5 в 050400 «Журналистика» мамандығына арналған


Радиожурналистиканың талдамалы жанрларының бірі - радиошолу



бет7/14
Дата25.02.2016
өлшемі1.06 Mb.
#20418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Радиожурналистиканың талдамалы жанрларының бірі - радиошолу. Аудиторияға оқиғаның болып жатқанынан ғана хабардар ететін ақпарат жеткіліксіз, сонымен қатар, болған окиғаның о баста неден шыққанын, негізгі себеп-салдарын, жай-жапсарын тәптіштеп түсіндіретін, оның ақыры не болатынына болжам жасайтын нақты, әрі жан-жақты мәлімдемелер керек. Радиошолу жанрына деген қажеттілік осы тұрғыдан байқалады. Радиошолу - аса маңызды, әрі жауапкершілік жүгі ауыр жанр. Шолу жасайтын адам оқиғаның құнды, әрі мәнді тұстарын дереу аңғарып, олардың өзара байланыстарын анықтап, алды-артын аңғарып, келешегіне көз жүгіртіп, аталмыш оқиғаға қатысты барлық мәселені талдап-сараптап, өз тарапынан пікір білдіріп, қандай да бір қорытынды жасап, ой айтуға міндетті. Бұл ретте журналист өз пікірін обьективті арнаға бұруы тиіс. Өйткені, радиошолу арқылы тыңдарманның қандай да бір оқиға немесе құбылыс турасында нақты бір пікірі қалыптасады. Радиошолушы өзінің үн ырғағы, сөйлеу мәнері арқылы оқиғаға деген көзқарасын танытады, көңіл-күйін аңғартады.

"Очерктің радиода өзіндік "бейімделуі" біртіндеп жүрді. Очерк жанрының Қазақ радиосынан ресми түрде аталуы 30-жылдардың соңына қарай болды. Осылайша радиоочерктің 30-жылдары радиожанры ретінде Қазақстан эфиріне шыққаны ақиқат.

Деректі жанр акустика әлеміне келіп, әдеттен тыс "ортаға" бейімделді. Очерк те, әңгіме, интервью, әңгімелесу сияқты радиода эволюциялық жолдан өтті. Радиоочерктің қалыптасуы екі бағытта жүрді. Бірінші: "оның тілі әдеби-сөйлеу тіліне біртіндеп жақындай берді. Екінші: оның сөздік қорына онсыз радио өмір сүре алмайтын қосымша элементтер келіп қосылды... Олар бейнелі, көркем сөзбен етене ұштаса отырып, осы әдеби жанрдың мүмкіндіктерін кеңейтті, оны жаңа бейнелеу құралдарымен байытты".

Радиожурналистиканың деректі-көркем жанры болып табылатын радиоочерк заман тынысын танытатын айтулы оқиғалар туралы, өмірде, өнерде, еңбек белесінде өзінің жүріп өткен жолымен үлгі-өнеге болған қаһармандар жайлы әуе толқынынан әдемі сыр шертті. Қазіргі таңда радиоочерк жазатын журналистер кемде-кем. Олар өз кейіпкерлерінен көбіне-көп тікелей эфирде сұхбат алумен ғана шектеледі. Шындығында, радиоочерк Қазақ радиосы очерк жанрының Қазақ радиосынан ресми түрде аталуы 30-жылдардың соңына карай болды. Осылайша радиоочерктің 30-жылдары радиожанры ретінде Қазақстан эфиріне шыққаны ақиқат.



Әңгімелесу – радиоға тән ауызекі сөйлеу жанры. Сондықтан әңгіме радиоға келіп жаңа бояуға, жаңа қасиеттерге ие болды деу қате. Әңгіме өз арнасын, өз орнын радиодан тапты. Оның мүмкіндігіне терең де жан-жақты жол ашылды.

Радиоәңгімелесудің өзіндік ерекшелігі, біріншіден әңгімелесушілер бір жерді, яғни, бір аудиторияда болмайды. Автор микрофон алдында отырса, тындаушы эфир арқылы үйінде, не жұмыс орнында болуы мүмкін. Екіншіден, эфир арқылы сұхбаттасып еркін әңгімелесетін бұл екі жақты байланыста автор белсенді ойлаушының рөлін атқарады. Журналист тыңдаушыларды әңгімеге тартады. Радиодағы әңгімелесу табиғаты жағынан хат оқушы мен автордың арасындағы кеңеске немесе іс қағаздары түріндегі (эпистолярлық) әдебиетке ұқсайды.

Радиохабарларының қазіргі кездегі тәжірибесіне жүгінсек, әңгімелесу (беседа) мен сөйлеушінің сөзі (выступление) мүлде бөлек жанрлар, атқаратын қызметі, көтеретін жүгі әртүрлі. Сөйленген сөзде көбіне жеке адам жұмыс істейтін мекемесі, ұйым, кәсіпорын атынан, болмаса белгілі бір сала бойынша есеп берсе, әңгімелесу – радиожурналистиканың ең бір күрделі жанры, көпшілікке арналған үгіттің басты формаларының бірі. Ол – газеттегі мақала сияқты қоғам өміріндегі түрлі оқиғалар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде туған ой-пікірлерді талдап жинақтау арқылы жеткен публицистикалық шығарма.

20-жылдардың аяғында сатиралық жанрлар, ең алдымен, фельетон дамыды. Радиожурналистер оның газет фельетонынан өзгешелігін жақсы түсінді. "Радиодағы фельетон өзінің алғашқы қадамдарынан бастап өзіне лайық пішіндерді іздестіріп тапты. Оның көмегімен кемшілікті, қырсықты, жағымсыз қылмысты неғұрлым дөп басып, жоюға болатын еді", - деп жазды Ю. Бараневич.

Қазақ радиосынан сатиралық хабарлар 50-ші жылдардың екінші жартысына қарай естіле бастады. Бірақ, ол басқа жанрлардан гөрі аз көрініп, жеңіл әзіл, күлдіргі әңгімелердің тасасында қалып отырды. Фелетонның бас-аяғындағы жүргізушінің сөзі болмаса, шығарма желісін негізінен диалогтар өрбітіп отыратын. Сөйлемдердің ықшамдылығы, диалог көтеретін жүктің салмағы, оқиға желісінің дәл қазір болып жатқандай бірінші жақтан баяндалуы алғашқы радиохабарлардан мүлдем өзгеше болды. Мұның өзі фельетон жанрының радио табиғатына бейімделіп, ықшамдала бастауының бір белгісі еді. 1957 жылы фельетон жанры әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясынан басқа. "Біздің Алматы" радиогазетінде, жастар бағдарламасында көрінді. 1958 жылдың 16 ақпанынан бастап "Сықақ және әзіл" деп аталатын әдеби-сатиралық журнал ашты. Кейіннен бұл журнал аты өзгеріп, әуелі "Қалақай", содан соң "Көреген" деген атпен әуе толқынына шықты.

Ал, қазіргі таңда радиофельетон жанры жоқтың қасы. Қазақ радиосындағы "Аты жоқ көкек" деп аталатын бағдарламаны толыққанды сатиралық дүние деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Онда сатиралық жанрлардың элементтері ішінара кездеседі, сондай-ақ, жалпы бағдарлама әуе толқынындағы сатираның нышаны болып табылады. Республикада радиожурналистика формалары мен жанрларының қалыптасуы туралы айта келіп, радиокомпозиция сияқты формалардың пайда болуын атап өту қажет.

Радиокомпозиция – музыкамен көркемделген әдеби мәтін аясында дәріптелетін деректі жазбалар тұтастығы. Радиокомпозиция негізінде айтулы, маңызды оқиғаларға арналады. Тек алдыңғы қатарға оқиғаға қатысушы адамдардың образы шығады да, оқиғаның өзі келесі кезекте көрініс табады. Қызылордадан берілген хабарларды радиокомпозицияның пайда бола бастаған кезі деп санаған дұрыс. Радиокомпозицияның әуе толқынынан тұрақты беріле бастаған кезі 30-жылдар шамасы.

Радиодраматургия жайына келетін болсақ, әрине, бұл жанрдың радиодағы алатын орны, атқаратын рөлі зор. Ол радио арқылы тыңдаушыға эстетикалық әсер береді, рухани азық сыйлайды. Әлбетте, радиода кәдімгі театрда қойылып жүрген спектакльдер трансляцияланып берілді, сонымен қатар әдеби туындалар инсценировкаланып ұсынылды. Театрдан трансляция кезінде театр артисі өзінің сахнадағы рөлін сол қалпында ойнады. Ал декорация жайын, сондай-ақ, тыңдаушы сезіне алмайтын, бірақ, оқиғаны түсіну үшін берері көп көріністерді диктор немесе бастаушы баяндап беретін. Іс-қимыл кезіндегі дыбыстар сол қалпында дыбыстық жазбаға түсірілетін. Радио-инсценировка дегеннің өзі – радиожурналистика пішіндерінің бір түрі деуге болады. Ол – белгілі бір әдеби туындының эфирге шығаруға арналып өңделген түрі. Қазақ радиосында эфир арқылы берілетін радиодраматургияның жоғарыда аталып өткен екі нұсқасы мейлінше қомақты орын алды. Бір ғана 1969 жылдың сәуір айында Қазақ радиосының бағдарламалары бойынша түпнұсқа қойылымдар бар, қайталанып берілетін қойылымдар бар, радиодраматургияның жалпы көлемі 61 сағат 38 минутты құраған екен. Ал солардың ішіндегі тек қана арнайы радиода қоюға арналып жасалған радиопьесалардың саны – 13, эфирдегі уақытының мөлшері 12 сағат 30 минут болған. Негізінен, радиопьеса тыңдауға арналады. Олай болса, салмақ тыңдаушының есту, ойлау қабілетіне түседі. Радиоқойылымға қатысушы актердің құралы – сөз бен дауыс ырғағы. Осы екі құрал арқылы кейіпкердің мінез-құлқын, образын ашып көрсете білуі керек. Ал радиодраматург радиоға арнап жазудың өзіндік ерекшелігін, мүмкіндігін мұқият ескеруге тиісті. Сол үшін радиопьесаның негізгі үш компонентін – диалогты, дыбысты, музыканы пайдалану жолдарын жете игеруге міндетті. Диалог арқылы кейіпкердің мінез-құлқын көрсету, оқиға орнын, уақытын, қимылды баяндауға, білдіруге болады. Бұл ретте, Қазақ радиосындағы радиопьеса авторларының, радиодраматургтерінің арасынан Ілия Жақанов пен Жиенбек Рсалдинді, Игорь Саввин мен Әбділдә Ботбаевты атап айтқан жөн.

Дыбыстық өнердің өзіндік үлгісі болып табылатын радиодраматургияның орны мен рөлі жайында осыдан 25 жыл бұрын Рамазан Сағымбеков мынадай пікір айтқан екен:

"Радиодраматургия сыншылары радиодағы тәжірибеге сүйене отырып, драматургияның болашақта да аса қажет, әрі тәрбиелік мәні бар тиімді дүние екенін, түбі барлық жерде соған бет бұру керектігін дәлелдеп отыр". Бұл пікірдің негізгі түйіні қазіргі таңда да өз мәнісін сақтап қалғанында дау жоқ. Өйткені, радиожурналистика аясында радиоөнер өрісі де өз арнасымен дамуы тиіс. Өркениетті елдердегідей тек радиодраматургия туындыларын эфирден беретін арнайы бір радиоарна ашылса артық болмас еді.

Қазақ радиосы өз кезеңінің озат идеяларын бейнелей отырып, радиопішіндерде жинақталған бейнелеудің пәрменді, тиімді құралын табанды түрде іздестірді. Бұл, біз атап өткендей радиохабардың тәжірибесінде радиоүндесулерді, радиомитингілерді, радиожиналыстарды кеңінен пайдалануға жеткізді және радиорепортажды, радиоочеркті, радиофильмді, радиокомпозицияны, радиоақпаратты одан әрі дамыта бастады.

Қазақ радиосы хабарларында радиожанрлардың қалыптасу кезеңі осындай құбылыстарды бастан кешірді.

Ал соңғы он - он бес жылдың аумағында радиожурналистикадағы жұмыс тәсілі өзгерді. Сонымен қатар, бұрын әуе толқынындағы ақпарат кеңістігінде Қазақ радиосы ғана үн қатқан болса, ендігі жерде көптеген тәуелсіз радиоарналар ашылды. Солардың басым көпшілігі тікелей эфир әдісімен хабар таратады. Қазақ радиосының да негізгі жұмыс әдісі – тікелей эфир. Ең алғаш, Қазақ радиосы тікелей әуе толқынындағы жұмысын "Тәулік тынысы" – "Понарама дня" ақпаратты-сазды бағдарламасымен 1989 жылдың 9 қаңтарында бастаған болатын. Бұл ретте, жаңаша жұмыс тәсілін тәжірибе жүзінде іске асырып, күнделікті кәсіби дағдыға айналдырған Қазақ радиосы екенін атап айтқан жөн.

Тікелей эфир радиожурналистикадағы жанрлар мен пішіндердің қолданыс аясына да өзгерістер алып келді. Сондықтан да тікелей эфирдің жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасап, оған тән белгілерді топтастыру қажеттігі туындайды. Негізінен, тікелей эфирден ақпаратты және талдамалы жанрлар кең қолданыс тапқан. Оның есесіне деректі көркем жанрлар тікелей эфирде мүлдем ұшыраспайды. Дегенмен, айтулы күндерде берілетін тақырыптық роликтерде, джинглдарда, сондай-ақ, авторлық бағдарламаларда деректі көркем жанрларға тән кейбір белгілер кездеседі. Ал ақпаратты-талдамалы жанрлардың өзі бір радиохабардың өн бойында немесе журналистің тікелей эфирден ұсынған хабарында ауыспалы, аралас сипат алады. Өйткені, шығармашылық-техникалық сипаттағы технологиялық процесс болып табылатын тікелей эфир кезінде жанрлық белгілерді сақтап, сол жүйе бойынша ерекшеліктерді ескеру талап етілмейді.

Жалпы, радиожурналистиканың жанрлары өзінің дыбыстық сипатымен ерекшеленетіні белгілі. Оның негізгі компоненттері – репортердің әңгімесі, диалог түріндегі әңгіме, өмір шындығының дыбыстық көшірмесі, сондай-ақ, тікелей эфирді жүргізу шеберлігі болып есептеледі. Сол себепті де тікелей эфирдегі хабардың жобасын әзірлегенде, оның жанрлық ерекшелігіне мән беріп, мейлінше ұтымды қолдана білудің өзі кәсіби шеберліктің бір қыры болып табылады. Кез келген радиоарнаның тікелей эфирінде негізінен сұхбат жанры жиі қолданылады. Тек оның жанрлық ерекшеліктері толық ескерілмегендіктен, бәрі бірдей шыға бермейді. Тікелей эфирдің төл жанры болып есептелетін репортаж қазіргі тандағы техникалык мүмкіндіктер аясында жаңаша сипатқа еніп толыға түсті. Тонвагенмен де, ұялы байланыс телефонымен де оқиға орнынан репортаж жүргізуге болады. Радиорепортаж жанрын тікелей эфирде өз деңгейінде қолдану электронды журналистиканың ұшқырлығын танытпақ. Тікелей эфирдің өзін ғалымдардың бір тобы пішін деп бағалайды. Дәстүрлі радиожурналистикамен сабақтастыра отырып, тікелей эфир пішіндерін былайша топтастыруға болады.



1. Кері байланыс – студиядағы жүргізуші мен телефон желісіндегі тыңдарманның тікелей эфирдегі әңгімесі, сұрақ-жауап түріндегі пікір алмасуы, сауалнамалық радиоойын. Бұл пішін психологиялық желіге құрылады. Өйткені, жүргізуші тыңдарман ойына барлау жасай отырып, өз ойын соған сәйкес сабақтауы керек. Және бастан-аяқ әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі тиіс. Себебі, тыңдарман жүргізуші тастаған сауал төңірегінде ой қозғау үшін немесе ол қойған нақты сұраққа жауап беру үшін ойланып алуына уақыт қажет.

2. Радиоүндесу – бұрыннан қалыптасқан, қазіргі таңда жаңаша сипатқа ие болған пішін. Қалааралық тікелей телефон желісіндегі байланысқа меншікті тілшілердің шығуы арқылы, сондай-ақ, тонвагеннің және ұялы байланыстың көмегімен оқиға өтіп жатқан жердегі тілшімен тілдесу нәтижесінде жасалатын


пішін. Радиоүндесу айтулы оқиға, өзекті проблема болған жағдайда ғана ұйымдастырылуы тиіс. Өйткені, оның әрбір минуты қыруар ақша болып есептеледі. Радиоүндесу негізінен байланысқа шыққан екі журналистің әңгімесінен тұрады. Кейде тақырыпқа сәйкес лауазым иесі, жауапты қызметкер сөзге тартылуы мүмкін. Радиоүндесу кезінде тікелей телефон желісіндегі тыңдарманның сөзіне саналы түрде жол берілмейді. Себебі, бұл пішіннің тақырыбы нақты, уақыт мөлшері өлшеулі болып келеді. Радиоүндесу тікелей техникаға тәуелді пішін. Телефон желісіндегі байланыс іске қосылмаса, жүргізуші өзі әзірлеген басқа бір дыбыстық жазбаны беріп немесе жазбаны оқып шығуы мүмкін. Бірақ, оның ешқайсысы радиоүндесуді алмастыра алмайды. Ән немесе музыка радиоүндесу басталмас бұрын я болмаса, радиоүндесу аяқталғаннан кейін ғана беріледі.

3. Ток-шоу немесе тікелей эфирдегі қызу пікірталас. Бұл нағыз майталман журналист түсетін майдан, қайтпас қаһарман қатысатын қақтығыс. Жүргізуші үшін телефон желісіндегі тыңдарманмен тіл табысу мәдениетін меңгеретін мінбер. "Айтылған сөздің атылған оқ" екенін мойындап, анық бағасын алатын емтихан. Оған тақырыбы осындай салмақты көтеретін, табиғаты заман тынысымен астасатын айтулы мәселені өзек еткен жөн. Қазақ тіліндегі радионың ток-шоуы қазіргі таңда жоқтың қасы. Жалпы, ток-шоу өзінің көтеретін жүгіне қарай саяси, интеллектуалдық, психологиялық, әлеуметтік сипат алуы тиіс.

4. Студиядағы хабар. Эфирдегі жүргізушінің жеке өзінің, ал кейде оның студия қонағымен арада болатын әңгімесі есебінде жүзеге асатын хабар. Қазіргі таңдағы жүргізушілер үшін ең оңтайлы, ең қолайлы әдіс. Жүргізуші-журналистің жеке өзінің әңгімесі. Теориялық негізге сүйенсек, журналистің жеке өзінің әңгімесінде комментарий авторды әйгілеп таныстыру үшін емес, қоғамдағы құбылыстардың мәнін ашып көрсетіп, айқын түсіндіру үшін жасалуы керек. Әлбетте, комментарий жанрына кез-келген журналистің шамасы келмейтіні белгілі. Оны кәдімгідей кез-келген құбылысқа, фактіге, оқиғаға өз көзқарасын танытып, өзіндік пікір білдіретін белді журналистер жасауы керек. Шындығын айту керек, қазіргі таңда әуе толқынындағы ұжымның да, жекелеген журналистердің де радиожурналистика жанрларын өз стилінің тегершігі ретінде қолдануға деген құлқы жоқ.

Қазіргі таңда дүниежүзінде дәлелденгендей радионың өзіндік артықшылығы екі салада айқындалып отыр. Оның бірі – жедеғабыл жаңалықтар желісі, екіншісі – музыка желісі. Тікелей эфир әдісімен жұмыс істейтін бүкіл радиоарналар қызметінің құрылымы осы екі бағытта жүзеге асады. Радио сағат сайын берілетін жаңалықтар легінің нәтижесінде қалың бұқараны болып жатқан оқиғалардан хабардар етіп, ауық-ауық уақытты айтып, ауа райы мәліметін ұсынып ақпараттандыру процесін іске асырумен қатар, адамның ең асқақ, ең нәзік, мейлінше, терең жан тебіренісін бейнелейтін музыка мәнерімен тыңдарман психологиясына тікелей әсер ету әрекетін де жолға қояды. Әлбетте, әуе толқынындағы музыка барша адамзатқа арналады. Бірақ, оны әркім оңаша тыңдайды. Қазіргі уақытта эфирден берілетін музыка әр арнаның өзіне тән сипатын танытатын музыкалық формат есебінде жүйеленеді.

Қазіргі таңда жаңалықтар легін тыңдарманға неғұрлым жылдам жеткізу жөнінде радиоарналар арасында оң бағыттағы бәсеке қалыптасқан. Әзірге жаңалықтарды аудиторияға басқа радиоарналардан бес минут бұрын жеткізетін "Хит ҒМ - Хабар".

Ал мемлекеттік мүддені ұстану, ұлттық үрдісті дәріптеу тұрғысынан Қазақ радиосын айта аламыз.

Қазіргі заманғы ақпараттық технология жаңалықтар легіне күнде жаңаша сипат беруде. Компьютерлік жүйенің өте маңызды екі маңызды артықшылығы бар, біріншісі – сандық әмбебап редактор, екіншісі – жетілген мәтіндік редактор. Әлбетте, бұл – журналистің рөлі төмендеді деген сөз емес. Керісінше, техникалық төңкеріс жұмыс жағдайын мүлде өзгертті, оған оң, игі ықпалын тигізді. Бұл журналистерден өзгеше мамандану деңгейін талап етуде. "Электронды журналистика даму үстінде. Дәл қазіргі таңда кәсіби шеберліктің ең биік шыңы осы минуттарда, әлемде болып жатқан маңызды оқиғаларды алғашқы болып хабарлау – шарт. Уақыттан озбаған күннің өзінде уақытқа ілесіп отыру - заман талабы.

Қазіргі ақпараттық қоғам айналымындағы ақпараттың көлемі мен қарқынының мейлінше орасан зор шексіз екенін ескерсек, онда ақпарат сапасын анықтау оңайға түспейтіні түсінікті. Ақпарат қоғамы білім қоғамы деп те аталып жүр. Тек, ақпарат тасқынының көлемі жағынан артуы білім салмағының сол дәрежеде арта түскендігін көрсетпесе керек. Білім ақпарат сапасына тікелей байланысты болып келеді. Дәлірек айтқанда, оның жан-жақтылығына, терең мағыналылығына, ұғынықтылығына тікелей қатысты.

Журналистердің міндеті – саясаткерлердің, лауазым иелерінің нені қалайтынын, не ойлайтындарын баяндау емес, қоғамда не болып жатқанын айту. Міне, осы тұрғыдан келгенде, сапалы журналистиканың шын мәніндегі нағыз демократиялық қоғамды қалыптастыруға қабілетті екенін, сол істе маңызды рөл атқаратынын атап айтқан жөн. Ал журналистің жеке өзін алып қарайтын болсақ, онда оның білім деңгейі мен белсенділік қабілеті қаншалықты жоғары болса, сапалы ақпарат, жалпы сапалы журналистік туынды әзірлеуге деген мүмкіндігі соншалықты мол болады.

Жанр – шынайы болмысты бейнелеудің тарихи тұрғыда айқындалған өзіне тән тұрақты белгілерді жинақтаған үлгісі. Радиожурналистика жанрларының қалыптасуына баспасөз жанрлары негіз болды. Алғашында радиохабарлар газет жанрларының бай тәжірибесіне сүйенді. Сонымен қатар, радиожурналистика алғашқы қадамдарынан бастап, өзіне тән жанрлық белгілерге ие бола бастады. "Бұқаралық ақпарат құралы ретінде радионың техникалық мүмкіндіктеріне, өзгеше дыбыстық табиғатына негізделген журналистиканың жаңа бір түрі қалыптасты". Кәдімгі газет бетіндегі материалдар микрофон алдында оқылған кезде өзгеше сипатқа еніп, жаңа сапаға ие болып, эфирлік дүниеге айналды. Дыбыстық табиғатымен дараланатын бұқаралық ақпарат құралдарының бұл түрі туралы В.Н. Ружников мынадай тұжырым жасады: "Радиожурналистика – бұқаралық ақпарат тарататын құрал ретінде радионың бірегей техникалық мүмкіндіктеріне негізделетін насихаттық сипаты бар жүйе. Ол күрделі элементтік құбылыстар категориясына жатады. Оның функциялары, ішкі құрылымы, аудиториямен байланысы айрықша күрделілігімен ерекшеленеді. Сондықтан бұл кұбылысты танып-білу жан-жақты, сан қырлы ауқымды сипат алады".

Радионың өзегі – сөз, тетігі – техника, құралы – дыбыс. Жанды сөз – радиодағы ең нәзік бейнелеу құралы. Радиохабар есту арқылы қабылданатын болғандықтан жазылған сценарийдің айтылатын әңгімеге, мәтіннің сөйленетін сөзге айналу процесіне айрықша мән беріледі. Өйткені, жанды сөз, табиғи әңгіме радионың табиғатына тән құбылыстар болып табылады. Радиодағы жүргізушінің болған оқиғаға, құбылысқа қарым-қатынасы, оған деген көзқарасы, хабарды жүргізіп отырған сәттегі көңіл күйі, дауыс ырғағы, үн екпіні жанды сөз арқылы қабылданады. Сол себептен де радиоға барлық дауыс бірдей жарай бермейді. Радиода хабар жүргізетін маманның дауысында эфир талаптарына сай келетін кәсіби сапа болуы тиіс. Микрофон алдында отырған адам тыңдармандарға көзбен қабылданатын кескін-келбетімен, қимыл-қозғалысымен көріне алмайды. Осының бәрін дауыс алмастыруы керек.

Радиодағы сөзден кейінгі жетекші орынды иеленетін бейнелеу құралы – музыка. Музыка радиохабардың әрін кіргізіп, аудиторияның көңіл-күйіне, сезіміне әсер күшін арттыра түседі. Радиодағы музыка ең алдымен, ақпаратты жеңіл қабылдауға көмектеседі. Музыка оқиғаның, құбылыстың мазмұн-мағынасын ашуға ықпал етеді. Адамның сезімі мен ақыл-ойына бір мезгілде әсер ете алатын музыка түптеп келгенде, аудитория назарын аудару үшін қолданылады. Демек, музыка радионың тыңдарманды баурап алып, оның психологиясын меңгеріп, хабарды жеңіл әрі жедел қабылдауына көмектеседі.

Радиодағы келесі бір бейнелеу құралы – дыбыс эффектілері, яғни, табиғи және табиғи емес шулар. Сондай-ақ, сөйленген сөзді жылдамдату, баяулату, дыбысты қатайту, бәсеңдету, сөз бен сазды астастыру, жаңғырық қосу, сөздің астарында бірімен-бірі қабаттасқан шуды беру, бір сөзбен айтқанда, өмір шындығының дыбыстық көшірмесін жасау – радио табиғатының мән-мағынасы, мазмұны. Радиожурналистиканың жанрлық ерекшеліктері де осыдан келіп туындайды.


Жалпы, радиожурналистика жанрлары үлкен үш топқа бөлінеді: ақпараттық жанрлар, талдамалы жанрлар, деректі-көркем жанрлар.

Ақпараттық жанрлар

1. Радиоақпарат - маңызды саяси мәнге ие, мазмұнында жаңашылдық элементі бар, кең ауқымды, тыңдарман аудиториясына ұсынылатын оперативті жанр түрі. Радиоақпаратта негізінен, ел өміріндегі маңызды оқиғалар, қаулы - қарарлар мен бұйрық - жарлықтар бірінші кезекке шығады. Келесі кезекте әлеуметтік – экономикалық мәселелер, іскерлік байланыстар орын алады. Содан соң ғылыми, мәдени, спорт жаңалықтары беріледі.

Қай жерден қандай айғақты алып қарасақ та, радио ақпаратты жедел тарататындығымен басқа барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан ерекшеленеді. Радио сағат сайын берілетін жаңалықтар легінің нәтижесінде қалың бұқараны болып жатқан оқиғалардан хабардар етеді.

Дәл осындай ақпараттар басылым беттерінен де, көгілдір экраннан да орын алады. Ал радиоақпараттың ерекшелігі оның дыбыстық сипатынан келіп шығады. М.К. Барманқұлов радиоақпаратты дыбыстық табиғатына қарай былайша топтастырады:

а) диктордың оқуындағы хабарлама;

ә) оқиға кейіпкерінің сөзі. Бұл қоғам қайраткерінің, көрнекті ғалымның, т.с.с. маңызды оқиғаға деген көзқарасы немесе оқиғаны, құбылысты көзімен көрген адамның сол туралы пікірі болуы мүмкін. Радиоақпарат ретінде маңызды мәселеге қатысы бар адамның микрофон алдында сөйлеген сөзі түпнұсқа жанды құжат болып табылады. Өйткені, ол сөйлеп тұрған кісінің дауыс ырғағын, сөз саптауын, тіл қату мәнерін, шынайы ықыласы мен көңіл күйін түгел қамти алады. Ал газет ақпаратында мұндай мүмкіндік жоқ. Сондықтан да, радиоақпарат тындарманды иландырады.

б) тілшінің баяндауы, ол студиядан болып өткен іс-шара туралы, соның куәгері ретінде ақпарат таратады немесе оқиға ортасынан тікелей хабар береді;

в) музыкамен көркемделген ақпарат.

Қазіргі уақытта соңғы топты бөле-жара қарастырудың қисыны келе қоймайды. Себебі, бүгінгі таңда музыкасыз берілетін ақпарат өте сирек ұшырасады. Ал жоғарыда аталып өткен үш топқа тән нәрсе – бәрінің де эфир арқылы таратылатындығы. Бұл тұрғыда микрофондағы журналист жаңалықтарды хабарлап, қандай да бір оқиғаны, фактіні, құбылысты баяндау арқылы тыңдарман аудиториясына ақпарат береді, яғни, коммуникативтік актіні жүзеге асырады. Осыған орай, радиоақпаратты әуе толқыны арқылы тыңдарманға жеткізе білудің де өзіндік заңдылықтары қалыптасқан.

Әуелі, радиоақпараттың жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтейік.

1. Деректілігі. Радиоақпараттың мазмұнына нақты бір құбылыс, оқиға, шын мәніндегі факт негіз болады.

2. Дәйектілігі. Онда айтылатын дерек нақты куәландырылған және анық тексерілген болуы тиіс.

3. Жедеғабыл сипаты. Ең жоғары деңгейдегі оперативтілігі. Тыңдарман жаңа болған оқиға жайлы ізін суытпай естуге ұмтылады. Сондықтан да, радиоақпарат “бүгін”, “дәл қазір”, “осы сәтте” деген сөздермен басталуы – шарт.

4. Толыққандылығы. Не болды? Қашан болды? Қайда өтті? Неліктен болды? Кімдер қатысты? Қалай өтті? Оқиғаның мәнісі неде? Егер осы сұрақтардың бәрінің жауабы табылып тұрса, онда ақпараттың жазылып біткендігі.

Ақпараттың алғашқы жолы айқын, әрі нақты болуы – шарт. Тыңдарманның соны естігенде әрі қарай біле түскісі келіп, аяғына дейін тыңдауға ықыласы ауып, мәселенің не туралы екенін түсініп алуға қабілетті болуын қамтамасыз ету қажет. Ақпарат жеке бір тұлғаға әсер ете отырып, ол оның өмірге немесе болған оқиғаға көзқарасын қалыптастыруға елеулі ықпалын тигізеді. Жаңалық логикалық жүйеге құрылады. Оның да басы, ортасы, соңы болады. Әлбетте, бастапқы сөйлем аудиторияның назарын аударып алса, екінші сөйлем сөз болған оқиғаның мәнісін айқындап, фактіні айғақтайтын қосымша мәліметтерді жинақтайды. Ал үшінші, әрі соңғы сөйлем сол оқиғаның салдары туралы айтып, немесе оған қорытынды жасай отырып жаңалықты аяқтайды. Әуе толқынындағы белгіленген уақыт мөлшерінде маңыздылығына қарай ақпаратты тізбектеп ұсыну осылайша жүзеге асады.

Ақпараттың жанрлық элементі тек қана факті болып табылады. Сондықтан да ақпаратта тілші тарапынан пікір білдіруге, баға беруге болмайды. Радиоақпарат жанрының функциясы көпшілікті күнделікті жаңалықтармен құлақтандыру, болып өткен оқиғаларды ізін суытпай жеткізу, болып жатқан маңызды оқиғаларды қолма- қол баяндау, енді болатын оқиғаларды алдын – ала хабарлау. Радиоақпарат көзбен көретін көрерменге емес, құлақпен еститін тыңдарманға бағытталады. Соған байланысты әуе толқынындағы ақпаратқа мынадай талаптар қойылады:

1. Дәлдік. Радиоақпараттарға әрбір фактіні, мерзімін, адамдардың аты – жөнін, қызметтерінің атауын міндетті түрде эфирге дейін тексеріп, анықтап алу қажет.

2. Хабарламалық. Жаңалыққа талдау жасалмайды. Онда факті қысқа – нұсқа, нақты хабарлануы тиіс.

3. Мәнерлілік. Дұрыс қойылған дауыс ырғағының сақталуы, артық демнің, қажетсіз дыбыстың естілмеуі қамтамасыз етілуі керек.

4. Ізеттілік. Кез – келген ақпаратты ұсынғанда аудиторияға құрметпен тіл қату – парыз.

5. Айтылудағы анықтық. Жаңалықтар легіндегі сөздер эфирге шықпас бұрын екпін сөздігі арқылы екшелуі – шарт.

Сонымен, радиоақпаратқа күнделікті эфирден мысал келтіріп көрейік. / Қазақ радиосының 2004 – жылдың 14 – қазанында сағат 18.00 – де берілген жаңалықтар топтамасынан /

- Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Еуропалық сарапшылар Федерациясына қабылданды. Бұл ұйымға мүше болу қауымдастыққа беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтасуға және ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақстандық мамандарға сәйкес қаржы сарапшыларының халықаралық үлгідегі сертификатына ие болмақ.

Кәдімгі күнделікті радиодан беріліп жүрген ресми ақпарат мәтіні. Жоғарыда айтылған талаптарға сай келеді. Қазақ радиосының мұрағатынан алынған тағы да бір ақпаратқа назар аударалық. /1990-жылдың 15-наурызында эфирден өткен ақпарат/.

- Англиядан қуанышты хабар! Қазақ халқының белгілі жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әди Шәріповтің есімі “Әлемнің әйгілі азаматтары” деген анықтамалыққа енгізілді. Осыған орай құрмет иесіне естелік – сыйлық есебінде пергаментті сертификат тапсырылды.

Әрі ықшамды, әрі әсерлі жаңалық. Дәл осындай тап-тұйнақтай түсінікті тілмен жазылған жаңалықтарды мұрағатта сақталған микрофондық материалдар арасынан көптеп келтіруге болады. Мәселе келтірілген мысалдарда емес, істің мәні - соған қарап, радиоақпаратты тікелей эфирге тән етіп жаза білудің және оны микрофон алдында мәнерлеп айта білудің қисындарын меңгеруде.

2. Радиосұхбат, яғни, радиоинтервью ағылшын тілінен аударғанда “кездесеу, әңгімелесу” деген мағынаны білдіреді. Сұхбат баспасөзде кең қолданыс тапқан жанрлардың бірі. Сұхбаттың құрамында екі жанрлық элемент бар:

1) Журналистің қоятын сұрағы;

2) Сұхбат берушінің қайтаратын жауабы; Біріншісі – құралды иеленуші, екіншісі – ақпараттың қайнар көзі. Сұхбат берушіні кейде журналист өзі таңдайды, бұл ретте сұхбатшы сөзге шешен, салмақты ой айтатын халыққа танымал, әйгілі адам болуы мүмкін. Кейде журналист болған оқиғаға, күн тәртібіндегі жағдайға байланысты соған қатысы бар кез-келген адамнан сұхбат алуға мәжбүр болады. Радиода сұхбаттың сәтті шығуы көбіне-көп сұхбат берушіге байланысты. Өйткені, радиода сөйлеп тұрған адамның жанды сөзі, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, үн әуезділігі айрықша роль атқарады. Радиодағы сұхбат журналистің сұрағына жауап беріп тұрған адамның көңіл-күйін, ішкі сезімін, көзқарасын, мәдениеттілік деңгейін дауыс аясында толық қамтиды. Сондықтан да, әсіресе, тікелей эфирдегі радиосұхбат өмірдегі шынайы сәт болып табылады. “Сонымен радиосұхбат дегеніміз – журналистің өзекті мәселеге орай кездесу кезінде сұрақ қою арқылы әйгілі адамның, маманның, я қызметкердің немесе оқиға куәгерінің пікірін анықтауы.

Сұрақ қоятын журналистің алдына қойған мақсаты мен оған қол жеткізу тәсілдеріне қарай радиосұхбат 5 топқа бөлінеді.



Ақпараттық сұхбат. Сұрақ нақты пікір білу үшін немесе қандай да бір мәлімет алу үшін қойылады. Сұхбаттың бұл түрі фактінi және пікірді қамтиды. Сұхбат берушінің ресми тұлға болуы шарт емес. Оның сөйлеген сөзінің астарында көңіл-күй мен ішкі толғаныс, яғни, эмоциональдық фон болуы тиіс. Сондықтан да, көбінесе жаңалықтар желісінде мұндай сұхбаттар журналистің қойған сұрағынсыз беріледі. Өйткені, бұл жерде қойылған сұрақ емес, оған қайтарылған жауап маңызды роль атқарады.

Портреттік сұхбат. Сұхбаттың бұл түрі жеке тұлғаның образын ашуға арналады. Сол себепті портреттік сұхбат әлеуметтік-психологиялық сипатымен ерекшеленеді. Өйткені, портреттік сұхбат адам бойындағы құнды қасиеттерді анықтауға негізделеді.

Сауалнамалық сұхбат. Белгілі бір нақты сұраққа әртүрлі адамдардан жауап алу арқылы жасалады. Қысқа-нұсқа 1-2 сұрақтың аумағында жауап алынатын болғандықтан, оны жедел сұхбат, яғни, экспресс - интервью деп атайды. Негізінде, сұхбаттың бұл түрі қоғамдық пікірді анықтаудың өзіндік бір тәсілі болып табылады.

Хаттамалық сұхбат. Мемлекеттік саясат деңгейінде туындаған сауалдар төңірегінде ресми тұлғадан, я болмаса, құзырлы қызмет иесінен нақтылай жауап алу. Әлбетте, ресми тұлға ресми жауап береді. Сұхбат кезінде қойылатын сауалдар алдын-ала әзірленіп, мемлекеттік жауапты қызметкердің (президенттің, министрдің, т.с.с.) көмекшісіне немесе баспасөз хатшысына ұсынылады. Бұл ретте журналистің жеке пікіріне орын жоқ. Эфирде ресми тұлға сол алдын-ала ұсынылған сұрақтарға жауап қайтарады, журналист келісілген сұрақтарын қоюмен шектеледі.

Проблемалық сұхбат. Проблемалық сұхбаттың басты түйіні – журналистік позиция, көпшілік талқысына ұсынылатын қоғамдық маңызы бар ашық мәселе. Мақсат – халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап алу, күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселелер төңірегінде сөз қозғау. Сұхбаттың бұл түрі тікелей эфирде ұйымдастырылуы – шарт. Және студияға шақырылған қонақ журналистің ғана емес, сонымен қатар, телефон желісіндегі тыңдармандардың да сұрағына жауап қайтаруға тиіс. Сұхбат беруші мен тыңдармандар арасында белгілі бір жағдайда дау тууы мүмкін. Дәл осындай сәтте журналист өзінің тақырыпты толық меңгергенін, сол тақырып аясындағы фактілерді жан-жақты білетінін, сұхбат берушімен кез-келген сауал төңірегінде тепе-тең дәрежеде обьективті жауап алу үшін сөз таластырып, қажет болған жағдайда қорытынды тұжырым жасай алатындығын көрсетуі керек. Проблемалық сұхбатты жүргізген журналистің қателесуге, қандай да бір фактіден бейхабар болуға хақысы жоқ.

3. Радиорепортаж – радионың табиғатына тән, оқиғаның дыбыстық суретін тыңдарманның көз алдына елестете алатын, жанды сөзбен әспеттелетін, оқиға аясындағы журналистің баяндауын табиғи шумен толықтырып, оқиғаға қатысушылардың әңгімесімен әсер етіп, тыңдарманды қайталанбас сәттің куәгері ететін ерекше жанр. Радиожурналистиканың тарихында алғашқы радиорепортаждар “Өмірдің ортасынан берілген хабарлар” деп аталған.

Өмірдің ортасынан берілген хабарлар деп біршама бұрыс аталған алғашқы радиорепортаждар студиядан кеңістікке шыққан микрофонның таңқаларлық мүмкіндіктеріне жол ашты. Радиорепортаждар радиолық шығармалардың ең таңдаулы түрі ретінде көрінді.

Демек, радиорепортаж радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын, яғни, сөзді, шуды, музыканы толық қамтыған, уақыт пен кеңістік аясындағы деректілігімен ерекшеленетін әуе толқынының төл жанры болып табылады. Сондықтан да радиорепортажды жүргізетін журналист, яғни, репортер шығармашылық, әрі техникалық тұрғыда кәсіби шебер болуы керек. Өйткені, өмірде болып жатқан қоғамдық маңызы бар оқиғаларды репортажға айналдыратын репортер.

Репортердің жанрлық элементтері:

1. Оқиға

2. Мекен-жай

3. Тілші баяндауы

4. Оқиғаға қатысушылардың әңгімесі

5. Уақыттық көрсеткіш.

Эфирден берілу сипатына қарай радиорепотаж тікелей және тікелей емес болып екіге бөлінеді.



Тікелей репортаж. Өтіп жатқан оқиғадан жүргізілетін репортаж сол сәтте қолма-қол әуе толқыны арқылы таралып, тыңдарманға жетеді. Өмірдегі оқиға мен эфирдегі репортаждың арасында уақыт айырмашылығы болмайды. Тікелей репортаж тарихи маңызы зор, елді елең еткізетін айтулы оқиғалардан жүргізіледі.

Тікелей емес репортаж. Оқиға ортасынан жазылып алынған репортаждың оқиғалық желісі тізбектеліп, мәнді тұстары іріктеліп беріледі. Яғни, оқиға барысынан таспаға басылып алынған дыбыстық жазба монтаждалып, қайта құрастырылған қалпында эфирге ұсынылады.

Ал тақырыптық тұрғыда қамтитын мәселесінің қисынына қарай радиорепортаж оқиғалық және проблемалық болып екіге бөлінеді.



Оқиғалық репортаж. Оқиға орнынан жүргізілетін репортаж. Бұл ретте тақырып оқиғаға орай туындайды.

Проблемалық репортаж. Бұл репортаждың мақсаты – күнделікті өмірде, заман ағымында туындаған проблемаларды нақты дерекке сүйеніп сөз ету, сол деректі немесе құбылысты әрекет аясында дыбыстық жазбамен дәйектеп, тыңдарманға ой салу.

Жалпы, радиорепортаж - синтетикалық жанр. Оның құрамына ақпараттың да, сұхбаттың да элементтері енеді. Радиорепортаждың өзіне тән айрықша құрылымдық сипаты бар. Ол өте шағын болғанына қарамастан, шиеленісі, шешуі, шарықтау шегі бар біртұтас, аяқталған дүние болып табылады.

Тікелей әуе толқынының төл жанры болып есептелетін радиорепортаж қазіргі таңдағы техникалық мүмкіндіктер аясында жаңаша сипатқа еніп, толыға түсті. Тонвагенмен де, ұялы телефонмен де оқиға ортасынан репортаж жүргізуге болады. Тікелей репортаж өз ретінде, аса маңызды айтулы оқиғалардан жүргізілетіні белгілі. Осындай ел өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі - 1991-жылдың қазан айының 2 – жұлдызында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің Байқоңырдан ғарышқа самғау сәтінен Қазақ радиосының “Тәулік тынысы” – “Панорама дня”. бағдарламасы тікелей репортаж жүргізген болатын. Содан шағын ғана үзінді келтірейік.

- Байқоңырдан сөйлеп тұрмыз. Байқоңырда қазір 10 сағат 58 минут. Қазақ радиосының микрофондары атақты Гагарин алаңында. Енді бір-екі минутта аспан кеңістігіне ұшқалы тұрған, бортында экипаж мүшелері: командирі - Кеңес Одағының батыры, КСРО космонавт – ұшқышы Александр Волков, космонавт-зерттеушілер – Кеңес Одағының батыры Тоқтар Әубәкіров пен Австрия республикасының азаматы Франц Фибек бар. Алып “Союз - 13” космос кораблінің оң жақ қапталындағы 500 шақырымдай жерде радиостанция орналасқан. Микрофон алдында Бақберген Табылдиев.

Міне, қадірлі ағайын, ел ғұмырындағы, Байқоңыр тарихындағы ең салтанатты шақты паш ететін оқиғаның секундтар есебі басталды. Қазір басқару орталығынан команда берілуі тиіс. Иә, иә! Міне корабль де оталды.

Ардақты ағайын, мынау асау гүріл, ғаламат дүріл қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров мінген әуе кемесінің даусы.

…10 секунд, 11-12-13-14-15…

(Гүжілдеп барып, гүрс ете түскен корабльдің даусы естілді).

- Міне, достар, отыз жыл күткен сәт те келіп жетті. Жаңа ғана гүрс еткен өздеріңіз естіген дыбыс алып әуе кемесінің даусы. Қып – қызыл оттан суырылып шыққан әуе кемесі аспан төрінде иненің жасуындай болып қана көрініп, жүйткіп барады. Бұл – нағыз тарихи сәт, қайталанбас шақ”.

Дәл осындай айтулы, айрықша маңызды оқиғалар кезінде репортаж жанрын өз деңгейінде қолдану радиожурналистиканың ұшқырлығын танытар еді.



4. Радиоесеп. Радиоесептің негізіне атқарылған істің қорытындысы, соның нәтижесінде қол жеткен табыстар, оң көрсеткіштер, немесе іс-шара аясындағы белгіленген шешімдер арқау болады. Сондай-ақ, радиоесепте оқиға барысындағы маңызды тұстардың мәнін ашып көрсететін сөйлеушілердің сөздері беріледі. Журналист болып өткен оқиғаны оның реттік желісін сақтай отырып, басты мәселелеріне тоқталып өтіп, қысқа да нұсқа мәлімет береді. Сондықтан да, радиоесеп хаттамалық сипатта ұсынылады. Негізінен, қоғамдық-саяси шаралардан, ресми оқиғалардан жасалады. Уақыт мөлшері жағынан радиоесепке арқау болған өмірдегі оқиға ұзақтығынан эфирдегі оқиға мөлшері бірнеше есе кем болады. Мысалы, алты сағатқа созылған мәжілістің есебі 2-2,5 минут қана болуы мүмкін.

Талдамалы жанрлар

Радиожурналистиканың ақпаратты жанрлары аты айтып тұрғандай ақпараттық функцияны атқарады, ал талдамалы жанрлары ақпараттық және талдамалы функцияны атқарады. Соған сәйкес талдамалы жанрлардың құрылымдық, тілдік-стильдік ерекшеліктері айқындалады. Өйткені, оның маңыздылығын, өзектілігін жоймаған әлеуметтік мәні бар фактіге құрылатындығы ақпараттық функциясын айқындаса, ал журналист тарапынан фактіге жасалатын сараптама, оқиғаға немесе құбылысқа көзқарас таныту, пікір білдіру, баға беру талдамалық функциясын іске асырады.



Радиокомментарий. Бұл қандай да бір факті, оқиға немесе құбылыс жайлы құзырлы адамның, маманның немесе журналистің пікірі, жасаған талдауы, берген бағасы. Комментарий – латынның талдау, түсіндіру деген сөзінен шыққан. Ол – қоғамдық саяси деңгейдегі өзекті мәселенің, оқиғаның, құбылыстың мәнісін түсіндіруге құрылған сараптамалық материалдардың бір түрі.

Комментарийдің негізгі жанрлық элементтері: автор тарапынан фактіге жасалған талдау мен оған берілген баға.

Эфирден берілу ретіне қарай комментарийді екі топқа бөлуге болады:

1) Дербес комментарий. Эфирден өз алдына жеке бір хабар ретінде өтеді.

2) Шағын комментарий. Көбінесе жаңалықтармен бірге беріледі, немесе үлкен бір хабардың құрамына еніп кетеді.

Тақырып аясындағы сөз болатын мәселенің сипатына қарай комментарий оперативті және проблемалық болып екіге бөлінеді.

1) Оперативті (нақты-оқиғалы) комментарий. Ол күннің айтулы оқиғасына арналады. Сондықтан да оқиғамен бірге іле-шала жедел эфирден ұсынылуы тиіс. Соған сәйкес көлемі де ықшамды болып келеді, яғни, бір жарым, екі минуттан аспауы керек.

3) Проблемалық комментарий. Оған заман ағымындағы толғақты мәселелер, саяси бағыттағы маңызды шаралар, халықаралық деңгейдегі назар аударарлық оқиғалар өзек болады. Оперативті комментарийде бір ғана оқиға немесе құбылысқа түсініктеме берілетін болса, ал проблемалық комментарийде деректер мен топшылаулар көбірек ұшырасады. Мұның өзі проблемалық комментарийдің құрылымдық ерекшелігі болып табылады.

Радиоәңгімелесу – радиожурналистиканың ең бір негізгі және күрделі жанры, көпшілікке арналған ауызша үгіттің ең басты формаларының бірі. Ол диалогқа құрылатындықтан сыртқы сипаты жағынан сұхбатқа ұқсайды. Ал ішкі мазмұны мүлде бөлек. Сұхбат нақты сұрақ пен нақты жауаптан тұрады. Ал әңгімелесу кезінде сұрақ ең алдымен, сөзді бастап беру үшін, содан соң тақырыпты ашып, оны жан-жақты тарқатып жеткізу мақсатында әңгімелесушінің кілтін тауып, оның ойын өрбітіп, сөзін сабақтау үшін, соңында белгілі бір тұжырымға келіп, ой түйіндеуіне мүмкіндік туғызу үшін қойылады. Сондықтан да радиоәңгімелесу кезінде сұрақ екінші кезекке ығысады да, жауап берушінің сөзі үлкен мәнге ие болады.Өйткені, ол ағынан жарылып, сыр ақтарып, көңіл түкпірінде жатқан ойларды ортаға салып, шешіліп сөйлейтін болуы керек. Сондықтан да ол қойылған сұрақтарға жауап берумен шектелмейді, сол сауал төңірегінде жан-жақты ойланып-толғанып отырып өз тарапынан көкейінде жүрген кейбір мәселелерді қоса сөз етіп кеңінен көсіледі. Радиоәңгімелесудің жанрлық ерекшеліктері осыдан келіп туындайды. Бұл жанрдың көтерер жүгі салмақты болғандықтан оған қойылатын талаптар да күрделі. Онда шебер сөйлеу, тіл құнарлылығы, ой нақытылығы, тыңдаушысын бірден баурап алатын сыршыл сипаттағы еркін әңгімелесу процесі жүзеге асуы тиіс.

Әңгімелесушінің жанды сөзі тыңдармандардың қызықты сұрақтары, емін-еркін тілдесу процесі, қызу пікірталас - осының бәрі радиоәңгімелесу жанрына шынайылық сипат береді.

Радиоәңгімелесудің сәтті шығуы аудиторияның сипаты мен психологиясын, оның негізгі мұқтажы мен жалпы проблемасын дәл есептеп, тақырыпты дұрыс таңдап, радионың мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге байланысты болады.

Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынған радиоәңгімелесу жанрының үздік үлгісінен үзінді келтіріп көрелік:

«Әдебиет және өнер» циклынан «Жазушыға келген хаттар» бойынша берілетін радиоәңгімелесуімізді тыңдауға шақырамыз.

Қазақ совет әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі ақсақал жазушымыз, академик Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылық жолы баршамызға мәлім. Жазушының «Сырдария», «Ботагөз», «Балуан Шолақ», «Мөлдір махаббат» сияқты романдарымен қатар «Сұлушаш» поэмасын сүйсіне оқимыз. Әдеби өмірге де, қоғамдық жұмысқа да белсене атсалысатын жазушыға еліміздің түкпір – түкпірінен ай сайын, апта сайын алуан мазмұндағы хаттар тасқыны ағылып келіп жатады. Әрбір хаттың тыңдаушыға берер сыйы, мол ғибраты болар деп ойлаймыз. Бүгінгі студия қонағы, академик Сәбит Мұқановпен хаттар жайлы сыр шертісетін журналист Серік Тұрғынбеков.

Журналист: - Сәбе, мен сіздің хатқа деген зор құрметіңіз бен мол жауапкершілігіңіздің сырын тереңірек білгім келіп отыр, сол жайлы сыр шертіп берсеңіз.

Мұқанов: «Өмір мектебі» деген кітабымнан білесіздер, мен ерте хат таныған кісімін. Хат білген күннен бастап шығармаларымды жаза бастадым. Біз әр уақытта үлгіні орыс мәдениетінен аламыз. Бабаларымыз Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев – бәрі орыс мәдениетіне сүйеніп өскендер. Мен де солай өстім ғой деп ойлаймын. Менің орыстан алған тәуір үлгімнің біреуі – хатқа сақ қарау, оны ұқыптап жинап отыру. Мақтанғаным емес, қазақ жазушыларының ішінде менен көп хат жинаушы болған емес.

Кешегі Мұхтар марқұм Әуезов қатты өкінетін еді. «Хаттарымды жинаған жоқпын» деп.

Мақал деген халықтың тәуір ойы. Қазақта мынадай мақал бар: «Есік алды төбе болса ерттеулі атпен бірдей, аулыңда қарт болса жазулы хатпен бірдей». Осы сөздің мағынасы үлкен өзі. Көркем шығармада не болса соны емін-еркін жаза алмайсың, ал хатта сенетін адамыңа сырыңды айтатының тәрізді бәрін жаза бересің. Осыған дейін алған хаттарымды архивке табыс еттім. Олар айына, күніне, жылына, тақырыбына қарай қаттаған екен, 141 том түптеу болып шығыпты. Таяуда Ташкентте өткен Орта Азия елдерінің архив қызметкерлерінің конференциясында сөз сөйлеген архив директоры Мұхтар Жанғарин «Мұндай көп хат алу – мәдениет тарихында болмаған оқиға. Бір жазушының 141 том хат алуы – бұл бір ғанибет дерек» деп атап айтыпты.

Бұл үзіндіден біз нағыз талдамалы жанрға тән жан – жақтылықты, еркіндікті аңғарамыз. Әңгімелесушінің қойылған сұраққа жауап берумен ғана шектелмей, шер тарқата, сыр бөлісе сөйлейтіндігін байқаймыз.

Радиоәңгімелесуде жанды сөз, оның эфирден берілу пішіні, дауыс ырғағы айрықша рөл атқарады. Сондықтан да радиоәңгімелесуге арнайы мәтін жазылмайды, ол көбінесе, суырыпсалмалық сипат алады. Радиоәңгімелесу үлкен бір хабардың құрамды бөлігі бола алмайды. Өйткені, радиоәңгімелесудің өзегі – арнаулы бір тақырып аясы.



Радиошолу. Бұл жанрға анықтама беру үшін оның өзіне тән ерекшеліктерін атап өту қажет.

1. Фактологиялық сипаты. Шолуда фактілер автордың айқындалған мақсатына сәйкес іріктеледі және топтастырылады.

2. Фактілер шолушы тарапынан өзара тығыз байланыста қарастырылады.

3. Тақырыптың зерттелу ауқымының кеңдігі. Егер комментарийге нақты бір факті немесе бір ғана оқиға өзек болатын болса, шолуда бір мәселеге қатысты барлық фактілер қамтылады, жинақталады.

4. Хронологиялық шеңбер аясында, белгілі бір сала бойынша жасалады.

5. Негізгі мәнісі жалпылама қорытынды жасау болып табылады.

Радиошолу – белгілі бір оқиға өзегіндегі бірқатар мәселелерді, соның аясындағы толып жатқан фактілерді, соның негізінде саналуан көзқарастар мен пікірлерді қамтып, сараптап-саралай отырып обьективті баға беру, құбылыстың алды-артын түгел шолып, нақты бір тұжырым жасауға арналған жанр. Сондықтан да шолуды кез-келген журналист жасай бермейді. Шолуды шолушы-журналист жасайды. Шолудың сәтті шығуы шолушы-журналистің көрегендігіне, тапқырлығына, фактілерді іріктей білу қабілетіне, оны аудиторияға тартымды етіп жеткізе білу шеберлігіне, журналистік позициясына байланысты.

Радиокорреспонденция – ақпараттық және талдамалы жанрдың функциясын қатар атқаратын жанр. Онда болған оқиғаның мәні мен сипаты баяндалып, тілші тарапынан баға беріледі. Сондықтан да, оқиғаны кеңінен қамту мен қорытынды ой айту радиокорреспонденцияның негізгі екі элементі болып табылады. Ақпараттың уақыт мөлшері 30-45 секунд көлемінде болса, ал радиокорреспонденцияның көлемі 1,5-2 минутқа дейін созылады.

Радиокорреспонденцияда факті хабарланады, сондай-ақ, факті туралы оны хабарлаушының пікірі беріледі. Негізінен, радиокорреспонденцияны тілші микрофон алдында өзі баяндайды. Оқиға куәгерінің өз аузынан айтылған әңгіме әсерлілігімен, нанымдылығымен тыңдармандарды баурап алады. Ал радиокорреспонденция диктордың оқуындағы мәтін түрінде берілсе, онда міндетті түрде «біздің тілшіміз хабарлағандай» деген мәлімдеме жасалады.



Деректі-көркем жанрлар

Радиожурналистиканың деректі-көркем жанрлары радионың табиғатын танытып, оның тек бұқаралық ақпарат құралы ғана емес, үлкен өнер саласы екенін көрсетуге мүмкіндік береді, дыбысталатын тіл құдіретімен деректі-көркем туындылардың жасауына жол ашты. Өйткені, жанрлардың бұл тобы радиожурналистика мен радиодраматургияның үйлесімі мен үндестігі аясында дүниеге келетін радиотуындыларды қамтиды. Олардың құрылымы деректі және әдеби-көркем элементтердің синтезімен, өзара бірлесіп әрекет етуімен сипатталады.

Радиожурналистиканың деректі-көркем жанрлары – радиоочерк, радиофельетон, деректі драма, радиокомпозиция.

Радиоочерк – ақпаратты, талдамалы жанрлар функциясын атқара отырып, қамтитын тақырыбының ауқымына, бейнелейтін нысанасын тереңінен дәйектеу дәрежесіне қарай деректі-көркем жанрларға келіп топтасады.

«Алғашында радиоочерк газет жанрларының сөйлеу тіліндегі байланысы ретінде қабылданды. Кейін оған талап күшейіп, тіпті, тікелей әсер алу, дауыс ырғағының нанымдылығы сақталған жағдайда автордың очеркті жай оқып шыққанының өзі белгілі бір оң нәтиже беретін болды» деп мәлімдейді зерттеуші М. Барманқұлов. Осы кітап авторы радиоочерк жанрының тарихи негізіне былайша тұжырым жасайды: «Очерк жанрының радиоға бейімделуі біртіндеп жүзеге асты. Деректі жанр акустика әлеміне келіп әдеттен тыс ортаға бейімделді. Жалпы, радиоочерктің қалыптасуы ескі бағытта жүрді. Біріншіден, радиоочерктің тілі әдеби-көркем тілге біртіндеп жақындай берді. Екіншіден, очерктің құрылымына радионың табиғатына тән қосымша элементтер келіп қосылды. Бұлар бейнелі, жанды сөзбен етене ұштаса отырып, очерк жанрының мүмкіндіктерін кеңейтті, оны жаңа бейнелеу құралдарымен байытты. Радиоочерк жанры 30-жылдардың соңына қарай Қазақ радиосының эфирінен ресми түрде беріле бастады».

Радиоочерктің негізгі нысанасы адам, проблема, кейде оқиға болып табылады. Оның ең басты ерекшелігі – кейіпкердің немесе оқиға куәгерінің деректі-жанды әңгімесі. Сондықтан да, радоочерк шынайы дерекке, толыққанды дәйекке құрылады. Өйткені, оның кейіпкері нақты өмірдегі адамның өзі. Сол тұрғыдан алғанда радиоочерк өнер туындысы, көркем шығарма болып есептеледі.

Жанрлық даму тенденциясына байланысты радиоочерктің үш тармағын талдап айтқан жөн.

1. Алғашында радиоға тән сипатта емес, жалпы журналистиканың принциптеріне сүйеніп жазылған жазушылар мен әдебиетшілердің газет-журнал бетінде жарияланып, эфирден оқылған очерктері.

2. Тыңдаушыға қалай естілетіні ескеріліп, музыкамен көркемделетіні есепке алынатын арнайы жазылған радиоочерктер эфирден берілетін болады.

3. Дыбысталатын көркем мәтінмен бірге кейіпкердің нақты әңгімесін таспаға түсіріп алып қоса беретін жанды дерекке құрылған шын мәніндегі шынайы радиоочерктер эфирге шықты, яғни, радионың табиғатына тән радиожурналистиканың деректі-көркем жанры сипатында құрылымдық ерекшеліктері мен айқындалған толыққанды радиоочерк қалыптасты.

Радиоочерктің жанрлық элементтері: журналистің микрофон алдындағы жанды әңгімесі, дыбыстық деректерінде таспаға түсіріліп алынған оқиға кейіпкерінің өз сөзі, дәйекті деректер мен мәліметтер, жеке адамның тұлғасын сомдау, көркем шегініс пен көркем ойдан қосу, музыка және дыбыс эффектілері.

Бейнелейтін нысанына қарай радиоочерк үш түрге бөлінеді: жолсапар, проблемалық және портреттік.

1. Жолсапар радиоочерк. Онда журналистің іс-сапар кезінде көрген-білген фактілері, құбылыстары, оқиғалары туралы адамзат тағдырындағы сан қилы сәттер жайлы алған әсері, түйген ойы баяндалады. Жолсапар радиоочерк ел мен жер, әлем аясында жасалатын радиосаясат. Ол журналистің болмысты тану және сол тұрғыда түйгендерін тыңдарманға жеткізу әдісі ретінде жүзеге асады.

2. Проблемалық радиоочерк. Мұнда заман ағымындағы, күн тәртібіндегі проблема негізгі нысанаға айналады да, журналист нақты деректерге сүйене отырып соның шешілу жолдарын сөз етеді, осы орайда журналистік позициясын танытып өзіндік ой толғайды. Қазіргі заманғы электронды БАҚ-та радиоочерктің бұл түрі журналистік зерттеу деп те аталады.

3. Портреттік очерк. Бұл радиоочерктің кең таралған, әйгілі түрі. Өйткені, ол жеке адамның тағдырына, оның өмірі мен еңбек жолына, бастан өткерген қиындықтары мен қол жеткен табыстарына арналады. Дыбыстық сипаттағы деректер мен көркем образдар негізінде жеке тұлғаның жанды сөзбен сомдалған портреті жасалады.

Әлбетте, радиоочерктің үш түрге бөлінуі шартты қисын екенін ескеру қажет. Өйткені, проблеманың адамға, адамның проблемаға қатысты болмауы, іс-сапар кезінде адамға, проблемаға байланысты мәселелердің ұшыраспауы мүмкін емес. Бірақ, кез-келген тақырыптың негізгі аспектісі болады. Очерк түрлеріне тән белгілер де содан келіп туындайды.

Радиоочерктің сәтті шығуы журналистің алдын-ала жасалған әзірлігіне байланысты. Бұл ретте очерк обьектісін қажетті деңгейде зерттеудің маңызы ерекше. Зерттеу нәтижесінде очерктің құрамдас бөліктерін, көркемдік желісін, жалпы біртұтас композициясын ойластыра алады. Радиоочеркті жазу процесі күндерге, айларға, тіпті, жылдарға созылуы мүмкін. Өйткені, автор адамның жеке тұлға ретіндегі өмірлік белестерін, оқиғаның даму барысын белгілі бір уақыт аралағында зерттеуі мүмкін. Қазіргі таңда радиоочерк жанры өкінішке орай өте сирек кездеседі. Эфирдегі дүниенің бәрін қысқа-нұсқа қайыруға тырысатын қазіргі заманғы радиожурналистер ақпаратты, содан соң талдамалы жанрдан әрі аса алмайды. Негізінде, заманның айтулы оқиғалары мен талантты тұлғалардың өмірі мен еңбегі турасындағы дыбыстық деректерді, деректі-көркем туындыларды Алтын қорда сақтау үшін очерктің үш түрін де қолданыс аясына енгізу қажет-ақ.

Радиофельетон. Бұл – қоғамдық құрылыста кездесетін зиянды құбылысты ащы әжуаға айналдыратын жанр. Ондағы мақсат – жақсы сценарий жазумен қоса, жанрдың акустикалық табиғатынан туындайтын өзіндік ерекшеліктерді дұрыс игергенде ғана жүзеге асады. Радиофельетонның обьектісі біздің әлеуметтік өмірімізге, тұрмыс-тіршілігімізге, әдет-ғұрпымыз бен салт-санамызға сай емес, жалпы ілгері дамуымызға кедергі болатын жағымсыз фактілер. Арқау болатын фактілерінің сипатына қарай радиофельетондар деректі және деректі қойлымды деп екіге бөлінеді. Біріншісі – таспаға түсірілген жазбалардан, яғни белгілі бір нақты айғақтан тілшінің, яғни, автордың өзі оқитын мәтіннен тұратын деректі радиофельетон. Екіншісі – эфир сахнасында әртістердің орындауымен жасалатын және типтік деңгейде жинақталған фактілерге негізделетін деректі-қойылымды радиофельетон.

Фельетондағы факті сырт көрінісімен бірге іштей қайшылық дәрежесіне қарай екі түрлі сипатта болады. 1) Қандай да бір құбылыстың біздің өмірімізге, салт-дәстүрімізге мүлде сай келмейтін оғаштығынан туындаған ешқандай әдеби өңдеусіз-ақ өзінен-өзі күлкі тудыратын әсерлі фактілер. Мұндай фактілер фельетон үшін дайын материал болып табылады. 2) Жалпы адамзат бойында кездесетін ұнамсыз қылықтар салдарынан туындайтын, өмірде жиі ұшырасатын жағымсыз фактілер. Мұндай фактілер жиынтығы радиофельетонға өздігінен негіз бола алмайды. Сондықтан да ол фактілерді сатиралық жинақтау арқылы топтастырып, типтендіру үшін фельетонистің шығармашылық тапқырлығы қажет. Демек, жалпы алғанда фельетондағы факті екшелген, жинақталған, түйінделген, тұжырымдалған даму заңдылығы бар шындықтың бір бөлшегі, кәдімгі өмірдің өзінің көрінісі болуы шарт.

Радиофельетон күнделікті өмірде, заман ағымында өзіміз бетпе-бет тап болатын қоғамдағы келеңсіз жайттармен, кейбір кертартпа әрекеттермен күресуге арналған әдіс, типтік кемшіліктерді жоюға қолданылатын журналистік тәсіл, өткір де өміршең жанр.

Радиокомпозиция – радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын біртұтас, әрі толық мәнде пайдаланудың кешенді қисынын жүзеге асыруға жол ашқан жанр.

Радиокомпозиция – құрамына дыбыстық дерек, музыка, әдеби материал енетін, автордың шешімімен алуан түрлі материал бір тақырып аясында топтасатын радиохабар.

Радиокомпозицияның кең тараған бірнеше түрі бар:

1. Әдеби радиокомпозиция бір немесе бірнеше автордың бір тақырыпқа жазған поэзиялық туындыларынан я, болмаса, прозалық шығармаларынан алынған үзінділерден құрастырылады. (Мысалы; Қ. Аманжоловтың, М. Мақатаевтың, Т. Молдағалиевтің «Туған жер» тақырыбына жазған өлеңдерінен үзінділер).

2. Әдеби-музыкалық композиция. Онда әдеби композицияға тән принцип толығымен сақталып қалады, әдеби материалдар сол талапқа сай іріктеледі, бірақ, оларды бір-бірімен сабақтастыру, өзара үндестіру, бір әдеби туындыдағы ой желісін екінші бір әдеби материалдардағы оймен ұштастыра өрбіту, тақырыпқа байланысты әндер, музыкалық туындылардың немесе симфониялық шығармаладың үзінділерін орынды шебер қолдану арқылы жүзеге асырылады.

3. Деректі композиция құрылымы жағынан радиоочерк пен радиоәңгіме ұқсайды. Олардың ара жігін айырып тұратын ең басты өзгешелігі мұнда журналистің оқыған мәтіні, айтқан сөзі, баяндауы ерекше мәнге ие болып, айтулы рөл атқармайды, өйткені, автор аудитория назарын өз сөзіне емес, композицияның сюжетін құрайтын деректі жазбаға аударуды мақсат етеді. Сондықтан да журналистің сөзі өте ықшамды, қысқа-нұсқа болып келеді. Әдетте, журналист бұл жанрды орасан зор тарихи маңызы, әлеуметтік мәні бар дыбысталған деректерді тыңдарманға тартымды етіп жеткізу үшін қолданады.



Радиоәңгіме – монологқа құрылатын деректі-көркем жанр. Оған да радиоочерктегі тәрізді өмірлік дерек өзек болады. Сондықтан да, радиоәңгіме деректік сипат алады. Ал көркемдік деңгейі тұрғысынан келетін болсақ, бұл жанр әдебиеттегі әңгіме жанрының белгілерін тұтас қамтиды да, радионың табиғатына тән көркемдік элементтерді бойына сіңіреді. Әңгіменің негізгі жанрлық элементі ең алдымен, жанды сөз, содан соң музыка, келесі кезекте дыбыс эффектілері. Радиоәңгіменің мазмұнымен қатар эфирден берілу тәсілі, естілу ерекшелігі де тыңдармандарды тартып, оның көңіл күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға көрінісі, кейіпкер бейнесі сомдалуы қажет. Радиоәңгімедегі ең басты қызмет атқаратын нәрсе – сөйлеушінің дауыс ырғағы. Адамның жанды даусы, оның ырғақтары мен үн реңдері - әңгіме мазмұнын жандандыратын ең басты құрал. Радиоәңгіме – автордың микрофон алдындағы емін-еркін тіл қатуы арқылы, керек жерінде әсерлі, бейнелі өткір тілмен, енді бірде логикалық жағынан ұтымды ойлы да, оралымды тілмен сөйлей алатындығы нәтижесінде радионың диапазонын кеңейте түскен жанр.

Қазақ радиосының әуе толқынынан ұзақ жылдар бойы үзілмей жалғасып келе жатқан «Сыр сандық» айдарынан берілетін белгілі радиожурналист Дүйсенбек Қанатбаевтың әдебиет және өнер қайраткерлерінің тағдыры мен шығармашылығы жайындағы радиоәңгімелері аталмыш жанрдың үздік үлгілері болып есептеледі. Деректі драма – бұл сюжеттік желісі өмірде болып жатқан оқиғалар мен фактілерден құралатын журналистің баяндауындағы шежіре. Онда сөз болатын оқиғаға қатысушылардың түпкілікті аты-жөндері айна қатесіз сақталады да, деректік материал мәтінмен астастырылып, тікелей шығарманың дыбыстық құрамына енеді.



Деректі драмада автордан басқа адамдардың рөлдерін актерлер орындайды. Автор, яғни, журналист деректі драманы тыңдарманға ұсынатын тұлға. Ағылшын, неміс журналистерінің деректі драмаларының «Мен сіздерге мына бір жайды баяндап берейін», «Мен келе жатып, таңғажайып оқиғаға тап болдым», «Бірде маған бейтаныс кісі қоңырау шалды» деп басталуы дәстүрге айналған.

Радиожурналистиканың бай тәжіріибесінде деректі драманың екі түрі қалыптасты.

Біріншісі – қоғамдық маңызы, әлеуметтік мәні бар адамға немесе қандай да бір проблемаға назар аударту мақсатында мейлінше терең психологиялық желіске құрылатын сюжеттік тарих. Бұл шынайы өмірде өзінің шарықтау шегі бар аяқталған, яғни шегіне жеткен деректі тарих, кейіпкердің өзі, кәдімгі өмірдегі адам. Көбінесе, мұндай деректі драманың соңында актер ролінде ойнаған, өзінің өмір тарихы туралы ең соңынан нақты тұлғаның өзі сөз алады. Сөйтіп, деректі драманың соңын өз сөзімен түйіндейді.

Екіншісі – аяқталмаған деректі драма. Бірінші деректі драмаға қарама-қайшы. Мұнда керісінше, ең бір шешуші тұсына келген кезде кілт үзіледі де соңы не болғаны белгісіз, аяқталмастан қалады. Мұның ақыры не болатынын әр тыңдарман өз алдына елестете алуы үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Сонымен қатар деректі драманың бір түрі аудитория назарын аударып алудың бірден-бір тәсілі.

Аяқталмаған деректі драмада журналист өз кейіпкерінің әлеуметтік жағдайын, психологиялық күйін егжей-тегжейлі зерттей отырып сипаттайды да, өзі әңгімелеп отырған өмір-шежіренің түбінде немен тынатыны туралы тыңдармандардың өзіндік болжамдарын айтып хат жазуларын сұрап, сөзін аяқтайды. Қажет деп тапқан жағдайда радиоарна ең үздік хат иесі үшін бағалы сыйлыққа бәйге жариялайды. Және де жеңімпазды анықтау да тыңдармандар үлесіне тиеді. Бір сөзбен айтқанда, деректі драманың бұл түрінің соңына көп нүкте қойылады. Өйткені, баяндалып жатқан тарих соңына жетпей бел ортасынан үзіледі.

Ал жалпы деректі драманың эстетикалық деңгейі ондағы радиожурналистиканың бейнелеуші құралдарын қолданудың кешенді қисынын табумен өлшенеді. Сол тұрғыдан алғанда радиожурналистика жанрларының көркемдік құрылымының эволюциясын былайша сипаттауға болады.

- ақпараттық жанрларда сөз алдыңғы кезекке шығады.

- ақпаратты-талдамалы жанрларда сөз өзіндік мәнін сақтап қалады да, дауыс ырғағы сөзбен тең дәрежеде рөл атқарады. Демек, мұндағы ақпарат аумағы сөзбен және дауыс ырғағымен, яғни, интонациямен шарттасады. Әлбетте, ол екеуінен өзге бейнелеуші құралдар да талдамалы жанрдың құрылымында кездеседі, бірақ, олар бар болғаны қосымша мәнге ие.

- деректі-көркем жанрларда дыбыстық элементтер тұтастығы алдыңғы кезекке шығады, яғни, сөз, музыка, дыбыс эффектілері біркелкі қолданылады, сөйтіп, адам болмысы, өмірлік оқиға, қандай да бір нысан туралы толыққанды мағлұмат беретін дыбыстық элементтер образы жасалады.

Сондықтан да радиожурналистиканың деректі-көркем жанрларымен жұмыс істегенде радиожурналистің радионың бейнелеуші құралдарын қолданудың кешенді қисынын меңгеруі тікелей қажеттілікке айналады.



Сұрақтар:

  1. Алғашқы радиогазеттер жайында?

  2. Радиогазеттің тілі қандай болу керек?

  3. Республикалық «Еңбекші қазақ» радиогазеті туралы не білесіз?

  4. Радиохабардың пішіндері туралы айтыңыз.

  5. Радиожурналистика жанрларының орнығуы?

  6. Жанр дегеніміз не, оның пішіннен айырмашылығы қандай?

  7. Ақпараттық жанрларға не жатады?

  8. Ақпараттың басты ерекшелігі неде?

  9. Радиорепортаждың сипатын айтып беріңіз.

  10. Радиосұхбаттың міндеттері қандай?

  11. Радиодағы талдамалы жанрлардың ерекшелігі неде?

  12. Радиоесепке қойылар талап қандай?

  13. Радиоәңгімелесудің мақсаты не?

  14. Радиошолу қандай міндет атқарады?

  15. Радиоочерк әзірлеудің қиындығы неде?

  16. Радиофельетон не себепті шеберлікті талап етеді?

  17. Радиокомпозицияның тартымды болуы неге байланысты?

Әдебиеттер:

  1. Барманкулов М. Искусство современной информации. – Алматы, 1993.

  2. Барманкулов М. Жанры печати, радиовещания и телевидения. – Алматы, 1974.

  3. Бараневич Ю. Жанры радиовещания. - Киев-Одесса, 1978.

  4. Галперин Ю. Мы ведем репортаж. – М., 1961.

  5. Казахстан: страницы радиолетописи. – Алматы, 1981.

  6. Летунов Ю. О развитии документальной радиожурналистики. – М., 1966.

  7. Малкин И. Газета в эфире. – М.,1930.

  8. Омашев Н. Қазақ радиожурналистикасы. – Аламаты, 1992.

  9. Омашев Н. Толқындағы «тотияйын». – Алматы, 1988.

  10. Омашев Н. Қазақ журналистикасы. – Алматы, 2008.

  11. Ошанова О. Әдеби-драмалық хабарлардың қалыптасу және даму

  12. Основа радиожурналистики. – М., 1984.

  13. Сағымбеков Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз. – Алматы, 1979.

  14. Смирнов В. Радиоочерк. – М., 1984.

  15. Ярошенко В. Информационные жанры радиожурналистики. – М., 1976.


Какофо́ния (др.-греч. κακός — дурной и др.-греч. φωνή — звук) — сочетания звуков, воспринимаемые как хаотическое и бессмысленное их нагромождение. Какофония образуется, как правило, в результате случайного сочетания звуков (например, при настройке оркестра), или режущего сочетания звуков в стихах. Антонимом слова какофония является эвфония (благозвучие).

В музыке

В современном музыкальном авангардизме элементы какофонии могут быть использованы целенаправленно («звуковые гроздья» у Г. Коуэлла и Дж. Кейджа, нагромождение звуков у П. Булеза и К. Штокхаузена и др.). Если структура музыки не соответствует музыкальному опыту слушателя, у него может возникнуть впечатление какофонии. Например, слушатели могут воспринимать как какофонию музыку другой культуры или эпохи; так, якутское народное многоголосие (осмысленное и закономерное для якутов), покажется какофонией слушателю, воспитанному на аккордике терцовой структуры.

Известным примером употребления этого термина является статья «Сумбур вместо музыки», где им охарактеризована опера «Катерина Измайлова» Шостаковича:

Если композитору случается попасть на дорожку простой и понятной мелодии, то он немедленно, словно испугавшись такой беды, бросается в дебри музыкального сумбура, местами превращающегося в какофонию.

В филологии

Какофония в речи может создаваться из-за назойливого повторением одних и тех же звуков, если их скопление не служит стилистическим задачам[2]. В этом значении термин применялся ещё Пушкиным: «„К кому был Феб из русских ласков“ — неожиданная рифма „Херасков“ не примиряет меня с этой какофонией.» («Дневник» Пушкина от 3 апреля 1821 г)

Использование в других областях

Термин может быть использован и в других областях искусства

В психиатрии этим термином обозначается расстройство восприятия речи при сенсорной асемии, когда все слышимое воспринимается больным как беспорядочный и бессмысленный поток звуков; а также непрерывно издаваемые бессмысленные звуки, производимые на пике речевого возбуждения.

Переносное значение

Какофония иногда используется в переносном значении для обозначения разлада и несогласия. После того, как канцлер Германии Герхард Шрёдер в декабре 2002 критиковал политиков из своей коалиции, которые говорили о повышении налогов со словами «Этот вид какофонии абсолютно не способствует совместной политике», слово Какофония при выборе «слова года» заняло 4-е место в Германии в 2002 году.


  1. ↑ Малый академический словарь. — М.: Институт русского языка Академии наук СССР Евгеньева А. П. 1957—1984

  2. ↑ Розенталь Д. Э. и др. Словарь лингвистических терминов

  3. ↑ Газета «Правда» от 20.02.1936, «Какофония в архитектуре».

  4. ↑ Какофония — Жмуров В. А. Большая энциклопедия по психиатрии, 2-е изд., 2012 г.

  5. ↑ какофония — Большой толково-фразеологический словарь Михельсона

  6. ↑ www.welt.de «Kakophonie» in der SPD wird immer lauter, Welt online 9 декабря 2002 г.

  7. ↑ netzeitung.de Schröder rügt «Kakophonie» in der Koalition, Netzeitung 2 декабря 2002.

Какофония (грекше kakos - жағымсыз, phone - дыбыс) - музыкалық дыбыстар үйлесімінің ретсіздігі; тыңдаушыға жағымсыз әсер қалдыратын әуен.

Какофония негізінен кездейсоқ дыбыстар жиынтығынан (мысалы, оркестр аспаптарының құлақ бұрауын келтіргенде) пайда болады. Бірақ, қазіргі шетел музыка мәдениетінің кейбір өкілдері какофонияның элементтерін саналы түрде шығармаларына пайдалануда.
Какофония (ағ.т. cacophony) – дыбыстың, сөздің, тілдің құлаққа жағымсыз естілуі.

Эвфония ( гр. Еирһопіа жақсы + phone дыбыс ) - аллитерация, ассонанс және тағы басқа дыбыстык қайталаулардың түрлері, тілдік формаларда қолданылатын түрлі фонетикалық амалдардың жинақталып үндесуі.

Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) - дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. Мысалы Қ.Аманжоловтың "Иран шахқа мұңын шақпа, Низами, Біздің жақта гүл кұшақта, Низами..." деген өлең жолдарында аллитерация (шәрпіқайталанып) өлең өрімін құбылтып, оның окырманға әсерін күшейтіп тұр. 



Аллитерация - қазақ мақал-мәтелдерінде де ұтымды қолданылатын тәсілдерінің бірі. Мақалдар құрылысында дыбыс үндестігі, бір дыбыс немесе бір сөзді ("Бейнет, бейнет түбі - зейнет") бірнеше қайталау, сөз ұйқасымы айрықша рөл атқарады. Қазақ жұмбақтарында аллитерация тәсілі жиі кездеседі ("Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті").

Кеттің бе аялдамай асқақ жолға,
Кеттің бе мені санап әлсіз қорға.
Кеттіңбе
 Абайды ертіп, ата жау боп,
Кеттім де ал ендеше қалың сорта!
Кеткен сен, жеткенің жен ажалыңа,
Кеткенсен, қос енгізбен адалыма,
Кеткенге кесер қылыш тоскауыл сен,

Кескен сен, сендім бүгін амалыңа!

(20 томдық шығармалар жинағы, 10-том, 414-бет). Мұнда «к» әрпінен басталатын «Кеттің бе» деген сөзді қайталау арқылы ажалдың жақын екенін сездіреді.



Ассонанс (французша assonance, латынша assono – үйлесім) – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Ассонанс сөздің интонация-музыка мәнін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын күшейтіп, ерекше елеулі тұстарды дыбыстандырып, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет