5-ші дәріс Оқытудың ұйымдастыру формалары Оқытуды ұйымдастырудың формасы



бет4/11
Дата15.10.2023
өлшемі43.22 Kb.
#480842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5-ші дәріс ворд

Конференция сабағы. Конференция ретінде өткізілетін сабақ түрі кейбір тақырыптарды тереңірек меңгерту, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатын көздейді. Сол үшін де семинар сабақтарына қарағанда, конференция түрінде өткізілетін оқу жұмысы ұсынылған әдебиеттер мен қосымша құралдардың көлемі кеңірек болады. Оны дайындау және өткізу тәртібі семинар сабағына ұқсас келеді. Бірақ, оқу конференциясында баяндамашылар мен сөйлеушілердің саны көбірек болуы қажет. Сондықтан, оған бірнеше параллель сыныптардың оқушыларын қатыстыруға болады.
Сынақ сабағы. Сынақ сабақтарын жоғары сынып оқушыларына енгізудегі мақсат – бағдарламадағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту, оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру. Сынақ сабақтары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ сабағы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі.
Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауаптары, бақылау және топтық практикалық-зертханалық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Баспасөз конференциясы – конференциялық сабақтың өзгертілген түрі. Баспасөз конференцияның ерекшелігі – сабаққа әр түрлі баспасөз - ақпарат құралдарының өкілдері мен атақты ғалымдар мен мамандардың шақырылуымен өткізіледі, бірақ мұнда көбінесе оқушылар аталмыш ақпарат – баспасөз өкілдері мен атақты ғалымдар, оқымыстылар, мамандар болып сөз алып, қарастырылып отырған мәселені жан-жақты «маман көзімен» қарауға үйретеді.
Қоғамдық білім байқауы – ой қорыту сабақтарының маңыздысы. Қоғамдық білім байқауына оқушылардың білімін тексеру үшін қоғамдық ұйым өкілдері келіп қатысып, оң бағасын береді. Мәселен, бұндай сабақтарға мектеп әкімшілігін, ата-аналар комитетін, пәнге, тақырыпқа байланысты құқық қорғау, денсаулық сақтау ұйымдары мекемелерінің, жоғары оқу орны ғалымдарын шақырып, оқушылар білімін жан-жақты сараптаудан өткізуге болады. Осындай қоғамдық білім байқауын үлкен тарауларды, тақырыптарды өткенде өткізген орынды.
Телекөпір – дәстүрлі емес сабақтың ең көп тараған түрлерінің бірі. Телекөпір – 2 немесе одан да көп мектеп оқушыларының телебайланыс арқылы сабақ өткізуі. Соңғы кезеңде телекөпір сабағы теледидардан берілетін хабарларды сабақ барысында талдау, нәтижесін шығару бағытында жүргізіліп келеді.
Мысалы, сабақта теледидардың макеті жасалынып, онда хабарлар беріледі. Хабарлар сабақтың тақырыбына байланысты «Таң қалмаңыз!», «Солай болған», «Егер де мен...», «Алдар көсе бізде қонақта» және т.б. болып беріледі де, оқушылар теледидар көрермендері болып сұрақ қойып, сұхбат жүргізіледі, нәтижесі талданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет