5-ші дәріс Оқытудың ұйымдастыру формалары Оқытуды ұйымдастырудың формасы



бет9/11
Дата15.10.2023
өлшемі43.22 Kb.
#480842
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5-ші дәріс ворд

Факультатив сабақтар. Ол міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқытады. Факультатив сабақ пен сабақтан тыс жұмыстарды байланыстырады, пәнді оқудан оған сәйкес келетін ғылымды оқу басталады. Білімдік міндеттер бойынша факультативтерде негізгі оқу пәндері терең оқылып, риторика, логика, шет тілі сияқты қосымша пәндер оқылады, мамандық беріледі.
Факультативтер теориялық және тәжірибелік түрде де өте алады. Оқушылар факультативтерді өздері таңдап алады, сондықтан олардың іс-әрекеті белсенді. Факультативтерге қызықтыру үшін мұғалім көкейтесті тақырыптарды, оқушыларға ыңғайлы іс-әрекет түрлерін таңдап, олардың ақыл-ойын, есін, қиялын, жеке қабілеттерін дамытатын құралдарды қолдану керек.
Пәндік үйірмелер, шеберханалар, зертханалар. Сабақта пәнді оқу бағдарламасынан да көбірек білгісі келетін оқушылар анықталады. Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатысады, оған қатарлас сынып оқушыларын да, әр жастағы оқушыларды да қабылдауға болады. Үйірмеге басшылық ететін пән мұғалімі болады.
Үйірмеде оқушылар курстың қызықты тақырыптарын тереңдетіп оқып, атақты ғалым, жазушылардың, басқа да қайраткерлердің өмірі және қызметімен, ғылым және техниканың жаңа жетістіктерімен танысып, ғалымдардың мерейтойларына, ғылыми жаңалықтарға арналған кештер өткізеді, техникалық модельдер жасап, биологиядан тәжірибе жұмыстарын жүргізеді, зерттеушілермен кездесулер ұйымдастырады.
Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар ұйымдастырылады, олар үйірмелердің жұмыстарын үйлестіріп, көпшілікке арналған іс-шаралар, байқаулар және олимпиадалар өткізеді. Кеңестер оқушыларға жеке тақырыптарды, бөлімдерді түсіну үшін беріледі. Кеңес кезінде оқушылар сұрақтар береді, өздері жауап беруге тырысады, мұғалімнің не шақырылған мамандардың берген түсініктерін тыңдайды. Ол сыныпқа, топқа, оқушыға беріледі.
Қорыта келе айтарымыз, осындай дәстүрлі емес сабақтарды оқушылардың танымдық қызығушылығы мен іскерлік шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға маңызы ерекше.
Экскурсия - табиғатта, өндіріс орындарында, музейде, т.б. жерлерде өткізілетін сабақ.
Экскурсияның мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін практикада жалғастыру, бекіту.
Экскурсия алдын-ала дайындықты талап етеді. Қайда барамыз?
Қандай мақсатпен?
Экскурсияның тақырыбы мен мақсаты, қауіпсіздік шаралары оқушыларға түсіндіріледі.
Экскурсия жоспары жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет