6-тақырып. Білім берудің мазмұны. Бiлiм берудің мемлекеттiк стандарты. Жоспары


ны деп белгілі бip оқу opнындағы үйренілетін білімдер мен іскерліктер-



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата14.11.2023
өлшемі0.53 Mb.
#483212
1   2   3   4   5   6   7   8   9
\'6 tema (1)

ны деп белгілі бip оқу opнындағы үйренілетін білімдер мен іскерліктер-
дің жүйесіне айтылады.
Білім берудің мазмұнының қайнар көзі – адамзаттың материалдық және 
рухани мәдениетінде көрініс тапқан әлеуметтік тәжірибесі. Әрбір дәуір мәде-
ниетке жаңа, өзіне ғана тән болған, сол қоғамның қажеттіліктері мен міндет-
теріне жауап беретін мазмұнмен толықтырады. Сондықтан қоғам дамуының 
әртүрлі кезеңінде білім беру мазмұны да әртүрлі болады. Қaзipгi заманда 


біздің елімізде жалпы білім берудің мазмұны деп оқушылардың ақыл-ойын, 
күш-қуаттарын жан-жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалып-
тастыру және оларды қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға қажетті негіз 
болатын білімдер, іскерліктер және дағдылардың көлемі мен бағытын 
айтамыз. 
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқыту мазмұнына қойылатын та-
лап білім беруді дамытудың мемлекетік стратегиясымен анықталады. Бұл 
стратегия «Кадрларды даярлаудың ұлттық программасында» (1997 ж.) жа-
зылған болып, онда білім беруді түбірімен реформалауды, жоғары дәрежелі 
кадрларды даярлаудың ұлттық системасын өркендеген мемлекеттер деңгей-
інде құруды көзде тұтқан. 
Білім берудің мазмұны – бұл қоғамның жеке адамды жан-жақты дамы-
туға қойылған талаптар, қоғамның әлеуметтік тәжірибе және мәдениетін 
өзінде бейнелейтін әлеуметтік тапсырысының(заказының) моделі. 
Әлеуметтік тәжірибе құрамына төмендегі элементтер кіреді:
1) білімдер;
2) қызметті жүзеге асыру тәсілдерінің тәжірибесі;
3) творчестволық қызмет тәжірибесі;
4) болмысқа эмоционал-құндылық қатынаста болу тәжірибесі. 
Білім беру мазмұнын анықтаушы негізгі факторлар төмендегілер: 
˗ ғылым, техника, мәдениеттің қоғамда даму дәрежесі
˗ білім берудің мақсаты мен міндеттері; 
˗ оқушылардың жас ерекшеліктері; 
˗ оқушы жеке басының қажеттіліктері. 
Жалпы орта білім беру мазмұны оқушыларда қоршаған орта туралы жал-
пы түсініктерін қалыптастыруы, оларды өздерінің практикалық жұмыста-рына 
қажетті болған білімдерді іздеу және бұл білімдерді өмірде кездесетін 
проблемаларын шешуге пайдалануды үйретуі керек. 
2. 
Қазіргі дәуірде біздің республикамызда білім берудің мазмұнын анықтау 
үшін мына идеяларға сүйенді:
1) гуманизациялау; 
2) дифференциялау; 
3) интеграциялау
4) стандарттау; 
5) көп басқыштыққа негізделу; 
6) іскерлік
7) ақпараттандыру; 
8) жекелеу (индивидуализациялау); 
9) үздіксіздік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет