-
ҚҰҚЫҚТЫҚ ІС ШАРАЛАР
Негізінде Ресей Федерациясында көлік-жол кешеннің экология мəселелері бойынша құқықтық жəне нормативтік негізі құрылған, халықаралық жəне жалпыресейлік маңызы бар құқықтық құжаттар мен нормативтік актілерді қамтиды.
Құқықтық құжаттар федерациялық заңды билік органдары жəне Ресей Федерациясының Үкіметі дайындайды, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігі, экологиялық қаіпсіздік, көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылауын ұйымдастыру жəне өткізу бойынша заңнамалық актілерін қабылдайды. Олар өз өкілеттіктерінің бір бөлігін реттеу, үйлестіру жəне бақылау саласындағы экологиялық қызметін Ресей Федерациясының министрлігіне мен ведомстволарға табыстайды. Ресей көлік жəне қоршаған ортаны қорғау саласындағы қарым қатынас нормативті-құқықтық базаны реттеу бойынша 300-ден астам халықаралық актілерге қол қойды.
Ресей Федерациясы Еуропалық экономикалық комиссиясының Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ ЕЭК) қатысушысы болып табылады, сол үшін халықаралық тасымалдау кезінде БҰҰ ЕЭК ережелерін сақтауын талап етіледі. Мысалы, БҰҰ ЕЭК №49 Ережесі дизель жəне газ қозғалтқыштарының шығарындыларға қойылатын талаптарды белгілейді. Осы ереже бойынша автокөлік онын өндірісі кезіндегі қолданылған талаптарға сай болуы тиіс.
Автокөлік құралдар шығарындыларына қойылатын талаптар Еуро-1, Еуро-2, Еуро-3, Еуро -4 кезең-кезеңімен енгізілетін экологиялық стандартта баяндалған. Осы талаптардың нормативтері үнемі қатаңға салынады.
7.1. Кесте. Еуропалық одақ елдеріндегі дизельді автокөліктер пайдалынған газдардағы зиянды заттардың құрамын реттеу туралы экологиялық стандарттары.
Стандарт
|
Стандартты енгізілген
күні
|
Рұқсат етілген шекті құрамы , г/(кВт ■ ч)
|
Жаңа модельдерге
|
Барлық модельдерге
|
Азот оксиді
|
Көмірсутек
|
Көміртегі оксиді
|
Қатты бөлшектер
|
Еуро-0
|
01.07.1998
|
01.10.1990
|
14,4
|
2,4
|
11,2
|
-
|
Еуро-1
|
01.07.1992
|
01.10.1993
|
9,0
|
1,1
|
4,5
|
0,36
|
Еуро-2
|
01.10.1995
|
01.10.1996
|
7,0
|
1,1
|
4,0
|
0,15
|
Еуро-3
|
01.10.2000
|
01.10.2001
|
5,0
|
0,66
|
2,1
|
0
|
Еуро-4
|
01.10.2005
|
01.10.2006
|
3,5
|
0,46
|
1,5
|
0,02
|
Еуро-5
|
01.10.2008
|
01.10.2009
|
2,0
|
0,46
|
1,5
|
0,02
|
Ресей Федерациясының Конституциясының негізінде федералдық табиғи қорғау заңнамасы дамып жатыр. Ауа мен топырақ қорғау саласындағы Ресей Федерациясының заңдары «Атмосфера ауаны қорғау туралы», «Жер қойыны туралы», «Жер ақысы туралы» жəне т.б. негізгі заңнамасы болып табылады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінде жəне Жер кодексіне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік көзделген.
Сондай-ақ Көлік министрлігімен экологиялық қауіпсіздік көлік мəселелері бойынша бірқатар нормативті-құқықтық актілер дайындалған. Олардың ішінде Автокөлік Жарғысы, «Халықаралық автомобиль тасымалдары жəне осындай тасымалдарды ережесін бұзу жауапкершілік туралы», «Көлік қызметі туралы» жəне т.б. Мемлекеттік стандарттар, құрылыс нормалар жəне ережелер (ҚНжЕ), санитарлық ережелер жəне нормалар (СНжН), əдістемелік ұсыныстар, ережелер (мысалы, МСТ Р 520332003 «Бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автокөліктер, Ластаушы заттардың пайдалынған газдармен шығарындылары.Техникалық жағдайын бағалау кезіндегі бақылау нормалары мен əдістері», МСТ Р 521602003 «Қысымнан тұтанатын жарақат қозғалтқыштар бар автокөлік құралдары. Пайдаланылған газдардың түтінденуі. Техникалық жағдайын бағалау кезіндегі бақылау нормалары мен əдістері») Ресей Федерациясының аумағында қолданыстағы нормативтік құжаттамаға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |