5-ші дәріс Оқытудың ұйымдастыру формалары Оқытуды ұйымдастырудың формасы



бет8/11
Дата15.10.2023
өлшемі43.22 Kb.
#480842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5-ші дәріс ворд

Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша сөзжұмбақ құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, ертегі құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т.б. машиналар арқылы өткізіледі. Сабақ құрылымы: үйге берілген тапсырманы тексеру; жаңа сабақ; бекіту; үйге тапсырма.
Олимпиадалар және байқаулар. Олимпиадалар аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар алдында өткізіледі. Қазір алуан түрлі олимпиадалар мен байқаулар ғаламтор желісінің көмегімен өткізіледі. Балалардың техникалық шығармашылығына арналған көрмелерде оқушылардың ең жақсы жұмыстары көрсетіледі.
Конференциялар. Олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге әзірленеді. Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конференцияны симпозиум түрінде өткізуге болады, онда мұғалім бір мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені шешу туралы өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады. Конференция туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мұғалім, не мамандар кеңес береді.
Конференцияның ұзақтығы 1-2 сағат. Бірнеше баяндама оқылады. Баяндаманы оқуға 7-10 минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер айтады және қосымшалар еңгізеді. Конференцияның соңында мұғалім қорытындылап, баяндамашылардың жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтірген, әдеби деректермен шектелмеген оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударылады.
Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін айтады. Конференция ересек жастағы оқушылар арасында өткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет