5 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Кəсіпорында еңбекті қорғау жəне шарттарының жағдайы үшін жауаптылық жұмыс берушіге (кəсіпорын жетекшісіне) жүктеледі. Кəсіпорын бөлімшелерінде еңбекті қорғау жəне шарттарының жағдайы үшін жауаптылық бөлімшелердің басшыларына жүктеледі.
Ұжымдық шарттар мен келісімдер, еңбек шарттарымен (келісімшарттар) қарастырылған еңбекті қорғау талаптарын бұзғаны, еңбекті қорғау бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе мемлекеттік қадағалау жəне бақылау, сонымен бірге қоғамдық бақылау органдарының өкілдерінің қызметіне кедергі келтіретін үшін кінəлі тұлғалар Ресей Федерациясының заңдарына сəйкес жауапты болады.
Еңбекті қорғау бойынша заңнаманы жəне басқа да нормативтік актілерді сақтамағаны жəне бұзғаны, еңбекті қорғау саласындағы ұжымдық шарттар немесе еңбек шарттары (келісімшарттар) бойынша міндеттемелерін жəне қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындамағаны үшін автомобиль көлігі кəсіпорындарының басшылары (жұмыс берушілер) жəне басқа да мамандары тəртіптік, əкімшілік, материалдық жəне қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Тәртіптік жауапкершілікке еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін автомобиль көлігі кəсіпорындарының басшылары, сонымен бірге цех басшылары, олардың орынбасарлары, өндірістік учаскелердің басшылары жəне шеберлер тартылады.
Еңбек тəртібін бұзғаны жəне басқа да бұзушылықтары үшін кəсіпорын əкімшілігімен қолданылатын жазаларға ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, 3 айға дейінгі мерзімге ақысы төмен жұмысқа ауыстыру немесе сол мерзімге төмен лауазымдарға ауыстыру, жұмыстан босату жатады.
Жұмысшының ауырған уақытын немесе оның демалысты болуын есептемегенде, бұзушылық фактісі анықталған уақыты 1 айдан аспаған жағдайда немесе мұндай бұзушылық болған соң 6 айдан астам мерзім өткенде кінəлілерге жаза қолданылмайды.
Әкімшілік жауапкершілікке өздерінің əрекетімен немесе əрекетсіздігімен еңбекті қорғау ережелерін жəне нормаларын бұзған немесе бұл бұзушылықтар қылмыстық тəртіппен қудаланбаған жағдайларда лауазымдық тұлғалар тартылады.
Әкімшілік жауапкершілік ескерту жəне айыппұлды қарастырады. Айыппұлды кінəлі тұлғаға (немесе кəсіпорынға) артады жəне кінəлінің еңбек ақысынан өндіреді.
Еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау бойынша ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін əкімшілік тəртіппен айыппұл салу құқығын еңбекті қорғау бойынша мемлекеттік инспектор, басқа да мемлекеттік қадағалау органдары жəне мемлекеттік инспекциялар қолданады.
Кəсіпорын əкімшілігі (жұмыс беруші) немесе еңбекті қорғауға қадағалауды жүзеге асыратын органдар өздерінің əрекетімен немесе əрекетсіздігімен жұмыскерді немесе қызметкерді оның жұмыс уақытында жазатайым оқиғаға апарып соққан еңбекті қорғау ережелерін немесе басқа да нормаларын бұзған жағдайда кəсіпорын жазатайым оқиғаға байланысты шығын келтірілген жұмыскер алдында, сонымен бірге жазатайым оқиғаға байланысты шығындалған (еңбекке жарамсыздық парағын төлеу, зейнетақыны тағайындау жəне т.б.) кəсіподақ немесе əлеуметтік қамтамасыз ету органы алдында материалдық жауапкершілікке тартылады.
Сот арқылы жазатайым оқиға жеке лауазымдық тұлғалардың кінəсінен болғаны аныталған жағдайда олар да материалды жауапкершілікке тартылады.
Лауазымдық тұлғалары еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін, қылмыс құрамы бар өндірістік санитарияны бұзғаны үшін бұл тұлғалар прокуратура органдарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Қылмыстық жауапкершілікке тек қылмыс жасағаны үшін кінəлі тұлғалар ғана тартылуы мүмкін. Ресей Федерациясының заңнамасына сəйкес Сот үкімінсіз қылмыс жасағаны үшін ешкім кінəлі болып таныла алмайды, сонымен бірге қылмыстық жазаға тартыла алмайды.
Қылмыстық жауапкершілік еңбекті қорғау бөлігінде келесі əрекеттерді жасағаны үшін болуы мүмкін:
■ кəсіподақтардың заңды қызметіне қарсы келу;
■ жеке пиғылынан жұмысшыны заңсыз жұмыстан босатуға немесе жұмысқа қайта алу туралы сот шешімін орындамау, немесе еңбек туралы заңнаманы басқа да қасақана бұзу;
■ əйелді оның жүктілігі немесе баланы емізу себебіне байланысты жұмысқа алудан бас тарту немесе жұмыстан босату;
■ адамның еңбекке жарамсыздығын немесе өліміне алып келген немесе адамдармен жазатайым оқиғаларға немесе басқа да ауыр салдарларға алып келген қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария ережелерін немесе басқа да еңбекті қорғау нормаларын бұзу.
Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сəйкес еңбекті қорғау саласында жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін, өндірістік бөлмелерде жəне кəсіпорын аумағындағы тəртіп ережелерін сақтауға міндетті. Бірақ жазатайым оқиғалар жұмысшылар мен қызметкерлермен ішкі тəртіп ережелерін, өндіріс технологиясын жəне еңбекті қорғау бойынша басқа да ережелерді өрескел бұзғаны салдарынан жиі болады. Жұмысқа масаң күйде келу, желікпелік, абайсыздық, біле тұра жұмыстың қауіпті тəсілдерін қолдану, жұмыс орнында кəсіби қызметіне байланысты емес жұмысты орындау – осының бəрі еңбек тəртібін өрескел бұзу болып табылады, ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті жаза қолданылуы мүмкін.
Бір бұзушылық үшін тек бір ғана жаза болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Жаза қолданғанға дейін əкімшілік кінəліден түсініктеме алуға міндетті.
Әкімшілікке жұмыскерлер мен қызметкерлерден əкімшілікті жазатайым оқиғалар үшін жауапкершіліктен босату немесе қауіпсіздік техникасы талаптарының анық бұзушылықтары бар жұмыстарды орындау барысында бұл жауапкершілікті жұмыскерлердің өзіне жүктеу туралы қолхат алуға тыйым салынады. Автомобиль көлігінде жұмыс істеушілерді кəсіби іріктеу еңбеккердің көлікпен байланысты жұмыстарды жүргізуге медициналық, кəсіби жəне психофизикалық жарамдылығын анықтауды көздейді. Кəсіпорынның басшысы (жұмыс беруші) сəйкес Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау органдарымен бірге міндетті түрде алдын-ала (жұмысқа қабылдау кезінде) жəне мерзімді (еңбек ету кезінде) медициналық тексеруден өтуге тиіс жұмыскерлердің лауазымдары мен мамандықтарының тізімін жасауға жəне еңбеккерлердің медициналық тексерулерден өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
Автокөлік кəсіпорнының əкімшілігі жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс істеу тəсілдері мен əдістеріне уақтылы оқытуды жүзеге асыруға міндетті. Бұл оқытудың бастапқы кезеңі осы кəсіпорынға жұмысқа қабылданғандардың барлығына кіріспе нұсқама беру болып табылады..
Оқыту жəне нұсқама беру МЕМСТ 12.0.004-90 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбек қауіпсіздігіне оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер" стандартына жəне Ресей Федерациясы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі департаментінің 30.08.1995 ж. бекіткен Автокөлік кəсіпорындары басшылары мен мамандарын еңбекті қорғау ережелеріне оқыту жəне білімдерін тексеру тəртібі туралы ережеге сəйкес жүргізіледі.
Әрбір ірі автомобиль көлігі кəсіпорнында оқыту мақсаттары үшін еңбекті қорғау кабинеттері ашылады немесе сəйкес оқу жəне насихаттау бойынша техникалық жəне көрнекі құралдарымен (плакаттар, жəдігерлер, макеттер, модельдер, тақталар жəне т.б.) орын бөлінеді. Мұнда мінсіз жəне ақаулы құралдар мен аппараттар, кабельдер, ілгектер, тізбектер, портативті шамдар жəне оқшауламасы бұзылған сымдардың үлгілері жəне т.б. көрсетіледі.
Кіріспе нұсқама беру кезінде мыналар түсіндіріледі:
■ қолданыстағы еңбек заңнамасының негізгі ережелері;
■ кəсіпорындағы ішкі еңбек тəртібінің ережелері;
■ аумақтағы, өндірістік жəне тұрмыстық жайлардағы мінезқұлық, сондай-ақ ескертпе жазулардың, плакаттардың, дабылдардың орындайтын міндеттері;
■ сəйкес учаскедегі еңбек жағдайларының ерекшеліктері жəне жазатайым оқиғалардың алдын-алу шаралары;
■ кəсіпорында жұмыс істеушілерге жеке гигиена жəне өнеркəсіптік санитария ережелерін сақтау бойынша қойылатын талаптар;
■ электр қауіпсіздігінің талаптары;
■ өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар;
■ жұмыс киімдерін, арнайы аяқ киімді жəне басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормалары мен пайдалану ережелері;
■ жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары;
■ жазатайым оқиғаларды ресімдеу тəртібі.
Кіріспе нұсқаманың өткізілуі журналға ресімделеді, онда нұсқама берілетін адамның тегі, аты жəне əкесінің аты, оның мамандығы мен разряды (жұмыскерлер үшін), нұсқаманың қысқаша мазмұны жəне өткізілген күні жазылады, сондай-ақ нұсқама берушінің жəне нұсқама алушының қолтаңбалары қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |