2-параграф. Электр жалынымен және жалынмен жару тәртібі
160. Электр жалынды жарылыс осы Қағидалардың 8-тарауы 1-параграфтың талаптарын ескере отырып, жүргізіледі. Зарядтарды бастамашы электр жалынды және жалынды тәсілдерін жер бетінде және ол тек электр немесе басқа, оның ішінде бастамашы электр емес желілерімен алмастырылуы мүмкін болмаған жағдайларда ғана пайдалануға рұқсат беріледі.
161. Зарядтарды бастамашы электр әдісімен мүмкін болмағанда ғана бастамашы жалынды әдісін қолдануға болады. Зарядтарды бастамашы электр жалынды және жалынды тәсілдермен жару технологиясын пайдалану қажеттілігін жобалаушы ұйым негіздейді және жоба сараптамасын жүргізген кезде жарылыс жұмыстары саласында аттестатталған ұйымның (бұдан әрі - аттестатталған ұйым) сараптау қорытындысымен расталады.
162. Жанатын және бақылайтын түтіктерді бықсыған пілтемен, от өткізгіш сыммен немесе арнайы аспаптармен жандырады. Жалғыз зарядты жару үшін түтікті тұтандыруға сіріңке қолдануға болады.
163. Жалынмен жару кезіндегі жандыру түтігі ішіндегі от өткізгіш сым ұзындығын, жарғыштың қауіпсіз қашықтыққа ұзаруын немесе қорғаныш артына орналасуын қамтамасыз ететіндей уақытқа есептеледі.
Әрбір жандыру түтігінің ұзындығы 1 метрден кем болмайды, от өткізгіш түтігі теспеден кемінде 25 см шығып тұрады.
164. Бес және одан көп түтікті жандыру кезіндегі жер бетіндегі жандыруға кеткен уақытты бақылау үшін, капсюль-детонатордан жасалған бақылау түтігі орналастырылады. Бақылау түтігін бірінші жағады, оның от өткізгіш сымының от өткізгіш байламның ұзындығы 40 см кем және пайдаланылатын түтіктердің от өткізгіш сымының ең қысқасынан 60 см кем болмайды.
Түтікті тұтандырғаннан кейін немесе капсюль-детонаторлы бақылау түтігін жарған соң (бақылау бауының бөлігі тұтанған соң), сондай-ақ бақылау бауы бөлігі өшкен кезде барлық жарғыштар қауіпсіз жерге немесе қорғаныштың артына қойылады.
165. Жер бетінде жару кезінде бақылау түтігі бірінші жану түтігіне 5 метрден жақын, жарғыштар шегіну жолында орналасады.
166. Дәрілік зарядтарында жандыру түтігі от өткізу сымы, зарядтың ЖЗ жанаспайды.
167. От өткізу сымын ширатуға болмайды. Қосалқы жандыру түтіктерін бір уақытта тұтандырады.
168. Жарғыш жарылған зарядтардың есебін жүргізеді. Егер осы талаптарды орындау мүмкін болмағанда немесе кейбір заряд жарылмай қалғанда, қорғаныштан соңғы жарылыс өткен соң 15 минут кем емес уақыт өткен соң шығуға болады.
Істен шықпағанда соңғы жарылыстан 5 минуттан кейін қорғаныштан шығуға болады.
3-параграф. Құрамдас бастамашылық ету тәсілінің тәртібі
169. Жалғану бөліктері болмағанда зарядтарға құрамаластырылған бастамашы амалдары – электрлік (электр детонатор), электрлік емес бастамашы құралдары (толқынды) және детонациялық байлам қолданылады.
Детонациялық байламды толқынды капсюльдық электр детонаторға жалғау және қуаттарды жару жұмыстары осы Қағидалардың 8-тарауның 1, 2, 3 және 4-параграфтардың талаптарына және электрлік емес бастамашы құралдарын пайдалану жөніндегі бойынша ңұсқаулық талаптарына сәйкес жүргізіледі.
4-параграф. Детонациялық байламды (детонациялық таспаны), сондай-ақ электрлік емес бастамашы ету құралдардың және электронды детонаторлар көмегімен жару тәртібі
170. Детонациялық байламмен жұмыс жасау (кесу, пиротехникалық релені жалғау) оны пайдаланудың нұсқаулығында көрсетілген амалдармен жүргізіледі.
Негізгі және қосалқы жүйенің детонациялық байламмен жару барлық жағдайларда бір бастамашы арқылы жүргізіледі.
171. Электрлік емес бастамашы құралдарды пайдаланатын жару жұмыстары оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
172. Электрондық детонаторларды пайдаланумен жарылыс жұмыстары оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
9. Соққыштарды, тұтандырғыш және бақылау түтіктерін
дайындау тәртібі
1-параграф. Соққыштарды дайындау тәртібі
173. Соққыштар жұмыс орындарында немесе белгіленген орындарда зарядтарды бір реттік зарядтарды жаруға арналған көлемде дайындалады.
Шахта бағаналарын қазған кездегі соққыштар жер бетіндегі үйшіктерде жасалынады.
174. Детонатор соққышқа тереңдетіп кіргізіледі, тығыз қатайтылады. Бұл ретте иненің тереңденуін қалыптастыру үшін пайдаланылатын ЖЗ өзара іс-қимыл жасасудан ұшқын және коррозия бермейтін материалдардан жасалады.
175. Сығымдалған немесе құйылған ЖЗ-нің соққыштар зауыттық дайындалған ойығы бар патрондардан (шашкалардан) дайндалуға жол беріледі. Қолда бар ойықты кеңейтуге немесе тереңдетуге жол берілмейді.
176. Соққыштарды детонациялық байламды қолдана отырып, ұнтақты патрондалған ЖЗ дайындаға жағдайда детонацияланған байламның соңы патронға баумен байланады немесе кемінде екі рет оралады, детонацияланған байламды ЖЗ патронының айналасына байлауға жол беріледі.
177. Пайдаланылмаған соққыштар технологиялық регламентпен белгіленген тәртіппен жару арқылы жойылуға жатады.
2-параграф. Тұтандырғыш және бақылау түтігін жасау тәртібі
178. Жандыру және бақылау түтігін ЖМ жарғыштар мен таратушылар ғимараттың ЖЗ дайындаудың жекелеген үй-жайында, жер асты қоймасында – камерада жарғыш түтіктерді дайындау үшін дайындалады .
Ұзақтығы кемінде алты ай болған жарылыс жұмыстары кезінде тұтандырғыш және бақылау түтіктерін дайындау осыға белгіленген жекелеген үй-жайларда, палатқаларда, қалқаның астында немесе ашық аспанның астында жүргізіледі.
179. Тұтандырғыш және бақылау түтіктерін дайындау кезінде жұмыс үстеліндеоты өткізгіш бау бөліктерінің тиісті санымен жүзден астам капсюль-детонатор болады.
Дайындалған тұтандырғыш түтіктер ұзындығы бойынша іріктеледі, домалаққа оралып, сөрелерге жинастырылады. Кендірге оралған бақылау түтіктері сол сөрелерге жинастыруға жол беріледі.
Әрбір бақылау түтіктің көзге оңай көрінетін белгілері болады.
180. Тұтандыру (бақылау) түтіктерін дайындау алдында әрбір капсюль-детонатор гильзаның ішкі бетінің тазалығы және ішінде қандай да бір бөлшектердің болмауы тексеріледі. Бөлшектер болған жағдайда соңғылары капсюль-детонатордың ашық жағынан саусақпен жеңіл түрткілеу арқылы алынады.
Капсюль-детонатордан қаңдай да бір құрылғыны, енгізе отырып, үрлеумен гильзадан қиқымдар алуға жол берілмейді.
181. От өткізгіш байламды капсюль-детонаторға айналдырмай соңғысына тікелей қозғалыспен тостағанша тигенге дейін енгізіледі.
182. От өткізгіш байламдды металл гильзасы бар капсюль-детонаторға бекіту маркалы бастың көмегімен дульцаның гильза жиектерін бір қалыпты қысу арқылы жүргізіледі.
Қысып ұстау кезінде жарылғыш құрамы бар капсюль-детонатор тұсына қысым жасауға болмайды.
183. Капсюль-детонаторға бекітілген от өткізгіш байламды тартуға немесе жұлып шығаруға болмайды.
2-бөлім. Жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі
10. Негізгі ережелер
184. ЖЗ зарядтарын жару паспорт және жарылыс жұмыстарын жүзеге асыратын қызметкерлердің назарына жеткізілген, қол қоя отырып, таныстырылған жобалар бойынша жүргізіледі.
185. Тау-кен және газ бен шаң бойынша қауіпті, кен емес өнеркәсіп объектілерінде жару жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
186. Паспорттар ұңғымалық, камералық, қазандық зарядтарды жару үшін құрылыс объектілерінде жару жұмыстарын орындау, ғимараттар мен құрылыстарды құлатуда, ұңғымалады атқылау, тереңдету және мұз жару жұмыстарын жүргізу, батпақты жерде жұмыс істеу, су асты жару жұмыстары кезінде, ыстық сілемдерді жару, ату-жару жұмыстары, сейсмобарлау жұмыстарына, өзге де арнайы жұмыстардың өндірісі кезінде жасалады.
Басқа да жару жұмыстары паспорттар бойынша орындалады.
Жаппай жарылысты қолдана отырып, жару жұмыстарын жүргізу үшін паспорттар мен жобаларды әзірлеу үшін базалық құжат болып табылатын, жару жұмыстарын жүрзудің үлгі жобасы, оның ішінде нақты жағдайларда орындалатын жаппай жарылыстардың жобалары да әзірленеді.
187. Жаппай жарылыс: жер асты жұмыстарында шахталарда жарылыс жасағаннан кейін желдету үшін уақыт және күнделікті жұмысты ұйымдастыру есебімен көзделген жұмыстарды артығымен қайта қалпына келтіруді жүзеге асыру кезіндегі жарылыс.
Ашық жұмыстарда – екі және одан көп ұңғымаларда, қазандықтарда немесе камералық зарядтарда жалпы жару желісіне қондырылған жарылыс.
Құрылыс объектілерінде жаппай жарылыс ұйымдардың жарылыс жұмыстарының жобасына сәйкес жүргізіледі.
188. Жаппай жарылыс жұмыстарын ұйымдастырудың үлгі жоспарын ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді және оның бұйрығымен күшіне енеді. Жарылыс жұмыстарын мердігерлік тәсілмен орындаған кезде үлгі жобаны мердігер жасап, бекітеді, тапсырыс берушімен келісіледі.
189. Бұрғы жарылыс (жарылыс) жұмыстарының паспортын ұйымның техникалық басшысы бекітеді және жарылыс жұмыстарының негізгі параметрлерін, жұмыстың қауіпсіздігін, зарядтардың бастамашы тәсілін, жарылыс желілерін есептей отырып, зарядтар мен соққыштар конструкциясы; ЖМ болжамды шығыстарын, қауіпті аймақты және оның шегіндегі объектілерді (ғимарат, имараттар, коммуникациялар) ескере отырып, осы аймақтың сақтауды белгілеуді, ауданды жарылғыш жұмыстардан тазарту және осы Қағиданың нақты шартында толықтырылатын қауіпсіздіктің басқа да шараларын көрсете отырып, ұйымдастыру шараларын қамтиды.
Басқа ұйымның объектілері қауіпті аймаққа келіп түскен кезде оның басшысына кемінде бір тәулік ішінде жарылғыш жұмыстар жүргізілетіннің орны мен уақыты туралы жазбаша хабарланады.
190. Паспорттарды жарылыс жұмыстарын жүргізетін техникалық басшы бекітеді. Паспорттар кемінде үш тәжірибелі жарылыстың негізінде және ескере отырып, жасалады. Жарылыс жұмыстары басшысының рұқсаты бойынша тәжірибелі жарылыстың орнына осыған ұқсас жағдайда жүргізілген жарылыстың нәтижелерін пайдалануға жол беріледі.
Паспортта:
1) баулар немесе сыртқы зарядтың орналасу сызбасы, ЖМ атауы, бау қатарындағы заряд алу тәсілі туралы деректер, олардың тереңдігі мен диаметрі, зарядтың, соққыштардың массасы мен конструкциясы, зарядтарды жаруды қбаылдау саны, забойкадағы материалда және оның ұзындығы, жандыру және бақылау түтіктерінің ұзындығы (от өткізгіш байламның бақылау ұзындығы), жарылыс (электрлік жарылыс) желісінің ұзындығын (кедергісін), бәсеңсуін көрсете отырып, монтаж сызбасы, забойларды желдету сызбасы мен уақыты;
2) қауіпті аймақ радиусы;
3) жарылыс жасау уақытындағы жарушы (шебер-жарушы) мен қызметкерлердің тығылу орны туралы көрсету;
4) күзеттің немесе тізілген бекеттердің орналасуы туралы, сақтау құрылғыларының орналасуы, қауіпті аймаққа және жарылыс орнына кіруге рұқсат бермейтін ескерту және тыйым салынатын белгілер туралы нұсқау;
Газ немесе шаңы бойынша қауіпті шахталар үшін паспортта газдың (шаң) жарылуын болдырмаудың арнайы құралдарының орналасу саны және сызбасы, жарылыс жұмыстарының режимі көрсетіледі.
191. Мысколчеданды кендерді өндіретін шахта мен карьерлерде пириттің, кен температурасы мен су қышқылдығы бар болғаны туралы алынған деректердің негізінде техникалық басшы жарылыс жұмыстарын жүргізудің тәртібі мен тәсілдері туралы шешім қабылдайды, бұл жаппай жарылыс паспортында айқындалады.
192. Кен температурасы 25 °С жоғары болған кезде (бірақ 50 °С жоғары емес және ұңғымада болу уақыты 24 сағаттан аспайды) төмендегі ЖЗ бірін пайдаланады:
1) құрамында аммиак селитрасы жоқ;
2) полиэтилен қабықшадағы зауыттық дайындаудың ЖМ зарядтары;
3) сульфид кеніштерінде қолдануға арналған ЖЗ.
193. Температурасы 50 °С астам ыстық және эмульсия аммиак-селитрлі ЖЗ кез келген дәрежеде күшті әсер ететін кеніштерде қолдануға болмайды.
194. Жекелеген жағдайларда таукен-геологиялық өзгерістерге немесе басқа жағдайларға байланысты жарылыс жұмыстарына тікелей басшылықты жүзеге асыратын бақылаушы адамның рұқсатымен бұрғылық жару жұмыстарының паспортында көзделген көрсеткіштермен салыстырғанда зарядтың салмағы мен санын азайтуға болады.
195. Теспедегі зарядтардың бірреттік жарылысын жобада көзделген мөлшерге дейін пысықтаудың контурына жеткізу, қақпаларды жою, забойды түзеті, өңдеу жер қыртысын қопару, бекіту кезінде өңдеуді кеңейту, бас тартуларды жою үшін сызба бойынша жүргізуге жол беріледі. Сызбаны жарылыс жұмыстарына тікелей басшылықты жүзеге асыратын бақылаушы адам жасайды және қол қояды. Газ немесе шаңы бойынша қауіпті шахталарда сызбаны шахтаның техникалық басшысы бекітуі тиіс.
Сызбада теспенің орналасуы, салмағы, заряд конструкциясы, жарушының бекеті мен жасырыну орны, қауіпсіздіктің қосымша шаралары көрсетіледі.
Сызба берілген ЖМ-ді осы Қағидалардың 8 қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес Жарылғыш материалдарды беру және қайтаруды есепке алу журналында жазу үшін, ал жарылыс жұмыстарынан кейін осы Қағидалардың 7 қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес Жарылғыш материалдардың кіріс және шығысы есебі журналында ЖМ есептен шығаруға негіз болып табылады.
196. Қауіпті аймақ шекараларында оқтау жұмыстары басталар алдында оның қорғалуын қамтамасыз ету үшін күзетшілер қойылады, ал оқтауға қатысы жоқ адамдарды бақылаушы адамдар қауіпсіз орындарға шығарады. Күзетшілерге міндеттеріне жатпайтын жұмыстарды беруге болмайды.
Қауіпті аймаққа күзетші бекеті арқылы жарылыс жұмыстарына басшылық етуге құқығы бар бақылаушы адамдардың, бақылаушы органдары қызметкерлерінің кіруіне рұқсат етіледіі.
Оқтау алдында ұңғымаларды кептіру қажет болған жағдайда қауіпті аймақ шекарасында оқталатын блоктарда кептіретін механизмдердің болуына жол беріледі.
Жер асты жұмыстарында оқтау уақтында қауіпті аймаққа кіруге тыйым салынатын жазбалары бар құлақтандыру бекеттерін ауыстыруға жол беріледі.
Жер асты қазбаларындағы сыртқа жарылыс өнімдерін шығарушы желдеткіш тұсына бекеттер қойылмайды. Бұл қазбалар қауіпті аймаққа кіруге тыйым салаты құлақтандыру жазбаларымен қоршалады.
Жарылыс жұмыстары және қазбаны желдету толық аяқталған соң көрсетілген қоршала мен жазбалар алынып тасталады.
197. Ашық және жер асты жұмыстарында жаппай жарылыс дайындау кезінде ЖЗ Д тобының (түтінді дәріден өзге) пайдаланылатын болса, оқтау кезінде айналасында адамдар орналасуға болмайтын қауіпті аймақ орнына, оқтауға қатысы жоқ адамдар кіруге тыйым салу аймағы орнатылады. Тыйым салу ауданы жобада айқындалады.
Ашық таулы жұмыстарда ұзақ оқталғанда (тәуліктен көп) таулы техникалық және ұйымдастыру жұмыстарына байланысты тыйым салу аймағы ең жақын зарядқа 20 метрден жақын болмайды. Осы талап оқтау жүргізіліп жатқан жұмыс алаңының ойығында зарядқа жақын көлденең жатқан жоғарғы және төменгі ойыққа да тарайды.
Жобада есептеліп анықталған қауіпті аймақ электр детонатор қолданарда соққыш орнатылғаннан соң, детонациялық сымды жарғанда-пиротехникалық реле орналастырмас бұрын электрлік емес толқынды бастамашы электрлік емес жүйені магистральды жүйеге қосқаннан кейін енгізіледі.
Жер асты қазбаларындағы тыйым салу аймағы шеткі оқталу ұңғымасынан және оқтау машинасындағы ЖЗ ең көп мөлшерінің мүмкін болатын жарылысындағы ауа толқынының соққылық әсері есебімен есептеледі. Жұмыс ұйымдастыру жағдайларын есептей отырып, аймақ 50 метрден кем болмайды. Қауіпті аймақ жарғыш машинамен немесе оқталған ұңғымаға байланысып жатқан барлық қазбаларға тарайды. Осы аймақ шекарасында оқтау басталар алдында күзет бекеттері қойылады. Оқталған ұңғымаларға баратын қазбаларға бекет орнына тыйым салушы жазу белгілерін орнатуға болады. Ашық және жер асты қазбалары жұмыстары шекарасының 50 метрден тыйым салынған аймақ шамасында жаппай жарылыс жасаудан шектелген адамдар санының ғана болуына рұқсат беріледі.
Электр детонаторды пайдаланып, жару кезінде соққыштарды енгізу алдында электр емес толқындармен электр емес бастамашы жүйені пайдалану кезінде жару желісінің учаскелерін магистралдағы қосу сәтінен бастап жоба есебімен анықталған қауіпті аймақ енгізіледі. Оның шекараларындағы бекеттер жер асты өндірулерінде жаппай жарылыс жүргізумен байланысты емес адамдар болған кезде қойылады.
Тыйым салынған аймақ өлшемін өзгертуге жару жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге кепіл беретін шаралар сақталған кезде жару жұмыстарының басшысына жазбаша түрде рұқсат беріледі.
198. Жарылыс жұмыстары кезінде дыбыстық белгілер, ал қараңғы уақытта, сонымен қатар персоналға хабарлау үшін міндетті түрде жарықтық белгілер беріледі. Дабылдарды дауыстап, сондай-ақ жару материалдарын пайдалану арқылы беруге болмайды.
Дабылдардың мәні мен реті:
1) бірінші дабыл – ескерту (бір рет ұзақ). Дабыл оқтар алдында беріледі.
Оқтау және онымен байланысты жұмыстар біткен соң жарғыштар жару жүйесін орнатуға кіріседі;
2) екінші дабыл – жарылғыш (екі рет ұзақ). Бұл дабылмен жарылыс жүргізіледі;
3) үшінші дабыл – аяқталу (үш рет қысқа). Бұл жарылыс жұмыстарының аяқталуын білдіреді.
Дабылды жарылыс жұмыстарын жүргізуші жарғыш, аға жарғыш, ал жаппай жаруда-бекітілген адам береді.
Жарылыс жұмыстарындағы дабыл берудің мәні мен реті ұйым жұмыскерлеріне, ал жер бетінде жарылыс кезінде тұрғындарға түсіндіріледі.
199. Жарылыс орнына ол аяқталған соң адамдарды жіберуді осы ауысымдағы жарылыс жұмыстарына жетекшілік жүргізген қадағалаушы тұлғаның өзі немесе оның нұсқауымен басқа тұлға жарғышмен бірге жарылыс орнының қауіпті еместігі анықталғаннан кейін жіберіледі.
Жарылыс жұмыстарын шебер-жарғыш жүргізгенде, жарылыс болған орындарда жұмыс істеуге жұмысшылар шебер-жарғыштың рұқсатымен жіберіледі.
200. Оқталуға тиіс бөлек оналасқан теспелер, ұңғымалар және басқа қазбалардың беті қыртыс бөліктерінен қазба майда заттарынан, бөгде және тағы сол сияқты заттардан тазаланады.
Оқтар алдында теспелер мен ұңғымалар қазған кездегі ұсақ-түйектен тазаланады.
201. Қазғыштар ұшқын бермейтін материалдардан жасалады. Қазғыштар ұзындығы теспе тереңдігінен ұзын болуы шарт.
202. Патрон-соққыш жарылыс жұмыстарының паспортында көрсетілген оқтау құрылымына сәйкес теспеге орналастырылады.
203. Басылып қалған соққышты ойып алуға болмайды. Егер соққышты алу мүмкін болмаса теспені оқтау тоқтатылады, соққыш басқа оқтаулармен қоса жарылады.
204. Көмір сілемдерін алдын-ала босатуға қолданылатын ұзартылған немесе әр жерге орналастырылған теспе оқтаулармен немесе ұзындығы 5 метрден артық ұңғымаларда немесе теспеде (ұңғымада) гидравликалық қазғыштар болған кезде, қосалқы бастамалау құрылғысы ретінде теспеден (ұңғымадан) шығарылмаған детонациялық байлам қолдануға болады.
205. Ұзындығы бойынша шашыратыла орналасқан теспе немесе ұңғыма зарядтарының әр бөлігіндегі зарядта бір ғана соққыш орналастырылады.
Газы немесе шаңы бойынша қауіпті шахталарда шашыратыла орналасқан зарядтарды жанғыш газ бөлінбейтін, жынысты қазба забойларындағы қуысты теспеде ғана қолдануға болады.
206. Егер оқтау кезінде зарядтың бір бөлігі төгіліп кетсе, теспені (ұңғыма, жең) толықтай оқтайды және зарядты өзге қуаттармен бірге жарады.
207. Соққышқа енгізілген электр детонатор өткізгішін, от өткізгіш және детонациялық байлам, электронды детонатор, электрлік емес бастамашы толқынды жүйесінің бауларын жұлқылауға және тартуға болмайды.
Зарядтардан шығып тұрған от өткізгіш немесе детонациялық байламның, электрлік емес толқынды бастамашы жүйесінің сынуына жол берілмейді.
208. Газы немесе шаңы бойынша қауіпті шахталарда тығыны жоқ зарядтарды жаруға болмайды.
Газы немесе шаңы бойынша қауіпті емес ашық шахталарда (кеніштерде) тығынсыз зарядтаррды жару мүмкіндігін, қауіптілігі салдары технологиялық регламентпен орнатылады және жобада, паспортта көрсетіледі.
209. Теспені (ұңғыманы) забойлық материалдармен жұлқусыз толтырады. Бұл ретте электр өткізгіш, детонациялық байлам және электрлік емес толқынды бастамашы жүйесі бос болады.
Теспеге немесе ұңғымаға тығын ретінде түйір немесе жанғыш материал қолдануға болмайды.
Тығынды теспеге (ұңғымаға) забойлық машинамен орналастыру осы машинаны пайдалану нұсқаулығына сәйкес жасалады.
210. Сыртқы зарядтарды жару кезінде, олардың біреуін жару екіншісіне зиян тигізбейтіндей етіп орналастырылады. Егер олай орналастыру мүмкін болмаса, оларды бір мезгілде (электр детонатор немесе детонациялық байлам қолданып) жарады.
Сыртқы зарядтарды немесе детонациялық байлам тастармен және құммен жабуға болмайды.
211. Бірнеше ұңғыма зарядын осы мақсатта қолданылатын бастамашы құралдарды қолдану арқылы жарады.
212. Қорғаныш құрылғыларымен жабылған топтық зарядтарды жару бір мезгілде жүзеге асырылады.
Сейсмикалық әсерді төмендету және ұсақтау сапасын арттыру үшін қорғаныш артында қысқартылған жарылғыш жүргізіледі. Қысқару ұзақтығы 25 миллисекундтан (бұдан әрі – м/с) артық болмайды.
213. Найзағай кезінде жер бетіндегі және жер үстінен өткізілетін жер асты қазбаларында, электрлі жару арқылы жүргізілетін жарылыс жұмыстарына рұқсат берілмейді. Егер электрлік жару жүйесі дайындалып қойылған болса, найзағай алдында жарылыс жасалады немесе өткізгіш бөліктері магистралдық жүйеден ажыратылып, шеттері мұқият оралып, адамдар қауіпті аймақтан алшақтатылады немесе қорғанышқа жіберіледі.
214. Жарықпен жеткіліксіз қамтамасыз етілген жерлерде жарылыс жұмыстарын (ЖМ жұмыс жасау) жүргізуге болмайды.
215. Жер бетінде жару жұмыстарын жүргізу кезінде жарық көзін қолданудан тыс жұмыс орындарын жарықтандырудың нормаланған мәні осы Қағидалардың 2-қосымшасының жарықтандыру кестесінде көрсетілген.
Авариялық жарықтандыру кезінде жұмыс бетінің жарықтандырылуы 1 люкстен кем болмайды.
Күзетілетін жарықтандыру кезінде қауіпті аймақтың анағұрлым алыс орындарында барынша аз жарықтандырылу жер беті деңгейінде көлденең жазықта 0,5 люкс немесе шекараның перпендикуляр сызығының, тік жазығының бір жағында топырақтан 0,5 метр қабылданады.
216. Көлемді бөліктерді бөлу үшін теспедегі және сыртқы зарядтарды жарарда, электрлі жару жүйесін (электр жарғыш) орнату және оқтау астынан үстіне қарай жүргізіледі.
217. ЖМ қалдығының бар-жоғына қарамастан, барлық жағдайларда «стакан» әдісімен қазбалау жұмыстарын жүргізуге болмайды.
218. Ұңғыманы және теспені атудан кейін жаңа оқтау жұмыстары 30 минут уақыттан ерте басталмайды.
219. Камералық зарядтарды жару детонациялық байламдарды немесе электр детонаторын, электрлік емес бастамашы құралдарын пайдалана отырып, жүргізуге жол беріледі. Әрбір заряд камерасына екі соққыш орнатылады, жару немесе электрлік жару желісі негізгі жару жұмыстары жүргізілетін тәсілмен қайталанады.
Камералық заряд соққыштар қатты мықты қабыршаққа (жәшіктер, қораптар) орнатылады.
220. Камералық заряд орналасатын қазбаларды жарар алдында олардан электр өткізгіштер алынып тасталады.
11. Механикаландырылған оқтау тәртібі
221. Жару жұмыстарын жүргізу орындарында осы мақсаттарға белгіленген тәртіппен жіберілген механизация құралдарын қолданусыз аммиакты-селитрлік ЖЗ қолмен дайындауға жол берілмейді.
222. Механикаландырылған оқтау осы Қағидаға сәйкес оқтау қондырғысын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және тиісті ЖМ қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
223. Құрамында алюмо- және тротил шашпалы түйіршіктелген ЖЗ пневнооқтаған кезде ЖЗ қолдану бойынша нұсқаулықта және заряд құрылғының пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген мөлшерде су немесе суланатын ерітінді қосылады.
Шашпалы түйіршіктелген ЖЗ қабылдау ыдыстарында (бункер, вагонша және тағы басқа) пневматикалық көлікпен ЖЗ жұмсартусыз немесе суламай тасымалданады, бірақ ЖЗ бөлінетін шаңының жарылмауын және адамдардың улануын болдырмау шаралары қамтамасыз етіледі.
224. Әртүрлі типтегі және атаудағы ЖЗ бір құбыржол бойынша пневмозарядтауға рұқсат берілмейді.
225. ЖЗ механикаландырылған оқтау кезінде құбыр материалдарының электрлік кедергілері 104 Ом·м артық болмауы және ажырату белгілері (таңбалау) болады. Оқтау құбырлары ретінде ұзындығы 5 метр темір құбырлар қолданылады, олар тоттануға қарсы тұратын, соғылу және үйкелу кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан жасалынады. ЖЗ пневмооқтау (пневмотасымалдау) кезінде барлық оқтау жүйесі тұйықталады. Радиусы 0,6 метр кем имегі бар құбырларды пайдалануға болмайды.
226. Пневматикалық зарядтау теспелерін жерасты таукен өндірулерінде кен орны ауасының 70 % салыстырмалы ылғалдылығында, металл зарядтау түтіктерінің зарядтағыштарымен немесе ұзындығ 7 метрден артық емес электр өткізгіш зарядтау құбыр жолымен жерге тоғытусыз жүргізуге рұқсат беріледі.
227. Шашпалы түйіршіктелген ЖЗ қабылдау ыдыстарында (бункер), оқталатын теспе және оператор қондырғысы жарғыш арасы 20 метрден артық болғанда немесе екі жақты хабар алынбаса, тура көре алмаған жағдайда пневмотасымалдауға болмайды. Пневмотасымалдауға немесе пневмооқтау процесстерінде алдын ала қабылданған командалар беріледі.
228. ЖЗ ұңғымаларға беру алдында олардың тереңдігі мен тазалығы, көлденең және шығатын ұңғымаларды зарядтау кезінде судың болуы тексеріледі. Қажеттілігіне қарай ұңғымалар үрленеді.
Өндіру кеңістігіне бірнеше шығулары бар теспелерді, ұңғымалар мен камераларды зарядтау оларды алдын ала герметизациялаусыз жүргізуге жол берілмейді.
229. ЖЗ зарядталған камералардан ауа ағынымен шығаруды болдырмау үшін оған кіретін орын сүзетін матамен жабылған рамамен жабылады.
Шаңдануды төмендету үшін шығу ағынында су бүріккіштер немесе тұман жасағыштар орнатылады.
230. 2 метрден артық емес биіктікте ұңғымаларды (теспелерді) зарядтау жабдықталған өткелдермен немесе жабын өңдейтін не басқа машиналардың көтеру алаңдарын пайдаланумен жүргізіледі.
231. Шаң ұстағышпен ұсталған, шашылған ЖЗ жиналып жойылады.
Ашық тау жұмыстарында ұңғыма оқтау кезінде құрамында бөгде заттары жоқ шашылған жарылғыштарды пайдалануға рұқсат беріледі, бұл ретте ЖЗ ұңғымаларға беру қолмен жүргізіледі.
232. Қорғауышсыз электр детонаторларды қолданып жару кезінде оққыштарды механикаландырған оқтаудан және зарядтық қондырғыларды алғаннан кейін енгізуге болмайды.
Статистикалық электр зарядынан қорғалған электр детонаторларды қолданғанда, соққышты ұңғымаға (теспеге) бірінші орнатуға болады, соққыштың үстіне механикаландырылған оқтауда ЖЗ әсерінен қорғау үшін кемінде бір патрон салынады.
Электрлік емес толқынды бастамашы құралдарын пайдаланғанда, ұңғымаларға соққыштарды оқтау басталар алдында орналастырады немесе жобада көрсетілген заряд құрылысына сәйкес оқтау процесі кезінде салуға болады.
233. Оқтау жұмыстары біткен соң, оқтау қондырғылары және құбырлар ЖЗ қалдықтарынан тазартылады.
234. Оқтау құрылғылары мен құбыржолдар құлыппен жабылатын жеке үй-жайларда сақталады. Оқтау машиналарын күнделікті пайдалану кезінде оларды жұмыс орнына жақын арнайы бөлінген орындарда сақтауға рұқсат берілді.
235. Оқтау құрылғыларын, жеткізу-оқтау машиналары, оқтаушы және басқа механикаландырылған оқтауыштарды жөндеу осы мақсатта жабдықталған арнайы кеңістіктерде (таукен қазбаларында) жүргізіледі.
236. Жұмыс орнында бақылау-өлшеу аппаратураларын, іске қосу крандарын және ылғалдандыру құрылғыларын алмастыруға рұқсат беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |