3. Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері 1-модуль. Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Pdf көрінісі
бет3/45
Дата01.04.2024
өлшемі1.02 Mb.
#497168
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
daris

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
3) 
Білім беру философиясы 
дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек 
білім беруге қатысты жалпыфилософиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық 
аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды. 
Шығыстың атақты философы, ғұлама ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби жалпы педагогика 
ғылымының өзін тәжірибелік философия немесе қолданбалы философия ретінде 
қарастырған.
Білім беру философиясының бір ғана тұтас объектісі (нысанасы) бар, ол барлық 
құндылықтық, жүйелік, іс-әрекеттік, нәтижелілік сипаттағы білім беру.
Білім беру философиясының пәні – білім беруге қатысты пәнаралық теориялар, 
заңдар, заңдылықтар, категориялар, ұғымдар, терминдер, принциптер, постулаттар, 
ережелер, әдістер, болжамдар, идеялар, фактілер. 
Б.С. Гершунскийдің пайымдауынша «білім беру философиясының мәні – білім беруге 
бетбұрыс алған философия», немесе «білім беру іс-әрекетінің барлық аспектілерінің өзіндік 
ғылыми парадигмасы». 
Сонымен, білім беру философияның мәні – адам өмірінің түрлі кезеңдеріндегі оқыту, тәрбиелеу 
және дамытудағы құндылық-бағдарлық, мазмұндық-процессуалдық, нәтижелілік компоненттері 
жайлы ғылым аралық білімдер жүйесі.
2-дәріс. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы. 
Жоспары: 
1. Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы.
2. Мұғалім еңбегінің гуманистік табиғаты.
3. Педагог еңбегінің әлеуметтік мәні.
4. Педагог тұлғасына қойылатын кәсіби негізделген талаптар.
5.Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі педагогты кәсіби даярлаудың мақсаты, 
міндеттері, құрылымы және мазмұны.
Дәрістің негізгі мазмұны 
Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын зерттеу үшін әуелі педагогика деген сөздің 
этимологиясына тоқталып өтейік. Педагогика деген сөз грек тілінен аударғанда «paida»
бала, «gogas» - жетектеуші деген мағынаны білдіреді. Жас ұрпақты тәрбиелеу – адамзат 
қоғамына ғана тән әлеуметтік құбылыс. Ежелгі Грецияда педагогтар деп баланы мектепке 
жетектеп апарып қарап, қадағалап жүретін адамдарды атаған. Ал кейінен қоғамдық 
тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу, және оларды еңбек етуге даярлау қажеттілігі педагогтық 
кәсіптің пайда болуына негіз болды. Сондықтан педагогтар деп балалардың өмірлік 
жетекшілері ретінде тәрбиешілер мен мұғалімдер атала бастаған.
Алғашқы қоғамның өзінде-ақ тәрбие еңбек пен өмір сүру процестерінің негізінде 
пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық бақылауларды 
жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. 
Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізуі еңбек іс-
әрекетімен тығыз байланысты болған. Біртіндеп еңбек түрлері күрделенуіне байланысты 
еңбек құралдары да өзгере түсті. Саналы түрде еңбек құралдарын дайындау процессінің 
күрделенуіне байланысты жас ұрпаққа ол тәжірибені арнайы үйрету үшін қауымдағы 
ақсақалдар, жастары ұлғайған адамдар шағын әлеуметтік топ құрып балаларды еңбек 
құралдарын, тұрмысқа қажет заттар мен әшекей заттарды жасауға үйретіп, оларды қоғамдық 
өмірге дайындау және тіршілік ету үшін еңбек іс-әрекетімен айналысқан.
Әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамзат қоғамының 
әрбір даму сатысында тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріп отырған. 
Тарихи мәліметтерге негізделетін болсақ ең алғашқы сандар, әріптер, жазулар б.э.д. 2500 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет