6-тақырып. Білім берудің мазмұны. Бiлiм берудің мемлекеттiк стандарты. Жоспары



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата14.11.2023
өлшемі0.53 Mb.
#483212
1   2   3   4   5   6   7   8   9
\'6 tema (1)

Үгілі оқу жоспары тірек оқу жоспары негізіндетүзіледі және Өзбекстан 
Республикасы Халыққа білім беру Уәзірлігі мен Жоғары және орта арнаулы 
білім беру Уәзірлігі тарабынан бекітіледі. Бұл жоспар негізінде барлық жағ-
дайларды ескеріп жұмыстық оқу жоспары түзіледі. Бұл жоспарды мектеп-
тің (лицей, коллеж) педагогикалық кеңесі бекітеді. 
Оқу жоспары негізінде оқу бағдарламасы (программасы) түзіледi. Оқу 
бағдарламасы – оқу пәні бойынша білім, дағды және іскерліктер мазмұны, 
оқу жылдары бойынша программа материалдарының өтілуі, тақырыптардың 
сағаттары белгіленген нормативті құжат. Оқу бағдарламасы оқылатын пән-дер 
бойынша жеке жасалынады. Онда:
– пәнді оқытудың мақсаты және оқушылардың білімі мен іскерлігіне 
қойылатын талаптар бойынша түсінік хат жазылады;
– оқыту формасы мен методтары ұсынылады;
– оқылатын материалдар жылға бөлініп, сағаттары көрсетілді; 
– оқылатын материалдың тақырыптық мазмұны анықталады;
– пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар, оған әдебиет тізімі ұсынылады. 
Оқу бағдарламасы үлгілі, жұмыстық, авторлық болуы мүмкін. 
Үлгілі оқу бағдарламасы белгілі бір білім беру саласы үшін мемлекеттік 
білім беру стандарттары негізінде жасалынады. Үлгілі оқу бағдарламасы 
Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру Уәзірлігі мен Жоғары және орта 
арнаулы білім беру Уәзірлігі тарабынан бекітіледі. Ол нұсқау беру сипа-тына 
ие.
Үлгілі оқу бағдарламасы негізінде жұмыстық оқу бағдарламалары тү-
зіледі және ол оқу орнының педагогикалық кеңесі тарабынан бекітіледі. Жұ-
мыстық оқу бағдарламасын түзуде оқу орнының методикалық және техника-
лық мүмкіндіктері, оқушылардың дайындық деңгейі, жергілікті ерекшелік-
тер, мектептің спецификасы ескеріледі. 
Авторлық оқу бағдарламасы тәжірибелі педагогтар тарабынан түзіліп, 
онда пәнді оқытудың авторлық методикасы беріледі. 
Білім беру мазмұны мен оқу бағдарламасын жобалау оқу әдебиеттерін-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет