Зат есімнің сөздік формасы
Латын тілінің сөздік формасы, яғни сөздікте жазылу түрі 3 компоненттен тұрады:
Сөз атау септігінің жекеше түрінде жазылады
Ілік септігінің жалғауы жазылады
Тегінің белгісі көрсетіледі m – masculinum, f – femininum, n – neutrum.
Сөздік формадағы ілік септігі жекеше түрінің жалғауына қарап, қай септеуде тұрғандығын анықтауға болады.
Мысалы, pasta, ae f –сығынды – 1септеу
succus, i m - шырын – 2септеу
decoctum, i n – қайнатпа – 2септеу
dosis, is f - мөлшер – 3септеу
auris, is n - құлақ – 3септеу
fructus, us m – жеміс – 4септеу
species, ei f – жинақ – 5 септеу
Бір буынды сөздерде ілік септігінің сөзі толығымен жазылады
Мысалы, os, ossis n – сүйек
pes, pedis m – аяқ басы
Зат есімнің негізін анықтау
Зат есімнің негізін анықтау үшін, ілік септігінің жекеше түрінің жалғауын алып тастайды.
Мысалы, tincturа, ae f – тұндырма; негізі – tinctur -
globulus, i m – шар тәрізді; негізі –globul -
os, oris n – ауыз; негізі – or –
Көптеген 3 септеу зат есімдердің сөздік формасында ілік септігі жекеше түрінің – is жалғауының алдында негіздің бір бөлігі көрсетіледі.
Мысалы,: articulatio, onis f – буын
негізі articulation –
cortex, icis m – қабық
негізі cortic-
corpus, oris n – дене
негізі corpor-
Зат есімнің тегін анықтау
Зат есімнің грамматикалық тегін атау септігі жекеше түрінің жалғауы арқылы анықталады.
–us жалғауына аяқталса, ер тегі, –a жалғауына аяқталса әйел тегі, –um, –en – орта тек.
ocŭlus, i m – көз
vena, ae f – көктамыр
Достарыңызбен бөлісу: |