6-тақырып. Білім берудің мазмұны. Бiлiм берудің мемлекеттiк стандарты. Жоспары


Білім берудің мазмұнын гуманизациялау



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата14.11.2023
өлшемі0.53 Mb.
#483212
1   2   3   4   5   6   7   8   9
\'6 tema (1)

Білім берудің мазмұнын гуманизациялау дегеніміз мектептің балаға 
бет бұруы, яғни баланың жеке басын құрметтеу, олардың қызығушылықта-
рын ескеру, қабілеттерін ашу және дамыту үшін жағдай жасау т.б. жатады. 
Сонымен бірге оқушылардың оқу сағатын қысқарту да оларды артықша жұ-


мыс істеуден сақтайды. Гуманизация гуманитарлық және табиғи-математи-
калық пәндердің үйлесімді аpa қатысын, сондай-ақ математикалық, биоло-
гиялық, техникалық пәндерді «адам туралы» білімдермен толықтыруды қа-
растырады. Мұның нәтижесінде оқушы әлемнің ғылыми бейнесін танып бі-
луі, адамның қоғаммен, техникамен өзара байланысын түсінуі керек. Білім 
берудің мазмұнындағы гуманистік бағыттылық ойлаудың гуманистік типін 
қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Білім беруді гуманизациялауда ең бас-
ты ролді тіл мен әдебиеттік білімдер, рухани-адамгершілік тәрбие, адамтану 
пәндері атқарады. Себебі бұл пәндер арқылы оқушылар өзін және әлемді та-
нып біледi, өзін-өзі ұйымдастыру және өзінің мінез-құлқын басқару дағдыла-
рын игереді.
Білім берудің мазмұнын дифференциялау –жаңа оқу жоспарын құ-
рудағы екінші жетекші идея. Бұл идея жоғары кластардағы тереңдетілген және 
кәсіптік оқытуда міндетті болған пәндермен бірге оқушылардың таң-дауына 
сай қосымша пәндерді енгізуді қарастырады. Дифференциялау –бұл қазіргі 
заманда білім беруді дамытудың жалпы тенденциясы. Біздін рес-
публикамызда білім беруді дифференциялау мақсатында пәндерді тереңдетіп 
оқытатын кластар, мектептер ашылуда.
Білім берудің мазмұнын жаңадан істеп шығуда пәндерді интеграциялау 
идеясы аса маңызды болып табылады. Бұл идея бір-біріне жақын болған пән-
дерді қосып, интегратив пәндерді жаратуды мақсат өтеді. Интегратив пәндер 
оқушыларға әлемнің тұтас бейнесін беруде үлкен роль ойнайды. Әрi өтілетін 
сабақтар саны қысқарады.
Мысалы, «Адам және қоғам» мен «Мемлекеттік құқық негіздері» интег-
рацияланып «Мемлекет және құқық негіздері» деген пәнге айналды. 
Білім берудің мазмұнын стандарттау – бұл міндетті оқу пәндері жина-
ғының сағаттары анық белгіленген көлемін анықтау. Білім беру стандарты 
жәрдемінде оқу орындарында оқу жұмыстарының нормативтері үйлестіріле-
ді, оқушылар білімдерін бағалаудың бірыңғай критерийлері істеп шығылады.
Көп басқыштылық – бұл білім берудің әрбір басқышында оқушының 
мүмкіндік пен қызығулары дәрежесіне жауап бере алатын білім дәрежесіне 
жету мүмкіндігін беруші көп басқышты білім беру процесін ұйымдастырудан 
тұрады. Түрлі басқыштардың әр бірінде оқытудың аяқталғандық жағдайы 
білім берудің сапалы аяқталғаны болып есептеледі.
Іскерлік – оқушыны әлеуметтік қызметке теориялық білімдерді берік 
меңгерген халде оларды іс жүзінде пайдалана алуға дайындау. Яғни, оқушы-
да мектептегі оқу барысында-ақ орта арнаулы яки жоғары оқу орындарында 
берілетін ғылыми-теориялық білімдерді терең және жүйелі меңгеруге мүм-
кіндік беретін бастапқы дағдыларды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Білім беруді ақпараттандыру оқыту процесінде компьютер және ақпа-
рат технологияларынан жаппай және кең пайдаланумен байланысты болады. 
Соңғы жылдарда оқытуды ақпараттандыру өте кең тарқалды. Себебі зама-
науи видео-радиотехника және компьютерлерді білім беру системасында 
пайдалану мүмкіндігінің болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет