, тік ішек ауруларында - терінің жоғары сезімталдық бөлігі мықын, шап, жамбас, бел аймағында болады;

7. Қуық, несеп жолы, жыныс бездерінің ауруларында – бел және сегізкөз аймағында;

8. Жүрек ауруы кезінде – сол жақтан 3-6-шы қабырға аралығы аймағында.

Бақылау сұрақтары

1. Қандай ішкі ағзалар алдыңғы және артқы айшықты түйіндермен, алдыңғы және артқы шажырқай түйіндермен, бүйректік қалқаның және жамбастың түйідермен нервтеледі;

2. Келесі аурулардағы терінің жоғары сезімтал бөлігін атаңыз:

а) асқазан, 12 елі ішек, бауыр, көкбауыр және ұйқы безі;

б) ащы, мықын, соқыр ішек;

в) тоқ ішек;

г) бүйрек және бүйрек үсті безі, қалқа;

д) кіші тоқ ішек және тік ішек;

е) қуық, несеп жолы және жыныс бездері;

ж) жүрек ауруларында.

СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 4

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » пәнінен


4 сабақ. Жылқы асқазанындағы заттардың физикалық және химиялық қасиетін анықтау.

Қажетті құралдар. Мұрын - өңеш зонды, асқазан зататрын алуға арналған аспап. Химиялық стақандар. Бюретка, әртүрлі пипеткалар.

Реактивтер. Күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісі, диметиламидоазобен-золдың 0,5 % спирттік ерітіндісі, ализарносульфоново қышқыл натрийдің 1% сулы ерітіндісі. Асқазанның ішіндегі заттар.

Жануарлар. Жылқы.

Сабақтың мақсаты. Студенттерге асқазан ішіндегі заттарды алу процесін және ара қарай тексеруге дайындауды студенттерге үйрету:

Асқазан заттарының физикалық қасиетін анықтауды;

2. Жалпы қышқылдықты, бос және қосылған тұз қышқылын асқазан сөлінің әртүрлі патологиялық секрециясын түсіну үшін анықтауды үйрету.

Студенттерге келесілерді анықтауды үйрету:

1) Асқазан заттарының физикалық қасиетін: түсін, мөлдірлігін, иісін, консистенциясын, қосындыларын, салмағын ареометрмен анықтайды;

2) Асқазан зататрын тексеруді оның лакмус қағазымен әрекеттенуін тексеруден бастайды. Реакция қалыпты болса, онда асқазанда келесі заттар бар екенін білдіреді: а) бос тұз қышықылы; б) жалпы қышқылдық; в) қосылған тұз қышқылы.

Бақылау сұрақтары

1. Асқазан ішіндегі заттарды алуға жануарды қалай дайындайды?

2. Жылқының асқазан ішіндегі заттарын алу техникасын айтыңыз. Оның диагностикалық мәні қандай?

3. Асқазан бездерінің секрецияларының патологиялық түрлері асқазанның қандай ауруларында кездеседі?


СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 5-6

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » пәнінен


5 сабақ. Жылқы асқазанындағы заттардың тұз қышқылын және жалпы қышқылдықты анықтау.

Қажетті құралдар. Мұрын - өңеш зонды, асқазан зататрын алуға арналған аспап. Химиялық стақандар. Бюретка, әртүрлі пипеткалар.

Реактивтер. Күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісі, диметиламидоазобен-золдың 0,5 % спирттік ерітіндісі, ализарносульфоново қышқыл натрийдің 1% сулы ерітіндісі. Асқазанның ішіндегі заттар.

Жануарлар. Жылқы.

Сабақтың мақсаты. Студенттерге асқазан ішіндегі заттарды алу процесін және ара қарай тексеруге дайындауды студенттерге үйрету:

1) Бос тұз қышқылын сандық анықтау.



Реакцияның жүруі. 5 мл сүзілген асқазан сөліне 2-3 тамшы дилитиламидоазобензолдың спирттік ерітіндісін қосады. Қызыл түске боялған кезде сілтінің 10% ерітіндісімен сабан тәрізді сары түске боялғанша титрлейді.

Есептеу. Титрлеуге кеткен NaOH мөлшерін 20-ға көбейтеді. 100 мл асқазан заттарындағы қышқылдық бірліктерімен белгіленген бос қышқыл мөлшерін аламыз. Мысалы, 5 мл асқазан заттарын титрлеуге 1,5 мл NaOH-тың 10% ерітіндісі кетсе, 100 мл-ге (1,5 х 20) = 30 қышқылдық бірлігі.

2) Жалпы қышқылдықты сандық анықтау.



Реакцияның жүруі. 5 мл сүзілген асқазан заттарының (сүзіндісіне) сұйықтығына 2-3 тамшы феналфталейнің 1% спирттік ерітіндісін қосады да, таңқурай (малина) түсіне боялғанша күйдіргіш натрийдің 10% ерітіндісін құяды. Есептеу бос тұз қышқылын есептеуде сияқты жүргізіледі. Мысалы, 5 мл асқазан затын титрлеуге 1,9 мл күйдіргіш 10% ерітіндісін алсақ, ал 100 мл-ге (1,9 х 20) = 38 қышқылдылық бірлігі.

3) Қосылған тұз қышқылын анықтау. Асқазан ішіндегі заттар индикатормен (ализаринсульфоновоқышқылын натрийдің 1% сулы ерітіндісі) титрлеуге болады. өйткені ол қосылған тұз қышқылынан басқа барлық қышқыл қосылыстарымен әрекеттеседі.



Реакцияның жүруі. 5 мл асқазан ішіндегі заттардың үстіне 2-3 тамшы индикатор қосып, 10% сілтімен күлгін түске боялғанша титрлейді. Мысалы, 5 мл асқазан заттарын титрлеуге 0,4 мл күйдіргіш натридің 10% ерітіндісі кетсе, 100 мл-ге (0,4 х 20) = 8 қышқылдық бірлігі.

Есептеуді тексеру. Индикатор қосылған тұз қышқылынан басқа қышқыл қосылыстарымен әрекеттесе беретін болғандықтан жалпы қышқылдықтан бос тұз қышқылын алып тастағанда қосылған тұз қышқылының мөлшерін табамыз. (жалпы 38 –бос 30 = 8 қосылған қышқылдылық бірлігі).

Бақылау сұрақтары

1. Асқазан ішіндегі заттарды алуға жануарды қалай дайындайды?

2. Жылқының асқазан ішіндегі заттарын алу техникасын айтыңыз. Оның диагностикалық мәні қандай?

3. Асқазан бездерінің секрецияларының патологиялық түрлері асқазанның қандай ауруларында кездеседі?


СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 7-8

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен 1 » пәнінен


ТАҚЫРЫБЫ: Әртүрлі малдың қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау.

Қан алу.

Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.

Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойындырық тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.

Қан алатын жердің жүнін қырқып, терісін спирт немесе эфир спиртіне малынған мақтамен сүртеді.

Капиллярлық қан алғанда теріні Франк инесімен немесе инъекциялық инемен тесіп алады. Қанның бірінші тамшысын мақтамен сүртіп, келесісін анализге алады.

Яремдік тамырдың қанын қан жіберетін инелер арқылы жоғары мойынның ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен, арнайы қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады. Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.

Плазма алу үшін қалыпқа түскен қанды 3000 мин -1 10 минутта центрифугалайды, одан кейін плазманы пробирканың төменгі бөлігінде плазмалық элементтерді қалдыра отырып, пипеткамен сорып алады. Сарысу алу үшін қанды антикогулянтсыз пробиркаға жинайды да, бөлме температурасында бірнеше сағат ұстап, ұйытылған қанды әйнек таяқшамен пробирканың қабырғаларынан бөліп алады. Соңында пробирканы 3000-1 болғанда центрифугалайды, бөлінген сарысуды пипеткамен сорып алады.

Қанның физикалық қасиеттерін анықтау.

Қанның салыстырмалы тығыздығы мен ЭТЖ анықтаудың клиникалық маңызы өте зор.

Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау. Қанның салыстырмалы тығыздығын әрі плазмамен сарысудың салыстырмалы тығыздығын Филлипс әдісімен анықтайды. Мыстың қанық сульфатын дайындау үшін 900гр бес сулы сульфатын ұнтаққа айналдырып үгіп, 1250 мл дистильденген су құйып, әйнек таяқшасымен мұқият 5 мин араластырады. Ерітіндінің температурасын 0,5 С0 дейін анықтап сүзіп алады. Алынған ерітіндіден 1,100 салыстырмалы тығыздығы бар негізгі ерітіндіні жасайды Бұл үшін негізгі ерітіндінің 15гр С0 529 мл алып, дистильденген сумен 1л жеткізеді. Ерітіндінің мөлшері оның температурасына байланысты. Мысалы, 15,5 С гр 525 мл; 160 521; 190 496; 15,50 492гр; 200 488; 20,50 484; 210 480; 21,50 477; 220 473.

Негізгі қалыпты ерітіндіден тығыздығы 1,030 дан 0,075 дейін мыс сульфатының жұмысшы ерітіндісін жасайды. Өлшегіш колбаға дайындалатын ерітіндінің соңғы 2 сандарының тығыздығына сәйкес келетін қалыпты ерітінді құйып алады да, дистильденген сумен 100 мл жеткізеді. Мысалы, тығыздығы 0,050 ерітіндіні дайындау үшін 49 мл негізгі қалыпты ерітіндіден алып, 100 мл дейін су қосады. Ерітіндіні қақпағы жабылған қараңғы ыдыстарда сақтайды.

Анализ үшін гепаринмен, натрий оксалатымен, Б трилонымен қалыпқа түскен қанды пайдалануға болады, центрифугаланған қанды зерттеу үшін жарамсыз.

Пипеткаға зерттеуге алынған қанды алып, пробиркаға ауыстырады. Бұл пробиркада мыс сульфатының ерітіндісі болуы керек. Сақтықпен пипетканың ұшын ерітінді деңгейінен 1см қойып, 1 тамшы қан жібереді. Тамшы қан 2-3 см тереңдікке түсіп, одан әрі түбіне шөге бастайды не жоғары көтеріледі. Сөйтіп қан тамшыны, түбіне шөккен ерітіндіні табады. Бұл жағдайда қан тығыздығы ерітінді тығыздығына сәйкес келеді.

Сау ірі қара мал қанының салыстырмалы тығыздығы мынадай түрде ауытқып тұрады:

ІҚМ –1,047 –1,055; қойда 1,042- 1,052; ешкіде-1,044-1,053; жылқыда-1,045-1,055; шошқада-1,042-1,060; итте-1,044-1,056; тауықтарда-1,039-1,057.

Қанның салыстырмалы тығыздығының ұлғаюы оның қоюлануы, терлеу, полиурия, қан ауруы, нефрит, жылқының миоглобинурисы кезінде болады.

Қанның салыстырмалы тығыздығының азаюы, анемия, гемолитикалық сарыауру, кахексия, гидремияда болады.

Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтау(ЭТЖ). Панчеков әдісін мынадай жолмен жүргізеді. Капиллярға «Р» белгісіне дейін 5 пайыздық натрий цитратының ерітіндісін алып оны сағат әйнегіне үрлейді. Осы капилляр мен қанды 2 рет «К» белгісіне дейін құйып алады да, 2 рет қанды натрий цитратының ерітіндісімен араластыра отырып, сағат әйнегіне үрлейді. Алынған қоспаны капиллярға «К» белгісіне дейін алып, штативке қояды. ЭТЖ- ны 1 сағаттан кейін есептейді.

Сау малдарда ЭТЖ (мм/ с): ІҚМ-0,5-0-1,5; қойда-0,5-1; ешкіде-0,3-1; жылқыда-40-70; шошқада-2-9; итте-2-6; тауықта-2-3.

Неводов әдісі: Эритроседиометрге скальпельдің ұшымен (0,02гр жуық) натрий оксалатын кіргізеді де тамыр қанын «о» белгісіне дейін алады, резеңке қақпақпен жауып, мұқият пробирканы 5- 10 рет төңкере отырып, қанды антикоагулянтпен араластырады. Пробирканы штативке қояды. ЭТЖ-ны плазма бағанының биіктігімен 15, 30, 45, 60 мин. кейін не 24 сағатта есептейді.

ЭТЖ-ның бәсеңдеуі шаршағанда, қатты терлегенде, полиурияда, іш өтуде, шаншуде гастроэнтеритте, механикалық және парехиматоздық сарғаюда, механикалық илеус, инфекциялық энцефаломиелит, стахиботритоксикозде және т.б. болады.


СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 9-10

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » пәнінен


ТАҚЫРЫБЫ: Қан сарысуындағы сілті қоры мен каротинді анықтау.

Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.

Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.

Қан сарысуындағы сілті қорын Кондрахин әдісі бойынша анықтағанда 0,5 мл сарысу құяды, сұйықтықтың қалған мөлшерін пипеткамен үрлеуге болмайды, тек бетін мықтап жауып қояды.

Колбаның екінші натрий гидроокисінің 2мл 0,01 н ерітіндісін қосып бетін жабады. Содан кейін колбаның бірінші бөлігін ашып, ондағы қан сарысуына 5 пайызды 1мл күкірт қышқылының ерітіндісін қосып дереу қақпағын жабады. Айналдыра отырып, сарысумен қышқылдарды араластырады, реакция жүріп жатқан уақытта 3-4 рет араластырады.

Бақылау колбасына натрий гидроокисі ерітіндісінің 0,01н 2 мл қосып, бетін мықтап жабады. Шағылыстырылған шыны сауыттың екінші бөлігіне күкірт қышқылының 5 пайызды 1мл ерітіндісін қосып тағы да бетін жауып қояды. Жабардың алдында қақпағын дистильденген сумен ылғалдайды. Нақты нәтиже алу үшін сарысудың әрбір түрін шағылыстырылған екі шыны ыдыста зерттейді. Екі –алты сағаттан кейін (12 сағатқа шейін рұқсат етілген ) натрий гидроокисінің ерітіндісі бар шыны ыдысты ашып, фенол фталеиннің 1 пайызды спирт ерітіндісінің бір тамшысын қосып араластырады.(түсі қызылға айналады). Бұдан кейін шыны ыдыстағы сұйықтықты түссізденгенге дейін 0,01 н күкірт қышқылының ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуді мұқият барлық шыны ыдыста бірдей жүргізу керек. Сілті қорының мөлшерін х=(а-в) х0,224х 200=(а-в) х 44, 8 формуласымен есептейді. Мұндағы а –тәжірибе жасаған шыны ыдыстағы титрлеуге шығарылған күкірт қышқылының 0,01 н ерітіндісінің мөлшері; в- бақылау шыны ыдысын титрлеуге шығындалған күкірт қышқылы 0,01 н ерітіндісінің мөлшері; 0,224-аталған реакция кезіндегі 0,01Н күкірт қышқылы ерітіндісінің СО2-ге есептеу факторы; 200-100мл (0,5) мөлшеріндегі қан сарысуының анализге алынған мөлшерін есептеуге арналған коэффициент. Ірі малдағы қан сарысуындағы сілті қорының мөлшері Кондрахин әдісі бойынша есептегенде 45-55об пайыз СО2 –ні, ал плазмада –46-66 об пайыз СО2 –ні құрады.

Қышқылды сілтілік тепе-теңдік бұзылған уақытта ацидоз қышқылдардың өте көп болуы немесе негіздердің жетіспеушілігі және алколиз (сілтілік заттардың көптігі) дамуы мүмкін. Егер ацидоз немесе алколиз РН –тың итеруінсіз ақса, компенсирленген, ал РН-тың итеруімен болса, компенсирленбеген деп атайды. Ацидоз бен алколиз газы (тыныс алу) және газды емес болуы мүмкін. Газды ацидоз ағзадағы көмір қышқылының өкпенің ауа алмастыруды азайтуының (ауа тамырлық астма, өкпенің эмфиземасы) нәтижесінде пйда болады. Газды алколиз өкпенің ауа алмастыруды азайтуының (Энцефаломиелит) нәтижесінде болады.

Метаболикалық алколиз ағзада құсу кезінде көп мөлшерде негіздердің жиналуы, фибриноздық пневмония силикоз, кант қызылшасын артық мөлшерде жеу, пироплазмада және т.б. болады. Метаболикалық ацидоз жануарларды қышқыл және ашып кеткен жеммен, концентраттармен көп қоректендіргенде дұрыс тамақтандырмағанда, қораны дұрыс желдетпегенде, күн сәулесі аз түсіп, өте аз қозғалғанда, рахитте, сұйық құрамының бұзылуында, алдыңғы қарынның әлсіреуінде, ауа тамырларының қабынуында дене қызуының көтерілуі мен қабыну процестерінде, кетозда, туудан кейінгі жартылай салдануда, іш өтуде, жүрек қантамырлары мен тыныс алу жолдарының ауруында, сәуле ауруында, қант диабетінде, бүйрек қабынуында, талма ауруында және т. б. болады.

СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 11-12

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » пәнінен


ТАҚЫРЫБЫ: Тауқтың қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.

Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау.

Гематинді және гемоглобинцианидті әдістер қолданылады.

Гематинді әдіс (Сали әдісі). Градуирленген гемометр пробиркасына (ГС-3) көз пипеткасымен «2» белгісіне дейін 0,1 н тұзды қышқыл ерітіндісін қосады. Капиллярлық пипеткамен 20 мкл (0, 02мл) қан алады, пипетканың ұшын мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл ерітіндісіне үрлейді, онымен 2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады. Араластырып, 5 мин. қойып қояды (тауықтардың қанын зерттегенде –15 мин.). Тұзқышқылды гематин (хлоргемин) пайда болуының нәтижесінде пробиркадағы ерітінді қоңыр түске боялады. Тамшымен дистильденген су қосып, әйнек таяқшамен пробиркадағы сұйықтық қалыпты пробиркалардың түсімен теңескенге шейін араластырады. 100 мл. қандағы грамм көлеміндегі гемоглобиннің мөлшерін пробиркадағы сұйықтықтың деңгейімен сәйкес келетін шкаланы бөлу бойынша есептейді. Гемометр шкаласындағы гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтсе, гемоглобиннің (г/л) концентрациясын анықтауға болады.

Гемиглобинцианидті әдіс (М. Л. Пименова мен Г. В. Дервиз әдісі). Зерттеуге тәжірибелік және қалыпты сынама қолданылады.

Тәжірибелік сынама былайша жасалады. 5 мл трансформирленген ерітіндіге 20 мкл (0,02 мл) қан қосып, мұқият араластырып, 10 мин. қойып қояды да, 10мл қалыңдықтағы кюветте жасыл жарық сүзгішімен, колориметрмен өлшейді.

Қалыпты проба- бұл транформинленген ерітіндісіз тәжірибелік зерттелген гемоглобинцианидтің қалыпты ерітіндісі.

Гемоглобиннің (Нв, г/ 100 мл) мөлшерін мына формула бойынша анықтайды:

Е оп СК х 0,001 Е оп х15

Нв_______________ = _____________

Ест Ест

Мұндағы Еоп-тәжірибелік сынаманың оптикалық тығыздығы, Ест –қалыпты сынаманың оптикалық тығыздығы; С- қалыпты ерітіндідегі (59, 75 мг/100 мл) гемиглобинцианидтің концетрациясы; К-қанды (251) араластыру коэффициенті; 0,001-есептеу коэффициенті (граммен есептеу үшін формула бойынша анықталған гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтеді).



Сау жануарлардың қанындағы гемоглобиннің мөлшері (г/ 100 мл): ірі қара малда-9,9-12,9; қойда-9-13, 3; ешкіде-10-15; жылқыда-8-14; шошқада –9-11; итте-11-17; тауықта – 8-12.

Гемоглобиннің (г/л) мөлшері мынадай болады: ірі қара малда-100-130; қойда-90-135; ешкіде-100-150; жылқыда-80-140; шошқада-90-110; иттерде-110-170; тауықтарда-80-120.

Қандағы гемоглобин мөлшерінің көбеюі (гиперхромемия) іш өту, тершеңдік, экссудат пен трансссудат бөлінгенде, миоглобинурин бөлінгенде, өкпе эмфиземасы кезінде болады. Қан құрамындағы гемоглобин мөлшерінің азаюы (олигохромемия) әр түрлі себептен қан азайғанда байқалады.

СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 13-14

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен» пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Тауқтың қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.

Қанның аталған жасушаларының санын есептеу үшін есептеу камералары мен электронды есептеу құралдарын пайдаланады. Эритроциттердің санын эритрогемометр және фотоэлектроколориметрлердің көмегімен есептеуге болады.

Есептеу камерасындағы эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.

Қандағы жасушалардың санын есептеу үшін әр түрлі есептеу камералары (Горяев, Предтеченский, Бюркер, Фукс- Розенталь және т.б.) пайдаланады.

Есептеу камерасы-бұл қалың заттық 3 жолағы бар әйнек. Ортаңғы қырындағы жолақ 0,1 мл жіңішкелеу және 2 бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысында Горяев торы қашалып жасалған. Егер қырындағы жолақтарға жапқыш әйнекті қойса, ортаңғы жолақтың үстінде 1/ 10 мл саңылау кеңістік пайда болады.

Горяев торының ауданы 9 мм2 (3 х3 мм), оның үстіне 225 үлкен төртбұрыштар қойылған, олардың 25-сі 16 кішкентай төртбұрыштарға бөлінген. Кіші төртбұрыштың ауданы 1/ 400 мм2 (1/ 20 х 1/ 20 мм ), ал камераның көлемі 1/ 400 мм 3 (1/ 400 мм 2 х 1/ 10 мм).

Эритроциттердің санын есептегенде қанды қоспа- сұйықтықпен араластырады. Жалпы, бұл жағдайда Н. М. Николаев әдісі жиі қолданылады. Егер қанды меланжерге араластырса, онда капиллярға «0,5» белгісіне дейін қан алады, капиллярдың ұшын мақтамен сүртеді де, араластырғышқа «101» белгісіне дейін араласқан сұйықтықты қосады. Араластырғышты екі жағынан қолдың ортаңғы және үлкен саусағымен жауып, 1-2 мин. шайқайды. Бұл жағдайдағы қанды араластыру 1:200 болады. Ең бірінші меланжерден мақтаға араластырылған қанның 3 тамшысын алады, ал қалған тамшыны есептеу камерасының ортаңғы жолағына жағады. Араластырылған қанның тамшысы әйнектің астындағы саңылау кеңістікке түседі де, камераны толтырады.

Егер қанды пробиркада араластырса, Флоринский пробиркасына хлорлы натрийдің 4 мл 0, 85% немесе 3 % ерітіндісін алады да, Сали гемометріндегі 0,02 қанды пипеткамен алып, араластырады. Пастер пипеткасымен араластырылған қанды алып, есеп камерасын зарядтайды. 2-3 мин. тосып, эритроциттерді микроскоппен х8 объектісі, х 15 окулярымен есептейді. Бұдан кейін тордың диагоналі бойынша 4 үлкен төртбұрыштан есептейді. Үлкен төртбұрыштағы жасушалардың санын сол жақтағы жоғарғы кіші төртбұрыштан есептеуді бастайды, бұдан кейін 2-інші, 3-інші және 4-інші төртбұрышқа көшеді. Жоғарғы қатардан кейін төменгі қатардағы эритроциттерді 1-інші оң жақтағы төртбұрыштан бастап есептейді. Ішкі, кіші төртбұрыштағы және сол жағындағы эритроциттерді есептейді, ал төменгі және оң жақтағы эритроциттерді есептемейді.

Эритроциттердің санын (х, 1мл қандағы) мына формула бойынша анықтайды:

АБ 450х4000х200

Х= ------ = 10000 х А= ---------------- = 4500000

ВГ 80


Мұндағы А-бес үлкен төртбұрыштағы есептеген эритроциттердің саны, Б-қанды араластыру деңгейі (200); В-бес үлкен төртбұрыштағы (16 х5 =80) төртбұрыштардың саны; Г- кіші төртбұрыштың үстіндегі (1/ 4000 мкл) есептеу камерасының көлемі.

1л қандағы эритроциттердің санын х=А х1010 формуласы бойынша есептейді. Меланжерге лейкоциттер есептеу үшін лейкоциттерге «0,5» белгісіне дейін қан сорып алады, «11» белгісіне дейін Тюрк сұйықтығын алады. ( 3 % сірке қышқылының ерітіндісі-100 мл, 1% көк генциан ерітіндісі немесе көк метиленді ерітінді –1 мл 1-2 мин. шайқайды.

Сірке қышқылы эритроциттерді бөліп жібереді де, ал көк гециан лейкоциттерді бояйды. 1:20 араласқан қан алады. Алғашқы үш тамшыны мақтаға түсіреді, ал қалған тамшыларымен есептеу камерасын толтырады.

Пробиркаға қан араластыру үшін 0,4 мл Тюрк сұйықтығын және 0,02 мл қанды пипеткамен гемометр Салиден алады. 2-3 мин. өткеннен кейін камераның түбіне лейкоциттер шөккен соң, қосымша сызықтары жоқ Горяев торына төртбұрыш болып топпен орналасқан объективі х8 және окуляры х 15 100 үлкен төртбұрышта микроскоппен жасушалардың санын есептейді. Лейкоциттердің санын мына формула бойынша есептейді.


АБ 148х4000х20 14800

Х= ---- = 50 х А= --------------- = ------- = 7400

ВГ 1600 2
Мұндағы, А-100 үлкен төртбұрышпен есептелген лейкоциттердің саны; Б- қанды (20) араластыру деңгейі; в- 100 үлкен төртбұрыштағы (100 х 16=1600) кіші төртбұрыштар саны; Г- кіші квадраттың үстіндегі (1/ мкл) есептеу камерасының көлемі;

1 литр қандағы лейкоциттердің санын есептеу үшін х= а х 5 х 10 –7 формуласын пайдаланады.

Тромбоциттердің санын есептеу үшін 1 мл шприцпен 0,5 мл 1% трилон ерітіндісін Б және 0,5 мл венозды қанын алып, араластырады да, бірден силиконды пробиркаға ауыстырып, бетін жауып қояды.

Пробиркадағы қан есептегеннен кейін бірнеше сағат тұруға болады. Есептеудің алдында қандағы пробирканы араластырып, лейкоциттрдің меланжеріне «1» белгісіне дейін қан алап, «11» белгісіне дейін 1 % аммоний оксалатын сорады. Араластырып, меланжерді 20 мин. қояды (эритроциттердің гемолизі жүреді). Меланжерді 2-3 мин. шайқап, мақтаға 3 тамшы қоспаны құяды. Ал қалған тамшылармен есептеу камерасын зарядтайды. Бұл есептеу камерасын тромбоциттер түбіне шөгу үшін (1 Петри табақшасы ылғалды мақтамен ) 10 мин. ылғалды камераға қояды. Тромбоциттерді объективі х40, окуляры х7 көгілдір жарық сүзгішімен 16 кіші төртбұрыштарға бөлінген үлкен 5 төртбұрышпен есептейді.

Тромбоциттердің санын (х, 1 мкл қандағы) мына формула бойынша есептейді.
АБ 440 х400 х20

Х= ----- = 1000 х А= ---------------- = 440000

ВГ 80

1 литр қандағы тромбоцитердің санын х=а х109 формуласымен анықтайды.


СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 15-16

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » пәнінен



Тақырыбы: Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.
Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.

Тікелей және жалпы билирубинді зерттеу кезінде алынған оптикалық тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық тығыздығының көрсеткіштерін шығарып алады.

Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып, (мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың арасындағы айырмашылықтан тікелей емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.

Колибрлы кестені құру әдісі мынадай:

Өлшегіш колбаға 10мг таза билирубин салып, 10мл дейін (1мл ерітіндіде 0,1 мг билирубин болады) хлороформа қосады. Пробиркаға (мл): 0,05; 0,1; 0,15; 0,2; 0,25; 0,3 мөлшерде билирубин ерітіндісін өлшеп алады. Бұл пробиркалардағы билирубиннің мөлшері мынаған сәйкес келеді(мг): 0,05; 0,01; 0,015; 0,02; 0,025; 0,03.

Соңғы 3 пробиркадағыны ыстық сумен булау арқылы 0,1-0,15 мл дейін жеткізеді. Бұдан кейін әрбір пробиркаға 0,75 мл спирт гидрокарбонатын, 2,5 мл дейін таза этил спиртін, 0,5 мл диазоқоспасын қосып, 15 мин. кейін 2 мл кофе реактивін (жалпы көлемі 5мл) тағы қосып суға қарсы колориметрлейді.

Оптикалық тығыздық көрсеткіштерін ордината осі бойынша орналастырады, ал абсцисса осі бойынша билирубиннің мөлшерін орналастырады. Бұл көрсеткіштерді миллиграммен беру үшін (100 мл-ға) әрбір пробиркадағы билирубиннің мөлшерін анықтауға алынатын 0,5 мл сарысудан 200 есеппен көбейтеді.

Ең бірінші пробирка: 1 мг, 2-інші-2, 3-інші-3;5-інші-5; 6-ыншы-6 мг. Билирубин (100мл сарысу) немесе 17,1; 34,2; 51,3: 68,4; 85,5; 102,6 мкмоль/л сәйкес келеді. Екі реттегі таралған сарысуды есептемейді, стандартық сынаманың көлемі зерттелініп отырған сынамамен салыстырғанда 2 есе көп.

Дені сау жануарлардың сарысуындағы билирубиннің мөлшері (мг/ 100 мл) : сиырларда-жалпы билирубин 0,11-0,48, тікелей билирубин жоқ, бұзауларда 15 күнгі жасқа дейін жалпы билирубин 0,16-1,56, тікелей-0-0,72, жылқыларда жалпы билирубин-0,62-1,42, тікелей-0,04-0,058, қойдағы жалпы билирубин 0,039, тікелей-0-0,027, иттерде-жалпы билирубин 0,12-0,14; тауықтарда 0,1-0,35(Л. Шлезингер бойынша).

Миллиграммен көрсетілген СИ мкмоль/л бірлігіне есептелген билирубин концентрациясын есептеу үшін 17, 104-ке көбейтеді.

Сарысудағы жалпы билирубиннің мөлшері (мкмоль / л): сиырларда-1,88-8,21; 15 күнге дейінгі бұзаулардағы жалпы билирубин 2,74-31, 81; тікелей 0-14, 31; жылқылардағы жалпы билирубин 10, 6-24, 29; тікелей 0,68-9, 92; қойлардағы жалпы билирубин 0-6, 67; тікелей 0-4, 62; иттердегі жалпы билирубин 2, 05-2, 39; тауықтарда – 1,71-5,99 құрайды.

Сарысудағы тікелей емес билирубин мөлшерінің көбеюін қанды жұқпаға, жұқпалы ауруларға, гемолитикалық умен улану, сәйкес емес қанды енгізуге негізделген аурулар кезінде тіркейді.

Қан сарысуындағы тікелей билирубин мөлшерінің көбеюін механикалық сарыауру(өт жолдарының өт тастарымен бітелуі); 12-перстный ішектің сілекейлі қабығының қабынуы т. б. кезінде байқалады.

Сарысудағы тікелей және тікелей емес билирубин мөлшерінің көбеюі мен азаюы паренхиматоздық сарыауру (жұқпалы анемия), контагиоздық плевропневмония, инфекциялық энцефаломиелит, лептоспироз, тікелей және созылмалы гепатит, бауырдың токсинді дистрофиясы, фосформен улану және т. б.

О-толиудинмен қандағы глюкозаны анықтау. Саллоджи (мыс сульфатымен) немесе Нательсон (пероксидаза және глюкозооксидазамен) әдістерімен жалпы қант пен глюкозаны анықтайды.

Бұл әдістерге о- толуидинмен анықтау ұқсас. 0,1 мл қан мен 3 % -ті 0,9 мл үш хлорсірке қышқылының ерітіндісін пробиркаға реакция жасау үшін құяды. 3000 мин –1 10 мин. аралығында центрифугалайды. 4,5 мл 0-толуидин реактивін 0,5 мл түссіз центрифуготқа қосады да, пробирканы қайнаған су моншасына дәл 8 мин. ұстайды. Осы уақыт өткеннен кейін крандағы ағынды сумен пробирканы суытады және 590-650 км фотоэлектроколориметрде колориметрлейді. Стандартты сынаманы дәл тәжірибелік сынамадағыдай жасайды, бірақ бірінші сарысудың орнына 1 мл глюкозаның стандартты жұмысшы ерітіндісін алады (100мл концентрациясы 100мл-ге немесе 5, 55ммоль/ л).

Тәжірибелік сынамадағы глюкозаның құрамы мына формула бойынша есептеледі:

CЕ оп

С оп = --------------

Е ст

Мұндағы Сст-глюкозаның стандарттық концентрациясы (мг/100 мл немесе ммоль/л); Е оп- сынаманың оптикалық тығыздығы; Е ст- стандарттың оптикалық тығыздығы.

Сау ересек малдарда қандағы глюкоза мөлшері мынадай болады ( мг/ 100мл): ІҚМ-40-70, қойда- 35-60, шошқада –45-75, жылқыда-55-75, итте-60-80, тауықта- 80-140.

0,0555 мөлшерде глюкоза концентрациясының көбеюі СИ (ммоль/ л) бірліктегі концентрацияны алады. Глюкоза мөлшері мынадай болады: ІҚМ-2,22-3,88, қойда-2,05-3,33, шошқада-2,5-4,16, жылқыда-3,05-5,27, итте-3,33-4,44, тауықта-4,44-7, 77.

Қандағы глюкоза мөлшерінің көбеюі (гипергликемия) қант диабетінде, В1С гиповитаминозында, бүйрек жетімсіздігінде, нефритте және т. б. байқалады.

Ал қандағы глюкозаның азаюы кетозда, ашығуда, диспепсияда, А-гиповитаминозында, лейкозда, қалқанша бездің қызметінің төмендеуінде, бүйректің қатты зақымдануы және т. б. болуы мүмкін.

Қан сарысуындағы жалпы ақуызды рефрактометр әдісімен анықтау.

Бұл үшін рефрактометрдің әртүрлі түрін қолданады (ИРФ-1, ИРФ-22, ИРФ-23, РЛУ, РЛ және т. б. ).

Рефрактометр РЛУ-мен жұмыс істеп тұрған кезінде алдымен нөлдік нүктесін тексеру үшін 1, 2 тамшы дистильденген суды өлшеу призмасының бетіне жағады; лупа шкаласы мен көру окулярының тұтқасын жөнге келтіреді, диспенсионды компенсатордың тұтқасын айналдырып, көру окуляр түтігінің дисперсиясын жоямыз;

Шкала лупасындағы сызықты 1,3333 ұзындығына, кілт арқылы визирлық сызықтың кесу нүктесін жарық кескіндеу шекарасын біріктіреді.

Құралды дайындағаннан кейін камерасын ашып, жоғарға және төменгі призманы алдымен сорғыш қағазбен, кейін жұмсақ салфеткамен сүртеді. 1-2 тамшы сарысуды төменгі призманың бетіне тамызады да, камераны жауып, айнамен жарықты оның терезесіне бағыттайдыжәне жарық кескіндеу шекарасын визирлы сызық кесу нүктесіне қойылғанша, камераны айналдырады және сарысу бөліну көрсеткішін шкала бойынша есептейді.

Сау малдардың сарысуындағы жалпы ақуыз мөлшері(г/100 мл): ӘҚМ-7,2-8,6; қойда-6-7,5; жылқыда-6,8-7,8; шошқада-6,5-8,5, итте-5,9-7,6; тауықта-4,3-5,9.

Қан сарысуындағы жалпы ақуыз концентрациясының азаюы рациондағы ақуыз мөлшері төмен болу мен аминоқышқыл тобындағы баланстың дұрыс болмауында, жіті және созылмалы қансырауда, гидремияда, жүктілікте, нефритті ісікте, паренхиматозда, гепатитте, бүрек церозында, іріңдікте, паратуберкулезде, туберкулездің терминальді формасында, сепсисте, тейлериозда, лихорадка жағдайында және т.б. болады.

Сарысудағы жалпы ақуыз концентрациясының көбеюі (гиперпротеинемия) артық азықтандырудан, протеиннің мөлшерден тыс көбеюінде, жеңіл еритін көмірсудың жетіспеуінен, дегидратацияда, құсу жағдайында, диареяның ауыр түрінде, диабетте, гепатитте, азықта каротин жетіспеуінде, кальций мен фосфор қатынасының дұрыс болмауында, Д дәруменінінің жетіспеуінде, жіті қабынуда, флегтонда, сепсисте, ауыр инфекциялық және басқа ауруларда кездеседі.
СОӨЖ ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 17-18

«Ішкі жұқпалы емес аурулар және клиникалық диагностика рентгенологиямен » пәнінен





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет