5 в 050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет8/14
Дата25.02.2016
өлшемі1.06 Mb.
#20418
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Мысал


Өлеңде немесе прозада бір тектес дауысты дыбысты қайталау. Бұл әдеби тілдің өркен-кестесіне әдемі ажар, айшық қосады. Сөздің айтылу әуезін, мәнін арттырып, бояу мен әсерлілігін күшейтеді. Мысалы, жазушының «Абай» операсында шырқалатын Айдар мен Ажардың дуэтінде «Жан жарым» өздеріне байланысы «ж» дыбысы бірнеше рет қайталанады: Бұл - аллитерацияға мысал бола алады.

Ал ассонансқа мысал ретінде: "е"дыбысының қайталануын айтуға болады.



Ей, жарым, жаным бірге жаныңменен,
Ей, жарым, құшағыңа-аләніңменен!
Ей, жарым, ұзақ дәурен сөнбес шырақ,
Ей, жарым, тілек етем барымменен!
Жан жарым, кетсін күңдер қаралы өткен,
Жан жарым, жас жанымды жарапы еткен.
Арманды асыл арай айырма деп,
Жан жарым, құшам сені зартілекпен!

(20 томдық шығармалар жинағы, 10-том, 414-бет).

Сондай -ақ, Жиембет жыраудың: Еңсегей бойлы ер Есім, Есім, сені есірткен- Есіл менің кеңесім, -деп басталатын толғауындағы "е" дыбысынан өрнек жасауын айтуға болады.
Эвфония - эвфонии, мн. нет, ж. (греч. euphonia). 
1. Благозвучие (книжн.). 
2. В литературном художественном произведении - подбор звуков, достигающий того или иного художественного эффекта, звукопись (лит.).; 

Подбор, организация звуков в поэтической речи, создающих определенный художественный эффект; построение художественного произведения с точки зрения его звучания, благозвучия (в литературоведении). 

Эвфония в "Слове"

ЭВФОНИЯ в «СЛОВЕ». В истории изучения С. благозвучие сначала понималось как ритмика (Ф. М. Колесса) или обычная тавтология типа повторения одного корня в словах разных частей речи (свѣтъ, свѣтлыи, думу думали — А. И. Соболевский)…



Энциклопедия "Слова о полку Игореве". - 1995.

Благозвучие, или эвфония (греч. εὐφωνόα), — проявление фоники, основанное на повторяемости звуков, звуковая организация художественной речи, чаще всего стихотворной, хотя данное понятие может относиться и к прозе.

В литературоведении так называется раздел поэтики, изучающий в стихотворениях качественную сторону речевых звуков, которая определяет конкретную эмоциональную окраску художественного произведения. Эвфонией можно назвать различные стилистические приёмы: ритм стиха, рифма, анафора, эпифора, аллитерация, ассонанс, диссонанс, а также все виды звуковых повторов.

Радиожурналистиканың ерекшелік сипаты

Радионың тілі мен стилі туралы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары алғашқы зерттеулер пайда бола бастады. Бұл кезде жекелеген шағын еңбектер, мақалалар жарияланды. Бірақ мұндай зерттеулерде көбіне алғашқы байқаулар мен тұжырымдар жасалады. Сондай-ақ, сол кездегі зерттеулерде көбінесе мәселені терең әрі жан-жақты қамти алмаушылық кездеседі. Алайда сол кездің өзінде-ақ қайсібір проблемалардың көтерілуі құптарлық еді. Алғашқы еңбектер «Говорит СССР», «Советское радио и телевидение» деген басылымдары жарияланды. Ой – пікірлер айтылды. Бұл – алғашқы ізденістер еді. Әлі анықталмаған мәселелерді қозғау, жаңадан теория мен тәжірибе жайын жолға қою ісі қолға алынды. Сөйтіп біріншілердің қатарына Бернштейн сияқты ғалымдар зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сонымен бірге, М.Зарва, В.Вакуров, В.Ружнеков, И.Андроников сияқты ғалымдар шықты. Бұлардың еңбектерінде радиодағы хабарға байланысты тақырыптар зерттелді. Одан соң да зерттеу аясы бірте-бірте кеңейіп, басқа да тақырыптар бойынша концепциялар қарастырылды. Бұл орайда радио тілі біржақты қарастырылмай, әдеби тілге және жалпы тіл заңдылықтарына байланысты алынды. Осы ретте орыстың атақты ғалымы, академик Виноградовтың әдеби тілі мен стилі туралы және теориясы туралы еңбектері пайдаланылды. Басқа да көптеген орыс ғалымдарының лингвистикалық еңбектеріне назар аударылады. Ал қазақ зерттеушілерінің еңбектеріне келетін болсақ, бастапқы кезде қазақ тілін жан-жақты зерттеген Ахмет Байтұрсынов еңбектерін айту керек. Байтұрсынов тілдік нормалардың жасалуы және заңдылықтары жөнінде еңбектер қалдырды. Сондай- ақ, «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде тілдің тазалығына және анықтығына, дәлдігі мен әуездігіне байланысты пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар жасады. Сонымен бірге, сөздің дыбысталуы мен айтылу мәнері туралы тоқталған. Ал осы айтылған жайлар – радио тілі мен стиліне байланысты алып қарауға байланысты мәселелер.

Келесі бір қазақтың академик ғалымы Қажым Жұмалиев «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» деген еңбегінде. Сондай- ақ «Стил – өнер ерекшелігі» деген еңбегінде, тіл, стилге орай ғылыми пікірлер айтқан. Сондай ғалымдар қатарына С.Аманжоловты, Н.Сауранбаевты, І. Кеңесбаевты, Ә.Хайдаровты, Р. Сыздықоваларды атауға болады. Осы секілді ғалымдар қазақ тілінің көптеген проблемаларын зерттеді. Сондықтан олардың еңбектерін де радионың тілі, стиліне қатысты түрде пайдалану керек. Журналистика саласында қазақша арнайы, дербес зерттелген еңбек жоқ деуге болды. Бірақ арғы- бергі зерттеушілер:

Х.Бекхожиннің, Т.Амандосовтың, Т.Қожакеевтың, Н.Омашевтың, Р.Сағымбековтың еңбектерінде қосымша тіл – стилге байланысты айтылатын мәселелерді пайдаланған жөн. Бір айта кететін нәрсе – радионың тілі, стилі туралы қазақша еңбектер жазып, зерттеу алдағы уақыттың ісі [1.53 б].

Радионың тілі  – қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, мәнерлі, әуезді болуы  керек. Сонымен бірге, радио  тілі 

зерттеушілердің пікірлеріне назар аударсақ,қосымша мына  жайларды аңғаруға болады. Мәселен,  ғалым А.Шнейдер өз еңбегіне: «кітаптың  тілі емес, газеттің тілі емес, сөйлеу тілі ғана радио тілі  болуы керек», - деді. Ал зерттеуші  Ю.Гальперин болса: «Радионың  табиғатының өзі сөйлеу тілін  қажет етеді»,- деген. 

Сондай –  ақ, Б.Михайлов: «Радио хабар тілі  – әдеби тілдің сөйлеу түрлеріне жатады», - дейді.

Тағы бір пікірді А.Фриш былай деп түйеді: «Оның (яғни, радионың) сапасы сөйлеуге байланысты» [1,53.б].

     Демек осы пікірлердің бәрін қорыта келгенде, үлген ұғымдағы «радио тілі» дегеніміз – сөзден, сөйлеуден, әнгімелесуден келіп құралады. Сол сөйлеудің бәрі жай ғана айтыла салмай, радионың, яғни, ақпарат құралының мақсатын орындауы керек. Сонда ғана сөйлеген сөздер «радио тіліне» айнала алады.

Тіл қолданудың өзіндік сырлары, жұмбақтары жетерлік. Радионың ерекшелігіне байланысты  дыбыс айрықша рөл атқарады. Радиодағы  ауызша сөз бен сөйлеу тілінің  мәні бар. Сондықтан сөйлеген 

дауысты жоғарылату мен төмендетудің және екпіннің,үн ырғағының радиодасөйлеу үшін орны бөлек. Дауыстың қандай дәрежеде болуының өзі  адамға әртүрлі әсер етеді.  Дыбыс акцентпен айтылған өз 

көңілге қонымды шығады. Естуге де  жағымды. 

Немесе тез сөйлеу  мен баяу сөйлеудің де әсері  өзгеше. Оның бәрі сөздің бейнелілігін, мәнерін, ұғымды жақсартатын құралдар. Тілді радиохабарларда орнымен, өзінің заңдылығымен қолдану тыңдаушыға оңды әсер етсе, керісінше дұрыс қолдана білмеу көңіл-күйге ыңғайсыз әсер беретіні белгілі.

Дауыс тербелісі сөз бояуын арттырады. Осылайша радиодан берілетін материалдар мен хабарларда белгілі бір ырғақпен сөйлеуші адамның ақпараты тыңдарманға әсерлі де, сенімді жеткізіледі.

Радио пайда бола бастаған уақыттардан бері радио тілі өз орнын иелену үстінде. Радио сөз сөйлеу монолог, диолог келуі мүмкін. Ал монолог дегеніміз не және ол радиода қалай беріледі?

Мысалы,монолог түрінде  микрафон алдындағы әңгіменің,  комментаридің, сөз сөйлеудің  және корреспондент әңгімесінің  көп бөлігі өтеді. Тіпті, 

кейде репортаждың өзі монолог түрінде беріледі.

Монолог – жеке адамның  өз сөзі, ойы болып табылады. Ол ешкіммен әңгімелеспей, көз алдында көрінбейтін, өзімен бірге отырмайтын адамға тіл қатқандай әсер қалдырады. Оның өзі етіп отырған ішкі ойларына қасында қолма-қол жауап беріп, сөзге араласушы немесе жауап беруші болмайды. Сондықтан монологды сұрау салу, жауап беру сияқты нәрселер бір адамның өз сөзімен ғана шектеліп, тиісті ой мақсатын орындап барып аяқталып отыруға тиіс.

Монолог – радионовелла, радиохат сияқты хабар түрлерінде  қолданылады. Монологты сөз  сөйлеушінің өзінің көңіл-күйі мен ішкі толғаныстарынан басқаша келетін түрі де бар. 

Ол хабарлау,баяндау тұрғысындағы  монолог. Мұнда оқиғаға сендіру  мақсатында оның жай-күйін логикалық тұрғыда дамыта мазмұндау қажет. Яғни, үгіттік сипаттау бар болуы мүмкін. Бұл орайда субьекті  мен объекті бөлініп, сөйлеуші  сөзі өзіне байланысты емес, керісінше басқа біреуге арналғандай болады. Оның өз адресі бар деген сөз. Монологты бір адам жүргізетін болғандықтан, көбіне-көп ол шешендікті, сөз тапқырлықты қажет етеді.

Бұған керісінше  диолог екі немесе одан  да көп адамның микрофон

алдында  сөйлесуі, әңгімелесуі. 

Радио тілінен жай сөйлеу тілін қалай айыруға болады? Радио тілі деңгейіне көтерілмеген сөйлеу тілі ресми емес, дайындықсыз болып келеді. Онда сөз қалай айтылса да  ерікті, ал тілдік бейнелеу құралдары  әбден сұрапталмаған, сөздің дәлдігі  мен 

толықтығы қажет бола бермейді. Сөйлеушілер сөз аяғын бітірмей-ақ, бір-бірін екпін, қимыл арқылы түсініп, аяқтай береді. Яғни, жартыкеш, аяқталмаған  ойлар, сөйлемдер орын алуы  мүмкін. Оның үстіне түсінбеген жайларды, сөздерді қайталап айтуа болады. Өйткені, ол сөздер эфирге айтылып жатқан жоқ.

Ал радио тілін дұрыс қолданамын деген сөйлеушілер бұл секілді жауапсыздықты, орынсыз сөйлеп, артық-ауыс әңгіме айтуды қаламайды. Күнделікті өмірдегі сөйлеу сөздерінде айтылатын әдеби, мәдени нормаға жатпайтын сөздер радио тілінде қолданылмайтыны түсінікті. Сөйлейтін сөз радиода негізгі қызмет атқарады. Ал «радио тілі» одан гөрі кеңірек. Себебі, радио тілінің өз заңдылықтары болады. Оның бәрі тәжірибеден, радио саласы  бойынша қалыптасудан туады. Демек,  радио тілін қарапайым 

түрде түсінбеу керек, оның өз алдына  ғылыми негізделген көптеген 

ерекшеліктері, сипаты бар. Ол бір ғана ұғымға сыймайды. Сондықтан радио 

тілін жан-жақты және жинақтап, кең ауқымда анықтау қажет. Сөз бен тілдің айырмашылығын білу керек. Тіл – сөзге қарағанда кең ұғым. Радио тілінің белгілі бір мақсаты, міндеті, жауапкершілігі болады. Қоғам мен адам алдында көтерер жүгі  мен атқарар қызметі зор.

Радио тілі – белгілі бір дәрежеде халықты әлеуметтік және өмірлік қажетін өтейтін тіл құралының өзіндік айрықша шарттары бар сала. Сөз де, сөйлеу де, әңгімелесу де – бәрі айналып келгенде тілге бағынышты. Тіл – ғылыми категория. Радиодағы сөйлеу, әңгімелесу тілден жаралып жатыр. Ал жайшылықта айтыла салған сөз радио тілі дәрежесіне көтерілмеуі мүмкін. Ол үшін сөздің мән-маңызы болуы керек.

Ауызша сөздерді  кәдімгі күнделікті нормасы сол  өзгермеген қалпында радиода қолдана беру жарасымсыз. Яғни, ауызша  сөздерді радиохабарларға 

үлгі ретінде қабылдап, көшірме жасаудың қажеті жоқ. Себебі ауызша сөздердің өзі радио қолданылғанда  іріктеліп,  керегіне қарай белгілі мөлшерде 

пайдаланып отырды. Ауызша сөздің өзін шексіз  әрі талғамсыз қолдану радиохабарлардың сапасын нашарлатады. Радио тілінің нормасын бұзды. Мысалы, көркем, әдеби драмалы хабарларда және мәтінсіз айтылатын хаттарда ауызша сөз тек қажетінше қолданылады да, артық мөлшерде қолдану орынсыз болып шығады. Сонымен бірге, ауызша сөзді мөлшерсіз қолдану радиохабарлардың көркемдігін төмендетеді. Сондықтан ауызша сөзді талапқа сай қолданғанда ғана сәтті пайдалануға болады. Қазіргі әдеби тілде ауызша сөздер мен радио сөздерінің жақындасуы байқалады. Мұның өзі радио тілінің күрделеніп келе жатқанын көрсетеді. Әрине радио өзіне қажетті мүмкіндіктерді жақсы пайдалану үшін ауызша сөзі, оңай айтылу, дыбыстану жүйесін қолданатыны белгілі. Осыдан келіп ауызша сөзді радиосөзге  айналдыра білу де өнер. Ол үшін фонетиканы, морфологияны, лексиканы, синтаксисті де қазақ тіліндегі заңдылықтарынан хабар болу керек. Сонда ғана радиода хабарлар дайындауда табысқа жетуге болады.

Ал радио сөздің нормасы және базасы қалай жасалады десек, бұл да өз алдына мәселе. Ауызша сөзді дамыта отырып, әсемдеп, көркемдеп, оралымды да, мағыналы түрде қолдана білу – радиосөзді жасайтын жол. Тілдік бояуларды арттыру үшін эпитет, метафора, теңеуді пайдалану тиімді. Сондай-ақ, қанатты сөздерді қолдану да радиосөзге ерекше әсер беріп, күшейтеді. Тындарманға тартымды сөз болып шығады.

Сонымен, радиосөздің нормасын жасайтын лингвистикалық база –ауызша сөздің стилистикасы  болып табылады. Бұған қоса айтар нәрсе, белгілі бір нормадағы  ауызша сөз –радиосөздің негізі болып есептелінеді.

Ал осы радиосөздердің жалпы жиынтығы: нормалары, стилистикасы, заңдылықтары, жүйесі, қалыптасуы мен  дамуы, тағы басқа көптеген  компоненттері радио тілін 

құрайды. Бұдан келіп шығатын  қорытынды не?

Демек, радиода хабарларды  оқып берудің қажеті жоқ. Тек қана 

әдістемелік бюллетендерді  немесе газеттің ресми ақпаратын ғана оқыған дұрыс. Ал басқа радиолекция, радиобаяндамаларды оқымау керек, ауызша айтып беру керек. Бұл ретте көркем материалдарды да оқудың арнайы тәсілдерін таппаса, ойдағыдай болып шықпайды. Радиохабарларда қолданылатын сөз жазбаша сөз емес (мысалы, кітаптағы секілді), негізінен ауызша сөз екенін естен шығармау керек. Мұны айтқанда мынаған назар аудару жөн. Жазбаша сөз – ауызша хабарламаның үлгісі бола алмайды. Ауызша сөздің өз орны бар, жазбаша сөздің де орны ерекше. Әрқайсысы өзіне тән жағдайда ғана қолданылатыны орынды. Радиода ауызша сөздің әсері мол.

Әсіресе, шеберлікпен сөйлеген сөздер тыңдарманға әсер етпей қоймайды. Шешендік стильдің қажеттігі де осында. Ал радиодағы сөз тыңдаушыға әсер етсе, онда сол хабардың да  жақсы дайындалғандығын  көрсетеді.

Олег Табаков: «Радиода  көбінесе актерлік штамптан қашуға тура келеді. Оның сахна - экранға қойылатын талаптан айырмашалығы соншалық, актерлік ойнау шеберлігі басқа қырынан танылады, яғни дыбыстық образ жасауға  көп көңіл бөлінеді» - деді [2.41 б.].

Хабар дайындағанда әртүрлі  сала бойынша: өндіріс жұмысына немесе ауыл шаруашылық мамандарына арналуы  мүмкін.  Сондай-ақ, дәрігер, мұғалім, өнер адамына арналуы мүмкін. Ал жас ерекшелігіне сай зейнеткер, қызметкер, студент, мектеп оқушысы, балалар бақшасына  арнап дегендей... Осындай топтарға тіл, стиль ерекшелігін қолданып, хабарлар дайындау керек.

Стиль – гректің «жазу құралы»  деген сөзінен шыққан термин. Ертедегі римдіктер бір ұшы сүйір, бір  ұшы ағаш кішкене таяқшаны тақтаға сөз жазу үшін қолданып, оны «стиль» деп  атаған. Стиль тіл ғылымына, лингвистикаға сүйенеді. Яғни, тілді қолдану сипатына қарай  стиль туып, қалыптасады.  Стиль  тіл біліміне қатысты бола отырып, өз алдына мақсат-міндеті бар, пән  ретінде қарастырылады.

Тілдің көркемдегіш, бейнелегіш, мәнерлі, әсерлі мән беретін құралдарын стилистика дейміз.  Стиль – көркемдеп  сөз сөйлеуді, ойды айтуды мақсатына қарай әсерлі, мәнерлі жеткізудің тілдік амал-тәсілдерінің жиынтығы. Тілдік дыбыстардың, грамматикалық тұлғалардың, сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің қалыптасқан жүйесі. Стиль – шығармашылық  ерекшеліктерді білдіреді.

Әдетте, сөйлеу тілінің стилі болады және жазба тілдің стилі болады. Стиль түрлері: 1. Әдеби стиль. 2. Ғылыми  стиль. 3. Публицистикалық стиль. 4. Ресми  стиль болып  бөлінеді. 5. Көркем әдебиет стилі.

Стиль туралы ғылымдар әр кезде пікірлер айтқан. Мысалы: Бюффон: «Стиль дегеніміз  – адам» дейді. Ал ертедегі ойшыл Платон болса: «Мінез қандай болса, стиль де сондай» деген. Орыс академигі В.Виноградов пен қазақ академигі Қажым Жұмалиев стиль туралы көп зерттеген. В.Виноградовтың «Авторлық проблема және стильдер теориясы» деген, Қ. Жұмалиевтің  «Стиль – өнер ерекшелігі» деген еңбектері  құнды зерттеулер. Стиль бірден қалыптаспайды. Оның бастауы, дамуы, қалыптасуы сияқты кезеңдері болуы заңды. Стиль  көбіне жазушы, журналистерде айқын көрінеді. Көркем шығарма мен публицистикадағы стильдің өзіндік айырмашылығы бар.  Публицистикалық стильге  баспасөзді, радио мен телевидениені, яғни барлық  ақпарат құралдарының тілдерін жатқызуа болады. Бірақ бұлардың өзінде стиль әрқайсына тән белгілерімен, сипатымен ерекшеленіп қолданады [1.58 б.].

Сондай-ақ, ұлттың тілінде өзіндік стиль өрнектері жүйеленеді. Ал үлкен масштабтағы әдеби ағымдар мен әдістерде де стиль қалыптасады. Сонымен бірге, әрбір жеке шығарма  иесінің басқаға ұқсамайтын жеке стилі кездесуі мүмкін. Олардың өздерінің дара қолтаңбасы болады.  Қазақ тілінің  қазіргі стильдік  тармақтары  ауыз әдебиетінен басталып, әсіресе ХІХ ғасырда қазақ баспасөзінің  пайда болуына  байланысты жазба түрдегі стильдер қоғамда әртүрлі салалар бойынша дами бастады. Сол кезде қазақ тілінде мерзімді баспасөздің шығуы публицистикалық стильді өмірге келді. Шоқан, Абай, Ыбырай шығармаларындағы публицистикалық стиль де белгілі.

Публицистика стилін оның жанрларынан  да көруге болады. Демек, әр жанрдың  өзіндік стилі бар. Мәселен, очерк  пен фельетонның стилі бірдей емес. Онда қолданатын сөздер де, сөйлемдер  де өзінше. Фельетонда сатиралы уытты сөздер мен тіл қолданылса, очеркте жағымды, ұнамды жайларға байланысты көркем сөз бен тіл қолданылады. Радиохабарлар стилінде сөйлеу тіліне сай екшеленген, сұрыпталған әуезді, әуенді, сазды, интонациялы, мәнерлі, айшықты фразалар, сөз тіркестері пайдаланылады. Сонымен бірге, фразалардың ұзын-қысқалығын байқап, сөздердің ретімен құрастырылуы қажет. Лексиканы дұрыс пайдалану мен дұрыс бейнелеуге назар аударған жөн. Әрбір аудиторияға терминнің  түсінікті түрін ескеру мен фразаларды түсінуге қолайлылығы мен айтуға қолайлылығын ескеру  – стильді радиоға бейімдейді. Цифрларды түсіндіре білу қажет. Радиостильге қатысы бар, көңіл-күйге әсер ететін факторлар қатарында айтылар сөзді көңіл-күйге әсер ететін  бояуларын, лиризмді байқау керек. Сондай-ақ, ауызша және жазбаша сөздің ара қатынасын қарау жөн. 

Сөз нешінші жақта айтылмақ? (І-ІІ-ІІІ-жақтарда).

Монолог немесе диалог түріндегі сөздер ме? Бұларды да стильге әсер ететінін ұмытпау лазым. Радиодағы стильдің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тағы бір сипаттарына мыналарды жатқызуа болады; хабардың түрлері қалай берілуі тиіс?

Айталық, оны жүргізілу, жеткізілу  бағыты қандай? Мысалы, үгіттік мақсатта ма, түсіндірушілік мақсатта ма,  баяндау  мақсатында ма, хабарлау  мақсатында ма? Бұлардың да бір-біріне ұқсамайтын ішкі  стильдік айырмашылықтары  бар. Көркем радиохабарлар мен жаңалықтар немесе соңғы хабарлар, сондай-ақ саяси  хабарлар стилі де  бірдей болмайды. Мұны радиожурналистер жіті ажырата  білуге тиіс.

«Әдеби тіл талай ғасырлардан бері пайда болып, дамып келе жатқан лингвистика саласы. Оның қалыптасуы да бірден  бола қалмаған және  алдағы уақытта да  жалғаса беретін процесс. Әдеби тілдің пайда болу кездерін тіл зерттеуші ғалымдар былайша жүйелейді: 1. Ауызекі әдеби тіл. 2. Ауыз әдебиетінен. 3. Орхон-Енисей-Талас ескерткіштері жазбаларынан. 4. Түркі тілдері жазушыларының қыпшақ тобынан.

Қазақ әдеби тілінің қалыптаса бастауы Х-ХІ ғасырлардағы қазақ  хандығы құрылып, өз алдына мемлекет болуынан профессионал-кәсіби дәрежеге ұштасады. Алғашқы қазақ хандары  басқа елдермен қарым-қатынаста  жазбаша хаттар мен хат-хабар  алмасып тұрған. Мемлекеттік жарлықтар, заңдарды жазуға түсірген. Осылардың  бәрінде әдеби тілдің көптеген белгілері  бар еді. Армениядағы Матенадаранда  қыпшақ жазулары сақталған.

Ал әдеби тілді қалыптастыруда, әсіресе, ақын-жазушылар поэзиясы ерекше рөл атқарады. Сонау Х-ХІІІ ғасырлардағы Шалкиіз, Асанқайғы, Доспанбет, Қазтуған, Бұхарлардың өлең-жырларында әдеби  тіл қолданылады, көркемдік бояулар  айқын көрінді.

Жалпы қай халықтың болса да әдеби  тілі дамуы үшін жазудың орны ерекше, жазу арқылы жазба әдеби тіл қалыптасады.

Зерттеушілер әдеби тілдің қалыптасу  жолдары мен кезеңдерін бірнешеге  бөледі. Алайда солардың ішінде көкейге  қонатыны  – ұлт болып қалыптасқанға дейінгі және ұлт болып қалыптасқаннан кейінгі әдеби тіл туралы ұғым. Әрбір халықтың өзіндік ұлттык әдеби тілі болуы тиіс. Қазақ әдеби тілі, әсіресе ХІХ ғасырда Ы. Алтынсарин мен Абай шығармашылығына байланысты жаңа сатыға көтеріліп дамыды. Бұл кезде тұңғыш ғалымымыз Шоқанның да жазбаларының әжептәуір әсері болды.

Осы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни 1870 жылы жарық  көрген «Түркістан уалаяты газеті» мен 1888 жылы жарық  көрген «Дала уалаятының газеті» әдеби тілді дамытуа үлес қосты. Бұл газеттерде  әдеби, ғылыми, публицистикалық  материалдар, шығармалар жарияланып тұрды, әдеби тіл кеңінен қолданылды.

Әдеби тіл әдеттегі жай тіл емес, ол халық тілінің әбден сұрыпталған, іріктелген, елеп-екшелген, талдап-талданған  түрі. Әдеби тілдің белгілі бір заңдылықтары мен нормалары бар. Мәселен,  лексикалық нормалар, грамматикалық  нормалар, орфографиялық және орфоэпиялық  нормалар  сақталып отыруы тиіс.

Сонымен бірге, әдеби тілдің мәдени нормалары да ұмытылмауы қажет. Сөздердің  мәдени маңызы мен мәні әрқашан ескерілгені  жөн. Бұл орайдағы әдеби тіл мәдениетінің жауапкершілігін әрбір журналист ескеруі керек. Хабарлар дайындалғанда, материалдар жазғанда қалам иелері өз шығармашылығында әдеби тілдің інжу-маржанын пайдаланады. Шығарманы немесе хабарды  тілдік бояулармен көркемдеуде, безендіруде, суреттеуде, бейнелеуде – әдеби  тілдің алатын орны шексіз. Ал оны шеберлікпен, тапқырлықпен қолдана білу жазушы мен журналистің өзіне көп байланысты. Яғни, әдеби көркемдік бейнелеу құралдары үшін де қажет категория.

Ал радиохабарларында әдеби тілді қолдану сипаты қандай десек, мына жайларды айтып өткен  жөн. Әдеби тіл – әдеби драмалы хабарлардың бояуын арттырады. Қандай хабарлардың  болса да тартымды, қызықты тілмен берілуін қамтамасыз  етеді. Яғни, хабарлардың, материалдардың, мәтіндердің шығармашылық сапасын көтереді. 

Сондай-ақ, әдеби тіл радио тыңдаушының  көңіл-күйін сезіміне әсер ету құралы ретінде аса пайдалы. Нәзік нақышты, астарлы ойлы, сырлы  сазды фразалар мен тіркестер  құруға  мүмкіндік  береді. Әдеби  тілдің  тағы бір  эфирдегі қажетті  сипаты – ұнамды тіл оралымдары мен сауатты да, мәдени тілді орнымен қолдану радиохабарларын дайындауда табысқа  жеткізетін  жолдардың  бірі.

Ауызша әдеби тіл мен  жазбаша әдеби тілді радиохабарларда 

шеберлікпен пайдалана білудің жөні бөлек. Әдеби тіл өмірді, қоғамның барлық салаларында бүгінде кеңінен қолданылып келеді. Саяси, ғылыми, экономикалық, мәдени және әдебиет пен өнер саласында әдеби тілсіз іс  атқарылмайды. Барлық ақпарат құралдарының барлық түрлерінде әдеби тіл күнделікті әрі үздіксіз пайдаланылады. Сонымен бірге, әдеби тіл халықпен бірге жасасып, болашақта да  өсіп-өркендеп, дами береді.


Семинар сұрақтары:

Газет жанрларының тілі мен стилін әсерлеу жолдары.

А. Байтұрсыновтың әсерлеуге берген анықтамасы. Тілдік шеберліктің сипатын білдіретін әдіс-тәсілдерін екі топқа бөліп қарастыру. Мақал-мәтел, қанатты сөздердің стильдік қызметі. Экспрессивті тұрақты сөз тіркестері. Көркемдегіш, бейнелегіш құралдардың жасалуы, оның құрылымдық түзілісі, бұл құралдардың лексикалық, грамматикалық ерекшелігі неде деген мәселелерді газет материалдарымен байланыстыра оқыту тиімділігі. Күнделікті газет бетіндегі қарапайым сөздердің өзі де қолдануда стильдік жағынан құбыла алатындығына көз жеткізу. Баспасөзде суреттеме құралдарды пайдалану сол тілдің мәнерлілігі мен көркемдігін, икемділігі мен бейімділігін, анықтылығы мен нақтылығын көрсетуде тиімділігіне көз жеткізу. Тілдің көркемдегіш құралдарын оқытуда оның қалай жасалатындығын, қалай қолданылатындығын және стильдік ерекшеліктерін таныстыру.




10-ДӘРІС

РАДИО АУДИТОРИЯСЫ. РАДИОХАБАР ТАРАТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

  • Радионың аудиториясы

  • Аудиторияны зерттеудің әдіс-тәсілдері мен пішіндері

  • Радионың экономикасы

  • Эфирдегі хабарлардың рейтингісі

Радионың аудиториясы

Әлемнің бүгінгі келбетін коммуникация айқындайды. Ол қаншалықты жақсы дамып, өскелең сұраныстарды қанағаттандырса, арзан әрі сапалы болса, сол қоғам ашық деп есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда ашық экономикалық саясат орнығып, меншік формаларының қатар өмір сүруіне жол ашылды, техника мен технологиялар нарығы қалыптасты. Бірақ, бүгінгі БАҚ күрделі жанды организм және ол көп бағытты. Оның бір жағында шығармашылық ұжым, олардың ізденісі мен ұстанған бағыт-бағдары тұрса, екінші жағында одан да күрделі аудиториясы тұр.

Бұқаралық коммуникация құралдарының арасында радионың мүмкіндігі кең, әрі таралуы еркін. Радиосигналдың жетпейтін жері жоқ, аз шығынмен оны қандай қашықтыққа болсын жеткізуге болады. Тіпті телевизияның мұндай қамтуға техникалық мүмкіндігі шектеулі. Шағын қуатты күшейткіштер телевизиялық сигналды ары кетсе 5-10 шақырым радиусқа жеткізеді, ал сол қуатпен радиосигнал одан ондаған есе қашықтыққа тарайды. Мұны социологиялық зерттеулер де дәлелдеп отыр. БАҚ саласында мониторинг жүргізумен айналысатын "Гэллап медиа Азия" фирмасының мағлұматтары бойынша қазақстандықтар радионы орташа 220 минут тыңдаса, телевизияны 176 минут көреді. Орташа тәуліктік тыңдармандар саны 500 мыңға дейін жетеді. Яғни, әрбір үшінші қазақстандық радионың күнделікті белсенді тыңдаушысы болып табылады. Радио адамдардың сенімді серіктесіне айналып, күнделікті тыныс тіршілігіне біте қайнасып араласып кеткен, әлеммен және айналасымен қарым-қатынастың қайнар көзіне айналған.

Радионың мұндай кең ауқымды таралуы оның физикалық және психологиялық табиғатынан туындайды:



  • Біріншіден, ақпарат жеткізетін электромагнитті тербелістер радиокүшейткіш қуаты жететін аумақты түгел қамтиды, яғни
    радиохабарлар барлық жерге дерлік еркін жетеді;

  • Екіншіден, радиосигналды бірқалыпты және сапалы қабылдайтын қазіргі заманғы қабылдағыштар шағын ғана болып келеді, әрі қуатты үнемді пайдаланады, соның есебінен адам кез келген жағдайда, тәулік бойы радиотолқынға құлақ түріп жүре алады.

Радиоақпараттың аудиториямен қатынасы әр уақытта осылай болған жоқ, ол тарихи бірнеше кезеңді бастан кешіріп барып қалыптасты. Алғашқы радиохабарлар топтық (ұжымдық) сипатта болды, алаңдар мен көшеде, клубтар мен жиындарда тыңдауға бағытталды. 40-50-жылдары радио отбасылық сипат ала бастады, енді оны әр шаңырақта жеке тыңдайтын болдық. Ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне сай радио шағын ғана құралға айналды, сондықтан қазір ол көбіне жеке қабылдағыш ретінде пайдаланылатын болды. Радионы қазір көбіне үйде, көлікте, жолда, жұмыста тыңдаймыз. Оның аудиторияға бағытталуы өзгеруіне байланысты хабар тарату стилі де күрделі өзгерістерге ұшырады, алғашқы ұрандау, үндеу тәсілінен жақын, жылы қарым-қатынасқа дейін жетілді, қазір адамдардың көңілін аулау, демеуге, эмоциялық тепе-теңдікке жетуіне бейімділік танытып келеді.

Радиохабар тарату бүгінде кең аудиторияға бағытталады және оны екі категорияға бөлуге болады. Бірінші - мүмкін аудитория, яғни радиохабар аумағының барлығы соған жатады. Екінші - нақты аудитория, сол станция хабарларын ұдайы тыңдап, "өзінікі" санайтын тыңдармандар. Алғашқысы көбіне техникалық мүмкіндігімен байланысты болса, нақты аудитория уақыт өте келе, көбіне радиоарнаның шығармашылық күш-қуаты мен қарымына байланысты қалыптасады. Тиісінше, нақты аудитория радиостанцияның беделін, тартымдылығын, рейтингін және соған орай жарнама тарту мүмкіндігін айқындайды.

Арнаның табысты болуын айқындайтын факторлардың бірі радиожурналист пен тыңдарман арасындағы карым-қатынастың ерекшелігінен туындайды.

Радионың аудиториясы кеңістікте шашырап жатыр, соған қарамастан оның жиынтық белгілері де жоқ емес. Радио миллиондар аудиториясына бағытталғанымен, оны көбіне жеке немесе шағын топ болып тыңдайды. Сондықтан да журналистің әуе толқынындағы әңгімесі солардың әрқайсысының жүрегіне жеке жол табуы тиіс. Барлық аудиторияның сұраныстары мен қажеттіліктерін дөп басу, ортақ тақырып таңдау, оларға қызықты әңгіме қозғау, көңіл күйін табу, соған сәйкес қарым-қатынас стилін қалыптастыру журналистен кәсіби біліктілік пен білімді, парасаттылықты талап етеді. Аудитория дөрекілік пен менсінбеушілікті кешірмейді, мүмкіндігінше жылы сөйлеп, жоғары мәдениет таныту керек. Сонда ғана екі арадағы қатынас сенімге ие болады, хабар ашыла түседі, діттеген мақсатына жетеді.

Радионың аудиториясы тек қана шашыраңқы емес, сонымен бірге психологиялық әркелкі де. Өйткені, сол сәттегі тыңдарманның көңіл күйі әртүрлі болып келеді және хабар тыңдаудағы мақсаты, оны жетектеген мотив әрқалай болып жатады. Біреу ақпарат алғысы келеді, екіншісі көңіл көтеруге бейім, енді біреу тілдесуге, сұхбаттасуға зәру. Міне, осының бәрінің ортақ белгісін тауып, көңіл хошын қанағаттандыру, назарын аудару күрделі психологиялық міндет. Радиохабардың тағы бір ерекшелігі — ол көбіне бір бағытты, тыңдарманына қарай бағытталған, кері байланыс жоқтың қасы, телефонмен мыңнан біреулер ғана хабарға қатысып жатады. Яғни, эмоциялық шарпу, түйісу сәтін эфирдегі автор сезіне қоймайды. Театр мен концерттегі көңіл-күй ахуалы басқаша, аудитория реакциясы сезіліп тұрады, соған байланысты өнер иесі өз бағдарламасын реттеп отырады. Ал, радиоэфирдегі әңгіме құмға сіңген судай әсер қалдыруы мүмкін. Көпжылдық тәжірибе оның қате екендігін дәлелдеді. Журналист үшін көз алдыңда жоқ "сағым" аудиторияны сезіну екінің бірі қол жеткізе бермейтін қасиет, ол шығармашылық жанның дарынымен қатар жүреді. Осы арада қазақ радиожурналистикасындағы белгілі тұлға Әнуарбек Байжанбаев феноменін еске алудың реті келіп тұр. Бір жылдары бүкіл тыңдарман Қазақ радиосын осы диктор арқылы танып, білді, оқыған хабарларын ұйып тыңдады, содан оның айтқандарына деген сенім орнықты, "менікі" деген меншіктік сезім, жақындық қалыптасты. Тіпті, жүздеген адам еңбек ететін шығармашылық ұжымға хат жазса да Әнекеңнің атына жазды, жүзін көрмесе де мұңын айтты, көңілін ақтарды, танымаса да көмек сұрады. Міне, "ғайып" тыңдарманмен психологиялық қарым-қатынас орната білудің құдіреті, жандылығы.

Тағы бір мысал. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті студенттерінің белгілі ресейлік тележүргізуші Александра Буратаевамен (қасаң стереотипті, көпжылдық сеңді бұзып, Ресей телеэфирінде «титулды» ұлттан басқа да ұлт өкілдерінің жүргізуші бола алатындығын дәлелдеген, сауатты сөйлеуімен және өзіне ғана тән психологиялық иірімдерін таба білген, телеэкранның ажарын ашқан, сөйтіп мыңдаған көрерменін жанына жақын тұтқан өнер иесі, қазір үлкен саясатпен айналысып жүр, Ресей Мемлекеттік думасының депутаты) кездесу кезінде мынадай естелік айтылды. Аймақтық телеарнаның жүргізушісі болып жүрген Буратаева Мәскеудегі телерадио қызметкерлерінің білімін жетілдіру курсында дәрістер тыңдайды. Дикторлық істің майталман шеберлері мастер-класс өткізеді. Біз "радиоға шығасың" дегенде олпы-солпы киініп, қалай болса солай бара салатынбыз, - деп еске түсірді А.Буратаева. Тәжірибелі дикторлар болса, дайындықсыз микрофон алдына отырмайды, тіпті тыңдарманы көрініп тұрмаса да, еріндерін бояп, шаштарын түзеп қана эфирге шығатындығын өнеге етіп, көрсеткен көрінеді. Яғни, эфир алдындағы психологиялық көңіл-күй мен алыс тыңдарманды сезінудің өзі радиожурналистің шығармашылық шабытын қозғайды, жігерлендіреді, кері байланыстың жауапкершілігін сезіндіреді. Журналист қай уақытта да осыған дайын болуы, яғни өзін тез өзгертіп, бейімдей қоюы қазіргі заманғы кәсіби талаптың бірі. Өкінішке орай, бүгінгі эфирде мұндай жауапкершілік әркез сақтала бермейді. Көбіне эфир уақытын толтыруды ғана мақсат тұтатын ұзынсонар мәнсіз әңгімелер, боссөзділік, заржақтық, жеңіл күлкі мен саяз ой, тіпті тақырыптың өзін жеңіл таңдауы, оның ашылмауы жиі кездесіп жүр.

Аудиториямен катынаста радиостанцияның бағдарламалық түрі, бүгінгі ұғымдағы форматы маңызды рөл атқарады. Соған байланысты радиоарналар аудиториясын шамалап, тақырыптарын таңдайды, бағдарламалар кестесін түзеді, стилін қалыптастырады, ортақ талаптарына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа тартады. Қазір бізде Қазақ радиосы ғана қоғамдық-саяси радиостанция болып табылады және форматы жағынан ақпараттық-сазды болып келеді. Басқа радиостанциялардың барлығы дерлік музыкалық форматты алдыңғы қатарға шығарған, ақпараттардың үлес алмағы өте аз, арнайы сараптамалық бағдарламалары жоқ. Соның ішінде, "Шалқар" радиосы көбіне "Алтын қордағы" материалдарды қайталап ұсынады, музыканы көп таратады. "Ретро" радиосы өткен жылдардың музыкасын еске салып отырады. "Авторадионың" тыңдарманы көбіне жүргізушілер мен жолаушылар болғандықтан соларға қатысты ақпарат пен жарнаманы көп береді. Басқа радиостанциялар белгілі бір музыкалық бағытқа және аудиторияға бағытталған саясат жүргізеді.

Радиохабарын қабылдау көптеген психологиялық факторлардың басын қосатын өзгермелі де карқынды процесс. Радионы тыңдаудың өзіндік ерекшелігі бар және оны төмендегідей типтерге бөлуге болады.

Тыңдарман-іздеуші радиоқабылдағышты бұрап отырып, өзінің рухани сұранысына және эмоциялық көңіл-күйіне байланысты арнаны таңдайды.

Радиохабарды негізгі іспен айналысып жүріп, саналы түрде қабылдамай екінші қатарда тыңдауға да болады, бұл фондық деп аталады. Яғни, радиодан тарап жатқан сөз бен сазға аса зейін қоя бермейсіз, бірақ не айтылып жатқаны көмескі болса да белгілі, қажет жағдайда назарыңызды аударып, толыққанды тыңдарманға ауыса аласыз.



Іріктеп тыңдау - әркім талғамына сай өзін қызықтыратын мағлұматтар мен хабарларды іздеп отырып тыңдайды, зейін қойып, саналы қабылдайды.

Мақсатты тыңдау - ақпаратты тыңдауға барынша назар аударылады. Күнделікті кестедегі уақытын күтіп отырып тыңдайсыз. Болмаса белгілі бір авторлардың эфирге шығуын күтесіз. Ауа райы туралы деректің өзіне мақсатты түрде назар аударасыз. Яғни, психологиялық күш-қуатыңыз хабарды толық тыңдап, қабылдауға жұмсалады.

Әрине, аталған типтер таза күйінде сирек кездеседі, көбіне араласып кетеді, бір күйден екіншісіне ауысады.

Қазіргі ақпараттық тасқын жағдайында адамның санасы сырттан келетін қысымды шектеп, таңдап, екшейтін қабылдауға бейімделуде. Үнемді ойлау принципіне сай маңызды, қажет деген ақпаратқа психологиялық күш жұмсалып, жадыда сақталады да, кейбір мағлұматтар назардан тыс қалады. Сондықтан, радиожурналист үшін аудиторияның талап-тілегін ескеру, назарына ілігетін ақпаратты ғана жеткізу оңай шаруа емес. Осыны ескеріп, радиоарналар өз аудиториясын шектеуге, дұрысы нақтылауға ұмтылып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет