2014 жылғы 30 желтоқсан №343 Астана қаласы Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»



бет4/13
Дата17.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#141528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

12. Жаппай жару жұмыстарының тәртібі

237. Жаппай жарылысқа дайындық және жүргізу кезінде қауіпті аймақ, оны күзету, адамдар мен құрал-жабдықтарды орналасатын орындары, ЖМ жеткізу және орналасу тәртібі жарылыс паспортында айқындалған.

238. Ауа қозғалысына қауіп төндіретін жер үстіндегі жаппай жарылыс жарылыс аймағында ауа қозғалысын жүзеге асыратын ауа кеңістігін пайдаланушылармен оны келісуден кейін жүзеге асырылады.
13. Жаппай жарылыс кезінде қалыптасатын улы газдарға қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі

1-параграф. Жер асты қазбаларында

239. Жаппай жарылысты жобалау кезінде жобаға қажетті қауіпсіздік шараларын көздейтін, оның ішінде жарылыстың газды түріндегі өнім ретінде келіәп түсетін барлық қазбаларды желдету, адамдардың қауіпті орынға жіберу тәртібінің бөлімдері енгізіледі.

240. Жарылысқа дейін шахталардың желдеткіш бақылауы кәсіби авариялық-құтқару қызметімен бірлесіп, желдетудің қабылданған сызбасы бойынша желдетудің сенімділігін тексереді.

241. Кәсіби авариялық-құтқару қызметінің командирі техникалық басшымен бірлесіп, қежетті жағдайларда электр құрылғыларына, су жіберу және желдеткіш қондырғыларына және жарылыстан кейін кәсіби авариялық-құтқару қызметінің күшімен басқа да объектілерге қызмет көрсету жоспарын жасайды.

242. Бас желдеткіштің ғимараты үстінде жаппай жарылыстан кейін желдету уақтында кәсіби авариялық-құтқару қызметінің бекеттері қойылады.

Бекет міндетіне:

1) желдеткіш диффузорындағы улы жарылыс өнімдерінің құрамын бақылау (оны сору жұмысы кезінде). Желдеткіш жұмысы кезіндегі шыққан ауа тізбесіне бақылау жүргізу;

2) жарылыс улы өнімдердің ғимаратқа кіріп кету жағдайларында желдеткіштерге қызмет көрсету кіреді.

243. Жаппай жарылыстан кейін кемінде 1 сағат уақыт өткен соң кәсіби авариялық-құтқару қызметінің шахтаға (кенішке) түсуіне болады, оның ішінде жарылыс ауданындағы қазбаларға кемінде 2 сағат уақыт өткен соң түсуге болады.

244. Төбені немесе және кентіректерді бұзу бойынша жаппай жарылысты жүргізу кезінде кәсіби авариялық-құтқару қызметінің шахтаға жарылыстан кейін кемінде 2 сағаттан кейін, оның ішінде жарылыс аймағы қазбаларына кемінде 4 сағат уақыттан кейін түсуіне болады.

245. Кәсіби авариялық-құтқару қызметі мынадай жұмыстарды орындайды:

1) қазбалардың жаппай жарылыста көрсетілген тәртіппен қарайды;

2) қажетті жергілікті желдетудің желдеткіштерін қосады және қазбаны толық желдеткенге дейін желдету қондырғыларына қызмет жасайды;

3) кеніш ауасының газдануын бақылайды;

4) ауа тазарту құрылғыларының жағдайын тексереді, оларды қажет болғанда жөндейді, басқа да тапсырмада көзделген басқада жұмыстарды орындайды.

246. Жұмысшылардың шахтадағы (кеніштегі) жер асты қазбаларына түсуіне (жарылыс ауданынан басқа), кеніш ауасын қалпына келтіру және қазба жағдайын кәсіби авариялық-құтқару қызметі тексергеннен кейін ғана мүмкін болады.

247. Жарылыс ауданына шахта (кеніш) жұмысшыларын тек кәсіби авариялық-құтқару қызметі кеніш ауасының қалпына келуін, қазбаның жағдайын қалыпқа келтіргеннен кейін, бірақ жарылыстан кейін кемінде 8 сағат уақыттан кейін кіруіне болады.
2-параграф. Ашық тау жұмыстарында

248. Карьердегі жарылысты жобалау кезінде жаппай жарылыс паспортында адамдардың жарылыс ауданына және ішінде орналасу қаупі бар басқа да қазбаларға жіберу тәртібін анықтайтын бөлім көзделеді.

249. Жаппай жарылыс кезінде карьерлердегі жарылыстың улы өнімдерін бақылау үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметінің бекеттері қойылады. кәсіби авариялық-құтқару қызметін тарту қажеттігін ұйымның техникалық жетекшісі анықтайды.

Кәсіби авариялық-құтқару қызметінің бекеттері санын кәсіби авариялық-құтқару қызметінің командирі мен ұйымның техникалық басшысы анықтайды.

250. Кәсіби авариялық-құтқару қызметі бекетінің міндетіне:

1) кертпештегі ауа құрамындағы улы жарылыс өнімдерін бақылау;

2) кертпеш жағдайын қарау кіреді.

Қауіпті аймаққа кәсіби авариялық-құтқару қызметінің бекеттері жарылыстан соң 15 минуттан кейін қойылады.

251. Карьерге (бөлу) басқа адамдардың кіруі улы жарылыс өнімдерінің құрамы ауада керекті мөлшерге дейін азайған соң, бірақ жаппай жарылыстан кейін кемінде 30 минут уақыттан кейін шаңды бұлт сейіліп және карьерде көру мүмкіндігі орнағаннан кейін кәсіби авариялық-құтқару қызметінің хабарламасымен рұқсат беріледі.

252. Ашық және жер асты жұмыстары қосылған кезде карьердегі де (разрезде), сондай-ақ жер асты өндірулеріндегі де ауада жарылыс өнімдеріндегі улы заттардың болуын бақылауды осы Қағидалардың 13-тарауының 1 және 2-параграфтарының талаптары орындалған кезде кәсіби авариялық-құтқару қызметі жүргізеді.


14. Істен шыққан зарядтарды жою тәртібі

253. Барлық жағдайда, егер зарядтар техникалық себептермен жарылмай қалса (жарылыс жүйесінің жөнделмейтін ақауы және т.б.) олар істен шыққан болып есептеледі.

Кез келген істен шығу осы Қағидалардың 12-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес Жарылыс жұмыстарындағы істен шығуды тіркеу журналына жазылады.

254. Істен шығуды байқағанда (немесе күмәнданғанда) жарғыш жер бетіндегі жарылмаған зарядтар ажырату белгісін қояды, ал жер асты жағдайында-қазба забойын жабады және барлық жағдайда осы жайлы қадағалау тұлғасына хабарлайды.

255. Істен шығуды байқаған экскаватор машинисі (немесе одан күмәнданғанда) таукен массасын тиеу жұмыстарын тоқтатады, локомотив машинистері мен самосвал жүргізушілеріне жылжымалы құрамды қауіпті аймақтан шығаруға нұсқаулық береді, карьердің (ұйымның) диспетчеріне істен шығу туралы хабарлайды және бақылаушы тұлғаны шақырады.

256. Істен шығуды жоюмен байланысты, сонымен қатар жер беті жұмыстар бақылаушы адамның басшылығымен технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

257. Бұл ЖЗ партияларының істен шығу себептерін және одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін ұйым ЖЗ қалдығы мен істен шыққан және әлі қоймада бар партия үлгілеріне сынау жүргізеді. Сынау нәтижелері актімен ресімделеді.

258. Істен шығу орнында жою жұмыстарынан басқа өндірістік жұмыстар жүргізуге болмайды.

Көмір шахталарындағы ойылған көмірлер істен шығуды жоймастан бұрын тазаланады.

259. Істен шыққан заряд электр детонатор өткізгіші байқалғанда олар өзара тұйықталады.

260. Істен шыққан сыртқы зарядты жою кезінде оған жаңа заряд салып қалыпты жағдайда жарылыс жүргізіледі.

261. Істен шыққан теспелік завряды, осы теспеге параллель 30 см кем емес қашықта қазылған көмекші теспелер жаңа заряд салу арқылы жоюға болады. Көмекші теспелер саны мен орналасу орнын, бағытын бақылаушы адам анықтайды. Осындай теспелерді орнату кезінде қазу материалдарын теспеден, егер оның ұзындығы теспе бетінен 20 см артық болғанда шығаруға болады.

262. Істен шыққан тығынсыз зарядтарды жаруды, теспеге қосымша патрон-соққыш салып жүргізуге болады.

263. Газы немесе шаңы бойынша жарылыс қаупі бар шахта (кеніш) қазбаларында, жер бетіндегі істен шыққан теспелік зарядын электр детонатор өткізгіш анықтағанда, электр детонатор өткізгіштігін анықтау үшін қолданылатын аспаптармен, жарғыш қауіпсіз жерден аспап арқылы өткізгішін анықтап, істен шыққан зарядты қалыпты жағдайда жарады.

Газы немесе шаңы бойынша жарылыс қаупі бар шахталарда, осы амалмен төменгі кедергілі жүйелі, ашық емес істен шыққан зарядтарды жоюға болады.

264. Гидромонитолар орналасқан забойларда, теспедегі істен шығуды, бақылаушы тұлға және жарғыш бақылауымен су бағыты арқылы жоюға болады. Істен шығуды забойларда жүргізу кезінде адамдардың забойда орналасуына болмайды, ал суды алыстан жіберіледі. Сонымен бірге шайылған соққыштан шыққан детонаторды ұстау амалдары қарастырылады.

265. Металлды және металл құрылғыларын майдалау кезіндегі істен шығуды жою, тығын теспеден алынғаннан кейін, теспеге жаңа соққыш енгізіп, оны одан әрі жару арқылы жүргізеді.

266. Істен шыққан ұңғымалық зарядтарды жою:

1) зарядтың істен шығуын жару, егер істен шығу сыртқы жару жүйесінің тұтастығының бүлінуінен болса жүргізіледі. Тексеру кезінде тау сілемінің кесегінің ұшу мүмкіндігі анықталғанда немесе жарылыс кезінде ауа толқыны соққы әсері болғанда, істен шыққан зарядты жару адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жерден немесе қорғаныш артынан жүргізіледі;

2) істен шыққан заряды бар ұңғымалар орындағы қыртыстардың тазалау және осы зардяты шығару қолдан жүргізіледі. Детонациялық байламды пайдаланып аммиакты селитрадан жарғыш затты зарядты жару кезінде, құрамында оқ-дәрі, нитроэфир және гексоген жоқ істен шыққан зарядты жою үшін үстіндегі қыртыстарды тазалауды эксковатормен жүргізуге болады. Бірақ эксковатор қалақшасының ЖМ тиюіне жол берілмейді.

Ұңғыма үстін қыртыстардан тазалау мүмкін болмағанда ұңғыманың айналасын қазып, ұңғыма қабырғасынан 1 метрден алыс орналасқан теспелік зарядтарды жаруға болады. Бұл жағдайда теспенің саны мен бағыты, тереңдігі және бөлек зарядтар салмағы жобамен немесе ұйымдағы жарылыс жұмыстар жетекшісімен құрастырылады;

3) парралель қазылған ара қашықтығы істен шыққан заряды бар ұңғымадан кемінде 3 метр ұңғымаға заряд салып жарады;

4) детонациялық байламды қолдана отырып, Д үйлесімділік тобының ЖЗ (түтінді оқ-дәріні қоспағанда) жару кезінде-ұңғымадан зарядты жуып шығарады;

5) жоғарыда көрсетілген амалдармен істен шыққан зарядты жою мүмкін болмағанда ұйымның техникалық басшысы бекіткен арнайы жобамен істен шыққан зарядты жоюға болады.

267. Істен шыққан ұңғыманы қайта қазудағы зарядын сумен жуу немесе қосымша теспелерді жару жолымен жояды.

Істен шыққан ұңғыманы жою кезінде зарядты қайта қазуда табылмаған болса, ол жойылмаған істен шығу болып танылады, бұл туралы осы Қағидалардың 12-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес Жарылыс жұмыстарындағы істен шығуды тіркеу журналына сәйкес жазба жүргізіледі. қайта қазудаға бас тарту ауданы маркшейдер жоспарына енгізіледі. Бұл ауданда таукен массасын экскавациялау бойынша жұмыстар істен шығуды бұзу ретінде қаралады және ұйымның техникалық жетекшісі белгілеген сақтандыру шараларын пайдаланумен жүргізіледі.

Забойда таукен массасын тиеу бойынша жұмыстарды қалпына келтіру істен шыққан зарядты толық жойғаннан кейін істен шығуды жоюды қамтамасыз ететін адамның жазбаша рұқсаты бойынша жүргізіледі.

268. Жең ішіндегі істен шыққан зарядты жою, істен шыққан заряды бар жең ұзындығының 1/3 бөлігінен аз емес қашықтықта жүргізілген көмекші зарядты жару арқылы осы Қағидалардың 271-тармағында көрсетілгендей жүргізіледі.

269. Істен шыққан камералық зарядты жою тығынды ажыратып, ЖЗ шығарып алу арқылы жүргізіледі немесе жаңа соққыш енгізіп, адамдарға қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қорғаныш артынан жару арқылы жояды.

Кейбір жағдайларда істен шыққан камералық зарядты жоюға қосымша қазбалар жасалады, бұл жұмыстар ұйымның техникалық басшысы бекіткен жобаға сәйкес жүргізіледі.

270. Істен шыққан зарядты жоюға арналған заряд жарылғаннан кейін жарылған жер мұқият қаралып, ЖМ жиналады. Осыдан кейін жұмысшылар, қадағалаушы адам орнатқан қауіпсіздік шараларын сақтап жұмысқа жіберіледі. Табылған ЖМ белгіленген тәртіппен жойылады.

271. Жаппай жарылыс кезінде істен шыққан зарядтарды жою, ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен жобаға сәйкес жүргізіледі.

272. Жару кезінде зарядтардың дара, топтық және жалпы істен шығу зарядтарын бастамашыл электр емес жүйесінің көмегімен жою ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен паспорт, осы бастамашыл жүйені пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген әдістер бойынша жүргізіледі.

273. Сейсмобарлау кезіндегі ұңғы (теспе) ішіндегі істен шыққан зарядты шығарып алады және істен шығу себебін жойғаннан кейін керекті тереңдікке қайта түсіреді. Егер істен шыққан зарядты шығару мүмкін болмаса, оған қосымша заряд салынып, жару арқылы жойылады. Басқа жағдайларда істен шығуды жою арнайы жобаға сәйкес жүргізіледі.

274. Ату (жару) аппараты істен шыққанда оны көтеріп, жару өткізгіштерін магистралды жүйеден ажыратып, өзара тұйықталады.

Ұңғымадан шығарылған, істен шыққан ату (жару) апараты жарғышпен тексеріледі. Сонымен қатар бастамшыл құралдар алынып, олардың өткізгіштері қысқартылады және аппарат оқтау шеберханасына жеткізіледі. Аппарат істен шығуына байланысты толық жарылмаған ЖЗ жиналады және белгіленген тәртіпке сәйкес жойылады.

Ату жару аппараттарын шығару мүмкіндігі болмағанда жабдықталған аппаратты ұңғымада жою немесе оны жер бетіне шығару жұмыстары ұйымның техникалық жетекшісімен келісілген жобаға сәйкес жүргізіледі.

275. Мұзды жарғанда және су асты жарылыс жұмыстарындағы істен шыққан зарядты, жарылыстан соң кемінде 15 минут уақыт өткен соң шығарып алуға болады.

Жарылыста істен шыққан зарядты жою үшін істен шыққан зарядтан салмағы 25 % артық жаңа заряд байланып, оны суда жарып жібереді.

Істен шыққан зарядты шашуға болмайды.

276. Температурасы 80 0С артық ыстық сілемдерді жару кезінде, істен шыққан зарядқа бастамашыдан кейін 1 сағаттан аз емес уақыттан кейін алшақты селитраның жайылуы байқалмаса жақындауға болады. Ал температурасы 80 0С дейін ыстық сілемдердегі істен шыққан зарядты жою сумен жуу арқылы жүргізіледі.

Теспеде ЖЗ істен шыққан зарядын жою сумен жуу арқылы жүргізіледі.

277. Түбірді жұлу кезіндегі істен шыққан зарядтарды жою теспеден (қазудан) забойканы қолмен алу арқылы шығарып алып, оған жаңа заряд орнатып, қайталап жару арқылы жою жүргізіледі.

278. Егер істен шығуды жою жұмыстарын осы ауысымда бітіру мүмкін болмаса, кезекті ауысымның жарғышына рұқсат-нарядқа арнайы белгі соғылып осы жұмыстарды жалғастыруды тапсыруға болады. Бұл жағдайда жұмысшыларды істен шығуды жою орнына жіберуді ауысымды бақылауды адам жүргізеді.


15. Жер асты қазбаларында жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

1-параграф. Жалпы ережелер

279. Қазбаларды қарсы қазу кезіндегі жарылыс жұмыстары және қазбаны бұру төмендегі жағдайларды сақтап жүргізіледі:

1) бір-біріне 15 метр жақындағанда теспелерді оқтар алдында, қарама - қарсы қазбаларда жарылыс жұмыстарына қатысы жоқ адамдар қауіпсіз жерге жіберіліп, қарама-қарсы қазбаның кірер аузына бекет қойылады.

Қарама-қарсы қазбалардағы теспелік зарядтарды жару әр түрлі уақытта, ортадағы тұтастықты анықтау арқылы жүргізіледі. Теспедегі зарядты бөлек жарылыс жүргізгенде жарғышқа наряд-жолдама беріледі. Жұмыстар қадағалаушы тұлғаның қатысуымен жүргізіледі;

2) қарама-қарсы қазбадан адамдар шығарылып, бекет қойылған хабарламадан кейін ғана жарылыс жүргізіледі;

3) қарама-қарсы қазбадағы бекетті алып тастау жарғыштың шешімімен алынып тасталады;

4) ортадағы тұтас қабырға 7 метр болғанда жарылыс бір жақ қазбадан ғана жүргізіледі. Алдыға қазылатын теспенің тереңдігі, оқталатын теспе тереңдігінен 1 метрден артық болады;

5) газды немесе шаңы қауіпті шахта және кеніштегі қарама-қарсы қазба арасы 3 метр болғанда, қазбаларда әрбір жарылыс жұмыстары алдында газ құрамын өлшеу жұмыстары және газ (шаң) жарылуының алдын алуға қазбаларда тұрақты желдету шаралары жүргізіледі.

Жұмысшылар мен бақылау адам газ құрамын өлшеуден басқа, газы (шаңы) қауіпті көмір шахталарына метанды автоматты бақылаудың автоматты құралы орналастырылады.

280. Ара қашықтығы 15 метр және одан аз болатын параллель қазылып жатқан көмір және тақтасты шахталарда зарядты жару, адамдарды басқа қазбалардан қауіпсіз орынға шығарып, жарылыс жұмыстары паспортында көрсетілгендей күзет бекеттерін орнатқаннан кейін жүргізіледі. Параллель қазылып жатқан қазбалар арасы 50 метрден алыс болса, жарылыс болатын забойға параллель забойдағы адамдарды шығармай жарылыс жүргізуге болады.

281. ЖМ қоймасынан, учаскелік пунктінен үлестіру камерасынан 30 метр қашықтықта жарылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды, сонымен қатар аталған ЖМ оқтау орындарында 100 метрге жақын қашықтықта жарылыс жұмыстары кезінде адамдар орналасуына болмайды. Аталған ара қашықтық жақын орналасқан ЖМ камерасынан жару орындары арасын анықтайды.

282. Егер 20 метрге жақын орында жиналмаған тау қыртыстары, вагоншалар немесе қазбаның көлденеңінің 1/3 бөлігін жауып тұрған нәрселер орналасса зарядтарды жаруға болмайды.

283. Тік бұрышты қыртыстағы көмірді жару жұмыстарын жүргізгенде, аумағы жарған көмірді орналастыруға жеткілікті дүкен қарастырылады. Көмір жару орнына керекті мөлшерде ауа және адамдар жүретін бос қеңістік болады.

284. Жалынды және электрлі жалынды зарядты жаруға болмайды.

285. Жалынды жарылыс кезінде жандыру түтікшесін тұтату бір жарғышпен жүргізіледі.

286. Бір ретте жарғанда зарядтар саны 16 артық болмайды, бір ретте тұтандырғанда, жандыру патрондарын қолданғанда бір ретте жарғанда 10 кем болмайды.

Кейбір жағдайларда жанғыш патрон және жалпы жандыру 16 артық болмағанда жандыру түтікшесін араластырып жаруға рұқсат беріледі, сонымен қоса әр қазбаға 6 патроннан артық болмайды. 16 зарядты жандыру патронын пайдаланбай жару үшін, тек детонациялық байлам, электр детонатор немесе электр жалынды амалмен жаруға рұқсат беріледі.

287. Кеңдігі 5 метр кең қазбаларда бір мезгілде жандыру түтігін тұтатуды 2 жарғыш жүргізеді.

288. Көмірді қабатымен бұзу кезінде жұмсақ жабынды, төселген немесе қатпар аралық қабатындағы тазалау қазбасында, егер қазбалардың бірінде жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатса адамдардың орналасуына жол берілмейді. Осы Қағидалардың талаптарын сақтап, қазу жару жұмыстары паспортындағы адамдарды улы газбен улануын алдын алу шараларын сақтап, қазбада ауа шығуы толық болған жағдайда, тік немесе көлденең көмір катпарларындағы көмір жару орнында, камераларда және желдету қуақаздарына жарғышты орналастыруға болады.

289. Қолдап қатырылған қыртыстарда және қысымдалған ауа аймағындағы (кессондарда) жару жұмыстары арнайы жобаға сәйкес жүргізіледі.


2-параграф. Шахталардың (шыңыраулардың) бағандарын қазу және тереңдету кезінде жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

290. Шахталардың бағаналарын жару арқылы қазу және тереңдетуге тек жер бетінде немесе қашықтықтан жүргізеді. Жарылыс жүргізу жұмыстарын жүргізуші тұлға таза ауа жолы бар қазбада орналасады. Жалынды және электрлі жалынды амалдармен жаруға рұқсат берілмейді.

291. Соққыштарды көтеріп-түсіруді түбімен отырғызылатын қауғамен жүргізуге болмайды.

Бұл жұмыстарды аударылатын қауғамен, жұмыс алаңының жоғары белгісінен асыпкетпеуін қамтамасыз ететін жарамды жарамды қауіпсіздік құрылғыларымен жүргізуге болады. Қауғаны бағыттауышсыз көтеріп-түсіргендегі жылдамдығы 1 м/с, егер бағыттауыш болған кезде 2 м/с артық болмайды.

292. Патрон-соққыштарды қазба бағанасымен түсіру ЖЗ бөлек, жарғыштың (шебер-жарғыш) алып жүруімен жүргізіледі. Сонымен қоса қазбада тек оқтаумен айналысушылар және сорап машинисті ғана қалады.

Жұмысшы сөресінде және кергіш белдігінде қауғаны шығарып салушылар ғана орналасады. Теспедегі оқтау жұмыстары кезінде, бұл сөрелерде бөгде жұмыстармен айналысуға болмайды.

293. Су басқан шахталардағы электрлік жару жүйесін қондыру ауа жүргіштер арқылы жүргізіледі. Шахтаға су құйылуы кезіндегі су деңгейі жетпейтіндей қылып, ауа жүргізгіш бағаналары биіктігі таңдалады.

294. Электр жару жүйесін орнату қазбадан барлық жұмысшылар шығарылғаннан кейін (дыбыс беруге жауапты және өткізу сөресіндегі тұлғалардан өзге) жарғышпен (шебер-жарғышпен) жүргізіледі.

295. Магистральды өткізгіш ретінде өткізу сөресінен жоғары орналасқан, жұмсақ ылғал өткізбейтін кабельдер қолданылады.

296. Жалғамалы өткізгіштерді кабельге қосу және жарылыс жүргізуді жарылыс жұмысын жүргізу жұмыстарына наряд-жолдамасы бар жарғыш (шебер-жарғыш) арқылы іске асырылады.

297. Жарылыс жүйесін орнатып болғанда және барлық бағана жыралары ашылады.

298. Тіке бағаналы шахталарды қазу кезінде теспені қайта қазғанда айналасы кеңейеді, бірақ басқа теспелерге қарағанда орналасу сызбасы өзгермейді.


3-параграф. Тоннельдер мен метрополитен құрылысы кезінде

жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі

299. Жер беті және жер асты маңайында жарылыс жұмыстары келісілген жобалар арқылы жүргізіледі.

300. Қалалық жағдайларда және судың көп құйылуы жағдайларында шахта бағанасын қазу кезінде, патрон-соққыштарды жасау бағананың забойындағы бірінші сөреде немесе арнайы құрылған сөрелерде рұқсат беріледі.

301. 2 метр биік теспені оқтағанда және жарылыс жүйесін құрастырған кезде забойға тіркелген сөрелер немесе жылжымалы алаңдар пайдаланылады.

302. Тоннель ұңғымасында электр жарылыс қолданылуымен үңгіген кездегі барлық құралдары оқтау жұмыстары алдында электр зарядтарынан ажыратылады.

Патрон-соққыштарды тоннелдегі жылжымалы алаңдарда жасауға рұқсат берілмейді.

303. Жоғарғы ұңғыманың таралуында, біріккен көтерілісінде жарылыс жүргізу қарама-қарсы забойларда рұқсат берілмейді.

304. Каллотадағы жарылыс жұмыстары келесі жағдайда рұқсат беріледі:

1) зарядтың ең шектік салмағын техникалық басшысы белгілейді;

2) каллотының екі қанатындағы жарылыс әртүрлі уақытта жүргізіледі.

305. Оқтау бақылаушы адамның қатысуымен жарғыштар арқылы жүргізіледі.

306. Қалқанды забойда жалқы жалынды жару жұмыстары кезінде бір мезгілде оқтау және жарылыс жұмыстарын жүргізуге кемінде екі аралас қатарда жүргізіледі.

Бір көлденең қатарда, бір ретте 10 теспедегі зарядты жаруға рұқсат беріледі. Екі көлденең қатардағы теспелер зарядының жарылысы сегізден аспайды.
4-параграф. Газ бойынша қауіпті шахталарда немесе тозаң жарылысы бойынша қауіпті қазу қабаттарында жарылыс

жұмыстарын жүргізу тәртібі

307. Газы немесе тозаң бойынша қауіпті шахталардағы әрбір теспені оқтар алдында, оларды жару алдында және жарғаннан кейін забой тексергенде шебер-жарғыш метан құрамын өлшейді. Құрамында метаны 1 % және одан көп забойларда, 20 метрден аса жалғанып жатқан қазбада және шебер-жарғыштың қорғаныш жерінде жарылыс жұмыстары жүргізілуге рұқсат берілмейді.

Шебер-жарғыштың қорғаныш орындарында метан құрамының өлшенуі электрлі жарылғыш жүйесіне жарылыс аспабының әрбір қосылар алдында жүргізіледі.

308. Жарылыс жұмыстарына рұқсат беріледі:

1) үзіліссіз және толық желдетілетін және жарылыс шаңын жою шаралары іске асырылатын қазба забойларында;

2) электр детонаторларды пайдаланып зарядтарды жару кезіндегі метан көп бөлінетін қазбалардағы тоқ көздері ретінде тек қана ұшқын қаупі жоқ жарылыс аспаптарын пайдаланғанда;

3) ең күрделі жағдайлардағы (соққылап жару, көмір түсіру қазбаларының ісінуі, үлкен тастарды майдалау, тазалау қазбаларының төбесін құлату жұмыстары, қазу учаскелеріндегі қиын құлатылатын төбелерді жер асты жарылысы арқылы жарып құлату, істен шығуды жою және тағы басқа) шебер-жарғыштың орындағанда ауысымдағы (учаскеде) қауіпсіз жұмыс жүргізуге жауапты қадағалау тұлғасының қатысуы.

309. Газ бөлінетін немесе жарылғыш тозаңы бар дайындық забойларда және бөлек қазба учаскелерінде, мекемеде жасалынып аттестацияланған ұйыммен келісілген, әрбір забойға (қазбаларда) арналған режим сақталғанда, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі.

310. Рұқсат берілмейді:

1) қыртыста жарылыс түрімен жүргізілетін газды құрамды көмір қыртысты тұйықтық забойлардағы дайындық қазбаларды жартылай бұрғылауға;

2) көмір сілемі тазалау қазбасында комбайн алдында, жоңғыларды алдын-ала қопсытуға. Бұл талап иесіз көмір алу, гидрожарылыс, толық көмір қопару және геологиялық бұзулар аумағының қыртыстарына таралмайды.

311. ЖМ таңдауы забойдағы жұмыстар қауіпсіздігі дәрежесіне, жарылыс жағдайына байланысты, сонымен қатар осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілгенге және сақтандыру ортасын жасау төмендегі көрсетілетін талаптарға сәйкес жүргізумен техникалық жетекші бекітеді.

312. Сақтандырылмаған ІІ топтағы ЖЗ қолдануға:

1) көлденең, көлбеу, көтерілуші тік қазбаларды (бұдан әрі – қазба), шахта бағанасының тереңдетілуі жасалынып жатқан шахта қатпарының келесі жағдайда:

забойдағы көмір қыртысы, қыртыс арасы және де метанның бөлінуінің болмауы;

забойларды сумен толтыру тереңдетілген бағана жарылу алдында биіктік, ең жоғары забоймен есептелгенде 20 см кем болмау;

барлық забойлардан көмір қатпарына дейін қорғау (оған жақындағанда) қалыпты есептегенде 5 метрден кем болмайды. Забой қазбасының қатпармен қиылысы барлық забой нүктесінен қыртысына дейін 20 метрден артық ұсталады, қазбаның ұзына бойы есептемегенде.

Егер қазба, қатпарлардан метан келуін болдырмайтын монолитті қабырғамен қатайтылса, ал қатпарды ажырату жұмыстары аттестацияланған сараптамалық мекемемен келісілсе, ІІ классты ЖЗ, көмір қатпарларының және аралық қыртыстар қиылысынан кейін пайдалануға болады;

2) забойларда, шурфтарда немесе шаңы немесе газы қауіпті шахталардың үстінде жүргізілетін болса, сонымен қоса осы забойлар кенеттен көмір, газ, қыртыс лақтыру қаупі бар қатпарлармен қиылысында, келесі шарттарды орындағанда:

забойдың жоғары нүктесін есептегенде, забойды жарылыс алдында 20 см толтырғанда. Жасанды мұздатылған жыныстарды жүргізу кезінде немесе су ағынының болмауының орнына бағана забойын су басу орнына жұмыс қауіпсіздігі бойынша басқа да шаралар қабылданады;

адамы жоқ бағанада жарылысты жоғарыдан жүргізу және одан ара қашықтығы 50 метрден кем болмағанда;

3) қазбаларды солқылдатып жару кезінде, толқу қауіпі бар қатпарларда, су шашу қондырғысын қолданған жағдайда, полиэтилен ыдыстарынан жарылыс кезінде су шашырату. Зарядтарды жару жоғарыдан немесе камерадан іске асыралады;

4) кенеттен көмір және газ лақтыру қауіпі бар көмір сілемді қатпарларды, көмір, қыртыс және газ лақтыру қауіпі бар қатпардағы тау жұмыстарын қауіпсіз жүргізу технологиялық регламентке сәйкес атқылағанда;

5) сазы және қойыртпағы ойылу қауіпі бар учаскедегі қалқан үстіндегі қауіпсіздік жастығын жасауға пайдаланатын ұңғы зарядтары;

6) қиын бұзылатын жабынды механикаландырылған тазалау қазбасын алдын-ала жұмсартуды, жабынды жұмсарту амалдары мен парамлері осы технологиялық регламентке сәйкес жүргізуге рұқсат беріледі.

313. Аталған жұмыстарды орындау үшін, қыртыс қаттылығы және жару жағдайына сәйкес мынадай ЖЗ пайдаланады:

1) көлденең және тік қазбаларды қазу кезінде осы Қағидалардың 313-тармағының 1) (ұңғыларды тереңдетуден басқа) және 3) тармақшаларында санамаланған, проф. М.М. Протодьяконов шкаласымен бағана тереңдетуден басқа f қаттылық коэффициенті 7 төмен, ал қиын бұзылатын қыртыстардың барлық қатты түрлерін жұмсарту-тротилдан (аммонит 6 ЖВ, аммонал М-10) сезімтал, сенсибилизатор құрамында жоқ ЖЗ;

2) көлденең және тік қазбаларды қазу кезінде, осы Қағидалардың 313-тармағының 1) (ұңғымаларды тереңдетуден басқа) және 3) тармақшаларында санамаланған ЖЗ пайдаланудың f қаттылығы 7-ден 10-ға дейінгі қыртыстарды құрамында гексоген немесе нитроэфир бар, қисайған теспелерде ғана жүргізуге болады. Қалған басқа теспелерде құрамында сенсебилизаторы жоқ тротилден сезімтал ЖЗ қолданылады;

3) көлденең және тік қазбаларда қаттылығы f = 10 және жоғары қыртысында барлық ЖЗ қолдануға болады;

4) көрсетілген осы Қағидалардың 313-тармағының 2), 3) тармақшаларында санамаланған жағдайларындағы жару жұмыстарында, сонымен қатар бағаналарды тереңдету жұмыстарында ЖЗ барлық түрі қолданылады.

314. ІІІ-сыныпты сақтандырғыш ЖЗ қолдануға болады:

1) қыртыстармен ғана жүргізілетін, сонымен қоса тербеліс қаупі бар қыртыстарда, метан бөлінетін және жарылғыш шаңы жоқ қазбаны қазу жұмыстарында;

2) қыртыстармен ғана жүргізілетін қазба бағаналарында, оларды пайдаланылып жатқан қыртыстан тереңдеткенде және олардан метан бөлінетін жағдайда;

3) көмірді және газды аяқ астынан лақтыратын қазбаларды ашқанда, қазбаны ашпастан бұрын су шашу ілмесін пайдаланғанда және қыртыс пен қазба арасындағы барлық қазба ауданында аудан алаңы тік қыртысы 2 метрден кем емес, көлбеулі қыртысты ашқанда 1 метрден кем емес.

315. ІV сыныпты сақтандырғыш ЖЗ пайдалануға болады:

1) аралас және көмірді қазбаларда, метан бөлінуі болмайтын қазбаларда, шаңы жарылыс қаупі бар көмір қатпарларында;

2) аралас және көмір забойларындағы көлденең, көлбеу және көтерілуші (100 дейін) қазбаларда, жарылыс жұмыстары кезінде көп көлемде метан бөлінбей тон, шаңы немесе газы жарылыс қауіпі бар қатпарларда;

3) шайқалтып жару кезінде, соның ішінде камуфлетті, жалаңаштанған көмір қатпарларын ашу және 20 метрден аз емес ұзындыққа қазу жұмыстарын жүргізгенде;

4) кесек тас қуақазы қыртысын төменнен жару;

5) кесек тас қуақазы қыртысында 10 текше метр (бұдан әрі – м3/т) метан құрамды қатпарларды үстінен жаруға;

6) аралас забойлы қазбалардағы жарылыс жұмыстарына, аяқ астынан көмір және газ лақтыруы мүмкін қыртыстарда;

7) аралас забойлы қаттылығы f > 4 қыртысты, көмірді алдын-ала ою кезінде жоғары көлемде метан бөлінетін;

8) лавадағы көмірді жарып қазуға.

316. V сыныпты сақтандырғыш ЖЗ қолдануға болады:

1) көмір және аралас забойлы, көлденең, көлбеу және көтерілуші (100 дейін), жарылыс кезінде жоғары көлемде метан бөлінетін қазбаларда. Көмірдегі аралас забойлы және қатпарда бір ғана ЖЗ түрі қолданылады.

Аумақтық өкілетті органның рұқсатымен және сараптамалық мекеменің қорытындысымен көмір қатпарында V сыныпты, ал қыртыстарда ІV сыыпты ЖЗ пайдалануға болады;

2) көмірлі және аралас забойлы көтерілуші (100 жоғары) қазбаларда метан бөлігінде, қазылған қазбаны желдететін ұңғыларды алдын-ала жүргізгенде;

3) жоғары көлемде метан бөлінетін забойға қатысы жоқ лава түбінде;

4) қыртысты жоғарыдан жару жүргізілетін кесек тас қуақаздарына, қазу аймағындағы метан құрамы 10 м3/т және одан жоғары;

5) жоғарыдан және аралас жаруды қаттылығы f = 4 және одан төмен қыртысындағы, алдын-ала қазу кезінде жарылыс жұмыстары қолданылмаған жағдайда, жарылыс жұмыстарында жоғары көлемде метан бөлінетін аралас забойлы қазбаларда.

317. VІ сыныпты сақтандырғыш ЖЗ пайдалануға болады:

1) жоғары мөлшерде метан бөлінетін лаваның жоғары қабатында;

2) алдын ала ұңғы қазбай жүргізген, метан, бөлінетін, көтерілуші (100 және жоғары) көмір қазбаларында;

3) метан бөлінетін, бұзылған сілемдерде (сонымен қатар бұзылған сілемдерге жұмыстарын жүргізетін қазбаларда) жүргізілетін қазбаларда. Теспе тереңдігі 1,5 метрден терең емес, ал теспелік патрондалған ЖЗ заряд салмағы 0,6 кг артық болмағанда;

4) жоғарғы және аралас жарғандағы қатпар қаттылығы f = 4 және төмен желдету қуақаздарында, лава артынан жүргізгенде.

318. VІІ сыныпты сақтандырғыш ЖЗ төмендегі арнайы жарылыс жұмыстарына пайдалануға болады;

1) көмір түсіру қазбаларындағы көмір сілемдерінің ілініп қалуын жою;

2) сыртқы зарядтармен көлемді заттарды майдалау;

3) жабындыны отырғызу үшін ағаш бағаналарды құлату.

Көрсетілген жұмыс түрлеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органмен рұқсат етілген ЖЗ немесе зарядтары түрлері қолданылады.

319. Солқылдатып жарудан өзге, барлық забой қазбаларында, сонымен қоса арнайы жұмыстарды орындауда, осы Қағидалардың 313-318 талаптарында көрсетілген ЖЗ аттарынан жоғары классты ЖЗ пайдалануға рұқсат беріледі.

320. Газ бөлінетін немесе жарылғыш көмір шаңы бар забой қазбаларында, жылдам және қысқарған әсерлі сақтандырғышты электр детонаторларын қолданады.

Сонымен қоса келесі жағдайлар сақталады:

1) қысқарған әсерлі детонаторының қысқару уақыты ІV классты ЖЗ қолданғандағы уақыт алшақтығы 220 мс, V - VІ классты ЖЗ 320 мс артық болмайды;

2) дайындаушы қазбаларда, көмірде және тазалау забойларындағы комбайындық кеңістікте барлық зарядтар көмір забойында жару аспаптарының (машинканың) бір импульсті жарылатын;

3) көмір забойының ұзындығы бойынша учаскелерге бөліп және осы Қағидалардың 279-талаптарын сақтау кезінде әр қайсысында бөлек жарылыстар жүргізіледі;

4) дайындау қазбаларында, көмір қатпарларындағы жанындағы қыртыстарды жару, көмір теспелерінде және қыртыста жаруды бөлек немесе бір уақытта жүргізуге болады (бір забоймен немесе біреуінің алда болуы), бөлек жару техникалық жетекшінің рұқсатымен, көмірде және қыртыста бір циклдан артық болмайды, бірақ қазба қазу алдында алға 5 метрден алыс емес ұзау қазбасын қоспағанда.

321. Шебер-жарғышқа жарылыс жұмыстарын жүргізуге әр түрлі классты ЖЗ бір уақытта беруге болмайды, сонымен қоса сақтандырғыш және сақтандырғышсыз электр детонаторды, соның ішінде қысқа әсерлі немесе жай әсерлі, әр түрлі забойға егер осы забойлардың бірінде ұзақ үзілісті электр детонатор немесе төменгі классты ЖЗ пайдаланылатын болса.

322. Бүкіл шахталық депрессия нәтижесіндегі ауа ағынымен желдетілетін орында шебер-жарғыш қорғанышы орналастырылады және жарылыс орнының ара қашықтығы тоннельдегіден аз болмайды:

1) көлденең және көлбеу (100 дейін) дайындау қазбаларында - 150 метр;

2) көлбеу соның ішінде көтерілуші (100 жоғары) дайындау қазбаларында 100 метр, бірақ міндетті түрде көлденең және қазба үстінен немесе басқа қазбалардың үстінен 10 метр қашықтықтан жақын емес;

3) орналасу бұрышы 180 - ге дейінгі лаваларда – 50 метр;

4) орналасу бұрышы 180 жоғары лаваларда – 50 метр, бірақ қуақазды лава жанында 20 метрден жақын емес;

5) камералы түрдегі тазалау забойында, сонымен қоса көмір кентіректерін өлшегенде – 200 метр;

6) қалқанды забойда – 50 метрден, бірақ жүргіштік пешінен 20 метрден жақын емес;

7) көтерілгіш қазбалардағы көмірді және қыртысты жіберу – 100 метр;

8) жоғарыдан бағана қазғанда – 50 метр.

323. Жарғыш-шебер қорғауышы орны, қүзет бекеті орналасуы, барлық жағдайларда жобада, қазу жарылыс жұмыстары паспорттарында жарғыш-шебер қорғаныш орны мен күзетші бекеті ара қашықтығы, жарғыш-шебер артынан 10 метрден кем емес және күзет бекеті орналасу орны мен қалған адамдар арасы 10 метрден кем емес.

Көмірде немесе аралас забойда ұзындығы 100 метрден көп тұйықталған қазбалар жарылыс бекетінен жарғыш-шебер қорғанышына дейін жүргізілген тұрақты жарылыс магистралі болғанда ғана жүргізіледі.

324. Әр циклдағы зарядты оқтау және жару, соның ішінде көмірді және қыртыста бөлек жарылыс жүргізу, забойды желдеткен соң, метан құрамын өлшегеннен кейін, жарылған көмірді жинаған соң, 20 метрден кем емес қашықтықтағы забойларды жарылыстан қорғау шараларын жүргізген соң жүргізуге болады.

325. Газы немесе шаңы қауіпті (кенеттен лақтыру қауіпін қоспағанда) қатпарларындағы тазалау қазбасында, тазалау қазбасын бөлек жарылатын учаскелерге бөлуге болады. Әр учаскедегі оқтау және зарядты жару, басқа учаскедегі зарядтар жарылысынан, ойылған көмірді жинаған соң, қазбаны қайтатын және газ және көмір шаңы жарылысының алдын-алу шараларынан кейін жүргізіледі.

326. Басқа қазбалардағы көмірде және қатпардағы дайындау және кесу қазбаларына жолыққан кезде, жолығатын қазбаларға 5 метр қалғанда қазба қатайтуларын, қыстырар құлауын, кабель және құбырлар зақымдануын болдырмау үшін теспе ұзындығын және ЖЗ зарядтарын азайту көзделеді.

327. Қыртысты және аралас забойлардағы дайындау қазбаларында газ бөлінуі байқалса, лездік және қысқа жайлатылған әсерлі электр детонаторларын қолдануға болады. Рұқсат етілетін жайлатылған электрдетонаторларды қысқа жайлатылу әсері барлық жағдайларда 320 мс көп болмайды.

Забойда жиынтық зарядтарды жару бөлек жүргізіледі, бірақ үш реттен көп болмайды. Әр бөлек теспедегі оқтау жұмыстары алдыңғы теспедегі жарылыс жұмыстарынан кейін және забойдағы жарылыс және басқа жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларынан кейін жүргізіледі.

328. Газ бөлінетін құрылыстарда қазба жүргізілгенде, жарылыс, лездік, қысқа жайлатылған және жайлатылған әсерлі электр детонатор пайдалану арқылы жүргізіледі. Жайлатылу уақыты 2 с дейін және тәсіл мөлшеріне қарамай және жайлатылу сериясының үзіліссіз болуы.

329. Газ бөлінетін немесе жарылғыш көмір шаңы бар қазба забойларында (кесек тасты қуақаздарындағы жабынды жарудан басқа), жайлатылу ара қашықтығы 40 мс көп емес қысқа жайлатылған әсерлі электр детонаторларды пайдалануға болады. Кесек тасты қуақаздарының жабынын жаруға лездік әсерлі электр детонаторлар ғана қолданылады.

330. Жайлатылған әсерлі электр детонаторларды, газ бөлінбейтін және жарылғыш шаңсыз ІІ сыныпты сақтандырғышсыз ЖЗ пайдалануға рұқсат етілген забойлардағы зарядтарға пайдалануға болады.

331. Сақтандырғышсыз ЖЗ және жайлатылған әсерлі электр детонаторлар пайдалануға рұқсат етілген қазбаларда, әр түрлі мүмкіндігі бар ЖЗ бір забойда қолдануға және бір шебер-жарғышқа тапсыруға болады немесе контурлы теспелердегі төменгі мүмкіндікті ЖЗ орналату жағдайына сай сақтандырғышсыз және сақтандырғышты ЖЗ қолдануға болады. Газы және шаңы қауіпті көмір қатпарлары немесе қыртыстары бағытындағы осындай қазбаларды қазу кезінде 5 метр қашықтықтан, сонымен қоса олардың қиылысқан жерінен 20 метр қашықтықтан соң, сақтандырғышты ЖЗ және газы немесе шаңы қауіпті забойлардағы қауіпсіздік шараларын және осы Қағида талаптарын сақтап, лездік және қысқа жайлатылған әсерлі электр детонаторды қолдануға болады.

332. Әр түрлі классты немесе әртүрлі атаулы ЖЗ және тұтас зарядта бір патрон-соққыштан артық бір теспе ішіне орналастыруға болмайды.

333. Көмірдегі және қыртыстағы теспенің тереңдігі 0,6 метр аз болуына рұқсат беріледі.

334. Екі және одан көп ЖЗ патроннан тұратын зарядтарды теспеге жүйелі және бір уақытта кіргізу керек, ал соққыш бөлек жеткізіледі.

335. Теспелер тығыны ретінде саз, саз бен құм қоспасы, саздан жасалған жабылатын гидротығын немесе технологиялық регламентке сәйкес басқа материалдар қолданылады.

336. Зарядтарды жару кезінде пайдалануға рұқсат беріледі:

1) суы бар полиэтилен немесе полихлорвинил ампулдар түрінде гидротығындарды;

2) судан тұратын екі қабатты тығынды, инертті материалдардан тұратын бекіту тығындарын және қойыртпақтан жасалған тығындар мен пасталарды.

Барлық құрылымдар ампулалары жарылыс жұмыстарын жүргізудің теспе диаметрі 45-46 мм болған кездегі теспе әдісіне арналған.

Суды құю жолымен дайындалатын қос қабатты тығындауды саз топырақты тығынмен жабу қосылысында еңіс теспелерде пайдаланады. Еңіс бұрышы 60 0С артық болған кезде бекіту жабындарында құм немесе граншлакпайдалануға рұқсат беріледі.

Сызатты жыныстар бойынша бұрғыланған теспелерде қойыртпақтан жасалған тығынды пайдаланады (судың сазбен немесе тақта тасты шаңмен қоспалары);

337. Көтеру бұрышы 60-90 0С дейінгі қалпына келтіру өндірулерінде тығын ретінде құрамында су (90-95 %) және химиялық компоненттер (сұйық шыны, қышқылдар мен тұздардың ерітінділері) бар геле түріндегі масса секілді, гидропаста пайдалануға рұқсат беріледі,

338. Көмірде және қыртыстағы жарылыс кезіндегі тығынның ең төменгі көлемі барлық тығын материалдарына төмендегідей болады:

1) теспе тереңдігі 0,6 – 1,0 метр теспе тереңдігі жартысы;

2) теспе тереңдігі 1 метр терең болғанда – 0,5 метр;

3) ұңғымаларда зарядтарды жарғанда – 1 метр.

339. ЖЗ зарядын жоғарыға дейінгі ара қашықтықтық көмірде 0,5 метрден кем және қыртыста 0,3 метрден аз болмайды, сонымен бірге үлкен көлемді қыртыстарда зарядтарды жарғанда. Көмірде VІ классты ЖЗ пайдаланған жағдайда, ара қашықтықты 0,3 метрге дейін азайтуға болады.

340. Аралас теспелік зарядтардың рұқсат етілетін төменгі ара қашықтығы осы Қағиданың 2-қосымшасындағы жарылыс жағдайы кестесінде келтірілген.

Қаттылығы f > 10 қыртыстарындағы аралас теспелік зарядтарының арақашықтығы аттестатталған сараптамалық ұйым жасаған нормативтермен анықталады.

341. Тозаңы бойынша қауіпті қыртыстарда, көмірде немесе көмірлі іргелік қыртыстарды жарар алдында, қазбалардағы шөккен көмір шаңдарын қатыру және су шашу арқылы забойда, қазбада және забой маңында, жарылатын зарядтан, қашықтығы 20 метрден аз емес жерлерде ылғалдану жүргізіледі.

Тозаңы бойынша жарылу қаупі бар қыртыстарды тазалау забойларының бұрыштарында немесе лава табандарында қатыру жүргізіледі немесе забой маңындағы кеңістіктерді ылғалдағыш қосындысын қосып сумен себелеу жүргізіледі.

342. Тау қазбаларының забой маңы кеңістігінде теспелік зарядтарды жарғандағы жарылыстан қорғану (ауалы су және түйіршікті ілмелер және тағы сол сияқты) технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

343. Қыртыстарды атқылау және көмір сілемдерін ұңғылық зарядтар қолданып жару нұсқаулыққа (технологиялық регламентке) сәйкес жүзеге асырылады.

344. Мұнай пайда болатын көмір шахталарындағы жарылыс жұмыстары осы Қағидалардың 378-384-талаптарын ескере отырып, жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет