3 І тарау. Қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті тілдің ішкі даму заңдылығы



бет13/27
Дата08.10.2024
өлшемі5.04 Mb.
#504437
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Тәуелдік жалғау туралы түсінік (4)

Кісі аттары: Айым, Ханым, Жаным, Гүлім, Биім, Бегім, Балым, Күнім, Нұрым, Досым, Арайлым.
Тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткішінің одағайлардың жасалуына қатысы. Тілдегі бетім, әупірім, ойпірім тәрізді одағай сөздердің құрамынан тәуелдік жалғауының I жақ көрсеткіштері кездеседі. Ғалым Қ.Жұбанов ойпірім одағайының жасалу жолын мынадай түрде көрсетеді: "Ой-пір-ім-ай (ой, ай — қазақтың шақыру одағайы, пір — ұстаз, іие - парсы; -м (-ім; пір-ім) - тәуелдеу қосымшасы) [5, 133].
Бетім — әйел адамның таңданғанда, ұнатпағанда айтатын сөзі, одағай тобына енетін сөз. Жасалу жолы - "бет" түбір зат есімге тәуелдік жалғауының "-т" I жақ жекеше түрінің көрсеткішінің кірігуі арқылы пайда болған. Түбір мен жалғауға ажыратылмай, екеуі бірігіп келіп, бір лексикалық мағынаны білдіреді және сөздіктерде осы күйінде біртұтас сөз ретінді беріледі. Мысалы: Шымылдықтың тасасынан шыға келген кексе әйел: "Бетім!" деп тартынып қалды да, жас қыз қысылмай күлді (Т.Әлімқұлов).


Атауыш тұлға
I жақ тәуелдік жалғауы көнеру арқылы жасалған туынды сөздердің бір тобы тындаушының назарын өзіне аудару ұшін қолданылып, оған сөйлеушінің турліше сезімдерін (жақсы көру, еркелету т.б.) қоса білдіреді. Мысалы: - Құлыным, бері келші дегенде тындаушы назарын өзіне аударумен бірге, жақсы көру сезімі де білдірілген. Ол мағынаны құлыным деген лексикалық мағыналы сөз білдірген. Бұл сөз I жақ тәуелдік жалғауы түбірге көнеру арқылы жасалған.
Тілімізде әрі тыңдаушының назарын аударуды, әрі сөйлеушінің түрлі сезімін (жақсы көру, еркелету, жақын тұту, т.б.) білдіретін I жақ тәуелдік жалғауының көнеруі арқылы жасалған сөздер бірсыпыра. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар, бірақ олардың ғылыми сипаттамасы жасалды деуге ерте.
Тілде атауыш тұлға (нокатин) эмоцияны білдірудің бір әдісі ретінде саналады. Атауыш тұлғаны нокатин сөзінің баламасы ретінде алып отырғандықтан, оның негізгі себептерін ашпас бұрын, нокатин терминіне де түсінік беріп өткенді жөн көрдік.
Тіл білімінде нокатинке төмендегіше түсінік беріледі: "Нокатин (знательный падеж, именительный ноззнания) - формально не нключенное н состав предложения слово или словосочетание, называющее того, к кому обращается гонорящий..." [39, 83]. Бұл анықтамада орыс тіліндегі нокатин сөздердің табиғаты толығынан ашылған. Ал қазақ тілінде нокатинтің бірінші қызметі — тыңдаушы назарын аудару болса, екіншісі - айтушының тындаушыға арнаған түрліше сезімдерін (еркелету, жақсы көру, ызалану, кішірейту, жақын тұту) білдіруі болып табылады. Бұл - біздің тілдің өзіндік ерекшелігі, осыған сәйкес келтірілген анықтамалар қазақ тілінің табиғи зандылығын айқын көрсете алмайды.
Жалпы тіл білімі мен түркітануда нокатин төңірегінде әр түрлі көзқарастар бар. Нокатинті басқа тілдік бірліктермен шатастыру да жиі кездеседі.
Аталған мәселеге қатысты түркітанушы А.А.Юлдашевтің "Знательные слова н тюркских языках" атты мақаласы бар. Ғалым "знательные слова" деген терминді қолдана отырып, оған төмендегіше анықтама береді: "Знательная категория (нокатин), т.е. призыв, стремление принлечь чье-либо внимание к речи говорящего..." [40, 329] және түркі тілдерінде жиі кездесетін бұл тұлғаның тәуелдік жалғаулары арқылы жасалған түрлеріне тоқталып өтеді.
Қазақ тіл білімінде атауыш тұлға жөнінде арнайы зерттелген еңбек жоқ. Тек ғалымдар еңбектерінен бірді-екілі ой жолдарын кездестіре аламыз. Мәселен, ғалым А,Ысқақов тәуелдік жалғаудың нокатин категориясын жасайтын дәнекерлердің бірі екендігін айтып өтеді [6, 56].
Тәуелдік жалғауы жөнінде бірден-бір ғылыми жұмыс жазған ғалым Ғ.Әбуханов тәуелдік жалғауының эмоциялық-экспрессивтік мәнді білдіре алатындығын көркем шығармалардан алынған мысалдармен дәлелдеп көрсетеді. Бірақ аталған терминді қолданбаған, яғни оны тәуелдік жалғауының қолданыста беретін мағынасы немесе тәуелдік жалғауының экспрессинтік қызметі деп есептейді. Ғалым еңбегінен: "Тәуелдік жалғаулары арқылы метафора жасауға болады. Бұл тәуелдік жалғауларының алғашқы негізғі табиғи мәні емес, жаңа, қосымша мәні. Ол адам санасындағы көркемдік әсемдік сезіммен байланысты, ойлау көлемінің кеңеюіне, жаңалануына байланысты туады. Тәуелдік жалғауының экспрессивтік мәні тәуелдік жалғауында тұрған сөздің тіке мағынада емес, келтірінді мағынада қолданылуына байланысты. Тәуелдік жалғаулары сол келтірінді сөздің неге баланатындығын білдіреді" [41, 75] деген ой жолдарын оқи аламыз.
Қазақ есімдерін зерттеуші ғалым Т.Жанұзақов: "Тіліміздегі кісі аттары түрлі тұрпатта жұмсалады. Олар кейде толық тұлғада, кейде қысқарған, кейде еркелету, құрмет ету, сыйлау түрінде кездеседі" [42, 156] дегенді айта отырып, бұл мән сөзге тәуелдік жалғаулары арқылы берілетіндігін (Мұқаң, Ақаң, Мәншүгім т.б.) дәлелдеп көрсетеді.
Енді бір ғалымдар тобы (М. Балақаен, М. Томанов, Т.Сайранбаев, Н.Егіншібаева, М.Бимағамбетов) тіліміздегі "қарашығым, жаным, қалқам" тәрізді экспрессиялық мән беретін сөздерді қаратпалар тобына енгізеді.
Ал тіл білімінің көрнекті ғалымы Қ,Жұбанов бұл турасында: "Тәуелдеулі сөздерден жасалған: қарағым, қалқам, сәулем сияқты тәуір көру, кекету одағайлары бар... . Одағайдың бірқатары атауыш сөздерге шақыру одағайын, тәуелдеу жалғауын қосып жасалған (жарқын+ым, шырақ+ым, қарақ+ым, қалқа+м, сәуле+м)..." деген өзгеше көзқарасты ұстанады.
Қазақ тіліндегі сый-құрмет мағыналы сөздерді зерттеуші Б.Тамаева өзінің диссертациялық жұмысында: "қарағым, шырағым, қалқам сияқты қолданыстағы атауларда сыпайылықпен бірге, сыйлау мәні де болуы занды,"- деп қарау керек екендігін айтады [43, 79]. Ғалым жұмысында аталған терминді қолданбағанымен, атауыш тұлғаның тілде сыпайылық мәнді білдіретіндіғін дәл көрсете білген.
Ғалымдар пікірлерінен атауыш тұлғаның қазақ тілінде жиі кездесетін тұлға екендігін байқаймыз. Бұл тақырып әлі де зерттелмей жатқан тың мөселе болғандықтан, оның төңіреғінде даулы мәселелер өте көп.
Тіл білімінде атауыш тұлғаны қаратпамен шатастыру өте жиі кездеседі. Атауыш тұлғаны қаратпаға жатқызушылар басты негізге екі тілдік белгінің ұқсастығын ғана алады. Демек олар атауыш тұлғаның бірінші қызметіне ғана назар аударып, екіншісін ұмыт қалдырған. Екеуіне ортақ басты белгі - атауыш тұлға да, қаратпа сөз де басқа біреудің назарын аудару мақсатымен айтылады.
Атауыш тұлға тілде қаратпаның қызметін атқарады. Сондықтан да оны өзіндік жасалу жолы бар қаратпаның ерекше бір түрі деп айтуға болады. Ал атауыш тұлғаның қаратпадан негізгі айырмашылықтары төмендегіше:
1) Қаратпалар сөйлемде тек біреудің назарын аудару үшін жұмсалатын болса, атауыш тұлға бұған қоса түрлі эмоциялық реңк үстейді.
Атауыш тұлға мен қаратпаның негізгі қызметі мен мазмұны шақыруды білдіру, біреудің назарын өзіне аудару. Бірақ атауыш тұлғалар қаратпада жоқ бұйыру, еркелету, ызалану т.б. семантикалық бояуды білдіреді. Атауыш тұлғаның бұл мағынасы сөздің ішкі мағыналары арқылы беріледі. Мәселен, тіліміздегі шырағым, қарағым, жарқыным, күнім тәрізді сөздер өзіне жақын тарту, кішірейту мағынасында айтылса, бәлем сөзі ызалану, кектену сезімін білдіреді, ал қозым, құлыным, ботам, балапаным тәрізділер еркелету мағынасын береді.
2) Қаратпалар зат пен жақты білдіреді, ал атауыш тұлғада бұл
жоқ. Себебі қаратпалар бірінші жаққа да, екінші жаққа да, үшінші
жаққа да бірдей айтылады, адамдарға да, жан-жануарларға да тіпті
жансыз заттарға да қатысты. Сонымен қаратпаға үнемі тұлға,
сандық, жақтық ұғымдар қатысты.
3) Қаратпалар, негізінен, адамға қарата айтылады, тек
стилистикалық жақтарында жансыз денелерге де айтылады.
Мысалы, Сайра да зарла, қызыл тіл, қара
көңілім оянсын! (Абай).
Атауыш тұлға тек адамдар мен жануарларға ғана қатысты қолданылады. Жансыз денелерге айтылатын атауыш тұлғалар тілімізде кездеспейді. Мысалы: айым, күнім, жарығым, құлыным, ботам, еркем адамдарға қатысты қолданылса, күшім (күшігім), ботақаным, жануарым, тұлпарым сияқтылар жануарларға қатысты айтылады.
4) Атауыш тұлғалар да қаратпалар сияқты сөйлемде басқа
сөздермен байланысқа түспейді. Дегенмен де, сөйлемде
синтаксистік байланысқа түскен атауыш тұлғаны кездестіруге
болады.
Көрсетілген ерекшеліктер атауыш тұлғаның қаратпа қызметін атқарғанымен, өзіне тән негізгі белгілері де бар екендігін толық айқындап бере алады.
Кейбір ғалымдар атауыш тұлғаны одағайдың бір түрі ретінде (Қ,Жұбанов - көңіл-күй одағайы) қарастырады. Бұл да негізгі ерекшеліктерін ескермей, екі тілдік белгінің ұқсастығын ғана назарға алудан туған ойлар деп білеміз. Себебі, атауыш тұлға мен одағайдың мағыналық ұқсастықтары бар. Мәселен, одағайлар да атауыш тұлғалар сияқты айтушының әр түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіреді (Алақай! - қуану. Қап! — өкіну. Түге — реніш т.б.). Сәйкесінше, атауыш тұлғалардан да түрліше көңіл-күйді байқай аламыз: бәлем — ызалану, қозым, құлыным - еркелету, апасы, атасықұрметтеу сезімдерін көрсететіндігі анық. Бірақ, бұл атауыш тұлға мен одағай бір-біріне жақын тілдік белгілер деген ұғымды бермеуі қажет. Өйткені екеуін бір-бірінен алыстатын төмендегіше айырмашылықтары да бар:
1) Одағай адамның сезімін, көңіл-күйін білдірсе (Әттең! өкіну. Бәрекелді! — сүйсіну. Пай-пай! — тандану.), атауыш тұлға бұған қоса назар аударту мағынасында жұмсалады: - Қалқам, бұлхалықтың үйі, саған деп тігілген орда (Ж.Молдағалиев).

  1. Одағайлар негізгі сөз таптарындай нақтылы мағынаны
    білдірмейді. Ал атауыш тұлға жеке лексикалық мағынаға ие.
    Мысалы: одағайлар - қап, ой, әй, уа атауыш тұлғалар - қозым,
    қарағым, жаным, айым.

  2. Одағайдан енді бір айырмашылығы – атауыш тұлғалар
    морфологиялық тәсілмен жасалады. Балам, жаным, қозым, сәулем,
    шырағым, күнім т.б. атауыш тұлғалар сөзге тәуелдік жалғауының
    қосылуы арқылы жасалған. Одағайда бұл ерекшелік жоқ.

Айтып өткен белгілер одағай мен атауыш тұлға шатастыруға келмейтін тілдік белгілер екенін айқын танытады.
Бір топ ғалымдар атауыш тұлғаны септіктер қатарына жатқыза келіп, оны "звательный падеж (шақыру септігі)" деп көрсетеді. Біздіңше, атауыш тұлғаны септіктер қатарына жатқызу дұрыс емес. Себебі атауыш тұлға септіктің қызметін атқармайды, яғни сөз бен сөзді байланыстырмайды, қайта оған, керісінше, сөйлемде басқа сөздермен байланысқа түспей, оқшау тұрады.
Тілімізде атауыш тұлғаға жақын атауыш сөздер деген де бар. Бірақ екеуі екі басқа ұғымды білдіреді.
Біріншіден, атауыш сөздер (номинативтер) — өзіне тән толық лексикалық мағынасы, тұрақты дыбыстық құрамы, морфологиялық белгісі, дербес синтаксистік қызметі бар негізгі сөздер тобы болса, атауыш тұлғалар тәуелдік жалғауының түбірге кірігуі арқылы пайда болған туынды сөздер қатарына енеді.
Екіншіден, атауыш сөздер тілде түрлі қосымшалар арқылы түрленіп, сөздік құрамды үздіксіз байытып отырса, атауыш тұлғалардың санаулыларына болмаса (айым+жан, гүлім+хан, т.б.), көбіне бұл қасиет тән емес.
Үшіншіден, атауыш сөздер сөйлемде басқа сөздермен байланысқа түсіп қолданылатын болса, атауыш тұлғалар сирек жағдайда болмаса, негізінен, сөйлем ішінде оқшау келеді.
Төртіншіден, атауыш сөздер өзіндік белгілеріне қарай түрлі сөз таптарына қатысты болса, атауыш тұлғалар бір топтың аясында ғана қаралады.
Демек екеуін бір-бірімен мүлдем шатастыруға болмайды.
Соныменен, атауыш тұлға — өзіне тән қызметі мен мағынасы бар, тілімізде жиі қолданылатын тілдік ұғым. Өзіндік ерекшеліктеріне қарай атауыш тұлға бірнеше түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет