«2008 жыл – информатигі»


сыныпқа арналған тест сұрақтары



бет11/34
Дата13.12.2022
өлшемі0.68 Mb.
#467164
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Биология пәнінен тест кітапшасы (6-9 сыныптар)

7 сыныпқа арналған тест сұрақтары
1 тест . Ағзалық тіршілік əлемі.
1.Мақтаның бактериялық ауруы.
А.гоммоз. В.сальмонеллез.С.ботулизм.Д.туберкулез.
2.Бактерия жасушасына енетін вирус.
А.цианобактерия В.бактериофаг. С.тұмау вирусы . Д. спора
3.Көзге көрінбейтін тірі ағзаларды зерттейтін ғылым.
А.цитология В.микология С.микробиология Д.макробиология
4.Бактерия спораларының атқаратын қызметі.
А.көбею В.тыныс алу. С.қоректену Д.қорғану
5.Өлі ағза денесінде тіршілік ететін бактериялар.
А.паразиттер.В.сафрофиттер.С.бактериофагтар.Д.фитонциттер.
6.Тұмау ауруын тудыратындар.
А.бактериялар.В.вирустар. С.шаң-тозаңдар.Д. құрттар.
7.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.
А.биология. В. ботаника. С.микология Д.бриология
8. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қоректік қор затының атауы. А.нəруыз В.көмірсулар. С.бейорганикалық заттар.Д. май қышқылдары
9.Талшығы бар спораның атауы.
А.конидий. В.зооспора. С.спорангий.Д.конидисидам.
10.Споралар түзетін орын.
А.зооспора В.конидий. С.зигота. Д.спорангий
11.Нан ашытуға пайдаланатын саңырауқұлақ.
А.ақ зең.В.аспергилл. С.ашытқы Д.пеницилл.
12.Көгілдір зең саңырауқұлағының атауы.
А.пеницилл. В. аспергилл. С.ашытқы Д.мукор.
13.Лимон қышқылы аланатын саңырауқұлақ.
А.пеницилл.В.аспергилл. С.арышқұлақ.Д.қайыңқұлақ
14.Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемісті денесі құрамы.
А.қалпақ жəне түбіртек. В.қалпақ жəне жіпше. С.жіпшумақ.Д.қалпақ
жəне спора.
15.Саңырауқұлақтың өсімдікпен селбесуі.
А.микориза. В.биоценоз. С.бактериоз Д.симбиоз.
16.Қалпақшалы қызыл түсті улы саңырауқұлақ.
А.шыбынжұт. В.көңілкеш. С.түбіртек. Д.жалған түбіртек
17. Қалпақшалы саңырауқұлақтың топырақ ішінде көрінбей жататын бөлігі. А.белдеулік сақина. В.түбіртек. С.түбіртек жіпшесі Д.жіпшумақ. 18.Жеуге жарамды саңырауқұлақ.
А.көңілкеш.В.жалған түбіртек. С.қайыңқұлақ. Д .шыбынжұт
19.Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ.
А.қаракүйе. В.қастауыш С.діңқұлақ.Д.ақұнтақ
20.Жүгері собығында болатын паразит саңырауқұлақ.
А.қастауыш. В.діңқұлақ. С.қаракүйе. Д.ақұнтақ
21. Тасқа жабысып өсетін қына пішіні
А.жапырақ тəрізді В.бұта тəрізді С.жебе тəрізді Д.қабық тəрізді
22.Қына денесін құрайтын балдыр. А.көк-жасыл. В.жасыл. С.қоңыр. Д.қызыл 23. Қына жақсы өсу үшін қажетті жағдай.
А.таулы жер.В.таза ауа. С.тундра Д.далалық жер.
24.Қалалардың лас ауасында қына өсе ме?
А.өспейді. В.сирек өседі С.өседі Д.тез өседі
25.Сыртқы орта тазалығын көрсететін ағза.
А.вирус. В.балдыр С.саңырауқұлақ Д.қына
26.Қынадағы фотосинтез үдерісіне қатынасатын ағза.
А.саңырауқұлақ. В.вирус. С.көк-жасыл балдыр. Д.бактерия.
27. Қыналарды зерттеушілер. А.биологтар. В.микологтар. С.бриологтар. Д.лихенологтар.

2 тест. Балдырлар əлемі.


1.Ұлпалары болмайтын, мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі қалай аталады? А.таллом. В.талшық С.спора Д.зооспора.
2.Жүйенің ең кіші бірлігі.
А.туыс В.тұқымдас. С.қатар. Д.түр.
3.Балдыр жасушасындағы хлоропластардың атауы.
А.хлорофилл. В.лейкопласт. С.хроматофор. Д.хромопласт.
4.Жасыл балдырлардың біржасушалы талшықты түрі.
А.хлорелла.В.хламидомонада.С.хлорелла. Д.глеокапса.
5.Ғарышқа ұшырылған біржасушалы талшықсыз жасыл балдыр.
А.хлорелла. В.глеокапса. С.хлорококк. Д.диатомды балдыр.
6.Хроматофоры оралма тəрізді орналасқан көпжасушалы жасыл балдыр.
А.улотрикс. В.спирогира. С.кладофора. Д.ульва.
7.Қоңыр балдырлар кездесетін жерлері.
А.Арал теңізінде. В.Балқашта С.Зайсанда Д.Каспий теңізінде.
8.Ламинария су түбіне қандай бөліктері арқылы бекінеді?
А.ризоидтары В.талломдары С.жіпшелері Д.талшықтары.
9. Қағаз өндірісінде пайдаланатын жасыл балдыр.
А.ульва. В.кладофора. С.каулерпа Д.улотрикс.
10.Хроматофоры білезік тəрізді су түбіне бекініп өсетін жіп тəрізді
жасыл балдыр.
А.спирогира. В. кладофора. С. улотрикс. Д.каулерпа.
11.Балдырлардың суға бөліп шығаратын газы.
А.көмірқышқыл газы. В. иіс газы. С.азот. Д. оттегі.
12.Қоңыр балдырларда хлорофилден басқа қандай түсті пигмент бар? А.жасыл бояу. В.хромопласт. С.хлоропласт. Д.қоңыр бояу.
13.Балдырлар жынысты көбейгенде гаметалардың қосылуынан
не пайда болады?
А.зигота. В.жіпше . С. жіпшумақ. Д.спора.
14.20-30 метр тереңдікте өсетін балдыр.
А.хламидоманада. В.улотрикс. С.спирогира Д.ламинария.
15. Балдыр жасушасына жасыл түс береді.
А.хлорофилл. В.хромотафор. С.хромопласт. Д.лейкоплас

3 тест. Жоғары сатыдағы споралы жəне тұқымды өсімдіктер.


1.Ұлпалары мен мүшелері жақсы жетілген өсімдіктер қай сатыға жатады ?
А. жоғары саты. В.төменгі саты. С. ортаңғы сатыдағы Д.бірінші сатыдағы 2. Мүктерді зерттейтін ғылым.
А. биология . В. микология С. бриология Д.лихенология
3. Мүктерде тамыр қызметін атқаратын мүше.
А.жіпшелер. В.талшықтар.С.өркендер. Д.ризоидтар.
4.Жасыл мүк қалай аталады?
А.ризоидты В.ризоидсыз С. хлорофилді Д.хлорофилі жоқ.
5.Шымтезек мүгінің екінші аты.
А.көкек мүгі В. жасыл мүк. С. сары мүк. Д. ақ мүк.
6. Шымтезек мүгінің жапырақ жасушаларының қанша түрі бар?
А. бір. В.екі С.үш. Д. төрт
7. Ішінде цитоплазмасы жоқ жасушалар күйі.
А. тірі . В. өлі. С. қатты . Д. жұмсақ
8. Су қоры қандай күйдегі жасушада жиналады?
А.өлі В. жұмсақ С. тірі Д. қатты
9.Плаунның споралары жетілетін бөлігі.
А.тамыры В. масағы С.жапырағы Д.өркені
10.Сабағы өте көп буын жəне буынаралықтарынан тұратын споралы өсімдік.
А.қырықбуын В. шоқпарбас плаун. С.қырықжапырақ.Д.усасыр қырықжапырағы
11.Қырықбуынның масақтары бар өркені қалай аталады?
А.жаздық өркен. В. күздік өркен. С.қыстық өркен. Д. көктемгі өркен.
12.Қырықбуынның жапырақтары болмайтын өркені қалай аталады?
А. жаздық өркен В.күздік өркен. С.қыстық өркен. Д.көктемгі өркен
13. Жапырақ тақтасы қауырсын тəрізді бірнеше қайтара тілімделген споралы
өсімдіктің атауы.
А. мыңжапырақ .В. қырықжапырақ. С.қырықбуын. Д.плаун.
14.Тұқымы бар, жемісі жоқ өсімдіктер қалай аталады?
А.ашық тұқымдылар В.жабық тұқымдылар. С.біртұқымдылар. Д.көптұқымдылар.
15.Жапырақтарын жылда түсіретін ашық тұқымды өсімдік.
А. самырсын. В.шырша. С. арша Д.балқарағай.
16.Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі бола ма?
А.бір гүлі болады. В.бес гүлі болады. С. гүлі болмайды Д.жүздеген гүлі болады.
17. Бұта болып өсетін ашық тұқымды өсімдік.
А.зеравшан аршасы. В. самырсын. С. кəдімгі арша. Д.кəдімгі қарағай
18.Қарағайдың ағаш сабағының атауы.
А.дің. В.сүрек. С.өзек. Д.қабық.
19.Қарағай неше үйлі өсімдік?
А. көп үйлі. В.үш үйлі .С.екі үйлі. Д.бір үйлі
20.Ашық тұқымды екі үйлі өсімдік.
А.секвоя. В.самырсын.С. туйя /бозарша/ Д.кəдімгі арша

4 тест. Жабық тұқымды өсімдіктер.


1. Жабық тұқымды өсімдіктердің тұқымы жетілетін орын қалай аталады?
А.бүр В. өркен С.сабақ Д.жеміс
2.Жеміс дамитын мүше.
А.жапырақ. В.сабақ. С.гүл. Д.тамыр.
3.Жақын түрлер қандай топқа біріктіріледі?
А.тұқымдас. В.класс. С.қатар. Д.туыс
4.Тұқымында екі жарнағы болса қалай аталады?
А.екі жарнақты. В.қос жарнақты. С.бүтін жарнақты. Д.көп жарнақты.
5.Бидай тұқымында қанша жарнақ болады?
А.екі В.үш. С.төрт Д.бір
6.Аналықтың түп жағындағы жуан бөлігі.
А.жатын. В. ауызы С.мойыны. Д. табаны
7.Көкнəр жемісі қалай аталады?
А.жидек В.жаңғақ. С.қауашақ Д.бұршаққын.
8.Сексеуіл қай тұқымдасқа жатады?
А.астық В.ағаш С.алқа Д.алабота
9.Қызылша тамырының атауы.
А.тамыр.В.жемтамыр.С.атпатамыр.Д.өркен.
10.Қиярдың тұқымдасы. А.астық Б.алабота. С.асқабақ Д.алқа
11.Асқабақтар тұқымдасындағы нағыз жидекті өсімдік.
А.итмұрын. В.асқабақ. С.қияр. Д.қарбыз
12.Мақтаның тұқымдасы.
А.алабота. В.көкнəр. С.бұршақ Д.құлқайыргүлділер.
13.Құлқайырлар тұқымдасынан бөлмеде сəндік үшін өсірілетін түрі.
А.айдарша.В.қытай раушаны С.жалбызтікен.Д.баобаб.
14.Өрік қай тұқымдасқа жатады?
А.бұршақ.В.раушангүлділер С.құлқайыр.Д.алабота.

15.Раушангүлділер тұқымдасының жабайы өсетін түрінің атауы.


А.алмұрт.В.шие. С.итмұрын Д.таңқурай
16.Жоңышқаның тұқымдасы
А.алабота. В.бұршақ. С.раушангүлділер. Д.құлқайырлар
17.Бұршақгүлділердегі аталықтар саны.
А.9+1 В.10+1. С.8+1 Д.7+1
18.Картоптың тұқымдасы.
А.бұршақ В.құлқайыр С.раушангүлділер. Д.алқа
19.Алқатұқымдастардың ішіндегі ең улы өсімдік.
А.меңдуана. В.кермек жалбыз. С.сəлбен. Д. шырайгүл.
20.Бақбақтың тұқымдасы.
А.ерінгүлділер.В.күрделігүлділер. С.алқа.Д.алабота
21.Құртқашаш тұқымындағы жарнақ саны қанша?
А.бір. В.екі С.үш Д.төрт
22.Арпаның тұқымдасы.
А.алқа В.құртқашаш. С.масақ. Д.астық
23.Қызғалдақ /жауқазын/ қай тұқымдасқа жатады?
А.күрделігүлділер. В.раушангүлділер. С.ерінгүлділер. Д.лалагүлдер

5 тест. Гүлді өсімдіктер жəне саңырауқұлақтар.


1.Алқа тұқымдасының гүліндегі күлте жапырақшаларының саны-
А. 4 В.5 . С.6 Д. 8.
2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын сəндік гүл:
А.алма. В. шырша С. байғұт. Д. раушан .
3.Ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар
А.паразиттер. В. симбиоздар. С.сапрофиттер. Д.псилофиттер.
4.Күрделігүлділер тұқымдасына жататын майлы өсімдік:
А.жүгері В.күнбағыс. С. күріш. Д. тары .
5. Жануарлар əлемін зерттейтін ғылым.
А.ботаника В. география С. анатомия. Д. зоология
6. Тұқымдары өздігінен таралатын өсімдік.
А.шытырлақ В.қамыс С. қайың Д.шоңайна
7. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады:
А.саңырауқұлақтар,балдырлар В.балдырлар,қыналар. С.бактериялар,қыналар
Д.бактериялар,балдырлар. 8.Гермафродит дегеніміз:
А.аналық безі орналасқан дене. В.аналық жəне аталық бездері бір ағзада орналасқан
дене.С.аталық безі орналасқан дене. Д.бүршіктен дамитын дене.
9.Бір жасушалы саңырауқұлақ.
А.түлкіжем. В. дің саңырауқұлақ. С.түбіртек. Д.ашытқы саңырауқұлақ.
10.Тұқым бүршігінен түзіледі:
А.ұрық. В. эндосперм. С. тұқым. Д. жемісқап.
11. Раушангүлділерге жататын шөптесін өсімдік:
А.жоңышқа В. картоп. С.қойбүлдірген. Д. көкнəр.
12.Аспергилл саңырауқұлағы қандай саңырауқұлақ?
А.жеуге жарамды.В.жеуге жарамсыз. С. зең. Д.улы.

13.Қастауыш қандай саңырауқұлақ?


А.жеуге жарамды. В.улы. С.зең. Д. паразит
14.Ағаш сабағында өсетін паразит саңырауқұлақ
А.қастауыш саңырауқұлақ В. тат саңырауқұлағы С.діңқұлақ Д.ақ ұнтақ саңырауқұлағы
15. Алқа тұқымдастарға жататын өсімдік.
А.итмұрын В.темекі С.сəбіз Д.алмұрт .

6 тест. Жəндіктер əлемі.


1.Денесінде хроматофоры бар бір жасушалы тірі ағзаның аталуы.
А.эвглена. В.гидра . С.медуза. Д. лейшмания
2.Бір жасушалы талшықты эвглена жəне екі талшықты халамидоманада, бір жасушалы бодоның жəне домалаңғының қайсысы жəндік.
А.хламидоманада. В.эвглена С.домалаңғы.Д.бодо.
3.Бір жасушалы тірі ағзалар тобының атауы.
А.ішек қуыстылар В.гидра тəрізділер . С.тамыраяқтылар.Д.маржандар
4.Біржасушалы жəндіктер дүние тармағының талшықтылар жəне саркодиналар типінен біріктірілген типтің атауы.
А.споралылар. В.талшықтылар.С.кірпікшелілер. Д.тамыраяқтылар.
5. Безгек ауруын қоздырушы безгек паразиті.
А.қантұрғын В.құртамыш С.лейшмания. Д. лямблия.
6. Кеміруші бунақденелі.
А.орман қандаласы В.қоңыз. С. балара. Д.көбелек.
7.Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы.
А.дерматология. В.финнология С.гельминтология.Д.энтомология.
8.Көпжасушалы жəндік жəне көп жасушалы жануарлар денесінің ішкі қабырғасы
мен ішкі мүшелері арасындағы кеңістік.
А.сірқабық В.целом С.гиподерма. Д. таллом.
9.Денесі айқын үш бөліктен: бас,көкірек жəне құрсақтан тұратын буынаяқты
жəндік.
А.бүйі. В.көбелек С.дəуіт. Д.өзен шаяны.
10.Бунақденелілердің арқа жағында қанаты орналасқан дене бөлігі.
А.бас В.көкірек С.құрсақ . Д.шынтақ.

11.Буынаяқтылардың сыртқы қаңқасының негізі.


А.хитин. В.гиподерма С.сірқабық. Д.целом.
12.Сүзіп жалаушы бунақденелі:
А.шыбын . В.маса С. көбелек. Д.ара.
13.Шала түрленетін бунақденелілердің дамуы кезінде болмайтын саты.
А.жұмыртқа. В.имаго С.дернəсіл. Д.қуыршақ.
14.Тек қана тікентерілерге тəн жүйе.
А.целом. В.желбезек . С.сутүтікше.Д.демтүтік.
15.Ұлулардың тұлғадан ерекше қатпарлы қабаты.
А.желбезек . В.шапанша. С.үккі. Д.қақпақша.
16.Жəндіктер денесінде бұған дейін кездеспей,ұлуда ғана кездескен ас қорытуға
қатысты без
А.жүрекше . В.құлақша С.бауыр. Д.жасыл жұп бездер.
17.Үйірлі шегірткелер дернəсілінің тығыз топтасуы.
А.жаушоғыл.. В.көпшоғыр С.үйір.Д.біршоғыр.
18.Тағамға пайдаланатын ірі денелі теңізқияры.
А.голотурия В.трепанг С.теңізжұлдызы Д.теңіз кірпісі.
19.Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына тіркелген жануарлар неше санатқа
бөлінеді?
А. 5. В. 6 . С. 4. Д. 7.
20.Əлі толық зерттелмеген,ерекше қорғауды қажет ететін Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабына тіркелген инелік.
А. көркемше инелік. В.далалық инелік С.шолғыншы инелік.Д.нəзікқұйрық инелік.
21.Өте сирек кездесетін ең ірі денелі шекшек.
А.бұғы қоңыз В.ақтеңбіл дəуіт .С.далалық кергі. Д.зауза қоңыз.

22.Қазақстанда Жайық өзенінің жайылмасында ғана кездесетін ең ірі қоңыз.


А.көң қоңыз В.зауза қоңыз С.бұғы қоңыз. Д.атқоңыз.
23. Ірі қарада қарасан ауруын тудыратын,аналығы ғана қан соратын қан сорғыш
ірі шыбын.
А.сона. В. бөгелек С.оқыра. Д. көк шыбын.
24.Шаруашылықта зиянды бунақденелілерден құтылудың негізгі əдісі.
А.биологиялық əдіс В.дезинфекция. С.жерді өңдеу.Д.химиялық əдіс.
25.Адамға ауру жұқтыратын паразиттерден құтылу жолы.
А.дəрі қолдану. В.дəрі бүрку.С. өртеу. Д.жеке басты жəне тұрғын жайды таза ұстау.

7 тест. Көпжасушалы жəндіктер жəне жануарлар дүние тармағы.


1.Гидра тəрізділер типінің аталуы.
А.ішекқуыстылар. В.жалпақ құрттар.С.жұмыр құрттар.Д.тікен терілер.
2.Медузалар класының атауы.
А.гидратəріздестер.В.табақша тəріздестер. С.көпқармалауышты.
Д. маржандар.
3.Ақ сұлама құрты қандай класқа жатады?
А.сорғыш құрттар.В.таспа құрттар. С.кірпікшелі.Д.буылтық құрттар.
4. Сиыр цепені құрттары класының атауы.
А.сорғыш. В.кірпікшелі С..буылтық. Д. таспа құрттар.
5.Жұмыр құрттар типінің екінші қабатының аталуы.
А.гиподерма.В.сірқабық. С.энтодерма. Д. мезодерма.
6. Балалардың тоқ ішегінде кездесетін құрт.
А.аскарида. В.үшкірқұрт. С. қылқұрт. Д. суыртқы.
7. Буылтық құрттар типінің өкілі
А.ішексорғы.В. ақ сұлама С.зымырақ. Д. сүлік.
8. Гирудин заты бөлінетін құрт.
А.аскарида. В. сиыр цепені. С.сүлік. Д.шұбалшаң.
9.Шаянтəріздестер класының өкілі.
А. циклоп. В.құршаян. С.шаршылы өрмекші. Д.қарақұрт.
10.Энцефалит ауруын тудыратын кене.
А.қышыма кене.В.мамықкене. С.берішкене Д.тайгалық кене.
11.Бөртпе сүзекті таратушы паразит.
А.бүрге. В.бит. С.бөгелек. Д.қандала.
12.Бунақденелілерді жоятын химиялық зат.
А.хлор.В.гербицид. С.инсектицид.Д.хлорид.
13.Суды радиоактивті заттардан тазартуға қатысатындар.
А.маржандар.В.шаяндар. С.балықтар.Д. тікентерілер.

14.Өрмекшілердің зəр шығару мүшесі.


А.мальпигий түтігі. В.бүйрек. С. жасыл жұп бездер.Д.бауыр.
15.Бұзаубастың тіршілік ететін жері.
А.суда. В. топырақ астында. С. топырақ үстінде. Д. ұшып жүріп.

8 тест. Ұлулар типі.


1.Ұлулар типінің кластары.
А.қос жақтаулы В.бір жақтаулы С.үш жақтаулы.Д.жақтаусыз.
2. Тип неге « ұлулар» деп аталады.Бұрын қалай аталып еді:
А.бір жақтаулы В.былқылдақ денелілер С.бауыраяқтылар.Д.қос жақтаулылар
3. Бақалшақ қалдығы сақталған ұлулар
А.сегізаяқ В.кальмар С.жалаңаш шырыш Д.каракатица
4. Ұлулар типіне жататын жəндіктердің негізгі ерекшеліктері
А.шапанша В.целом С.сірқабық .Д.хитин
5.Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат
А.желбезек В.сірқабық С.үккі .Д. шапанша
6. Ұлулардың ас қорыту жүйесіндегі ерекше без
А.жүрекше В.құлақша С.бауыр.Д.жасыл жұп бездер
7.Ұлулардың қан тарату жүйесіндегі ерекшелік.
А.ашық В.тұйық С.жабық.Д. үлкен қан айналу шеңбері
8. Реактивті қозғалыс жасайтын ұлу.
А.каракатица В.жүзім ұлуы С.айқұлақ . Д. сегізаяқ
9.Құрлықтағы ұлулар қалай тыныс алады ?
А.терісі арқылы В.демтүтік С.өкпе Д.бүкіл денесі
10. Бауыраяқты ұлуға жататыны
А.айқұлақ. В.жүзім ұлуы С. сегізаяқ .Д.кальмар
11. Басаяқты ұлуға жатады.
А.айқұлақ В.каракатица С.тоспа ұлуы Д.жүзім ұлуы
12. Қос жақтаулы ұлу жататыны.
А.кальмар В.тоспа ұлуы. С.қошқармүйіз.Д.кемеқұрт
13. Қармалауышы бар ұлу.
А.кальмар В.айқұлақ С.жүзім ұлуы Д.кемеқұрт
14.Сорғышты ұлулар.
А.жүзім ұлуы В.сегізаяқ С.айқұлақ Д.тоспа ұлуы
15.Тағамға пайдаланатын ұлулар.
А.жүзім ұлуы В.жалаңаш шырыш С.кальмар.Д.қошқармүйіз

9 тест. Балықтар əлемі.


1. Ішкі қаңқаның қызметін атқаратын мүше.
А.склет В.омыртқа С.желі Д.целом
2. Желілердің қан айналым жүйесі.
А.ашық В.жабық С.кіші қан айналу шеңбері. Д.тұйық.
3.Желінің орналасқан орны.
А.іште В.сыртта С.артта.Д.ортада
4. Желбезек саңылаулары орналасқан мүше.
А.ауыз В.өңеш С.жұтқыншақ .Д.кеңірдек
5. Қандауыршаның жүйке жүйесі.
А.ми В.жүйке түтігі С.жұлын Д.мишық
6. Жануарлар дүниесінің ең жоғарғы типінің атауы.
А.хордалылар В.желілілер С.омыртқалылар Д.сүтқоректілер
7. Желілердің ең қарапайым тип тармағы.
А.бас сүйексіздер В.қабықтылар С.омыртқалылар Д.бас сүйектілер
8. Қандауыршаның қан айналу мүшесі.
А.жүрек В.арқа қан тамыры С.құрсақ қолқа қантамыры Д.вена қан тамыры
9. Жақсүйексіз омыртқалылар класының өкілі.
А.асцидия В.қандауырша С.баланоглосс. Д.минога
10.Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауы.
А.жылы қандылар В.салқынқандылар С.қабыршақтылар. Д. шеміршектілер.
11. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы.
А.герпетология В.ихтиология С.орнитология Д. гельминтология
12.Қазақстанда кездесетін балықтардың түр саны.
А.160 В.180 С.190. Д.200
13. Қазақстанның қызыл кітабының соңғы басылымының шыққан жылы.
А.1978 В.1991 С.1996 Д.1997.

14. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым.


А-А.О.Ковалевский В- И.И.Мечников С- А.А.Иванов Д-А.И.Павлов.
15. Шеміршекті балықтардың түр саны.
А.650. В.800 С.850 Д.750.
16. Шеміршекті балықтардың қабыршақтарының атауы.
А.сірқабық В.эпидермис С.плакоид. Д.кутикула.
17.Дене температурасы тұрақсыз омыртқалы жануарлардың атауы
А.жылы қандылар В.салқын қандылар С.суық қандылар .Д. ыстық қандылар.
18. Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзілмейтін омыртқалылар тобы А.қағанақтылар В.қағанақсыздар С.плакоидтылар. Д. қабыршақсыздар.
19. Қандауыршаның терісінің сыртындағы жұқа қабық.
А.сірқабық В.эпидермис С.нағыз тері.Д.плакоид.
20. Торсылдағы болатын балықтар тобы.
А.шеміршекті В.тақта желбезектілер С.сүйекті Д.дөңгелекауызды.
21. Балықтың аталық безінен бөлінетін сұйықтық.
А.уылдырық В.шоғал С.сілекей . Д. өт.
22. Жайық өзенінен көтерілетін /өрістейтін/ балықтар.
А.бекіре тəріздестер В.сетінектер С.камбалалар . Д. шортандар
23. Ерте замандардан бері сақталып келе жатқан балық.
А.тұқы. В.кета С.камбала Д. латимерия.
24. Желбезек саңылаулары сыртқа жеке-жеке ашылатын балықтар тобы. А.сүйекті В.сəулеқанатты С.шеміршекті Д.қабыршақты.
25. Балықтардың терісінде болатын ерекше сезім мүшелері.
А.бүйір сызығы В.плакойдтары С.желбезегі .Д.қанаттары.26. 26. Қара уылдырық алынатын балықтар.
А.шортандар В.бекірелер. С.сазандар.Д. камбалалар.

10 тест. Қосмекенділер жəне жорғалаушылар əлемі.


1. Алғаш рет құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы
жануарлар.
А. қосмекенділер. В.сүтқоректілер. С. бунақденелілер.Д.ішек қуыстылар.
2.Тік ішектің кеңейіп келген соңғы бөлігі.
А.аналь тесігі.В. онекі елі ішек. С.ұлтабар. Д.клоака.
3.Қосмекенділердің дернəсілдерінің тыныс алу мүшесі.
А.ауызы. В.өкпе. С.желбезек. Д.терісі арқылы.
4.Кіші қанайналым шеңбері екінші сөзбен қалай аталады?
А.вена шеңбері .В.өкпелік шеңбер.С.артерия шеңбері.Д.жүректік шеңбер.
5.Қосмекенділердің дернəсілдерінің атауы.
А.шабақ. В.имаго.С.личинка. Д.шөмішбалық.
6. Даната құрбақасының Қазақстанда таралған өңірі.
А.Зайсан,Балқаш. В.Орал,Ақтөбе. С.Қостанай,Кереку. Д.Қызылорда,Тараз.
7. Нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделгендер.
А.қосмекенділер.В.бунақденелілер.С.жорғалаушылар.Д.ішек қуыстылар.
8.Жорғалаушылар жүрегінің құрылыс ерекшелігі.
А.бір қуысты. В. үш қуысты. С.екі қуысты. Д. төрт қуысты.
9. Қазақстанда кездесетін тасбақаның түр саны.
А.бес. В. жеті. С.төрт. Д. екі.
10. Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі.
А. өкпе. В. желбезек. С. демтүтік. Д.терісі арқылы.
11.Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым саласы.
А.гельминтология.В.орнитология. С.ихтиология.Д.герпетология.
12.Арнайы жылан өсіретін тəлімбақ.
А.ферма. В.питомник. С.террариум.Д.фазенда.
13. Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш рет пайда болған бөлім.
А. бас бөлімі. В.кеуде қуысы. С.аяқтары.Д. құйрықтары.
14.Жыландардың улы тістері орналасқан жері.
А.тілінде. В.таңдайында. С. үстіңгі жақсүйекте. В.астыңғы жақсүйекте.
15.Қазақстанда таралған аяқсыз кесірткенің атауы.
А.шұбар батбат.В.келес.С.шұбар кесіртке. Д.сарлан.
16.Жүрегі 4 қуысты жорғалаушылар.
А.жылан В. тасбақа. С.кесіртке. Д.крокодил.
17. Жаңа Зеландияда кездесетін үшкөзді жорғалаушы.
А.гаттерия. В. құбылғы. С. қолтырауын.Д. тасбақа.
18.Қазақстанда таралған улы жыландардың түр саны.
А.екі. В.төрт. С.бес. Д.алты.
19. Қазақстанда кездесетін ең ірі кесіртке.
А.шұбар батбат.В. сарлан. С. сұр келес. Д. үлкен көз кесіртке.
20. Зəр заты түзілетін мүше.
А.клоака. В.несепағар түтік.С. қуық. Д. бүйрек.
21.Жорғалаушылардың алдыңғы ми бөлігінің ерекшелігі.
А.жүйке жасушалары. В.жасушалар шоғыры.С. мишығы.Д. жұлыны.
22.Жорғалаушылар ұрпақтарының дамуы.
А.іштей ұрықтанады. В.жұмыртқа салады.С.уылдырық салады Д.тірі туады.
23.Жорғалаушылар терісінің құрылыс ерекшелігі.
А.плакоидты. В. қабыршақты. С. сірқабықты. Д. хитинмен қапталған.
24.Батпақ тасбақасының Қазақстанда таралған аумағы.
А. Ертісте. В.Тобылда. С.Жайықта. Д.Сырдарияда.

11 тест. Құстар жоғары класы.


1. Құстар дүниесінде таралған түр саны.
А.8700. В. 8600. С.8300. Д. 8100.
2. Құстарды зерттейтін ғылым саласы.
А. орнитология. В.герпетология С. ихтиология. Д. кинология.
3.Маусымдық құстар.
А. көшпелі құстар. В.отырықшы құстар.С. жыл құстары Д. көктемгі құстар.
4. Ұшатын құстардың төссүйегінің ерекшелігі.
А. қырсыз В.нашар жетілген. С.доғал. Д.қырлы.
5.Ұсақ ауатамырдың тұйық тармақтарының атауы.
А.ауа қапшықтары. В.төменгі көмекей.С.жоғарғы көмекей.Д.бронхы.
6.Өңештің кеңейген бөлігі.
А. ауа қапшықтары В.жоғарғы көмекей. С.жемсау. Д.бронхы.
7.Құс қарынының қоректік заттар ұсақтайтын бөлімі.
А.безді қарын.В. етті қарын.С.жемсау.Д.асқазан.
8.Құс қанының оттекпен екі рет қанығуы.
А. тыныс алу. В.тыныс шығару. С.қосарлы тыныс шығару. Д.қосарлы
тыныс алу.
9. Ұрғашы құстың атауы.
А.қораз.В.мекиен. С.ұябасар. Д. аналық.
10.Еркек құстың атауы.
А.əтеш.В.мекиен.С.қораз. Д.аталық.
11.Құстың дене температурасы.
А.+ 41--43. В.+40—38. С.+37—35. Д.+34--32
12.Құстың жұмыртқа жасушасы ұрықтанатын мүше.
А.аналық без. В. жұмыртқа жол.С. ұрық табақшасы.Д.халаза
13. Төссүйегінде қыры болмайтын құстар тобы. А. жүзетін құстар.В. ұшатын құстар.С. жүретін құстар.Д. пингвиндер.
14.Қазақстанда қоқиқаз қорғалатын қорық.
А.Наурызым. В.Үстірт. С.Марқакөл.Д. Қорғалжын.
15.Аққу балапанының атауы.
А.көгілдір. В. ақүрпек. С.шəулі.Д.сұңқылдақ.
16. Қазақстанның оңтүстік өңірінде таралған ұзын сирақты киелі құс.
А. бірқазан В. аққу. С. ақ дегелек. Д. қоқиқаз
17.Қыран құстар қоразының атауы.
А.ақиық.В шəулі.С.бүркіт. Д.ұябасар.
18. үй тауығының жабайы арғы тегі.
А. мысыр тауығы.В. феникс.С. тауыс Д.банкив тауығы
19.Мүшел жыл санауға кірген құс.
А.тауық. В. қаз С. үйрек. Д. сұңқар.
20.Қазақ халқының қыран құстарға байланысты дəстүрлі өнері.
А.бүркіт салу. В. ителгі салу. С. құсбегілік. Д. саятшылық.

12 тест. Үй хайуанаттары мен ауыл шаруашылық жануарлары.


1. Ірі қараның жабайы тегі.
А.тарпан. В. қодас. С.зеңгі баба. Д. Тур .
2. Жылқының алғаш қолға үйретілген аймағы.
А.Қытай. В. Қазақстан. С.Америка.Д.Африка.
3. Қазақстанда кеңінен таралған түйе қолтұқымы.
А.сыңар өркешті. В.айыр өркешті. С.аруана. Д. нар.
4. Қойдың қолға үйретілген уақыты.
А.14-15 мың жыл бұрын. В.13-12 мың жыл С.10-11 мың жыл Д.8-9 мың жыл.
5. Қазақстанда шығарылған биязы жүнді қой тұқымы.
А.арқар-меринос. В.дегерес. С. еділбай. Д. сараджын.
6. Қазақстанда соңғы жылы шығарылған жылқы қолтұқымы.
А.адай. В.көшім.С. Қостанай . Д. мұғалжар.
7. Сыңар өркешті түйенің ғылыми атауы.
А.бактриан. В.дромадер. С.гуанако.Д.лама.
8. Жамбыл өңірі мен Қырғызстанда шығарылған сиыр қолтұқымы.
А.Алатау сиыры. В.Əулиекөл. С. Əулиеата.Д. қызыл сиыр.
9. Жабайы түйенің атауы.
А.айыр өркешті. В. сыңар өркешті. С.нар. Д.аруана.
10. Жібек шаруашылығының бастапқы отаны.
А. Моңғолия. В.Қытай. С.Үндістан. Д.Бразилия.
11. Бұғы мүйізінен алынатын бағалы өнім.
А. ментокрин.В.сантокрин. С.пантокрин. Д.антокрин.
12. Қазақстанның шөлейтті аймағында көп өсірілетін қой қолтұқымы.
А.қарғалы В.дегерес. С.қаракөл. Д.сараджын
13. Жылқының жабайы тегі.
А.тарпан. В.домбай. С. керқұлан. Д.жабы.
14. Еліміздің батыс аймағында ертеден өсіріліп келе жатқан қой қолтұқымы.
А.арқар-меринос.В. дегерес. С. сараджын. Д.еділбай.
15. Үй хайуанаттарының мəдени орталықтарын анықтаған ғалым.
А. И.Павлов. В. Н.Вавилов. С. И.Мечников. Д. К.Мыңбаев.
16. Күйіс қайырмайтын төрт түліктің бірі.
А.сиыр. В. қой. С.жылқы. Д.түйе.
17. Айыр өркешті түйенің ғылыми атауы.
А.бактриан. В. дромадер. С. лама. Д.альпака.
18. Терісі бағалы аңдардан алынатын өнім.
А.мақпал. В.камшат. С.түбіт. Д.үлбір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет