4 анықтамалар, белгілер мен қЫСҚартулар


Тоғызқұмалақ ойынының ережелері



бет7/21
Дата19.09.2022
өлшемі0.52 Mb.
#460939
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Дип. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы, КАСиТ - 2015 - 44

Тоғызқұмалақ ойынының ережелері
Тоғызқұмалақ ойынының сипаты. 1. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. ойынды бастайтын ойыншыны - бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды.
2. Ойын "Тоғызқұмалақ тақтасы" деп аталатын арнаулы тақтада ойналады (1-сурет). Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады.
Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады.
3. Ойын басталар алдындағы құмалақтардың отауларда орналасуы төмендегі диаграммада бейнеленеді.
Ойын мақсаты - ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап жеңіске жету.
Жүрістерге түсінік
1. Жүріс жасау үшін бастаушы ойыншы өз жағындағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолына алып, біреуін қалдырып, оң жағындағы келесі отаудан бастап (сағат тіліне қарама - қарсы бағытта) таратады. Құмалақтарды тарату ойыншының өз отауларынан кейін қарсыластың отауына жалғасады.
2. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, оны жұп қылса (2,4,6,8,10,12 және т.с.с), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанынан салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп, оны тақ жасаса немесе соңғы құмалақ қайтадан өз отауларының біріне келіп түссе, бұл жүріссіз табыссыз немесе кезекті жүріс деп есептелінеді. Онда отауда жатқан құмалақтар ұтып алынбайды. Жұп құмалақты отауды "жабық отау", ал құмалағы тақ санды отауды "ашық отау" деп атайды.
3. Ойын барысында ойыншы отаудағы бір құмалақты келесі отауға жүре алады. Отау бос қалады.
4. Ойын барысында жүріс кезегінде құмалақтарды қолына алған ойыншы сол отаудан жүруге міндетті. Отауда жатқан құмалақтарды тек қаламсаптың көмегімен түзейді. Қолмен түзеген ойыншыға төрешілер тарапынан ескерту беріледі. Отауда жатқан құмалақтарды ретке келтіру үшін қарсыласында "түзеймін" деп ескерту қажет. Ойыншы отауда жатқан құмалақтарды өзінің жүріс жасайтын уақыты келгенде ғана реттейді.
5. Жүріс алма-кезек жасалынады. Ойын екі ойыншының бірі 81-ден артық құмалақ жинағанша жалғасады. Ойын екі ойыншының бірі өз қазанына 82 құмалақ жинағанда тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет