ның базалық мәдениет құрылымына сай болу принципі гуманитариза-
циялау және фундаментализациялау принципінен келіп шыққан. И.Я. Лернер
мен М.Н.Скаткин концепциясына сүйенсек, ол жеке адамның когнитивті тәжірибесі, практикалық қызмет тәжірибесі, жеке адам творчествосы- ның тәжірибесі мен қарым-қатынас тәжірибесі ретінде көрініс табады.
Жоғарыда көрсетілген жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру прин-
циптері білім берудің мазмұнын таңдап алу критерийлерін белгілейді. Олар
төмендегілер:
- білім беру мазмұнының жеке адамды жан-жақты дамыту міндеттері мен
оның базалық мәдениетін қалыптастыру мазмұнында тұтас бейнелеуі;
- білім беру мазмұнының ғылыми және практикалық мәнділігі;
- білім беру мазмұнындағы күрделілік оқушының іс жүзіндегі оқу мүм-
кіндіктеріне сай болуы;
- білім беру мазмұнына бөлінген уақыт көлемінің оны үйренуге бөлінген
уақытпен сай болуы;
- қазіргі заман мектептерінің оқу-методикалық және материалдық база-
сының білім беру мазмұнына сай болуы;
- жалпы білім беру мазмұнын құруда халықаралық тәжірибелерді есепке
алуы.
4. Білім берудің мазмұны нормативті құжаттар – оқу жоспары, оқу бағ-
дарламасы және оқулықтарда көрсетілген.
Оқу жоспары – Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министр-
лігі мен Жоғары және орта арнаулы білім беру Уәзірлігі бекіткен оқу орны-
ның сертификаты.
Оқу жоспарында:
– оқу жылының басталуы мен соңы, ширектер(семестрлер) мен каникул-
дардың мерзімі;
– осы оқу орнында өтілуі керек болған пәндердің толық тізімі;
– әр оқу жылдары бойынша осы оқу пәндерінің өтілу тәртібі мен реті;
– бір оқу жылында өтілетін әрбір пәннің сағат саны;
– әр жетіде әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшері;
– практикумдардың құрылымы мен мерзімі
белгіленеді.
Жалпы білім беру тәжірибесінде оқу жоспарларының бірнеше типтері
пайдаланылады: тірек, үлгілі және мектеп оқу жоспары.
Жалпы орта және орта арнаулы білім беретін оқу орындарының тірек оқу жоспары – бұл сол білім беру деңгейінің мемлекеттік стандартының құрамдас
бөлігі болған негізгі мемлекеттік нормативті құжат. Ол үлгілі және жұмыстық
оқу жоспарларын істеп шығу үшін негіз болады және мектепті
қаржыландырудың негізгі құжаты есептелінеді. Тірек оқу жоспарын Өзбек-
стан Республикасының Уәзірлер Мекемесі бекітеді.