Оксидтердің латын атаулары екі сөзден тұрады:
1. Gen. Sing. формасындағы химиялық элемент атауы (қиыспаған анықтауыш)
2. Nom. Sing. формасындағы оксидтің топтық атауы (септелетін бөлігі)
Топтық атауларына мыналар жатады:
1.Оксидтер аты «окись» сөзінен шыққан охудиm – атау септігінде жазылады және катион аты 1-ші орынға қойылып, ілік септігінде жазылады. Мысалы:
Zinci oxydum – мырыш тотығы.
2.Пероксид оксидтерде «охуdum» сөзіне «per» деген приставка қосылады.
Мысалы: Magnesii peroxydum – магний қаныққан тотығы.
3.Құрамында су бар оксидтерде «oxydum» сөзіне «hydro» приставкасы қосылады. Мысалы: Alumini hydroxydum – алюминий гидроксиді.
Құрамында оттегі жоқ қышқылдардан пайда болған тұздарда анион «idum» деген жалғауымен аяқталады.
Мысалы: kalii iodidum – калий йодиді.
Егер тұз құрамында органикалық заттар болса онда анионға «hydro» деген приставка жалғанады.
Мысалы: Morphini hydrochlolidum – морфин гидрохлориді.
Толық тотықпаған заттарды закисьдеп атайды. Олар сын есімнің «oxydulatus, a, um» - закисный, закись сөзімен катионның келісуі арқылы пайда болады.
Мысалы: Nitrogenium oxydulatum – азот закисный – закись азота.
Топтық атаудағы оxy-жиілік бөлшегі құрамында оттегінің бар екендігін, ал
приставка қосылыстың құрылымын көрсетеді.
Мысалы: Zinci oxydum – мырыш оксиді.
Hydogenii peroxydum – сутегінің асқын тотығы
Alumini hydroxydum – алюминий гидроксиді.
Оксидтердің рецептік жолы:
Recipe: Zinci oxydi
Recipe : Hydrogenii peroxydi
Recipe : Alumini hudroxydi
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы. 31 мин (35%)
Көп нүктенің орнына ch немесе h әріптерінің тиістісін қойып, жаттығуды көшіріңіз:
...ydro...boridum, i n 6. I...thyolum, i n
...loroformium, i n 7. ...arta, ae f
Stry...ninum, i n 8. ...ydrogenium, i n
...lortetracyclinum, i n 9. ...yoscyamus, i n
...ydrocаrbonas, atis m 10. ...loridum, i n
Достарыңызбен бөлісу: |