Дене шынықтыру жүйесіндегі жеңіл атлетиканың орны.
Жер шарында жеңіл атлетикамен көптеген қарапайым адамдар айналысады.Спортшыларды дайындау үшін кез келген спорт түрінде жеңіл атлетика жаттығулары пайдаланылады. Жаттығулар мен жарыстар кезіндефизиология, биохимия, биомеханика, спорттық медицина, дене тәрбиесі мен спорт теориясы және т.б. ғылымдардың дамуына көмектесетін ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Жеңіл атлетиканың жаттығулары адамды сергітіп, адам ағзасының жақсаруына әкеледі, шыдамдылық деңгейін жоғарлатып, әр түрлі ауруларға қарсы тұрады. Жеңіл жаттығулар жоғары деңгейдегі спортшының дене, қимыл-қозғалыс сапасын жақсартады. Сонымен қатар жаңадан өсіп келе жатқан жастар мен әлсіз адамдардың, қарттардың да денсаулығына жақсы әсер етеді. Жеңіл атлетиканың, көбінесе, әскер мен әскери қызметтегі адамдарға пайдасы зор. Жаттығулардың оңай түрі қарапайым адамдарға жеңіл атлетиканың әр түрімен,қала мен ауылға қарамай, барлық жерде айналысуға мүмкіндік береді. Жеңіл атлетикадағы спорттық жаттығулар мен жарыстар спортшының өз-өзін бағалауы мен алға қойған мақсатына жетуіне, мінезін қалыптастыруға, психологиялық бағытын жөндеуге көп көмек береді. Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады: -спортшылардың барлық мүмкіндіктерін салып нәтиже көрсететін спорт түрі; - ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы; - келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы; - дене тәрбиесі мен спорт саласында маман қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы. Жоғары оқу орындарында дене шынықтыру мамандарын дайындаудағы «Жеңіл атлетика» курсының тапсырмалары мен мазмұны: Жеңіл атлетика - дене шынықтыру маманын дайындау барысында және осы мамандықта оқымайтын студенттерді дене тәрбиесіне тәрбиелеу барысында оқу тәртібі сияқты маңызды рөлдердің бірін атқарады. «Ж е ң і л а т л е т и к а» курсының негізгі міндеттері тӛмендегілер болып табылады: - жеңіл атлетика түрлерінің техникасын үйрену үдерісінде қажетті ептілік пен дағдыларды игеру; - техникалық элементтерді орындағанда, сенімділікті, қателікті түзете білуді қалыптастыру; - оқу жүйесін дұрыс қалыптастыру және үйрету; - жоғары спорттық нәтижеге жету үшін және қозғалыс техникаларын тиімді үйрену үшін қажетті физикалық сапаны дамыту; - жеңіл атлетикада бапкерлік қызметтің машықтары мен ептіліктерін қалыптастыру. «Жеңіл атлетика» курсының мазмұнына жеңіл атлетика түрлерінің техникасы, арнайы жаттығулар кіреді. Жүйелі түрде жеңіл атлетика жаттығуларын үйрету тәсілдері мен техникалары қарастырылады. Спорттық жаттығулармен қатар теориялық және практикалық үлгілері көрсетіледі. Жеңіл атлетика курсына қатысқан адамның өмірге деген құштарлығы оянып, сал адам ауруын ұмытып кетеді. Техникалық қимылды топтау. Қимыл күші, құрылымы, фазасы; Адамның кез келген қимылы, белгілі бір қозғалу әрекеттерінен тұрады. Биомеханикада қозғалыстың екі түрі бар: 1.Барлық биожүйенің бір нүктеде орналасуы; 2. Дененің деформациясы, жалпы массадан дененің бір біріне белгі беруі немесе қысылуы. Адам бір- біріне ұқсамайтын, бір- бірін қайталамайтын әр түрлі қимыл қозғалысты іске асыра алады. Адамның қимыл қозғалысын тура, сол адамдай қайталау мүмкін емес, тіпті, сол адамның өзі екінші рет қайталай алмайды.Бұл, алдымен, буындардың құрылысына, бұлшық еттердің орналасуына, Репозиторий КарГУ 13 орталық нерв жүйесінің белсенділігіне және басқа да факторларға байланысты болады. Қозғалыс техникасы туа біткен немесе жүре болған деп бөлінеді. «Қимыл техникасы» терминінің ең қарапайым анықтамасы бұл – қозғалыс міндетін мақсатты шешетін белгілі бір қимылдың жүйесі. Кейбір қимылдарда осы жетекші элементтерсіз қимыл іске аспайтын екі топқа бөлінеді: негізгі және басты. Барлық қимыл қозғалыс жылдамдату мен жылдамдық кеңістікте іске асырылады. Бұл кинематикалық құрылымда байқалады. Бірақ осы қимылдар қалай іске асады? Бұл сұраққа жауапты динамикалық құрылымнан алуға болады. Бұл құрылым ішкі және сыртқы мінезді қалыптастырады.Динамикалық және кинематикалық құрылымдардың өзара байланысы ритмикалық қимылдың құрылымын анықтайды. Дененің орналасуы бастапқы қимыл мен қозғалысты айқындайды. Қимыл траекториясын сипаттағанда, обьектіні дұрыс таңдай білу маңызды. Траектория - белгілі бір нүктенің елестету іс қимылы (қозғалған дененің жүріп өткен жолы). Қимылдың ұзақтығы қимылдың ұзақтығын сипаттайды(снарядтың ұшу жолы). Қимылдың темпі қимылдың уақытпен бір қалыпты жылдамдығын денеден айқындайды (бір жұмыстың орындалуының жылдамдығы). Сыртқы күшке : ауырлық күші, реакцияның тірек күші, қарсылық күші, үйкеліс күші, ауырлық түсіру күші, инерция күші жатады. Қарсылық күшіқимыл кезінде пайда болады және тежеуші ретінде әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |