7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
Терминдерді аудару:
бас, қанат, бұрыш, дене, мұрын, доға, оң, мойын, адам, бассүйек, арқа, омыртқа, жауырын, іш, алдыңғы, артқы, кеуде, төс, сол, үлкен, қабырға, тізе.
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Медик және фармацевтер үшін латын тілі ерекше орын алады.
Латын тілі – медицина саалсында ғасырлар бойы ғылыми тіл ретінде қолданылады. Қазіргі Италия мемлекетінің территориясындағы Лации жеріндегі латияндар (Latini) тұрғындарының аты бойынша аталған. Осы аймақтың орталығы – Рим қаласы болған кейіннен Рим қаласы Рим империясының астанасы болған. Рим патшалығының кеңеюіне байланысты, латын тілі де кең тараған. Кейін латын тілі Италиядан тыс жерлерде дамыған. Ол өте ежелгі мәдениеттері бар Греция, Египет, Серия елдерінде де тараған. М.В. Ламаносов, Н.И. Пирогов және т.б. орыс дәрігерлерінің ғылыми еңбектері жазылған. Латын тілі көршілес жатқан елдерге де өзінің ықпалын тигізеді. Мысалы: Қазақ сөздерінің өзінде көптеген латын түбірінен шыққан сөздер бар: институт, университет, операция, инъекция, лекция лекция, студет, асситент, доцент, профессор, радио, авиацина, трактор және т.б.
Рим империясының күші жойыла бастағанда ол екіге бөлінеді:
Шығыс Рим империясы (Византий) – грек тілінде сөйлеген.
Батыс Рим империясы – латын тілінде сөйлеген.
Кейіннен бұл империяларда күшін жояды. Сол кездерде роман тілдері пайда болады. (Roma - Рим) – италяндық француз, испан, румын, молдаван тілі.
Қазіргі латын тілі, еш халық бұл тілмен сөйлемегендіктен, өлі тіл болып саналады. Сонда да бұл тіл білімі әсіресе медицина тілі ретінде өз қасиетін жойған жоқ. Латындар Грецияны жаулап алғанда, Грецияда медицинада күшті дамыған болғандықтан олар барлық терминдерді өзгертпей- ақ грек тілінде қабылдаған.
Рим империясында да және Рим қаласын да дәрігерлер негізінен гректер болған. Сол себептен медициналық терминдерде грек сөздері көптеп кездеседі. Бірінші рет медициналық терминдерді – медицина атасы Гиппократ қоданған. Гипократтан кейінгі медицинаны енгізген Рим дәрігері – Гален болды.
Термин дегеніміз (terminus – граница, шегі, шекара) ол, дәл бір мағыналы атпен анықталған түсінікті айтады.
Медициналық терминдер ІІІ топқа бөлінеді
І- ші – анатомиялық терминдер
ІІ- ші – фармацевтикалық терминдер
ІІІ- ші – клиникалық терминдер.
Алфавит
-
Достарыңызбен бөлісу: |