Атауыш тұлғаның түрлері мен жасалу жолдары. Қазіргі қазақ тілінде кездесетін атауыш тұлғалар; айнам, айнашым, айым, ардағым, бәлем, ботам, бауырым, еркем, жаным, жарығым, жарықтығым, жарқыным, күнім, кішкенем, күнтайым, күшім, қарағым, қарағым-шырағым, қарғам, қарғашым, қарлығашым, қозым, құлыным, қалқам, сәулем, шыбыным, шырағым. Бұлар, негізінен, қазақ тілінің түсіндірме сөздіктерінде берілгендері, ал тілімізде кездесетін атауыш тұлғалар саны өте көп.
Атауыш тұлғалар лексикалық белгілеріне қарай екіге бөлінеді;
Адамдарға арналған атауыш тұлғалар: айым, күнім, қарағым,
еркем, шырағым, сәулем, қалқам, кішкенем т.б. Мысалы: — Менің де
иыгымнан осы қазір ғана бір батпан жүк түсті, шырағым, — деді
Қайдар да терең тыныстап (Қ,Жұмаділов). Осы сөйлемдердегі шырагым,
сияқты атауыш тұлға екінші біреуге
қарата айтылған. Бұл топтағылар тілімізде тек адамдарға қатысты
ғана қолданылады.
Жануарларға арналған атауыш тұлғалар: тұлпарым, күшім,
қанатым, жануарым, ботақаным, т.б. Мысалы: - Мә, мә, жалай ғой! Шапқылап қал, күшім! Ссылай төңірегімнен шырқ айналып шықпа, күшім! (Ә. Кекілбаев). Келтірілген сөйлемдердегі "күшім" сөзі итке
байланысты шақыру әрі еркелету мәнінде қолданылған. Бұл о баста "күшіге" сөзіне тәуелдік жалғауының жалғанып, келе-келе сөз құрамындағы 'ге"буынының ықшамдалу заңдылығына сәйкес түсіп қалуынан пайда болған, еркелету мәнінде айтылатын сөз.
Адамдарға арналған атауыш тұлғалар өз ішінен:
а) Әйелдерге қатысты атауыш тұлғалар: айым, күнім, гүлім, сәулем, бегім, ханым, сұлтаным т.б.;
ә) Ерлерге қатысты атауыш тұлғалар: бауырым, батырым, т.б. болып бөлінеді.
Мағыналарына қарай атауыш тұлғалар бірнеше топқа бөлінеді:
1) Еркелету мәнін білдіретін сөздер. Бұлар өз ішінен екіге
бөлінеді:
а) Кішілерге арналған еркелету сөздері: қозым, құлыным, ботам, балапаным, қарғам, шыбыным т.б. Келтірілген сөздер өзінен кішілерді еркелету мақсатында қолданылады. Мысалы: — Әлди, әлди, аппағым, әлди, Қарғам, ұйықтай гой (Х.Есенжанов).
ә) Үлкендерге арналған еркелету сөздері. Алдыңғыдан бұлардың өзгешелігі — бұларда еркелету мен құрметтеу сезімі қатар келеді. Мәселен: — Айекем, ақсақалдар осыган қалай қарар екен, сұрап кел,- деп жіберді. Осы сөйлемдердегі тәуелдік жалғаулы Айекем деген сөздерден көпке ортақ құрметті, сыйлы адам екендігін сыпайылап еркелету түріндегі ұғымнан байқаймыз.
2) Ызалану, кектену сезімін білдіретін сөздер. Бұл топқа тек
бәлем сөзі кіреді. Адам екінші біреуге ызаланған уақытында осы
сөзді қолданады. Мысалы: — Бәлем, тұра тұр, осыныңның бәрін де
әкеме айтам (М.Әуезов). Сөйлемдегі бәлем сөзінен
эмоциялық мағына айқын аңғарылып, кіжіну, сес көрсету, кек
сақтау тәрізді мәндер байқалады.
3) Сүйіспеншілік сезімін білдіретін сөздерге, негізінен,
сүйген адамына арналып айтылатын күнім, жаным, айым тәрізді
сөздер жатады. Мысалы: - Күтем, жаным,— деп Мұса шапшаң
қимылмен қыздың бетінен сүйіп алды... (С.Мыңжасарова).
4) Өзіне жақын тарту, кішірейту мағынасында айтылатын сөздер: шырағым, қарағым, бауырым, жарқыным, қалқам т.б. Мысалы: – Жарығым, жүдеп барасың, жабырқайсың да отырасың, не болды саган? — деді Қадиша (С.Мыңжасарова).
Айтып өткеніміздей, тәуелдік жалғауларының ішіндегі I жақ көрсеткіші - -ым, -ім, -м атауыш тұлғаларды жасауда өнімді тәсіл болып табылады. Олар, көбіне, еркелету, жақын тарту, сыйлау сияқты эмоциялық сезімдерді бейнелейтін сөздерді жасауға қабілетті. Тіліміздегі бауырым, қарғам, жаным, сәулем, күнім, қалқам, қарағым, шыбыным т.б. атауыш тұлғалар тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткіштері (-ым, -ім, -м) арқылы пайда болған. Олар тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткіштерін қабылдағанымен, екінші біреуге арналып айтылады, яғни II жақтың қызметін атқарады. Сөздің лексикалық мағынасы да осы жалғаулардың әсерінен өзгеріске ұшыраған. Мәселен, жаным, қарғам, шыбыным сөздерін алайық. Бұл сөздердің бастапқы түбірлері (Жан, қарға, шыбын) — зат есімдер. Олар тәуелдік жалғауларының түбірге кірігу әрекеті арқылы заттық мәндерін жойып, атауыш тұлғаға айналған. Демек жаным, қарғам, шыбыным сөздері бір тілдік деңгейден (зат есімнен) екінші тілдік деңгейге ауысып отыр.
Атауыш тұлғаның қатары табу сөздер арқылы да толығып отырады. Ертеде жеңгелері қайын сіңлілерін өз аттарымен атамай, еркелетіп, "еркем, шырайлым", қайныларына "кішкенем, төрем" тәрізді атаулар берген. Бұлар да тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткіштерінің сөз түбіріне кірігу әрекеті арқылы жасалған. Мысалы: Кенжекей қазір соның бәрін есіне түсіріп, ойланып түрды да, қайын сіңлісіне қатарласты: -Еркем, қайтайық (Ә.Нүрпейісов).
Атауыш тұлға – өзіне тән мағынасы мен қызметі, жасалу жолы бар дербес тілдік тұлға. Атауыш тұлғаның лексикалық бірлік ретінде танылуы — тәуелдік жалғауының сөзжасамдық көрсеткішке ауысқандығының айқын белгісі. Бұл қабілетті тәуелдік жалғауы кірігу әрекеті арқылы иемденіп отыр.
Тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштері
Бұл қосымшалардың көнеру әрекеті арқылы пайда болған сөздер тілден көптеп кездеседі. Бұл тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткіштеріне қарағанда III жақ көрсеткіштерінің қолданылу өрісінің кең екендігін көрсетеді және осы ерекшелігі кірігу, көнеру әрекетінде де сақталатындығын байқатады. Тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштерінің осы қасиеті туралы Т.Г,Агаева былай дейді: "Лексикализадия аффиксон принадлежности может являться результатом утраты прямого значения принадлежности. Среди аффиксов принадлежности показатель 3-го лица -(с)ы является нысокопроизводительным н современном азербайджанском языке" [13, 19]. Бұл ерекшелік қазақ тіліндегі тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштеріне де тән екендігін көріп отырмыз.
Қазақ ғалымдары А,Ысқақов пен М.Томановтар да өз еңбектерінде тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштерін көнерген күйде кездестіруге болатындыгын айтып кетеді [6-5].
Тілдегі тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштері арқылы қалыптасқан сөздерді құрылысына қарай дара және күрделі деп бөлеміз. Дара сөздер деп кірігу әрекеті арқылы пайда болған туынды түбір сөздерді атаймыз. Ал күрделі сөздерге осы тәсіл арқылы қалыптасқан қос сөздерді енгіземіз.
Тәуелдік жалғауының III жақ көрсеткіштерінің кірігуінен пайда болған сөздер:
Достарыңызбен бөлісу: |