Білуге тиіс: эскалатор жетектерінің аса күрделі және негізгі тораптардың, барлық типтегі эскалаторды басқару электр аппаратураларының конструктивтік ерекшеліктері; эскалаторларды телемеханикалық электр жетектерінің схемасы және олардың жұмыс істеу принципі; ЭЕМ құрылғысы және жұмыс істеу принципі.
Орташа кәсіптік білім талап етіледі.
113. Эскалаторларға қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесарь-электрик
8-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, бір кристалды микро ЭЕМ базасында құрылғыларды тексеру, реттеу және жөндеу. Телемеханика байланысының жиілік арналатын теңшеу. Эскалаторлы диспетчерлердің автоматтандырылған жұмыс орындары жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешеніне (АБК) техникалық қызмет көрсету жөніндегі бырлық жұмыс түрлерін жүзеге асыру. Электрондық құрылғыларды (электрондық уақыт релесін, электрондық қорғаныс блоктары бар автоматты сөндіргіштерді) жөндеу. Эскалатордың электрондық қондырғылары бар электр жетектерін басқару жүйелерін монтаждау және баптау.
Білуге тиіс: телемеханика мен автоматика құрылғыларының, оның ішінде бір кристалды ЭЕМ базасындағы құрылғылардың схемасы және жұмыс істеу режимі; күрделі электрмен өлшеу аспаптарын пайдалану тәртібі, электрондық уақыт релесінің, электрондық қорғаныс блоктары бар автоматты сөндіргіштердің жұмысы; фазалық роторы бар электр қозғалтқыштарды жөндеу технологиясы; автоматика, телемеханика аппаратурасындағы кінәраттарды іздеу әдістері.
Орташа кәсіптік білім талап етіледі.
114. Поездарды құрастырушы
Жұмыс сипаттамасы. Маневрлік локомотив қозғалысын басқару. Маневр жасауға қатысатын қызметкерлердің іс-қимылының дұрыс орналасуын және келісушілікті қамтамасыз ету. Вагон құрамы мен топтарын қалыптастыру және тарату. Вагондарды поездарға қосу және ажырату, вагондарды тиеу-түсіру және басқа да мамандандырылған жолдарға қою, оларды сол жолдардан шығару. Вагондар мен құрамдарды жолдан жолға, парктен паркке орнын ауыстыру, бір станциядан екінші станцияға жіберу. Жол тұрған вагондар мен құрамдарды тежегіш башмақтарымен бекіту және қоршау, оларды вагондардан алып тастау. Поездардың автоматты тежегіштерін сынауға қатысу. Жергілікті басқаруға берілген бұрма бекеттерінің немесе орталықтандырылған бұрмалардың кезекшілері қызмет көрсетпейтін маневрлік орталықтандырылмаған бұрмаларды ауыстыру. Сұрыптау бекеттеріндегі құрамдарды тарату кезінде вагондарды ажырату. Жүргізу сапасы мен ажырату салмағына байланысты құрамды тарату процесінде қаусырма жылдамдығын реттеу. жылжымалы құрам және жүктің сақталуын, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Радиостанцияларды, сигнал беру жабдықтарын тазалықта және жарамдылықта ұстап отыру.
Білуге тиіс: поезд құрастырушысының лауазымдық нұсқаулықтары мен техникалық-тарату актісі, жүк тасымалдау ережесі, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік ережесі мен нормалары, қызмет көрсететін станция жұмысының технологиялық процесі, поездарды қалыптастыру жоспары, тежегіш башмақтардың құрылымы мен оларды пайдалану ережесі; жергілікті басқаруға берілген орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бұрмаларды аудару тәртібі, вагондар мен контейнерлердің құрылымы туралы жалпы мәліметтер; жос жоспары, кескіні, мамандандыру және сыйымдылығы, қызмет көрсетілетін маневрлік аудандардағы вагондарға тиеу-түсіру пункттерінің орналасуы, радиостанциялар мен басқа да байланыс құралдарын сақтау және пайдалану ережесі.
Өнеркәсіптік теміржол көлігінің шамалы жұмыс істелетін аудандарындағы маневрлік жұмыстарды орындау кезінде – 3-разряд;
магистральді теміржол көлігі станцияларындағы шамалы жұмыс істелетін маневрлік аудандарында және өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік жұмыстарды орындау кезінде – 4-разряд;
магистральді теміржол көлігі станцияларындағы шамалы жұмыс істелетін аудандарында және өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік бір поездарды құрастырушы жұмыс істеген кезде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде – 5-разряд;
өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік жұмыстарды орындау кезінде; шағын және орташа қуатты сұрыптау төбешіктерінде құрамдарды ажырату-қалыптастыру кезінде – 6-разряд;
өнеркәсіптік теміржол көлігінің кернеулік маневрлік аудандарында маневрлік бір поездарды құрастырушы жұмыс істеген кезде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде; үлкен және жоғарлатылған қуатты сұрыптау төбешіктерінде құрамдарды ажырату-қалыптастыру кезінде – 7-разряд.
Ескерту: Поезд құрастырушысының көмекшісі басшылығында істейтін поезд құрастырушысынан бір разряд төмен тарифтеледі.
115. Жабдықтаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Локомотивтер мен жолаушы вагондарды сумен, сұйық және қатты отынмен, жабдықтарды, айлабұйымдар мен құралдарды пайдалана отырып тепловоздарды дизель маймен; жолаушы вагондарын төсек жабдықтарымен жабдықтау. Су жіберу башняларын, гидроколонкаларды және олардың жарықтандыру аспаптарын жарамды қалыпта ұстап отыру, колонкаларды қатып қалудан сақтау. Кептіру пештеріне құмды салу, жіберу. Құм түсіретін эстакададан бункер арқылы локомотивтерді құммен жабдықтау. Жылыту қоспаларын дайындау. Қатты отынды жаңарту және штабельдеу. Мұз тұз қоспаларды әзірлеу және оларды термиялық вагондармен жабдықтау. Мұзды мұздату және оны су қоймаларына дайындау. Дайындалған мұзды бунттарға қалау және оларды оқшаулау материалдарымен жабу. Мұз генераторларынан мұзды тиеу және вагон мұздықтарды жабдықтау жеріне тасымалдау.
Білуге тиіс: локомотивтер мен жолаушы вагондарын сумен және отынмен жабдықтау ережесі мен тәртібі, жолаушы вагондары мен су жіберуге арналған электр қыздыру қақпақтарын жылыту, сумен жабдықтау жүйесінің құрылымы; су жіберу колонкаларына тармақтарды қосу және вагондардағы бактарды сумен толтыру тәсілдері, отын сақтау орны мен оның вагондардағы қорларын толтыру тәртібі; көмір және мұнай тарату эстакадаларының, құм кептіру құрылғыларының, транспортерлердің, компрессорлардың, электр қозғалтқыштардың, электр аспаптарының құрылымы және оларға қызмет көрсету ережесі, құбыржол тәсімдері, су жіберу башнялары мен гидроколонкалардың бекіту және сигнал беру құрылғыларының қызметі мен жұмыс істеуі және оларды күту ережесі, локомотивтердегі құмды дайындау, кептіру және жіберу процесі, қатты отынды паровоздарға тиеу, штабельдеу және жіберу жұмыстарының жолдары, құм кептіру және жіберу көтеру-көлік механизмдерін, құрылғыларын, локомотивтерді отынмен, вагондарды мұз-тұз қоспаларымен жабдықтау құрылғыларын пайдалану ережесі; қолданылатын жабдықтар, құралдар мен керек-жарақтар; мұзды қатыру тәсілдері, мұзды су қоймаларында дайындау жолдары мен оны еруден сақтау; мұз-тұз қоспаларды әзірлеу ережесі мен оларды изотермиялық вагондарға тиеу тәсілдері, электр техника жөнінде қарапайым мәліметтер, дизель отыны, май және салқындату суын тепловоздарға жіберуге арналған колонкалардың құрылымы мен пайдалану ережесі.
116. Поезд электр механигі
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауаны электрмен жылытпай немесе салқындатпай вагондардан тұратын жолаушы поездарына техникалық қызмет көрсету. Жүретін бөлшектерінің жұмысында пайда болатын ақаулықтарды, автотіркегіш құрылғыларының, пневмо және электр тежегіш жабдықтарының, роликті ішпектері бар букстың қызуын бақылау жүйесін, редукторлық-кардан жетектерін, аккумуляторлық батареяларды, сумен жабдықтау және жылыту құрылғыларын, вагон ішілік электр және тоңазыту жабдықтарын, электрмен жарықтандыру желісін, генераторларды, ток түрлендіргіштерді, түзулегіштерді, компрессорларды, конденсаторларды, су құю сигнализаторларын, қыздыру аспаптарын, вагон аралық электр қоспаларының, сигнал және отырғызу фонарьларын, радиопункт антенналарының, желдеткіш құрылғыларының, поезд ішілік телефон байланыстары аппаратурасының, барлық үлгідегі қызмет көрсетілетін вагондардың радиобайланысы ме радиотарату желілерінің техникалық жағдайын тексеру, жұмысын қадағалау, ақаулықтарды анықтау және жою. Көлік поездарының құрамын қалыптастыру және айналу пункттеріндегі поезд электр механигінің өтінімі бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының сапасы мен көлемін тексеру. Бекітілген құжаттаманы жүргізу. Жолаушы вагондарының пайдаланылатын құрылғылары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, авариялық жағдайларда қауіпсіздік техникасы жөніндегі поезд бригадасы қызметкерлерінің нұсқаулықтары. Вагондардың электр жабдықтарын жөндеу.
Білуге тиіс: барлық үлгідегі жолаушы вагондарының қызмет көрсетілетін жабдықтары мен құрылғыларының кинетикалық, электр тәсімдері мен құрылымы; вагондардың жекелеген бөлшектері мен тораптарының, құрылғылары мен құрылымдарының техникалық сипаттамасы, жасаушы зауыт ережесі; техникалық көрсетілімдері, нұсқаулықтары, вагондардың бөлшектері мен тораптарын пайдалану және жөндеуде жол берілетін шектеулер мен нормалары; жолаушы вагондарының тораптарына қызмет көрсетуде, жөндеу және сынауда қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, айлабұйымдары мен құралдарының құрылымы мен конструкциясы; электр техника және механика негіздері, вагондарды рейске техникалық дайындау, құрамды қабылдау және тапсыру тәртібі, вагон бөлшектері мен тораптарының жұмысындағы ақаулықтарды анықтау, алдын алу және жою тәсілдері, вагондардың техникалық жағдайына қызмет көрсету және бақылау технологиясы және оларды жабдықтау; жолаушы поездарының вагондарына техникалық қызмет көрсету және жабдықтау пункттерінің орналасуы; жолаушы поездарының қозғалысы кестесі, жолаушы поездарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету нұсқаулықтары мен өртке қарсы қауіпсіздік шаралары.
Электрмен жылыту және желдетілетін вагондардан тұратын жолаушы вагондарына техникалық қызмет көрсетуде – 6-разряд.
117. Контакті желісінің электр монтері
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті электр монтердің басшылығымен электр және пневматикалық құралдарды, такелажды айлабұйымдар мен механизмдерді пайдалана отырып трамвай және троллейбустардың контакті желісін демонтаждау және монтаждау. Желіден алынған арматураны бөлшектеу, оны шеберханада бояу. Жол жабындарын алып тастау. Құралдарды тазалау, майлау және оны жұмысқа дайындау.
Білуге тиіс: контактілі желі, аспап элементтерінің атауы мен қызметі, контактілі желіні жөндеу және монтаждауда қолданылатын арматура мен материалдар, такелажды айлабұйымдар мен слесарлық құралдардың қызметі мен құрылымы; контактілі желіні ревизиялау және жөндеу операцияларының кезектілігі мен жұмыс тәсілдері.
118. Контакті желісінің электр монтері
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр және пневматикалық құралдарды, такелажды айлабұйымдар мен механизмдерді пайдалана отырып трамвай және троллейбустардың контакті желісін демонтаждау және монтаждау. Тіректі түзетуге қатысу. Арматураларды, құрылымдарды және желідегі тіректерді бояу. Шахталардағы алдыңғы тіректерді орнату, бекіту, контактілі желі сымдарын созғылау, бекіту және реттеу. Шахталарда қондырылған жетек станцияларының желілеріне қосу. Кіші станцияларды монтаждау және демонтаждау. Тірек котловандарын қазу.
Білуге тиіс: контактілі желі жекелеген элементтерінің құрылымы, қарапайым механизмдер мен агрегаттардың такелажды айлабұйымдарының құрылымы мен жұмыс принципі, оқшаулау материалдары мен фарфордың қара және түсті металдардың негізгі қасиеті, сымдардың, тростар мен құбыржолдардың маркалары мен кесінділері, такелажды айлабұйымдар мен механизмдерді пайдалану шарттары, топырақ сыныптауышы мен негізгі қасиеттері, тірек үлгілері, қарапайым өлшеу аспабы; шахтадағы контактілі желі тіректерін орнату және бекіту тәсілдері, шахталарда орналастырылған кіші станциялардың үлгілері мен қуаттылығы, кабель маркалары, олардың шекті жүктемелері, шахталардағы контактілі желіні тексеру және жөндеу уақытында трольдарды қайрау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; электр техникасы жөніндегі жалпы мәліметтер.
119. Контакті желісінің электр монтері
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Контактілі желі тіректеріне, осы желілерде қосылған трансформаторлы кіші станцияларына ілінген тұрақты және ауыспалы ток контактілі желісіне, жоғары вольтты желілерді монтаждау, демонтаждау, тексеру, өлшеу, жөндеу. Поезд қозғалысын тоқтатпай немесе регламенттелген үзіліс уақытына қарай кернеуде тұрған бөліктердің маңайындағы электр монтерлік жұмыстарды орындау. аралық ұзындығын өлшеу. Станциялардағы жұмыс істейтін жерлерді қоршау. Қайта қосқыштарды тексеру және реттеу. Бетон араласпасын дайындау. Көпірлерді ажыратып және қосу кезінде трамвай және троллейбус желілеріндегі контактілі желі сым операцияларын орындау. Орташа анкерлік тростар жасау. Бандаждарды тексеру, созғылау және бояу. Көлемді қақпаларды тексеру. Қызмет көрсететін дистанциясы шеңберінде теміржол, трамвай және троллейбус желілерінің контактілі желі ажыратқыштарын қайта қосу. Контактілі желі тіректерінің уақытша сигнал белгілерін орнату. Түрлі атмосфералық жағдайларда қалпына келтіру жұмыстарын орындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін құрылғылардың зақымдықтары мен қалыпты жағдайдан ауытқу белгілері, және оларды жою тәсілдері, дистанцияда қызмет көрсетілетін электр жабдықтау құрылғыларының контактілі желілерін қоректендіру және секциялау тәсімдері, барлық қызмет көрсетілетін құрылғы элементтерінің құрылымы мен олардың қызметі, сымдардағы шекті жүктеме, ток жүргізу бөліктеріндегі оқшаулау қашықтығы, сымдарды түйістіру және бекіту тәсілдері, электр техникасы жөніндегі негізгі мәліметтер; контактілі желілердегі жұмыс кезінде қоршау тәртібі, өз міндеттері аясында контактілі желінің мазмұны мен жөндеу ережесі, теміржол байланысы жұмыс істеу принципі.
Жұмыс үлгілері
1. Кабель – қорғау бұрыштарын орнату немесе ауыстыру, төсеу.
2. Ажыратқыш жетектер – тексеру.
3. Ішектер, электр біріктіргіштер, монтажды струбциналар – жасау.
4. Компенсаторлық құрылғылар – жұмысын тексеру.
5. Электр жетекті рельсті шынжырлар – тексеру.
6. Жерлендіру штангілері – жұмысын тексеру.
120. Контакті желісінің электр монтері
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тік учаскедегі сызбалар мен эскиздерге бөле отырып трамвай және троллейбус желілерінің контактілік желісі жабдықтарын монтаждау, демонтаждау. Тұрақты және ауыспалы ток контактілі желісін жоспарлы-алдын ала жөндеу. Құрамалы тіректерді, икемді көлденең құралдарды, Ригельдерді, консельдерді, кронштейндер, фиксаторлар, секциялық изоляторларды және ілме бөлшектерді орнату және ауыстыру. қашықтықтан басқарылатын секциялық ажыратқыш жетектердің, анкерлік тірек созба оқшауларын, ток қабылдағыш жұмысын тексеру. Жоғары вольтты желілердің, автоблоктағыштың, контактілі желі тіректеріндегі толқын жүргізгіш, жеке тұрған тіректердің мазмұны мен жөндеу. Термитті тәсілмен және қопару тәсілімен сымдарды пісіруге қатысу. Тиеу-түсіру жұмыстарын орындау. Электр жіберу желілері мен құрылғыларды аралап тексеру, оларды машинистің немесе вагон кабинасынан тексеру. Топырағын қазбай іргетастардың, сорғылар мен тірек түптерінің құрылым қалыбын тексеру. Тұрақты сигнал белгілерін контактілі желі тіректеріне орнату.
Білуге тиіс: контактілі желі және электр жабдықтау құрылғысын қоректендіру және секцияландыру тәсімдері, контактілі желі ілмелерінің үлгілері, металл, темір бетон тіректердің құрылымы мен үлгілері, оларды орнату тәсілдері, ток қабылдағыштардың құрылымы және оларды контактілі сымдарға әсері, шықпа орындары мен қоректендіру желісінің нөмірленуі; контактілі желі тіректеріне ілінген жоғары вольтты желілерді, толқын жібергіштерді қоректендіру тәсімдері, қопару заттарының қасиеті, қопару арқылы пісіру және термитті пісіру жөніндегі операцияларды дайындау және жүргізу тәртібі, такелажды жабдықтардың құрылымы мен оларды ұстау; такелажды жұмыс жүргізудегі сигнал беру, өз міндеттерінің шеңберінде контактілі желінің мазмұны мен жөндеу ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Жерленген контуралар – кедергіні тексеру.
2. Контактілі желіге айқасып тұратын ауа желілері – айналмаларды тексеру.
3. Соратын және қоректендіретін желілер – тексеру.
4. Тіректер, тірек іргетастары – кедергіні және токтың шығып кетуін тексеру.
5. Контактілі сымдар – станциялардағы тозған сымдарды өлшеу және маусымдық реттеу.
6. Контактілі желіні ажыратқыштар – қызмет көрсетілетін және жанындағы дистанция шегінде қайта қосу.
7. Фиксаторлық консольды тіректер – тексеру.
8. Толқын жіберуге арналған штырьлы траверстер – тексеру.
9. Көлденең тростар – дайындау және созғылау.
121. Контакті желісінің электр монтері
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қиық учаскедегі сызбалар мен эскиздерге бөле отырып трамвай және троллейбус желілерінің контактілік желісі жабдықтарын монтаждау, демонтаждау. Контактілі желінің, контактілі желі тіректеріне ілінген жоғары вольтты желілердің барлық құрылғыларын ревизиялау және жөндеу. Контактілі желіні көлденеңінен және тігінен реттеу. контактілі желі құрылғыларын күшейту. Икемді көлденең ұстап тұрған тростардың созылуын реттеу. көпірлердегі тарату айлабұйымдарын реттеу. Қашықтықтан басқару аппаратурасын баптау, реттеу. Токтан ажыратқышты тексеру.
Білуге тиіс: контактілі желі құрылғыларына пайдаланудың техникалық нормалары; контактілі желілердің негізгі және авариялық қоректендіру және секцияландыру тәсімдері, жетекті рельсті шынжыр; контактілі желі зақымдықтары, ақаулықтарын себептері және олардың алдын алу тәсілдері, көлденең және тігінен контактілі желіні реттеу әдістері, ток қабылдағыштардың жұмыс жағдайлары, қайта қосу шкафтарының құрылымы, тіректердің шекті жүктемесі, көпірлердегі тарату құрылғыларын қолдану принципі, орындалған жұмыс есептілігін жүргізу ережесі, желілер мен кіші станцияларда қашықтықтан басқару аппаратурасының құрылымы және тәсімі, сызбалар мен контактілі желі тәсімдерін оқу ережесі, кернеуді алып тастай және жерлендіре отырып қауіпсіз жұмыс істеу ережесі, қопару заттарын шығындау нормалары, қопару материалдарын сақтау, тасымалдау және жою тәсілдері мен ережесі.
Жұмыс үлгілері
1. Түйістіру станциясын қорғау – тексеру.
2. Контактілі сым ирекшелері, шықпалары, ілме биіктіктері - өлшеу.
3. Топтау пункттерінің қайта қосқыштары – ток өлшеу.
4. Контактілі және жетекші трос сымдары – илемдеу және монтаждау.
5. Разрядтағыштар – орнату және монтаждау.
6. Орташа анкерлі тростар, эластикалық ішектер – монтаждау, контактілі желіден кернеулі ажыратпай ауыстыру.
7. Фиксаторлар – контактілі желіден кернеуді ажыратпай ауыстыру.
122. Контакті желісінің электр монтері
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Контактілі желі тіректерінде ілінген тораптық және сұрыптық станциялардағы барлық жұмыстарды, жоғары вольтты желілердің жұмыстарын техникалық қадағалау және контактілі желіні реттеу. көпірлердегі тарату құрылғыларының барлық түрлерін монтаждау және монтаждан шығару. Қолданыстағы және жаңадан электрленген теміржолдардағы жаңа контактілі желілерді монтаждау бойынша барлық жұмыстарды орындау. торап станцияларындағы және түрлі ток және кернеу жүйелерінің түйіскен жерлеріндегі басқарылатын секциялық ажыратқыштарды монтаждау. Секциялық ажыратқыштардың және қашықтықтан басқарылатын ажыратқыштардың зақым келген жерлерін анықтау және жою. Эскиздер мен сызбаларды алып тастау және құрастыру. Тік және қима учаскелердегі барлық үлгідегі жаңа трамвай және троллейбус контактілі желілері станцияларындағы тіректерді бөлу.
Білуге тиіс: контактілі желі тіректерін бөлу тәсілдері мен оларды котловандарға орнату әдістері, тірек іргетастарының құрылымы мен мөлшері, электрленген теміржолдарды электр жабдықтаудың барлық учаскесі шегіндегі контактілі желіні қоректендіру және секциялау тәсімдері, трамвай және троллейбус желілерінің барлық контактілі желілерін қоректендіру тәсімдері, контактілі желі пайдалану және жөндеуде қолданылатын шектер мен нормалар; контактілі желі құрылғыларына қатысты жетек кіші станциялары мен электр жылжымалы құрамның жұмысы.
123. Контакті желісінің электр монтері
7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Диагностикалық аппаратура көмегімен (АДО, Филин, Диакор, ИЗС-10Н, УК-14ПМ, ВИКС, Тепловизор) контактілі желі құрылғыларын диагностикалау. Өндірістік өлшегіштерді талдау. Дербес ЭВМ бағдарламаларына ақпарат енгізу. Жоғары қауіптіліктегі жерлерде жұмыс орындауды ұйымдастыру.
Білуге тиіс: диагностикалау аспаптарының принципиальды тәсімдері мен қолдану принципі және олармен жұмыс істеу әдістемесі, дербес ЭВМ пайдалану ережесі; жоғары қауіпті жерлерде жұмысты ұйымдастыру ережесі.
Ескерту. Контактілі желі электр монтері біліктілік разрядын беру тиісті құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі талаптарымен, атап айтқанда: 2-разрядты контакті желісінің электр монтері ІІ топ көлемінде қауіпсіздік техникасы ережесін; 3-разрядты – ІІІ топ көлеміндегі; 4-разрядты – ІҮ топ көлемінде, 5,6,7-разрядтар – Ү топ көлеміндегі қауіпсіздік техникасы ережесін білуге тиіс.
Жұмыс үлгілері
1. Топтық жерлендіру – ревизиялау және жөндеу.
2. Икемді оқшауланған көлденең қималар – контактілі желіден кернеуден ажыратпай оқшаулағыштың жарамдылығын тексеру.
3. Контакті сымдар – контактілі желіні кернеуден ажыратпай монтаждау.
4. Рельс-консоль – токтың шығуына кедергіні өлшеу, әлеуетті диаграмманы алу.
5. Оқшаулау кедергісі – қалыбын тексеру.
6. Ауыспалы және тұрақты ток электр жетегін түйістіру станциялары, топтау пункттері – контактілі желі құрылғыларын және жабдықтарды ревизиялау және жөндеу.
Ескерту. Контактілі желі электр монтері біліктілік разрядын беру тиісті құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі талаптарымен, атап айтқанда: 3-разрядты контакті желісінің электр монтері ІІІ топ көлемінде қауіпсіздік техникасы ережесін; 4-разрядты – ІҮ топ көлемінде, 5,6-разрядтар – Ү топ көлеміндегі қауіпсіздік техникасы ережесін білуге тиіс.
124. Электр монтер-релеші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті электр монтер-релешінің басшылығымен реле қорғау, аспаптар мен күш жабдықтарын сынау және тексеру. Автоматика және реле қорғау тәсімдерін монтаждауда слесарлық және қосалқы жұмыстарды орындау. қорғағыш, реле және аспап панельдерінде жөндеу және орнату.
Білуге тиіс: реле қорғау, реле құрылғысы және аспаптар туралы жалпы түсініктер, қорғағыштың жұмыс істеу принципі мен қызметі, автоматика және реле қорғау тәсімдерін ревизиялау және монтаждаудағы операциялардың жұмыс істеу жолдары мен кезектілігі; бақылау-өлшеу аспаптарының зақымдық белгілері туралы қарапайым мәліметтер мен оларды пайдалану ережесі; электр техникасы туралы қарапайым мәліметтер.
125. Электр монтер-релеші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Реле қорғау, аспаптар мен күш жабдықтарын сынау және тексеру. Автоматика тәсімдерін профилактикалық тексеру. Анағұрлым жоғары білікті электр монтер-релешінің басшылығымен автоматика және релелік қорғау тәсімдерін монтаждау. Бақылау-өлшеу аспаптарын жөндеу.
Білуге тиіс: реле қорғау және аспаптарының қызметі, релелік қорғау және күш жабдықтарын сынау бақылау-өлшеу аспаптары, бақылау-өлшеу аспаптарын іске қосу тәсімдері, аспаптар мен реленің жұмыс істеу принципі; автоматика тәсімдерінде қолданылатын реле үлгілері; кіші станциялардың бір желілік тәсімдері, электр техника негіздері.
126. Электр монтер-релеші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ток қорғауды тексеру және бақылау. түзету агрегаттарын, газ трансформатор қорғау, автоматика және телемеханика құрылғыларын тексеру, байқау және теңшеу. Қарапайым құрылымдарды тексеру, жөндеу, ревизиялау, реттеу және теңшеу. Магнитті электрлі және индукциялық жүйелердің электр аспаптарын оларды градуирлеп және сынай отырып бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. өлшеу трансформаторларын жөндеу, қорғау құралдарын сынау. Қорғау тізбегін сылдырлату. Реле және аспаптарды реттеумен байланысты есептерді орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |