Халықаралық библиографиялық деректер базасына (Scopus) кіретін шетелдік ғылыми
журналдарда жариялау үшін мақалалардың мазмұнын ресімдеуге қойылатын талаптар
Мақаланың
жариялану тілі
1) Мақалалар тек ағылшын тілінде жарияланады.
Мақала түрі
2) Ғылыми мақалалардың келесі түрлері қабылданады: шолу мақалалар және зертте-
улер.
Мақаланың
жалпы көлемі
(атауы, анно-
тациясы, кілт
сөздері, мәтіні,
әдебиеттерді
қосқанда)
3) Мақаланың көлемі: сөз саны 3500-ден 8000-ға дейін. Сонымен қатар, А4 парақта-
рындағы мақаланың ең аз/максималды саны маңызды емес, тек мақалада келтірілген
сөздердің санына назар аударыңыз. Шрифт – ТNR, 12 кегль, аралық интервал – 1,25;
Барлық жағынан 2 см. болу қажет.
4) doc форматындағы файл өлшемі 5 мегабайттан артық болмауы керек.
Бірлескен ав-
торлық
5) 5 авторға дейін рұқсат етіледі. Егер авторлардың тізімінде бес адамнан артық
болса, журналдың редакциясы әрбір автордың үлесін көрсетуді немесе авторлардың
санын азайтуды сұрай алады.
Автор (лар) ту-
ралы ақпарат
6) Автор (лар) туралы мәліметтер ғылыми мақаланың тақырыбынан кейін көр-
сетіледі.
7) Автордың толық аты-жөні (орыс, ағылшын тілдерінде) - алдымен аты, одан кейін
әкесінің аты мен тегі жазылады.
8) Бұдан әрі – университеттің атауы (орыс, ағылшын тілдерінде) – ресми құжаттарда
университеттердің немесе ғылыми мекемелердің веб-беттерінде көрсетілгендей. Егер
университеттің ағылшын тіліндегі атауын қате көрсетсеңіз, онда Scopus сілтемесінде-
гі сіздің мақалаңызда университеттің атауы көрсетілмеуі мүмкін.
9) Жоғары оқу орындарының немесе ғылыми мекемелердің мекенжайы көрсетіледі:
пошта индексі, көше, үйдің №.
10) Егер авторлар екi немесе одан да көп болса: ұйым және оның мекенжайы әрбiр
автор үшiн бөлек көрсетiледi. Егер авторлар бір ұйымнан болса, онда университеттің
атауы, мекенжайы соңғы автордан кейін жазылады.
11) Мақалада автор туралы қосымша ақпарат қажет емес.
12) Хатта өзіңіздің электронды поштаңызды және байланыс телефоныңызды көр-
сетіңіз.
179
Аннотация
және Кілт
сөздер
13) Аннотацияда 50-250 сөз (5-8 сөйлем) болуы керек. Ол аннотация екені көрініп
тұруы керек (Abstract:…)
14) Аннотацияда курсивпен, астын сызып және т.б. беруге болмайды. Мәтінді абза-
цтарға бөлуге болмайды.
15) Аннотацияда дәйексөз (цитирование), есептеулер, формулалар,% және т.б. рұқсат
етілмейді. Қысқарған сөздердің толық атауын жазу қажет.
16) Аннотацияда зерттеудің мақсаты, негізгі нәтижелері, қорытындылары көр-
сетіледі.
17) Аннотациядан кейін сөздер және сөз тіркестерінен тұратын кілт сөздер ұсынылуы
керек. Кілт сөздердің саны: 3-тен 10-ға дейін.
18) Кілт сөздер екені көрініп тұруы керек (Keywors:...)
Кілт сөздерді курсивпен не қалың (жирный) шрифтпен беруге болмайды. Кілт сөз-
дерде формулалар мен суреттер беруге болмайды.
Мақала мазмұ-
ны және оның
ресімдеу бой-
ынша талаптар
19) Кілт сөздерден кейін мақала мәтіні беріледі.
Мақаланың негізгі мәтінін кіші тарауларға бөлуге болады немесе төменде берілген
логикалық құрылымға сүйену ұсынылады:
• кіріспе
• әдістер
• зерттеу нәтижелері
• нәтижелерді талқылау
• қорытынды
• алғыс (егер бұл мақала грант шеңберінде дайындалғанын көрсету қажет болса, зерт-
теу жүргізуге қатысқан басқа әріптестеріне (мақаланың авторы емес) алғыс айту
• ескерту (қажет болған жағдайда)
• әдебиеттер (20 әдебиет).Әдебиеттер алфавиттік жүйемен беріледі.
-
Мәтін бөліктері (кіріспе, әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытынды) 150 сөзден кем
болмауы керек. Егер 600 сөзден асатын болса, онда оны пункттерге бөлген дұрыс
(мысалы, 1 бөлімді 1.1. және 1.2) және әр пунктке атау беру қажет.
20) Абзацтар («қызыл жол») пернетақтадағы «пробел» дегенді баспай, автоматты
түрде қойылуы керек.
21) Екі немесе үш бос орынға (пробел) жол берілмейді.
22) Аббревиатураларды алғаш қолданғанда олардың толық атауы көрсетілуі керек.
23) Төл сөз (дәйексөз) ағылшын пернетақтасындағы тырнақшаларды пайдалану
арқылы жасалуы тиіс - мысалы, “.. ...” Мына тырнақшаларды ҚОЛДАНБАҢЫЗ – «...
...»
24) Мақалада № белгісі # деген белгімен ауыстырылып беріледі.
25) Грек әріптері, егер олар формулаға енбесе, тік жақшалармен ағылшын тілінде-
гі аудармамен алмастырылуы тиіс - мысалы: λ мынаған ауыстырылады [lambda], р
мынаған ауыстырылады [rho] және т.б.
Кестелерге,
суреттерге және
формулаларға
қойылатын
талаптар
26) Мәтінде кестелер болуы мүмкін, олардың жанындағы жазулар кестенің үстің-
гі жағында орналасуы тиіс. Кестедегі мәтін бір интервал арқылы, шрифт-10, TNR
арқылы жазылады.
27) Мақаладағы барлық суреттер мен кестелерге мақаланың мәтінінде сілтеме жасалу
керек.
Ескерту: Кестелердің, суреттердің және теңдеулердің атауларын қысқартпаңыз (мы-
салы, Кес.1, Сур.2). Мәтін мазмұнында «жоғарыдағы / төмендегі кестеде» немесе
«2-беттегі суретте» жазбада деп беруге болмайды, себебі мақаланы беттеу кезінде
кестенің немесе суреттің орны мен беті өзгеруі мүмкін.
28) Формулалардың барлық компоненттері «Microsoft equation» макросында (Word
бағдарламасы) жасалуы керек.
29) Графикалық сызбалар сапалы болуы керек. Егер жазулары болса, онда мәтін
нақты көрсетілуі керек.
30) Сурет саны 5-тен аспауы керек, 300 дpi-ден кем болмағаны дұрыс.
31) Кестелер мен формулалардың саны шектеусіз.
32) Файлдарды doc форматында жіберіңіз, әйтпесе жариялау кезінде суреттер және
формулалар дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
180
Басқа жұ-
мыстардан
алынған мәтінді
тексеру
33) Журнал редакциясында мақалалардың басқа еңбектерден алынған-алынбағаны
тексеріледі. Тексеру iThenticate бағдарламасы немесе басқа да бағдарламаларды қол-
дану арқылы орындалады.
Екі параметр есепке алынады, егер олардың бірі нормадан асып кетсе, мақала қабыл-
данбайды. Нормасы: 1 параметр -
басқа еңбектерден алынған жеке фрагменттер (мақалада басқа еңбектерден алынған
фрагмент 6% -дан жоғары болмауы тиіс); 2 параметр – басқа еңбектен
алынғандардың жалпы сомасы (басқа еңбектерден алынған барлық фрагменттерінің
сомасы 20% -дан аспауы тиіс).
Назар аударыңыз! Бұрын ағылшын тілінде жарияланған өз жұмыстарынан алынған
дәйексөздер де қолданылмағаны дұрыс.
Мақалада
пайдаланылған
әдебиеттерге
қойылатын
талаптар
34) Басқа көздерден алынған материалдарға сілтеме жасағанда, сол дереккөздерге
сілтеме жасау міндетті.
35) Пайдаланылған әдебиеттер (әдебиеттер тізімі) 20-дан кем болмауы керек. Өзінің
жазған еңбектеріне 1-2 сілтеме ғана жасалады.
36) 2-3 әдебиет соңғы 5-10 жылда жарияланған еңбектер болуы қажет.
37) Ағылшын тілінде шығарылған туындыларды әдбиеттерге қосуға болады, бірақ
міндетті түрде енгізу қажет етілмейді.
Әдебиеттер
тізімі мен
сілтемелерді
ресімдеу
38) Әдебиеттер тізіміндегі барлық дереккөздерге мәтінде сілтеме жасалуы керек.
39) Мәтіндегі сілтемелер автор және әдебиеттің шыққан жылы бойынша көрсетіледі.
Мысалы, 1 автор болса - Muralidharan, 2010; егер 2 автор болса – Muralidharan and
Bor, 2010; ал егер 3және одан көп автор болған жағдайда - Muralidharan et al., 2010.-
деп жазылады.
- Әдебиеттер тізімі «Әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі» бойынша жасалады.
Ескертулер
40) Әр бетке бөлек сілтемелер жасауға жол бермеңіз. Ескертулер әдебиеттер тізімінен
кейін орналасқан «Notes» (Ескерту) деген бөлек бөлімде орналасуы керек. Мәтінде
ескертулерге сілтемелер жақша арқылы беріледі: (ескерту 1)
41) Әдебиеттер тізіміндегі сілтемелерді ресімдеудің үлгісі:
Журналдан алынған мақала (баспа түріндегі)
Calik, P., Yilgora, P., Ayhanb, P. and Demir, A.S. (2004). Oxygen transfer effects on
recombinant benzaldehyde lyase production. Chemical Engineering and Science, 59 (22-
23), 5075-5083. DOI:10.1016/j.ces.2004.07.070
Журналдан алынған мақала (электрондық)
Mellers, B. A. (2000). Choice and the relative pleasure of consequences. Psychological
Bulletin, 126, 910-924. http://dx.doi.org/10.1037/0033-2909.126.6.910
Cooper, A., & Humphreys, K. (2008). The uncertainty is killing me: Self-triage decision
making and information availability. E-Journal of Applied Psychology, 4(1). Retrieved
from http://ojs.lib.swin.edu.au/index.php/ejap/article/view/124/129
Кітап
Bernstein, T. M. (1965). The careful writer: A modern guide to English usage (2nd ed.).
New York, NY: Atheneum.
Авторы жоқ кітап
Merriam-Webster’s collegiate dictionary (10th ed.). (1993). Springfield, MA: Merriam-
Webster.
Екі автор болса:
Beck, C. A. J., & Sales, B. D. (2001). Family mediation: Facts, myths, and future prospects.
Washington, DC: American Psychological Association. http://dx.doi.org/10.1037/10401-
000
181
Әдебиеттер
тізімін ресім-
деу үлгісі (егер
мақала орыс
тілінде әрі
қарай аудару
үшін берілсе,
сілтемелер
ГОСТ-қа сәйкес
немесе snoska.
info ресурстары
арқылы көр-
сетілуі мүмкін)
Электрондық кітап
Anderson, C. A., Gentile, D. A., & Buckley, K. E. (2007). Violent video game effects on
children and adolescents: Theory, research and public policy.
http://dx.doi.org/10.1093/acprof:oso /9780195309836.001.0001
Мақалалар жинағы
Gibbs, J. T., & Huang, L. N. (Eds.). (1991). Children of color: Psychological interventions
with minority youth. San Francisco, CA: Jossey-Bass.
Аударма жасалған немесе қайта басылып шыққан кітап
Laplace, P. S. (1814/1951). A philosophical essay on probabilities (F. W. Truscott & F. L.
Emory, Trans.). New York: Dover.
Кітап бөлімдері
Bjork, R. A. (1989). Retrieval inhibition as an adaptive mechanism in human memory. In
H. L. Roediger III, & F. I. M. Craik (Eds.), Varieties of memory & consciousness (pp. 309-
330). Hillsdale, NJ: Erlbaum.
Энциклопедиядан алынған мақалалар
Guignon, C. B. (1998). Existentialism. In E. Craig (Ed.), Routledge encyclopedia of
philosophy (Vol. 3, pp. 493-502). London, England: Routledge.
Есеп
Forastieri, V., 1999. The ILO Programme for Occupational Safety and Health in
Agriculture. International Labour Organization, Geneva, Switzerland.
Конференция материалдары
McKay, G. (1999). Self-determination in Aboriginal education. In L. B. Muller (Ed.),
Changing the climate: Proceedings of the 1998 Conference for Graduate Students
in the Social Sciences and Humanities (pp. 1-11). Saskatoon, Canada: University of
Saskatchewan.
Herculano-Houzel, S., Collins, C. E., Wong, P., Kaas, J. H., & Lent, R. (2008). The basic
nonuniformity of the cerebral cortex. Proceedings of the National Academy of Sciences,
105, 12593-12598. http://dx.doi.org/10.1073/pnas.0805417105
Диссертация
Jordan, J. J. (2005). Psychosocial effects of gifted programming (Unpublished master’s
thesis). University of Saskatchewan, Saskatoon, Canada.
Hiebert, R. W. (2006). The education of children from poverty: A descriptive case study of
a public school and a community school (Doctoral dissertation). Available from ProQuest
Dissertation & Theses: Full Text (NR18185).
Қазіргі уақытта елімізде ғылыммен айналысамын деген адамға барлық мүмкіндіктер жасалған.
Іргелі ғылыми жобаларға бөлініп жатқан мемлекеттік гранттар да аз емес. Шынайы ғылыммен
айналысқысы келетін адам кез келген қиындықты еңсере біледі. Әлемдік беделді басылымдарға
мақала жариялау үшін өткендердің сүрлеуіне түспей, жаңаша ой, тың идея ұсынсаңыз, онда
жолыңыздың болғаны. Оның үстіне бүгінгі қоғамда ғылым биігін тек қана білімділердің бағын-
дыратынын естен шығармауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |