Оқулықтағы
оқу материалын тез, толық және терең меңгеру үшін қо-
сымша
оқу құралдары жасалынады. Олар: хрестоматиялар, есептер жинағы,
жаттығулар кітаптары, анықтамалар, карталар, глобустар т.б.
5.
Стандарт –ағылшын сөзi –
үлгі, эталон, деген мағынаны береді.
Білім берудің мемлекеттік стандарты түсінігі Өзбекстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан кейін енгізілді. Білім берудің
мемлекеттік стандарты
Өзбекстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1997 ж.) және «Кадрлар
даярлаудың ұлттық программасына», сондай-ақ басқа да мемлекеттің білiм
беру туралы нормативті құжаттарына негізделiп жасалынған.
Мемлекеттік білім беру стандарты – білім
беру мазмұны мен сапасына
қойылатын талаптарды белгілейтін нормативті құжат.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты оқушылардың
жалпы білімділік дайындығына, деңгейіне
қойылатын міндетті минимал
дәрежені белгілеп береді.
Білім берудің мемлекеттік стандарты білім берудің мазмұнын,
форма-
сын, тәсілдерін, әдістерін және оның сапасына
қойылатын бағаның тәртібін
анықтайды. Оқыту мазмұнының өзегі есептелген стандартты қолдау арқылы
мемлекет территориясында жұмыс істейтін әртүрлі мекмелерде (мемлекет-тік,
мемлкеттік болмаған) білім берудің бірқалыпты дәрежесін қамтамасыз ету
шарты жүзеге асырылады. Стандарт негізiнде оқу жоспары, оқулық және оқу
құралары түзіледі.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік білім стандарты өзінің құрылымы
және
мазмұнына қарай мемлекет, аймақ, мектеп мүддесі және жабдықтары
бірлігін көрсетеді және ең негізгісі оқушы тұлғасы, оның әрекеттері, қабілеті
және қызығуларының бірінші тұруынан келіп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: