5-ші дәріс Оқытудың ұйымдастыру формалары Оқытуды ұйымдастырудың формасы



бет7/11
Дата15.10.2023
өлшемі43.22 Kb.
#480842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5-ші дәріс ворд

«Ойлан, тап!» сабағы – ойын сабағының ең маңыздысы. «Ойлан, тап!» сабағы – білімді жүйелеу, қайталау және тексеру сабақтарында пайдаланған ұтымды. Сабақтың ерекшелігі – сабақта қызықты шытырманды мәселелер қарастырылып, шешуін табуда оқушылардан терең білімді талап етеді.
Осындай «Ойлан, тап!» сабақтарының оқушылар үшін маңызы зор болады, өйткені олар көпке дейін оқушыларға үлкен ой салып, танымдық қызығушылықтарының артуына жол табады.
«Ойлан, тап!» сабағы әсіресе сыныптағы дарынды балалармен жұмыстар жүйесінің бастамасы болуға тиіс, себебі осындай сабақтар оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа итермелеп, олардың бойындағы жеке дара қабілеттерінің қалыптасуына жол ашады.
«Ғажайыптар алаңы» - ойын сабағының ерекше түрі. «Ғажайыптар алаңы» сабағы көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарын өткізгенде пайдалануға тиімді. Бұндай сабақтарға оқушылардың қызығушылығы өте жоғары, өйткені жеңімпаз оқушыны шағын «сыйлықтар» күтіп тұрады (қолдан, оқушылардың өздері жасаған бұйымдары, суреттері, макеттері).
«Жұлдызды сағат» сабағы – қайталау-пысықтау сабақтарында әрі білімді тексеру үшін, әрі білімді жүйелеу мақсатында өткізілетін ойын сабағының көптеп тараған түрі. «Жұлдызды сағат» сабағы белгілі бір тақырыпқа арналады, мысалы «Ғарыш әлемі», «Қазақтың ұлы ғұламалары» және т.б. тақырыптарда жүргізіледі.
Ойыншылардың саны алғашқыда 5-7 болады да, әр бөлім сайын ұпайы (жұлдызы) аз ойыншы ойыннан шығып отырады, ең соңында білімі терең, жеңімпаз ойыншы «Жұлдызды сағат» төрінен орын алып, ойынның жүргізілуі барысы, келешек туралы өз ойын білдіреді.
«Жұлдызды сағат» сабағы оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулиды, өйткені «Жұлдызды сағат» өтетін сабақтың тақырыбы оқушыларға алдын-ала тараудың басында 10-15 күн бұрын белгілі болады да, оқушылар берілген тақырыптар бойынша жан-жақты өз бетінше ізденіп, білімдерін толықтырады. «Жұлдызды сағат» сабағы оқушыларды өз бетінше ізденуге жетелейді.
Театр сабағы – сабақтағы өтілетін метариалдарды рөлдерге бөліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі.
Концерт сабағы – ән-күй, тіл сабақтарына жақсы келеді. Концерт сабағы сабақта оқушылардың ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнап, ол әндердің шығу тарихын білуге бағытталады.
Тренинг сабақ – белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі – тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек. Тренинг сабақтар оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады.
Саяхат сабағы – белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, көздеген жерге серуендеп бару негізіне құрылған сабақ. Саяхат сабағы «Ертегілер еліне», «Математика патшалығына», «Ғарыш әлеміне» және т.б. болып кете береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет