Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
1. Педагогика ғылымының әдіснамасы мен педагогтың әдіснамалық мәдениеті туралы
түсінік.
2. Педагогика әдіснамасының деңгейлері.
3. Философиялық заңдар, заңдылықтар.
4. Таным теориясы. Жүйелік тәсіл (тұғыр) - құбылыстардың жалпы байланыстарының
бейнеленуі. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы.
Әлеуметтендіру теориясы.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория
педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол
әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория –
таным процесінің
нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл –
теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен
құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы. Таным теориясы
тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді.
Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына
көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер
негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-
әрекетінің
жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия
ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологиялық түсіну философияға тән және
ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда
зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия
мен оның гносеологиялық
негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми
білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады,
өйткені ол психологиялық-
педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық
тұжырымдама психологиялық- педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға
сүйенеді, өйткені олар осы тұжырымға жақын және оның ең басты құрылымдары болып
табылады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық
ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады.
Зерттеушінің
әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да
психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Теория өзара байланысты білімдер
жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол – осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы
түрінде құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялық-әдіснамалық
білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі.
Осының бәрі
ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды.
Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі.
Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа жағынан
қарағанда, теориялыќ болжамдар, мысалы, Д.И. Менделеевтің химикясы практикаға белгісіз
жаңа химиялық элементтердің ашылуын болжаған. Осылайша Нептун ғаламшарының
ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар
пайда болған кезде ғана оны көре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды,
өйткені ол
әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-
әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады.
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе
жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өкізілген зерттеулер сүйенеді. Әдіснама дегеніміз
әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің
дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет.
Таным процесіндегі әдіске
антикалық философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми