4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет41/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

6.7. ӚРТ ХАБАРЛАҒЫШ
Өрт хабарлағыш өндірістік бөлімдердің, ғимараттардың немесе жайлардың бірінде туындаған өрт туралы тез хабарлау үшін арналған құрылғы. Өрттік байланыс жəне хабарлағыш өрт туралы алдын-ала ескерту шараларында маңызды роль атқарады, оны уақтылы таба білуге жəне өрт сөндіру бөлімдерін өрт шыққан орынға тез шақыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ, өрт кезіндегі жұмыстарды басқаруға жəне оларға тез жетекшілік көрсетуді қаматамасыз етеді. Автокөлік транспортының кəсіпорындарындағы өрттік байланыс жалпықалалық желінің телефоны бойынша жүзеге асырылады.
Электрлік өрт хабарлағыш жүйесі келесілерден тұрады: автоматты немесе қолмен атқарылатын өрт туралы белгі беретін хабарлағыштар; хабарлағыштарданөрт туралы белгіні қабылдайтын жəне автоматты түрде дабыл қағатын қабылдау станциясы; хабарлағыштарды қабылдау станциясымен жалғастыратын сымдар (желілер) жүйесі.
Қолмен қосылатын өрт туралы хабарлағыштар, шартты белгіні беруді қамтамасыз ететін түймешікті жəне кодты түрде болады; автоматты – түтіннің пайда болғанын табушы; жылулық – қоршаған ауаның температурасының жоғарылауын сезетін; жарықтық – от жалыны пайда болғанда қосылатын.
Түтіндік хабарлағыштар (ТХ-1) түтінді иондандырушы камераның, радиобелсенді элемент плутоний-239, резистор жəне тиратронның көмегімен тіркейді. Жылулық хабарлағыштарда термосезімтал элементтер: биметаллдық пластиналар, тез еритін жабысқан тұстар (спаи), термобулар
жəне басқалар. Жарықтық хабарлағыштарда жалынның сəул е беруі əртүрлі қадағалар: фотоэлементтер, фоторезистор, фотон санаушыларжəне т.б. арқылы тіркеледі.
Өрт хабарлағыштар қабылдау станциясымен сəулелік немесе шлейфтік сызбалар арқылы байланысуы да мүмкін. Сəулелік сызба бойынша əр хабарлағыш қабылдау бекетімен екі сымның (сəуленің) көмегімен өз бетінше байланысады. Бұл жағдайда қабылдау бекеті бір уақытта барлық хабарлағыштардан белгі қабылдай алады. Шлейфтік сызбада барлық хабарлағыштар тізбектеліп бір сымға (шлейф) қосылады. Сымның басы жəне соңы қабылдау бекетіне қосылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет