12.Қанағу: сыртқы және iшкi түрлерi, қан құйылу себептерi, түрлерi, морфологиясы, нәтижелерi, маңызы. Геморрагиялық диатез. Қан ату (геморрагия) деп канньщ кан тамырларынан, жүректен ішкі немесе сыртқы ортаға шығуын айтамыз. Қан ағудын негізінен үш түрлі себебі бар: • кан тамырларынын жыртылып немесе жарылып кетуі; • кан тамырлары кемерінің іріп ыдырауы немесе жегіленуі; • диапедез. Қан тамырларынын жыртылып немесе жарылып кетуі денете ок тигенде жэне баска да жаракаттарга байланысты кездеседі. Мысалы, адамды кайта тірілту (реанимация) кезінде сынған кабырғалар өкпені, бауырды жаракаттап, ол жерден кан ағады. Патологиялык өзгерістерге шалдыккан кан тамырлары да жарылуға бейім болады. Қолқанын атросклероз, мерез салдарынан кеңіп кеткен жерлері (аневризма) жарылып, ауру жедел қансырап өлуі мүмкін. Қан тамырларынын жарылуы гематома пайда болуына соқтырады. Егер жарылган тамыр мен гематома арасында байланыс сакталып калса, ол жерде жалган аневризма пайда болуы ыктимал, оны солкылдаушы (пульсирующая) аневризма деп атайды (И.К. Есипова). Қан тамыр кабырғаларының іріп ыдырауы немесе жегіленуі күнделікті өмірде (практикада) көбірек кездеседі. Мысалы, асказан жарасы сол жара түбіндегі кан тамырларды, жатырдан тыс жүктілік кезінде трофобласт элементтері жатыр түтігінің қан тамырларын закымдайды. Кдтерлі ісік, туберкулез үдерістерінде некрозға байланысты немесе миокард инфарктында жүре жарылып кеткенде кан тамырларынын кемерлері жегіленіп кетеді, сөйтіп кан кетуге соктырады (35-сурет). Кан, кан тамыры кемерінен диапедез жолымен, оны бұзбастан (негізінен капиллярлар аркылы) сыртка шығуы мүмкін (36-сурет). Диапедез күбылысы капиллярлар мен майда венулалардың өткізгіштік, касиетінін артып кеткенінде ғана мүмкін. Бұл жағдай гипоксияға, эр түрлі авитаминоздарға байланысты, кейбір кан ұйытушы факторлардың тума жетіспеушілігінде (гемофилия жэне т.б.) байкалады. Эритроциттер эндотелий жасушаларының косылған жерлерінен, кейде тікелей эндотелий жасушалары аркылы сыртқа шығады. Бұл үдерісті тек электронды микроскоп аркылы бакылауға болады. Организмде капиллярлар өте көп болғандыктан, кан элементтері бір-біріне косылып, аумакты, өмір үшін кауіпті кан күйылу ошактарын тудыруы мүмкін. Мысалы, гипертония ауруындаты өте ауыр хал (криз) ми тініне диапедездік кан күйылуға байланысты. Диапедездік канағуға бейімділікті геморрагиялык диатез деп атайды. Ол гемофилияда, жана туылған баланың геморрагиялык ауруында, тромбоцитопенияларда, лейкозда, бауыр ауруларында кездесіп, теріде, шырышты кабыктарда канталау ошактары түрінде байқалады. Еккен жерлер де канталап калады Қан ағу турлері. Қан ағудың артериялык, веналык жэне капиллярлык (паренхиматоздық) түрлері бар. Одан баска ішкі жэне сырткы, алғашкы жэне кайталама кан ағу түрлерін ажыратады. Егер кұйылған қан айналысындағы тіндерді бұзып, бір жерге топталып калса, онда оны канды ісік — гематома дейді. Кейбір ағзалардан кан ағу өзіне тэн латынша атка ие. Өкпеден кан кетуді (қан түкіру) — гемоптоэ, қан кұсуды — гематомезис, мұрыннан кан ағуға — эпистаксис, жатырдан кан кетуді — метроррагия, несеппен канның ажырап шығуын — гематурия, нәжіспен каннын бөлінуін — мелена дейді. Қан ағудың кауіптілігі кан тамырларының түріне, көлеміне оның кай жерле болғанына байланысты. Артериядан кан кету адам өмірі үшін аса кауіпті, себебі, бұл кан зор кысыммен шапшып ағып, организм тез арада кансырап калады. Қолка аневризмасы жарылғанда адам бірнеше минуттан кейін-ак өліп кетеді. Ең кауіпсізі капиллярлардан кан ағу, бірак ол да өз уакытында токтатылуы керек. Ағзалардың ішінде аса кауіптісі миға кан кұйылу. Аз ғана кұйылған канның өзі организм үшін өте маңызды нерв орталыктарын (тыныс алу, кан айналу) басып калып, өкпе, жүрек жүйелерін істен шығарады. Адам өте көп кан жоғалтқанда геморрагиялык шок дамиды. Бұл кезде терінің, ішкі ағзалардын рені бозарып, көкбауыр кабы әжімденіп, өзі едәуір кішірейіп, солып калады. Бүйректердің кыртысты кабаты кансырап, кан тэте жолдар аркылы милы кабатка өтіп жиналады. Гепатоциттер бір-бірімен байланысын жоғалтып, «тас төсеген көше» көрінісін елестетеді.