3 І тарау. Қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті тілдің ішкі даму заңдылығы



бет24/27
Дата08.10.2024
өлшемі5.04 Mb.
#504437
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Тәуелдік жалғау туралы түсінік (4)

Менің кітабым Біздің кітаптарымыз
Сенің кітабың Сендердің кітаптарың
Сіздің кітабыңыз Сіздердің кітаптарыңыз
Оның кітабы Олардың кітаптары
деген мысалдарды жазып, ілік жалғауының қосымшасы мен тәуелдік жалғауының қасымшаларынының байланысын ойыс сызықтар арқылы түсіндіреміз. Бұл жерде ілік жалғаулы тәуелдік жалғаулы сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, үнемі бір тіркесте айтылатынын аңғарту керек. Сонымен қатар, ІІ жақта қолданылатын тәуелдік жалғауының анайы және сыпайы түрлерінің болатындығы туралы да оқушыларға көрнекі түрде салыстырып түсіндірген жөн.

анайы түрі сыпайы түрі


ІІ жақ (сенің) қарындашың (сіздің) қарындашыңыз
(сенің) үйің (сіздің) үйіңіз

Мұнан кейінгі ретте төменде көрсетілген кесте арқылы тәуелдік жалғауының арнаулы үш жағы бары, оған лайықты қосымшаларының болатыны түсіндіріледі.



Зат есімнің тәуелденуі

жақ

жекеше

Көпше

І
(мен, біз)

-м, -ым, -ім
әкем, үйім

-мыз, -міз, -ымыз, -іміз
қозыларымыз, үйлеріміз

ІІ
(сен, сіз)

-ың, -ің
әкең, қозың

-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз
үйлерің, үйлеріңіз

ІІІ
(ол, олар)

-сы, -сі, -ы, -і
қозысы, үйі

-ы, -і
қозылары, үйлері

Бұл кестенің көмегімен мұғалім тәуелдік жалғауының І, ІІ, ІІІ жақтары болатынын көрсете отырып, І, ІІ жақтардың үнемі адамға қатысты айтылатынын, ал ІІІ жақ адамға да, басқаға да қатысты айтылатыны түсіндіреді. Осыдан кейін тәуелдік жалғауының үш жаққа тән арнаулы қосымшалары барлығы, жекеше, көпше түрде тәуелденетіндігін осы кесте арқылы оқушылардың өздерін қатыстыра отырып әңгімелейді.


Тәуелдік жалғауы ілік септік пен тәуелді сөздердің арасын байланыстырады. Сондықтан да тәуелдік жалғауы қосылған сөз тәуелденуші сөздің ілік септік жалғауда тұруын керек ететіндігін
Колхоз + дың мал + ы
Оспан + ның киім + і
Ахмет + тің бала + сы
деген сияқты мысалдар арқылы түсіндіріп және тәуелдік жалғауы қосылғанда, сөздердің соңындағы кейбір қатаң дауыссыздар ұяңданып кететіндігін де (кітап – кітабым) оқушыларға түсіндіре кеткен жөн.
Тәуелдік жалғауын танытқаннан кейінгі күрделі мәселе – түбір сөзге дауысты дыбыстан басталған тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбір сөздің соңындағы «ы», «і» дыбыстарының түсіп қалатындығы (бөрік+ім – бөркім, халық+ым – халқым, ауыл+ым – аулым) берілген ұғымды бекіте түсу мақсатында мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:

  1. Тақтаға мынандай сөйлемдер жазып, олардан тәуелдік жалғаулы сөздерді, оның қарым-қатынасқа түсіп тұрған иелік сөзін қоса тапқызып, бұл жалғаудың нешінші жағында екенін ажыратамыз.

Менің әкем күндегісінен ерте оянды.
Оның қарындасы мектепке тұңғыш рет барады.
Біздің мақсатымыз – сабақты жақсы оқу және үлгілі болу.

  1. Кеспе қағазымен жұмыс. Төмендегі сөздерді жеке кеспе қағаздарына жазып, оларды І, ІІ, ІІІ жаққа қойып, жекеше, көпше түрде тәуелдеу міндеттеледі. Оқушылардың жауаптарын үнтаспаға жазып, өздеріне тыңдатып, тәуелденген сөздерінің дұрыс-терісін аңғарттырамыз.



Отан ел ауыл, шана ой сөз
ақыл тілек көмек газет үй бақша
өз қоян мектеп доп кітап

Үлгі:


  1. Отан сөзін І, ІІ, ІІІ жақта байланысқа түсетін сөзімен жекеше, көпше түрде тәуелде.

  2. Ес, ақыл, ой сөздерін ІІІ жаққа қойып тәуелде.

Сөйлемде сөздердің арасындағы алуан түрлі синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөз бен сөзді байланыстыруда үлкен орын алатын зат есімнің түрлену жүйесінің бірі – септік жалғауы. Бұл ұғыммен оқушылар алғаш рет ІҮ сыныпта «Сөз таптары» тарауын өту барысында танысады. Ал Ү сыныпта «Зат есімнің септелуі» тақырыбын өту барысында ІҮ сыныпта алған білімдері кеңейтіледі. ҮІІ сыныпта септелудің жай және тәуелді септеу түрлерімен танысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет