2014 жылғы 1 қарашадағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы



жүктеу 76.31 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі76.31 Kb.


2014 жылғы 1 қарашадағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2014 жылдың 1 қараша айында облыс бюджетіне 223355,9 млн.теңге болжаммен 222516,0 млн.теңге кірістер түсті, соның ішінде 153007,2 млн.теңге сомасы республикалық бюджеттен берілген субвенция мен нысаналы трансферттерді құрады.



2014 жылғы 1 қарашада облыс бюджетінің түсімдері

Меншік кірістері

қарыздардың түсімі

Субвенция

Нысаналы трансферттер

Қаржылық активтерден сатудан түскен түсімдер


Меншік кірістер 99,8%-ға орындалды. Жоспарды Семей (94,4%), Риддер (98,1%), Жарма (96,4%), Аягөз (95,4%), Бесқарағай (99,6%) аудандары мен облыстық бюджеттен (98,6%) басқа, барлық бюджеттер деңгейлер орындалды.

Ағымдағы жылдың он айының қорытындысы бойынша болжам жеке табыс салығы, әлеуметтік салықтан басқа, барлық кіріс көздері бойынша орындалды.

Облыстық бюджетке 2014 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 25368,6 млн.теңге болжаммен 25013,3 млн.теңге меншік кірістері түсті.



2014 жылғы 1 қарашадағы облыс бюджетінің меншік кірістер бойынша атқарылуы

(млн.теңге)

жеке табыс

әлеуметтік салық

бекітілген кірістер


Облыс бюджетіне түскен түсімдер (млн. теңге)


меншік кірістер

субвенция

трансферттер
Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер, субвенция ескере отырып, барлық деңгейлер бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 221334,3 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың мемлекеттік мекемелерді ағымдағы ұстауға 173244,5 млн.теңге жұмсалды, даму бюджеттік бағдарламаларына 48089,8 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білімі беруіне 68072,1 млн.теңге немесе 99,5% жұмсалды, оның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 6095,3 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 38457,1 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балабақшаларға – 35717,0 млн.теңге, арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беруге – 1393,9 млн.теңге, мамандандырылған білім ұйымдарына дарынды балаларға жалпы білім беруге – 1346,2 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге және оқыту – 5511,6 млн.теңге.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен ағымдағы кезенге жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстауға 1037,1 млн.теңге бағытталды, яғни 99,9% құрайды.

Денсаулық сақтау бойынша сегіз айдың қорытындысы бойынша атқарылу 38719,1 млн.теңге немесе 99,5%-ды құрады. Диабет, онкологиялық, гемофилиямен ауыратындарды, ЖИТС инфекциясын жұқтырған, гематология, сондай-ақ, халыққа иммунды алдын алу жүргiзу үшiн вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға 6722,7 млн.теңге қаражат жұмсалды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қайтаруға шығындарды ағымдағы қаржыландыруға 9382,4 млн.теңге жұмсалды. Республикалық бюджеттен берілген трансферттер есебінен аудандық және ауылдық маңызы бар денсаулық сақтау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа медициналық көмек көрсетуге – 7886,5 млн.теңгені, ТМККК шеңберінде бекітілген халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге 6028,5 млн.теңгені құрады. Онкологиялық ауруларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек көрсетуге республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 2791,2 млн.теңге жұмсалды. Тәуекел факторларды және ауруларды ерте сатыда анықтауға халыққа скринингтік тексерулер жүргізуге 506,5 млн.теңге жұмсалды. Денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі шығыстарға шығындар 3198,8 млн.теңгені құрады.

2014 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 148,1 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 187,7 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 390,3 млн.теңге қарастырылды.

Жұмыспен қамту бойынша игеру жоспарланған 1179,4 млн.теңгеден 042,1 млн.теңгеге 99,2%-ды құрады.

2014 жылы білім объектілерін дамытуға республикалық және облыстық бюджеттер қаражаттары есебінен 12284,2 млн.теңге қарастырылды, соның есебінен Зырян ауданының Зырян, Риддер қалаларындағы және Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылының балабақшалар, Үржар ауданының, Ұлан ауданының Молодежный кентінің орта мектептер құрылысы жалғастырылатын болады. Есеп беру кезеңінде 896,9 млн.теңге игерілді.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен облыс өңірлеріндегі жедел медициналық көмек стансасы мен сегіз дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша жаңа объектілер жалғастырылатын болады, оларға 1226,3 млн.теңге жоспарланып, оның 1063,1 млн. теңге немесе 99,9%-ға игерілді.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Семей аласындағы көп бейінді қалалық аурухана құрылысына (қоса қаржыландыру), Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығы, Семей қаласының жедел медициналық көмек стансасының құрылысына, Семей қаласындағы 80 төсекті балалардың туберкулезге қарсы ауруханасының құрылысы, Ұлан ауданы Привольное ауылындағы және Күршім ауданы Бурабай ауылындағы 20 қабылдау аусымы бар дәрігерлік амбулатория, Ново-Канайка ауылындағы облыстық психоневрологиялық аурухана құрылысына арналған ЖСҚ әзірлеу және Өскемен қаласындағы 212 аусымды қабылдауы бар емхана ретінде ғимаратты жаңартуға 1908,1 млн.теңге сомасында шығыстар ескерілді, есеп беру кезеңінде 1374,4 млн.теңге немесе 99,9%-ға игерілді.

Есеп беру жылы әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін дамытуға Зырян ауданы Грехово кентіндегі Грехов кенішің әкімшілік-шарушылық корпусының ғимаратын қайта жаңартуға, Зырян ауданының Грехово кентіндегі мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін оңалту орталығы ретінде Грехов кенішінің әкімшілік-шарушылық корпусының ғимаратын қайта жаңартуға (қоса қаржыландыру) және Глубокое ауданындағы Зимовьев үй-интернаттың құрылысына және «Үржар тірек-қозғалу аппаратының бұзушылықтары бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ кешені 2 қабат корпусына жапсаржай салуға 195,2 млн.теңге жоспарланды, есеп беру кезінде 109,6 млн.теңге немесе 95,9%-ға игерілді.

Облыстық бюджетте мәдениет және спорт объектілерін дамытуға Өскемен қаласындағы қазақ драма театрының құрылысына, Ұлан ауданының Торғын ауылындағы 200 орынды ауылдық клубтар құрылысы, Күршім ауданының Күршім ауылындағы 300 орынды мәдениет үйінің құрылысы, Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылындағы шығармашылық үйі, Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылындағы және Үрджар ауданындағы Үрджар ауылындағы 160 көрермен орны бар дене шынықтыру және спорт кешені, Абай ауданының Саржар ауылындағы ауылдық клуб ретінде сауда үйінің жаңартуға 1925,5 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды. Есеп беру кезеңінде 90,5% игерілді.

Ішкі істер органдарының базаларын дамыту үшін 472,8 млн.теңге қарастырылды, оның есебінен УҰИ ретінде үй-жайы бар Затон полиция бөлімін қайта жаңартуға және Семей қаласының ІІБ ғимаратына ЖБО ретінде жапсаржай салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Қаражаттың басым бағыты облыстың елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйесін дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 6551,1 млн.теңге республикалық бюджеттен трансферттер жоспарланды,

олардың есебінен Өскемен, Курчатов және Риддер қалаларында, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Күршім, Үржар, Ұлан және Тарбағатай аудандарында сумен жабдықтау жүйелеріне қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады, 4581,9 млн. теңге немесе 85,7% игерілді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен сумен жабдықтау жүйесінің объектілерін дамытуды қоса қаржыландыруға жоғарыда аталған аудандарда 1243,7 млн.теңге қарастырылды, 776,5 млн.теңге немесе жоспарланған қаражаттың 91,7%-ы игерілді.

Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен 8948,2 млн.теңге жоспарланды, оны есебінен коммуналдық және ипотекалық тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарланды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын салу және сатып алуға 2344,3 млн.теңге қарастырылды, 2075,0 млн.теңге игерілді немесе 100%-ы игерілді.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2014 жылы республикалық бюджеттен және облыстық бюджет қаражатынан берілетін трансферттер есебінен «Тансық стансасы-«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ескерткіші» автожолдарын салуға, Катонқарағай ауданыныдағы Бухтарма өзені арқылы көпір құрылысы мен облыс жолдарының күрделі жұмыстарына 5988,0 млн.теңге сомасында қаражат жоспарланды.

Семей қаласында қазіргі жылумен жабдықтау жүйесін қайта құру және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруға республикалық бюджеттен 8000,0 млн.теңге сомасында трансферттер бөлу қарастырылды, есеп беру кезеңінде 5200,0 млн.теңге немесе 87,9%-ы игерілді.

Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен агроөнеркәсіптік кешенге қолдау мақсатында 14372,9 млн.теңге жоспарланды.

Риддер, Зырян, Курчатов, Серебрянск сияқты моноқалаларды абаттандыру мәселелерін шешу үшін 3917,9 млн.теңге қарастырылды.




2014 жылғы 1 қарашадағы облыс бюджетінің

шығыстар бойынша атқарылуы (млн.теңге)
2014 жылға нысаналы ағымдағы трансферттер мен дамытуға арналған трансферттер қарастырылған, облыстық мәслихат сессиясының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 17/188-V шешімімен облыстық бюджетте 79721,6 млн.теңге бекітілген, оның ішінде 44 655,2 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер, 35 066,4 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер, сонымен қатар 6 863,9 млн.теңге кредит.

Облыстық мәслихат сессиясының 2014 жылғы 16 қазандағы № 22/280-V шешімімен облыстық бюджет нақтыланды, сонымен қатар нысаналы трансферттер көлемі 97 916,3 млн.теңге, оның ішінде 53 618,6 млн.теңгесі - нысаналы ағымдағы трансферттер, 37 399,3 млн.теңге дамытуға арналған трансферттер. Сонымен қатар 6 898,4 млн.теңге кредит.

2014 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 71834,1 млн.теңге сомасында нысаналы трансферттер қарастырылды, олар облыс бюджетіне келіп түсті, оның ішінде беру кезеңінде 68613,8 млн.теңге игерілді немесе ол республикалық бюджеттен бөлінгеннің 95,5%-ы.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 3351,3 млн.теңге, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша – 667,1 млн.теңге, үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің жалақысын ұлғайтуға – 294,8 млн.теңге, вакциналарды және өзге дәрілік құралдар –4213,7 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамасыз ету және кеңейтуге – 18106,0 млн.теңге, әлеуметтік қызмет стандарттарын енгізуге – 29,3 млн.теңге, білім беру объектілерін салу және жаңартуға – 4171,5 млн.теңге, моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 2802,6 млн.теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және сатып алуға – 1925,8 млн.теңге, сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 5589,9 млн.теңге, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салу және сатып алуға – 2757,2 млн.теңге, көлік инфрақұрылымын дамытуға – 121,0 млн.теңге жұмсалды.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет