52 шығарылым «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль және қалалық электр көлігі; Теңіз және өзен көлігі» бөлімдері Астана 2010 Кіріспе



бет9/13
Дата13.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#131383
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Білуге тиіс: реле құрылымы; релені реттеу процесі мен реттеу процесінде қолданылатын есептеулер; кіші станция жабдықтарының қызметі мен қолдану принципі, релелік қорғаудың принципиальды тәсімдері, сым және кабельдердің маркалары; автоматиканың принципиальды тәсімдерін оқу ережесі, реле және аспаптарды тексеру тәсімдері.
127. Электр монтер-релеші

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кабель кернеуін сынау, тексеру және теңшеу, кернеудің төмендеуінен, тұйықталудан қорғау. Қалқан бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру. Ажыратқыштар мен автоматтарды тексеру және сынау. Күш және өлшеу трансформаторларын, күш жабдықтарын кернеумен сынау. Барлық автоматика тәсімдерін ревизиялау және баптау. Автоматика аппаратурасы мен реле тәсімдерін теңшеу және ревизиялау. Қолданыстағы кіші станция жағдайында автоматика және басқару тәсімдерін қайта монтаждау. Дәлдігі бірлікке дейінгі барлық үлгідегі аспаптар мен релені жөндеу және реттеу. телебасқару тәсімдерін тексеру. Телебасқару аспаптарын және датчиктерді теңшеу. Термодатчиктер мен терморелелерді жөндеу және реттеу.

Білуге тиіс: өлшеу және сынау аппаратурасының құрылымы; релелік қорғау сипаттамасы мен негізгі параметрлері; релелік қорғау және автоматика контакті тәсімдерін оқу ережесі; автоматика тәсімдерінде қолданылатын аппаратураның құрылымы мен үлгілері, автоматика тәсімдерінің жұмыс істеу техникалық шарттары; телебасқару жұмысының принципі.
128. Электр монтер-релеші

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кіші станцияларда қолданылатын түрлі үлгідегі релелік қорғауды сынау, тексеру және теңшеу. Қуаттылық реле электр сипаттамасын теңшеу және тексеру. Телебасқаруды теңшеу және реттеу. Телебасқару жұмысындағы ақаулықтарды және себептерін айқындау. Электронды қорғауды жоспарлы тексеру. Электронды аппаратура мен зарядтау құрылғыларын баптау және монтаждауда қолданылатын аспаптар мен құрылғыларды ревизиялық қызмет көрсету және жөндеу. Телемеханика аппаратурасы блоктары мен модульдерін стенділік баптау.

Білуге тиіс: телебасқарудың принципиальды және монтаждау тәсімдері, оларды оқу ережесі; кремний түзеткіштердің құрылымдары мен басқару тәсімдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.


129. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тіректерді орнату, ауыстыру және бекіту жұмыстарды орындау. тіректерді арматурамен, траверстермен, штырьлармен жарақтандыру. Тіректерді ауыстыру кезінде сымдарды төсеу. Сымдарды ілу. Сымдарды пісіру. Кабель төсеу трассаларын дайындау, оны монтаждау және жөндеу жөніндегі қосалқы жұмыстарды орындау. Қарапайым слесарлық, ағаш және электр өлшеу жұмыстарды орындау. желілік байланыс құрылғыларын сынауға қатысу.

Білуге тиіс: ауа желілерін күрделі және орта жөндеу және қалпына келтіру кезінде байланыс құрылғыларын сынау және жұмыстарды орындау ережесі; термитті дәнекерлеу шамдар мен айлабұйымдардың құрылымы мен ұстау ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, электр техника жөніндегі қарапайым мәліметтер.
130. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Байланыс желілері мен СЦБ әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету. Желілік зақымдықтарды жою. Морзе аппараттарына, телефон аппараттарын, 3-4 сыныпты радиоқабылдағыштарға қызмет көрсету және жөндеу. Контактілерді, контакторларды, қайта қосқыштарды, шнурларды, штепсельдерді, кнопкаларды, микротелефон тұтқаларын, гарнитураларды қосалқы жабдықтарды жөндеу, тексеру және тазалау. Зақымдықтарды анықтау және жою. Ішкі сым өткізу. Аккумуляторлық батареяларды зарядтау. Жергілікті байланыс кабельдеріне және кабельдің арматураларға қызмет көрсету. Біріктіру, тарату және ұшындағы муфталарды монтаждау және дәнекерлеу. Жергілікті телефон желілерін салу. Күрделі емес тәсімдер бойынша ауа және жер асты желілерін ілу және төсеу. Сымдарды өру және ұзарту. Кабель трассаларын тексеру.

Білуге тиіс: телеграф, телефон және радиоаппаратуралардың, байланыс және СЦБ қоректендіру көздері мен ауа желілерінің құрылымы, қызмет көрсету және жөндеу ережесі, кабель шаруашылығында қызмет көрсету ережесі, шкафтардағы, бокстардағы, кабель жәшіктері мен қораптарда кабельдерді бөлу тәртібі, кабель қабығындағы әлеуетті өлшеуге арналған бақылау нүктелерінің құрылымы; электр техника және радиотехника негіздері, кабель трассаларын және кабель төсеудің техникалық шарттарды білу.
131. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Телефон станция коммутаторларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Негізгі аспаптар мен жабдықтарды тексеру және реттеу, олардың зақымдықтарын анықтау және жою; біріктіру желілері параметрлерін электрмен өлшеу. Телефон және телеграф станциялары аспаптарын ауыстыру және монтаждау. Телеграф аппаратурасына техникалық қызмет көрсету жөніндегі профилактикалық жұмыстар; стартстопты аппараттардағы механикалық және электрлік зақымдықтарды анықтау және жою. Дауысы қатты шығатын екі жақты парк байланысы желілік құрылғыларының, электр сағаттардағы, сақтау камераларындағы механикалық және электр ақаулықтарды анықтау және жою; орнату, техникалық қызмет көрсету, жөндеу. Трансформаторларды, резисторларды, конденсаторларды, электр-механикалық релелерді тексеру және орнату.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін аппаратура құрылымы, ақаулықтардың негізгі түрлері; оларды анықтау және жою тәсілдері, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен қызметі, электрмен қоректендіру жүйесі; аппаратураға техникалық қызмет көрсету және жөндеу ережесі мен тәртібі, нормалары, шектеулер.
132. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қол және автоматты телефон станцияларына, аралық байланыс пункттеріне, поезд, станция және жөндеу оперативтік радиоаппаратурасына, технологиялық радиобайланысқа, екі жақты байланысқа, дыбысы қатты шығатын байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету. Радиоаппаратура блоктары мен тораптарының: трансформаторлар, резисторлар, конденсаторлардың жекелеген бөлшектерін тексеру және ауыстыру. Жолаушы поездарының, электр компостерлердің платформалық және топтық вокзал көрсеткіштерін тексеру. Халықаралық кабель магистральдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Тұрақты токпен өлшеу және кабельдерді тот басудан сақтау жұмыстары. Күрделі жағдайларда кабельдегі ақаулықтардың орнын айқындау. Кабельді магистральдардың монтаждау-дәнекерлеу жұмыстары. Берілген тәсім бойынша кірме-коммутациялық құрылғыларды жөндеу.

Білуге тиіс: автоматты және қол телефон станцияларының, радиоқұрылғыларының және басқа да байланыс аппараттарының және өлшеу аспаптарының, сондай-ақ кабельдерді электр тотының басуын болдырмауда қолданылатын аспаптардың құрылымы; аппаратуралардың ақаулықтарының негізгі түрлері, оларды анықтау және жою тәсілдері, электрмен қоректендіру жүйесі мен басқа да қызмет көрсететін құрылғылар.

133. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Импульсті және тональды шақыру аппаратурасына, контактілі рельс бойынша сигнал беру радиопоезд байланысы құрылғысына, радиотарату күшейту станциясының қашықтықтан басқарылатын аспаптарына, поездардың өтуін есептеу және кестесін бақылау аспаптарын қашықтықтан басқаратын уақыт станцияларына, эскалаторларда жолаушылардың қозғалысын қадағалауға арналған телевизиялық станция құрылғыларына, өтпелі коридорлар мен платформаларға, телефон аппаратурасының үлгілерге және байланысын; метрополитен тогын электрмен және радиотехникалық өлшеу өндірісінде техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Радиоқабылдау-жіберу құрылғыларын, телевидение және метрополитеннің бақылау-өлшеу аспаптарын механикалық және электрлік реттеу.

Білуге тиіс: байланыс, радио, телевидение, орталық уақыт станцияларының қызмет көрсетілетін құрылғыларының, поездардың жіберілуін бақылау аспаптарының құрылымы және пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін және жөнделетін құрылғылардағы пайда болатын ақаулықтардың себептері және алдын алу және жою тәсілдері, түрлі күрделіктегі тәсімдер бойынша монтаждау жұмыстарының тәсілдері, құрылғылар мен жабдықтардың жаңа тәжірибелік үлгілері бойынша тәсімдер жасау тәртібі, байланыс құралдарының жаңа тәжірибелік үлгілерін монтаждау және баптау принципі; сызба, жұмыс эскиздерін, техникалық құжаттама тәсімдері мен жүргізу ережесі; телемеханика негіздері.
134. Байланыс аппаратуралары мен құрылғыларын жөндеу және қызмет көрсету электр монтері

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Талшық-оптикалық байланыс желісіне, цифрлық жіберу жүйесімен тығыздалған кабельді байланыс желісіне, цифрлық және микропроцессорлық техника элементтері бар радиоаппаратураларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Радиоэлектронды аспаптар мен құрылғылардың электрлік параметрлері мен жұмысқа қабілеттілігін электрлік және механикалық реттеу, дұрыс монтаждалуын тексеру. Нұсқаулыққа сәйкес жартылай өткізгіш аспаптар мен интегралды тәсімдердегі электр блок параметрлерін реттеу. басқару блоктарын реттеу, түрлі үлгідегі күрделі күшейткіштерді теңшеу.

Білуге тиіс: радиоэлектронды құрылғылар мен аппаратура құрылымы және ондағы ақаулықтарды жою тәсілдері, кабельді байланыс желілеріндегі зақымданған жерлерді анықтауға арналған жартылай өткізгіш аспаптары мен интегралды тәсімдердің құрылымы, озық байланыс үлгілерін монтаждау және баптау принциптері, сызба, жұмыс эскиздері мен тәсімдерін жасау ережесі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.


135. Кіші жетек станциясының электр монтері

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті электр монтердің басшылығымен электр құрылғыларындағы шұғыл қайта қосуларды жүзеге асыру. Аппаратура контактілерін тазалау және майлау. Аспаптарды, айлабұйымдарды, қорғау құралдарын, ауыспалы жерлендіргіштерді, жарықтандыру аппаратурасын, магнит жібергіштерді жөндеу. Кіші станция орынжайлары мен аумағын ұстап отыру жұмыстарын орындау. Материалдарды алу, қоймалау.

Білуге тиіс: кіші станция жабдықтарының құрылымы және қызметі туралы мәліметтер, кіші станция жабдықтарын жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың қасиеті, шұғыл қайта қосулардың тәртібі, электр аспабын пайдалану ережесі; қорғау және монтаждау айлабұйымдарының қызметі мен қолдану тәртібі; электр техника жөніндегі қарапайым мәліметтер.
136. Кіші жетек станциясының электр монтері

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кіші жетек станциясының электр қозғалтқыштарын, сорғыларды, ажыратқыштарды, контакторларды және басқа да жабдықтарды бөлшектеу және құрастыру. Майды сүзгілеу және сынама алу. Асбоцемент қоршауын жасай отырып тез істейтін автоматтардың камераларын іріктеу. Кіші станциялардағы электрмен жарықтандыруды монтаждау. Изоляторларды армирлеу. Дөңгелектерді дайындау және ию. Кабельдерді біріктіру, ұштау, дәнекерлеу және қосу. Дөңгелектерді, изолятор фланецтерін, кабельдерді, металл корпус құрылымдарын, ажыратқыштарды, тарату құрылғылары камераларын бояу.

Білуге тиіс: кіші станция электр жабдықтарының электр және монтаждау тәсімдері; электр жабдықтарының атаулары мен қызметі, тарату құрылғылары; бекітетін бөлшектердің, арматуралардың негізгі түрлері, кіші станцияларда қолданылатын сым және кабель маркалары, негізгі электр құралдары, электроника жөніндегі негізгі мәліметтер.
137. Кіші жетек станциясының электр монтері

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Істеп тұрған кіші станциялардағы жабдықтарды монтаждау. Жартылай өткізгіштерді профилактикалық сынау. Анағұрлым жоғары білікті электр монтердің басшылығымен қарапайым және орташа күрделіктегі қорғауды тексеруге және баптауға қатысу. Электр жабдықтардағы зақымдықтарды анықтау және жою. Түзету көпірлерін, электр қозғалтқыштарды, трансформаторларды, сорғыларды жөндеу, жұмысын тексеру және реттеу. Аппаратураға май құю. Трансформаторлық майды регенерациялау. Аккумуляторлық батареяларға қызмет көрсету. Шұғыл қайта қосуларды жүзеге асыру. Орындалатын жұмыстың техникалық құжаттамасын жүргізу.

Білуге тиіс: электр құрылғылардың тәсімдері және оларды біріктіру; жартылай өткізетін түрлендіргіштердің, май ажыратқыштардың, трансформаторлардың, аккумулятор батареяларының, сүзгі құрылғыларының, қорғау және өлшеу аппаратурасының жұмыс істеу принципі, электр машиналар мен аппарат тораптарын бөлшектеу және құрастырудың технологиялық процесі, аккумулятор батареяларының, электр қозғалтқыштың ақаулықтары мен оларды жою тәсілдері; авариялық жағдайдағы кіші станция жұмысын қалыпты жұмыс режиміне аудару мүмкіндіктері; электр техника және телемеханика негіздері.
138. Кіші жетек станциясының электр монтері

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен кіші станция электр жабдықтары және қорғау құралдарын реттеу, теңшеу және сынау. Аппараттар мен электр машиналарын кептіру. Сымдар мен кабельдерді белгілеу және төсеу. Барлық түрдегі өтпелі плиталарды, изоляторларды, ажыратқыштарды, жетектерді, разрядтағышты, күш трансформаторларын орнату. Май ажыратқыштардың, тез істейтін автоматтардың, сүзгі құрылғыларының жетек бөлшектерін реттеп және ауыстыра отырып құрастыру. Блоктау тізбегі құрылғылары мен жартылай өткізетін түрлендіргіштерді монтаждау. Түзеткіштердегі, автоматты және қашықтықтан басқарылатын жабдықтардың ақаулықтарын анықтау және жою. Автоматтардың магнит беттерін қырнап тегістеу, магнит сымдарды шихталау. Коммутация тізбегі, жартылай өткізетін түрлендіргіш, күш трансформатор тәсімдерін тексеру. Электр машиналар мен трансформатор орамаларының оқшаулану жағдайын анықтау. Автоматика және телемеханиканың қарапайым құрылғыларын тексеру. Реле сипаттамасын жөндеу, реттеу және алып тастау. Орташа күрделіктегі қорғауды тексеру және баптау. Жүктеме тәсімдерін шешу.

Білуге тиіс: жетекті және төмендету кіші станцияларын электрмен жабдықтау тәсімдері, кіші станция жабдықтарының құрылымы мен қолдану принципі, сол жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтар және оларды жою тәсілдері, жабдықтарды жөндеуді жүргізу тәртібі, электр жабдықтарды және қоректендіру желісін қорғау; жерлендіру құрылымы мен тәсімдері, электр жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды пайда болу себептері мен олардың алдын алу тәсілдері, электр жабдықтарды кептіру тәсілдері, монтаждалатын жабдықтардың электр тәсімдері және оларды тексеру тәсілдері, изоляция кедергісін өлшеу тәсілдері; электр өлшеу аспаптарының құрылымы мен қолдану ережесі, барлық түрдегі реле құрылымы мен қолдану принципі, электр жабдықтарының және қорғау құралдарының техникалық сипаттамасы; техникалық училище бағдарламасы көлемінде электр техниканы білу.
139. Кіші жетек станциясының электр монтері

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр жабдықтарды және кабельдерді жоғары вольтты сынамалау. Түрлендіргіш агрегаттарды орналастыру жерін белгілеу. Ерекше күрделі аппараттарды, жабдықтар мен аспаптарды монтаждау. Реакторлар мен сүзгілеу құрылғыларын орнату және монтаждау. Ауыспалы ток ажыратқыштарын орнату және қызмет көрсету. Құрама кешенді тарату құрылғылары мен олардың жекелеген блоктары мен траптарын орнату және реттеу. Аспаптар мен аппараттардың жұмысын тұрақты ток көздері мен кернеуінен сынама алу және оларды іске қосуға дайындау. Алғашқы және қайталама коммутация тізбектерінің автоматика құрылғысын монтаждау. Күрделі қорғауды тексеру және баптау. Күш трансформаторларын қайта қосу. Ашық және жабық тарату құрылғыларындағы кабельдерді фазалау.

Білуге тиіс: электр тәсімдер, электр жабдықтарын тексеру және реттеу әдістері, тарату құрылғыларының құрылымы; басқару және қорғау қалқаны; кіші станция электр жабдықтары мен қорғау құралдарын сынау ережесі мен тәртібі, электронды автоматика құрылғыларының, телемеханика және қорғау құрылғыларының принципті тәсімдері мен қолдану принципі, токтан қорғау, кесу, дифференциальды және қашықтықтан қорғау, жермен қорғау, газ, салқындату, ауаның жылуынан қорғау құралдарының монтаждау тәсімдері; кіші станция жабдықтарын жөндеу кезінде қолданылатын материалдар туралы негізгі мемлекеттік стандарт деректері, кабельдің, сым, материалдар мен май трансформаторлардың шығын нормасы.

Ескерту. Кіші жетек станциясының электр монтері біліктілік разрядын беру тиісті құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі талаптарымен, атап айтқанда: 2-разряд ІІ топ көлемінде қауіпсіздік техникасының ережесін; 3-разряд – ІІІ топ көлемінде; 4-разряд – ІV топ көлемінде; 5, 6-разрядтар – V топ көлеміндегі қауіпсіздік техникасының ережесін білуге тиіс.
140. Кіші жетек станциясының электр монтері

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жаңа үлгідегі жабдықтарды, аппараттарды, аспаптарды монтаждау және қызмет көрсету; алғашқы және қайталама коммутациялар мен электронды қорғау тізбектерінің күрделі құрылғыларын монтаждау және тексеру. Арнайы бағдарламалар бойынша жоғары вольтты жабдықтар мен күш кабельдерін сынау. Жоғары вольтты вакуумды ажыратқыштарды орнату, реттеу және тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы және жөндеу технологиясы, күрделі автоматика мен электронды қорғау құрылғыларының монтаждау және принципиальды тәсімдері, жоғары вольтты жабдықтар мен кабельдерді сынау нұсқаулығы мен әдістемесі; вакуумды ажыратқыштардың құрылымы және реттеу тәсілдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.


141. Кіші жетек станциясының электр монтері

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тиристорлы түрлендіргіштерді реттеу және баптау. Микротәсімдерде орындалған автоматика және электронды қорғау құрылғыларын монтаждау және тексеру.

Білуге тиіс: тиристорлы түрлендіргіштерді реттеу және баптау тәсілдері; микротәсімдерде орындалған автоматика және электронды қорғау құрылғыларының принципті монтаждау тәсімдері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.



Ескерту. Кіші жетек станциясының электр монтері біліктілік разрядын беру тиісті құрылғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі талаптарымен, атап айтқанда: 2-разряд ІІ топ көлемінде қауіпсіздік техникасының ережесін; 3-разряд – ІІІ топ көлемінде; 4-разряд – ІV топ көлемінде; 5, 6-разрядтар – V топ көлеміндегі қауіпсіздік техникасының ережесін білуге тиіс.
142. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Механикалық бөлшектерді, тұратын жетек құрылғыларына, компенсаторларға және механикалық орталықтандыратылатын икемді жетек желілеріне, бұрма және сигнал беру бағдарлы-бақылау құрылғыларына, семафорларға техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, монтаждау, реттеу.

Білуге тиіс: механикалық бөлшектерді, тұратын жетек құрылғыларына, компенсаторларға және механикалық орталықтандыратылатын икемді жетек желілеріне, бұрма және сигнал беру бағдарлы-бақылау құрылғыларына, семафорлардың құрылымы, техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, монтаждау, реттеу ережесі мен нормалары, СЦБ құрылғыларының ақаулықтарының негізгі себептері және оларды жою тәсілдері, электр техника және механика негіздері.

143.Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электрмен орталықтандыру кабель желілерінде, автоматтандырылған және механизацияланған сұрыптау үйінділерде, пневмопочта желілерінде, автоматты және жартылай автоматты блоктау, автоматикасында, автоматты локомотивті сигнал беру құрылғыларында техникалық қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және реттеу. СЦБ аппаратурасын бөлшектеу, бөлшектерін ауыстыру, құрастыру, механикалық және электрмен реттеу.

Білуге тиіс: электрмен орталықтандыру кабель желілерінде, автоматтандырылған және механизацияланған сұрыптау үйінділерде, пневмопочта желілерінде, автоматты және жартылай автоматты блоктау, автоматикасында, автоматты локомотивті сигнал беру құрылғыларында техникалық қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және реттеу ережесі, нормалары, технологиясы, СЦБ аппаратурасын бөлшектеу, бөлшектерін ауыстыру, құрастыру, механикалық және электрмен реттеу технологиясы.

144. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Рельс тізбегі жабдықтарында, аппаратурасында, электр жетекті басқару тәсімдерінде, бағдаршамды, бағдар көрсеткіштерді, вагонды баяулатқыштарда, компрессорларда, пневмопочтада техникалық қызмет көрсету, күрделі жөндеу, реттеу және сынау. СЦБ аппаратурасы және жабдықтарды жөндеу-технологиялық учаскелерде реттеу.

Білуге тиіс: рельс тізбегі жабдықтарында, аппаратурасында, электр жетекті басқару тәсімдерінде, бағдаршамды, бағдар көрсеткіштерді, вагонды баяулатқыштарда, компрессорларда, пневмопочтада техникалық қызмет көрсету, күрделі жөндеу, реттеу және сынау нормалары мен технология ережесі, құрылымы; қолданылатын өлшеу аспаптарының құрылымы.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.


145. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бекітілген кестеге сәйкес автоматты локомотив сигнализациялау, жылжымалы құрамның қашықтықтан-сынау жүйесін бақылау құрылғыларында, поездардағы контактісіз букстарды қыздыру аппаратурасында техникалық қызмет көрсету, жөндеу-технологиялық учаскелердегі кодты және электронды сигнал беру, орталықтандыру және блоктау аппаратурасын, реттеу; қорғау құралдарын қызудан сақтау құралдарын тексеру. Автоблоктау, электр, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының ақаулықтарын анықтау.

Білуге тиіс: автоматты локомотив сигнализациялау, жылжымалы құрамның қашықтықтан-сынау жүйесін бақылау құрылғыларында, поездардағы контактісіз букстарды қыздыру аппаратурасында техникалық қызмет көрсету, жөндеу-технологиялық учаскелердегі кодты және электронды сигнал беру, орталықтандыру және блоктау аппаратурасының құрылымы және қолдану принципі; қорғау құралдарын қызудан сақтау құралдарының, автоблоктау, электр, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының механикалық және электр сипаттамалары.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.


146. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында қызмет көрсету және жөндеу электр монтері

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Автоблоктау, электрлік, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларында техникалық қызмет көрсету, ақаулықтарын анықтау және оларды жою; реттеу және монтаждау жұмыстарын орындау; қолданыстағы сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларында аппаратуралар мен аспаптарды ауыстыру. Сигнал беру, орталықтандыру және блоктау құрылғыларындағы электронды аппаратуралар мен микропроцессорлық техника құрылғыларында қызмет көрсету. Вагон баяулатқыштарда техникалық қызмет көрсету, жөндеу алаңдары мен жолдарда оларды құрастыру және реттеу, вагон баяулатқыштарды сұрыптау төбесінде ауыстыру. жүк құжаттарын жіберу жөніндегі пневматикалық почта агрегаттарына техникалық қызмет көрсету, реттеу және ауыстыру. Автоматты локомотив сигнал беру құрылғыларымен және жылдамдықты автоматты реттеу құрылғыларымен жабдықталған рельс тізбектеріне қызмет көрсету.

Білуге тиіс: автоблоктау, электрлік, диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының, автоматты локомотив сигнал беру құрылғыларымен және жылдамдықты автоматты реттеу құрылғыларымен жабдықталған рельс тізбектерінің электрлік және монтаждау тәсімдері; қызмет көрсетілетін құрылғылардың ақаулықтарын табу және жою тәсілдері мен әдістері, орталықтандырудың қолданыстағы құрылғыларын ажырату ережесі; байланыстарын тексеру; электронды құрылғылар мен микропроцессорлық техника құрылғыларының жұмыс істеу принципі.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет