Пәнге тән лексика және терминология:
Қайта өркендеу, Византия, Шығыс Рим империясы, Ортағасырлық Еуропа, Ренессанстың өркендеуі кезіндегі Еуропа, перспектива, реализм, шынайылыққа жақын, нимб (нұр сәуле), путти, гравюра (нақыш), утопия.
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, қазақ тілі.
|
Алдыңғы оқу
|
Зертханалық жұмыс «Жергілікті жердің экожүйелерін зерттеу (мектеп ауласы мысалында)».
|
Сабақтың жоспары
|
Сабақ кезеңдері
|
Педагог әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
ДЖИГСО тәсілімен топқа бөлу. Тақырыпқа шығу үшін «Пазл» жинау арқылы тақырыпқа шығу, Топтастыру тесті арқылы үй тапсырмасын тексеру:
Бағалау парағын таратамын. Түрлі-түсті стикер арқылы өздерін бағалауға жетелейді.
Сұрақтарға жауап бере отырып, үй тапсырмасын қайталайды, жаңа тақырыпқа шығады
Өздерін бағалайды, түсінбей қалғандарға жедел көмек беріледі.
Жасыл түс- түсіндім, сары-жартылай түсіндім, қызыл-түсінбедім.
|
«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)
Қоғамның қозғаушы күшi ретiнде еңбектiң ролi атап көрсе-тiлдi, адамдардың iс-әрекет белсендiлiгi мен ақыл-ойдың тәуел-сiздiгi туралы идеялар басым сипатқа ие болды. Еркiндiк пен бостандық табиғи құқықтың ажырамас бөлiгi ретiнде қара-стырыла бастады. Бұл дүниеде адамның өз тағдырына өзi ие бола алатындығы туралы пiкiрлер буржуазиялық қатынастардың дамуына ықпал еттi. Қайта өрлеу дүниетанымында адам тағдыры оның тектiлiгi, атағы, қоғамдағы билеушi орны арқылы емес, оның жеке қасиетi мен iскерлiгi, белсендiлiгi, игiлiктi iстерi мен ойлары арқылы анықталуы тиiс деп есептелдi. Адамның ең басты қасиетi — азаматтылығы мен жалпы игiлiкке аянбай қызмет етуi туралы тезис үлкен мәнге ие болды. Жалпы игiлiк туралы ұғымға теңдiк пен әдiлдiк принциптерiне негiзделген мемлекеттiң республика-лық құрылымы теңестiрiлдi. Әдiлдiк пен теңдiк кепiлдiгi ретiнде заңдар шығару мен оны орындау айтылды. Қайта өрлеу дүние-танымында антикалық қоғамдық келiсiм концепциясы одан әрi жаңартылды. Соның көмегiмен мемлекеттiң пайда болу себебi мен мемлекеттiк билiктiң қажеттiлiгi түсiндiрiлдi. Реформация қайраткерлерiнiң көзқарастарында адамның өзiндiк құндылығы едәуiр басқаша қаралды. Яғни бұл туралы жазушы Пико делла Мирондол ² Адамның адамгершiлiгi туралы еңбегiнде² ² адамның ғажап, көтерiңкi мақсаты бар, ол сол мақсатына ұмтылады, ол өзiнiң қалағанына жетуi тиiс. Адамды әлемнiң заңдарын түсiну оның сұлулығын сүю, оның құдiрет-тiлiгiне таң қалу үшiн құдай жаратты. Адам өз еркiмен өседi және жетiле алады² деп көрсеттi. Бiрақ адамдардың өмiрiндегi маңызды мәселелердi шешуде өз құқықтары мен бостандықтары мойындалғанмен, реформациялық саяси-құқықтық ойдың бас-ты қайнар көздерi — қасиеттi кiтаптар, Библия және Жаңа Өси-ет болды. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiнiң саяси-құқықтық iлiмiнiң негiзгi белгiсi VI—XIII ғасырлардағы шiркеулiк-феодал-дық ой-көзқарасқа қарама-қарсы идеялары — оның шын сипа-ты болып табылады. Қала мәдениетi мен ой-танымында көрiне бастаған бұл нышан Қайта өрлеу дәуiрiнде одан әрi дамытылды. Қала байлары мен көпестерi және шiркеудiң ақшалай табыстарын бөлiсуге ұмтылған феодалдардың бiр тобы ақыл-ой еңбеккерлерiнiң қызметiне мұқтаж болды, өйткенi олар өздерiнiң шығармаларымен байлардың өмiрiн жандандыруы тиiс едi. Саяси қызмет пен басқару iсiнде де билiк адамдары шебер дипломаттарға, ақылды кеңесшiлерге, iс-жүргiзушiлерге, олар-дың iсiн ақтайтын және қорғайтын заңгерлерге деген зәрулiктi сезiндi. XVI—XVII ғасырлардағы жаратылыстану ғылымындағы та-быстар да феодалдық-шiркеулiк дүниетаным мен схолостикаға қарсы күресте туып келе жатқан жаңа топ өкiлдерiнiң мүддесiн қорғады. Осындай өзгерiстер нәтижесiнде саяси-құқықтық ойды зерттеудiң жаңа әдiстерi жасалынып, оны одан әрi дамытудың негiзiн қалаған жаңа идеялар мен көзқарастар пайда болды. Саяси-құқықтық ойдың бұл өрiсi келесi жүз жылдықтарда үздiк-сiз жалғаса және ұлғая келе саяси ғылымның бүгiнгi таңдағы жетiстiктерiне жеткiздi. Алдыңғы қатарлы философиялық және саяси-құқықтық ой өкiлдерi орта ғасырлық схолостика мен дүниетанымға қарсы кү-рес жүргiзе отырып саяси ойдың одан әрi дамуындағы кедергi-лердi жойды және қоғам туралы бұрынғы дәуiрге қарағанда неғұрлым дұрыс жалпы теориялық ұғымдардың қалыптасуына ықпал еттi. Бұның өзi ғылымды схолостикалық ой-пiкiрден тазартып қоғам және адам табиғатын танып-бiлуге жол ашты. Қайта өрлеу мен реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық ойдың үш бағытта дамығандығын байқау қиын емес. Оның бiрiншiсi — мемлекет пен саясаттағы жаңа көзқарасты анық-тайтын таза үлгiдегi саяси iлiм (Н. Макиавелли, Ж. Боден), екiн-шiсi — католик шiркеуiнiң ықпалынан шығуға ұмтылған гуманистiк идеялар (М. Лютер, Т. Мюнцер, Ж. Кальвин), үшiн-шiсi — антибуржуазиялық утопист-социалистердiң саяси-құқық-тық ойлары (Т. Мор, Т. Кампанелла). Алғашқы утопиялық iлiм жүйесi XVI ғасырдың басында пайда болды. Оның тұңғыш өкiлi Томас Мор (1478—1535) Лон-дон адвокатының отбасында дүниеге келдi. Оксфорд универ-ситетiнде терең бiлiм алған ол бiрқатар жоғары мемлекеттiк лауазымды қызметтер атқарды. Оның ² Утопия² (1516) атты шығармасында ойдан шығарылған Утопия аралындағы қоғамдық құрылыс адамзат тарихындағы алғашқы мiнсiз қоғам ретiнде дәрiптелiп, Англияның сол кездегi феодалдық тәртiбi аяусыз сынға ұшырады. Мордың айтуынша, жеке меншiк бар жерде әлеуметтiк тiршiлiктi жандандыру мүмкiн емес. Ол аталған шығармасында ² жеке меншiк бар жерде, дүниенiң бәрi ақшамен өлшенетiн жерде мемлекеттiк iстердiң дұрыс және ойдағыдай атқарылуы мүмкiн бола алар ма едi² деп жазды. Оның пiкiрiнше, Утопия аралындағы әлеуметтiк және саяси тәртiптер қоғамдық меншiк-ке, жалпыға бiрдей еңбек ету мiндеттiлiгiне, әлеуметтiк және саяси теңдiкке негiзделген. Арал тұрғындары ешқандай жетiс-пеушiлiктi сезiнбейдi, адамды адамның қанауы болмайды, олардың киiмдерi де бiрдей, сән-салтанат пен ысырапшылдыққа және артықшылыққа жол берiлмейдi. Бiр ғажабы Утопияда құлдық институты бар. Құлдар лас және ауыр жұмыстарды атқаруы тиiс. Олардың қатары соғыс тұтқындарынан, қылмыскерлерден, өлiм жазасына кесiлгендер-ден тұрады. Аралдың барлық тұрғындары егiншiлiкпен және қолөнермен айналысады, әр отбасының тапқан табысы қоғам-дық қорға өткiзiледi. Әркiм одан өзiнiң қажеттiлiгiне қарай ғана алып отырады. Утопия аралында бұқаралық билiк сайланбалы негiзде құрылған. Әрбiр 30 отбасы лауазымды тұлға-филорхты, 10 фи-лорх — бiр протофилорхты сайлайды. Ал филорхтар арнайы жиналыста жасырын дауыспен мемлекет басшысы — принцепстi сайлайды. Утопиядағы маңызды iстердi принцепс бiр жылға сай-ланатын сенаттың қатысуымен шешедi. Итальян ойшылы Томмазо Кампанелланың (1568—1639) ² Күн қаласы² шығармасында әлеуметтiк теңсiздiк пен жеке мен-шiктi жою, өндiрiс пен бөлiстi әдiлеттi түрде қоғамдық негiзде ұйымдастыру, еңбектi құрметтi және барлық адам үшiн мiндеттi деп тану туралы ойлар қамтылған. Кампанелла өз шығармасын солярийдiң қала-мемлекеттiк тұрмыс-тiршiлiгiн және қоғамдық өмiрiн сипаттаудан бастайды. Олардың бұқаралық билiк жүйесi үш тармақтан тұрады. Бiрiншi — әскери iс, екiншiсi — ғылым, үшiншiсi — өндiрiс саласы. Оның әрқайсысын өз атына лайық үш билеушi (Күш, Даналық, Сүйiспеншiлiк) басқарады, ал оларға өз кезегiнде үш бастықтан бағынады. Ең жоғары билiкте — бас билеушi Метафизик тұрады. Барлық мәселелер мен дауларда соңғы шешiм шығару соның қолында. Солярийлердiң үйлерi, киiмдерi, тамақтары, шұғылданатын кәсiптерi, қызығушылықтары, мүдделерi тiптi бос уақыттар мен ойлары да бiрдей. Барлығы да бiрдей еңбек етедi, бiрдей бiлiм алады және демалады. Олардың ұсақ-түйек тiршiлiктерiне дейiн бәрi есептелген. Тiптi жаңа туған сәбидiң де аты кездейсоқ қойылмайды. Әрбiр адамның қайталанбас ерекшелiгi, қызығу-шылығы, белсендiлiгi, ой еркiндiгi ерекше құндылыққа ие емес. Бұнда мемлекет мүддесi ғана басымдыққа ие. Утопист–социалистердiң аталған шығармаларында адам бос-тандығы мен еркiндiгi, құқықтары, олардың кепiлдiгi туралы мардымды ештеңе айтылмайды. Және олар өз шығармаларында көрсетiлген қоғамдық өмiрдi қалай орнату керектiгi, басқару формасы мен саяси режим туралы ой қозғамайды. Дегенмен, олардың мiнсiз мемлекет пен қоғам туралы ой-пiкiрлерiнiң теориялық негiзсiздiгiне, қиялилығына қарамастан одан кейiнгi социалистiк iлiмдердiң қалыптасуына ықпалын тигiздi. Қайта өрлеу мен Реформация дәуiрiндегi саяси-құқықтық ойдың гуманистiк сипатта болуы да католиктiк шiркеудiң үстемдiгi мен қыспағынан құтылуға ұмтылған адамдардың еркiндiк, бостандық туралы көзқарастарының жаңа мәнге ие болуына ықпал еттi. Бұл дәуiрдегi идеялар мен көзқарастардың өзiндiк ерекшелiгi мен әртүрлiлiгi және жаңа мазмұнға ие болуы жаңа замандағы саяси-құқықтық ойдың қалыптасуына әсер еттi
|
Оқушылардыі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.
|
Тапсырма орындауға қажетті құралдар, презентация, оқулық.
|
Ортасы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |