4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет44/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

7.2. АВТОМОБИЛЬ КӚЛІГІ
ШУЫНЫҢ АДАМҒА ӘСЕРІ
Шу дегеніміз – адам үшін еңбек етуге немесе демалуға пайдалы дыбыстық белгілерді қабылдауға кедергі жасайтын жəне акустикалық қолайсыздықтарды тудыратын, мүмкіндігінше қажет емес дыбыстар.
Шу деңгейіне бірқатар факторлар əсер етеді:
көлік ағынының қарқындылығы, жылдамдығы жəне құрамы;
■ автомобиль двигателінің түрі;
■ жол бетінің түрі мен сапасы;
■ территориялардың жоспарлық шешімдері;
■ магистралдар бойындағы жасыл аймақтың болуы жəне басқалары.
Адамға шудың əсер етуінің объективті көрсеткіштері болып табылады:
■ шудың қарқындылығы;
■ шудың жоғарылығы (үйлесімділігі);
■ əсер етуінің ұзақтығы.
Шудың қарқындылығы дыбыстық қысымның мөлшерін сипаттайды, ол адамның есіту органының дабылды жарғағына дыбыстық толқынымен əсер етеді жəне децибелмен өлшенеді. Практика жүзінде шудың қарқындылығын бағалау стандартты шу өлшегіш А шкаласымен жүргізіледі, яғни орташа қарқындылық дыбыстық тербелістердің жиілігіне тəуелсіз жағдайда А шкаласы бойынша децибелмен бағаланады. 1 дБ А қарқынындығы шу есіту қабілеті өте жоғары адамға зорға есітіледі. Сыбыр қарқындылығы 20 дБ А шкаласымен бағаланады. Тұрғын жайларда күндізгі шу 40 дБ А жəне түнде 30 дБ А мөлшерінде жол беріледі.
Өндірістік жайларда құрал-жабдықтардың жұмысы 70... 80 дБ А шуымен үндеседі. Қарқындылығы 80-нен астам шу адам үшін зиянды.Көлік құралдары жоғары қарқынды шудың көзі болып табылады. Мəселен, жеңіл автомобиль қозғалыс кезінде қарқындылығы 70... 80 дБ А, автобус – 80...85 дБ А, жүкавтомобильі – 80...90 дБ А мөлшерінде шу шығарады
Дыбыстың жоғарылығы (үйлесімділігі) ортаның тербеліс жиілігімен анықталады жəне герцпен өлшенеді, 1Гц секөнтіне бір тербеліске тең.
Жиілігіне қарай дыбыстық тербелістер былайша бөлінеді:
■ инфрадыбысты (төмен жиілікті) – 20Гц-дан кем жиілікте;
■ акустикалық (естілетін) – 16.20-дан 20000 Гц-ға дейін жиілікте; ■ ультра дыбысты(жоғары жиілікті); – 20000-нан 109 Гц-ға дейін; ■ гипердыбысты (жоғары жиіліктен астам) – 109... 1013Гц.
Дыбыстарды есітіп қабылдау аумағының шекарасы болып табылады (сурет
7.1):

Дыбыстың жоғарылығы, Гц


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет