1.3. Кіріккен тәуелдік жалғаудың түрлері
Тілімізде тәуелдік жалғаудың түбірге кіріккен күйінде мына түрлері кездеседі:
1) I жақ жекеше түрінің көрсеткіштері; -ым, -ім, -м;
2) III жақ жекеше түрінің көрсеткіштері: -сы, -сі, -ы, -і.
Тәуелдік жалғаудың бұлардан басқа түрлеріне бұл құбылыс тән емес. Оларды сөз түбіріне кіріккен, көнерген күйінде тілден еш кездестіре алмаймыз. Тек тәуелдік жалғауының II жақ жекеше түрінің көрсеткіштері (-ың, -ің, -ң) атауыш тұлғалардың құрамында жартылай кіріккен күйде келеді.
Кіріккен тәуелдік жалғаулардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткіштері тілде атауыш тұлғаларды ғана қалыптастырса, III жақ көрсеткіштері түрлі сөз таптарын тудыруда өнімді тәсіл саналады. Бұдан басқа да өзгешеліктері жоқ емес. Сондықтан да оларға жеке-жеке тоқталғанды жөн көрдік.
Тәуелдік жалғауының I жақ жекеше түрінің көрсеткіштері
Бұл қосымшалардың кірігу, көнеру әрекеті туралы ғалымдар еңбектерінде көп айтылмаған, тек санаулы пікірлерді ғана кездестіруге болады. Мәселен, ғалымдар тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткіштері арқылы еркелету, құрметтеу мәнін беруге болатындығын көрсетеді дейді. Сонымен, берілген қосымшалар тілімізде түбірге кірігу әрекеті арқылы атауыш тұлғаларды қалыптастыруда ең өнімді тәсіл болып саналады. Кірігу, көнеру әрекеті арқылы тәуелдік жалғауы өзінің I жақтық мағынасын жойып, II жаққа қаратыла айтылады. Мәселен айым, күнім, сәулем, еркем, көкешім деген сөздер I жақ тұлғасында тұрғанымен, екінші біреуге арналып айтылады. Бұл сөздердегі тәуелдік жалғаулары өздерінің бастапқыы мағыналарынан айырылып, еркелеткіш мәнге ие болады. Тәуелдік жалғауының I жақ жекеше түр көрсеткіштері арқылы пайда болған сөздер:
Айнашым
Айым
Ардағым
Балапаным
Бауырым
Жаным
Жарығым
Жарықтығым
Жарқыным
Күнтайым
Қарағым
Қарағым-шырағым
Қарғашым
Қарашығы
Құлыным
Сұлтаным
Шыбыным
Шырағым
Ханым
Әупірім
Бетім
Күнім
Күшім
Бегім
Биім, т.б
Тілімізде, әрине, атауыш тұлғалар бұдан да көп кездеседі. Бірақ, біз түсіндірме сөздіктерде берілгендерін ғана зерттеуге алдық.
Тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткіштері тірі түбірлерде кіріккен күйде ғана кездеседі. Сондықтан да түбір мен жалғаудың аражігі айқын көрініп тұрады, тек бұл тұста тәуелдік жалғаулары сөзжасамдық қызметті атқарады. Тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткіштері төмендегіше сөз топтарына жалғанады:
а) Заттық мәнді білдіруші зат есімдерге: жан+ым, гүл+ім,
айна+м т.б.
ә) Табиғи дене атауларына: ай+ым, күн+ім, сәуле+м, жарығ+ым, т.б.
б) Эмоцианалды-экспрессивті сөздерге: айнаш+ым,
жарықтығ+ым, күнтай+ым, қарағ+ым, т.б.
в) Жануар, құс, жәндік атауларына; құлын+ым, шыбын+ым,
бота+м, қарға+м, қозы+м, күш+ім (күшіг+ім).
г) Сын есімдерге: арайлы+м, кішкене+м, шырағы+м.
ғ) Атақ-дәреже атауларына: хан+ым, сұлтан+ым, бег+ім, би+ім,
д) Туыстық атауларға: бауыр+ым.
Тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткіштерінің көнелену әрекеті арқылы тілімізде мына сөздер пайда болған:
Достарыңызбен бөлісу: |