Жекелеу (индивидуализациялау) идеясы оқыту процесінде оқытушы
мен оқушының арасындағы өзара қатынастың барлық түрінен пайдалана
отырып, олардың индивидуал ерекшеліктерін есепке алу және дамытуды өз
ішіне алады.
Үздіксіздік идеясы тез өзгеріп бара жатқан қоғамда адамды әрдайым
білім алуға үндейтін процесс мәнін ұғындырады.
3. Педагогика теориясында жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру
принциптері бойынша Л.Н.Боголюбов, Ю.И.Дик, В.В.Краевский, В.С.Лед-
нев, В.А.Поляков, И.П.Подласый және В.А.Сластениндердің еңбектері
маңызды деп есептелінеді. Олар білім берудің мазмұны мынадай принцип-
терге сүйену керек дейді:
1. Білім беру мазмұны барлық элементтері мен барлық дәрежелерін құрастыруда қоғам, ғылым, мәдениет және жеке адам дамуының талап- тарына сай болу принципі. Бұл принцип жалпы білім беру мазмұнында
дәстүрлі қажетті білім, дағды және іскерліктермен бірге социум, ғылыми бі-
лім, мәдени өмір дамуының осы күнгі дәрежесі мен жекелей дамудың мүм-
кіндіктерін қамтуды талап етеді.
2. Оқытудың бірыңғай мазмұнды және процессуал жағы принципі білім беру мазмұнын таңдауда бір жақты пәндік-ғылыми бағытты қабылда-
майды. Ол білім беру мазмұны онсыз болмайтын анық оқу процесін амалға
асырумен байланысты болған педагогикалық шындықты есепке алдуы ұйға-
рады. Бұл жалпы орта білім беру мазмұнын жобалауда білімді берудің және
меңгерудің принциптері мен технологияларын, меңгеру дәрежесі және оны-
мен байланысты әрекеттерді есепке алу қажеттігін көрсетеді.
3. Білім беру мазмұнының құрылымдық бірлігі принципі оны қалып-
тастырудың түрлі деңгейлерінде теориялық түсініктер, оқу предметі, оқу
материалы, педагогикалық қызмет, оқушының жеке басы сияқты құрамдас
бөліктердің өзара үйлесуін ұйғарады.
4. Жалпы білім беру мазмұнын гуманитаризациялау принципі, ең
алдымен, оқушылардың жалпыадамзаттық мәдениетті белсенді түрде твор-
честволық және практикалық жағынан меңгеруіне жағдай жасаумен байла-
нысты. Мұның үшін гуманитар мәдениет жалпы білім беру мазмұны мен бар-
лық оқу предметтеріне арқау болу керек. Бұл гуманитар және табиғи-ғылыми
пәндер арасындағы өзара қатынас пен өзара әрекет принциптеріне жеке адам-
ға бағытталған негіздегі өзгеріс енгізуді талап етеді.
5. Жалпы білім беру мазмұнын фундаментализациялау принципі білім беру мазмұнын дегуманизациялауды жеңуге мүмкіндік береді. Ол гума-
нитар және табиғи-ғылыми білімдердің бірізділік пен пәнаралық байланыс
орнатқан интеграцияны, оқушылардың танымдық және практикалық қайта
құрылған қызметі методологиясының мәнін саналы түрде түсінуіне сүйенуді
талап етеді.
Жалпы білім беру мазмұнын фундаментализациялау оқыту процесін ин-
тенсификациялау және гуминазациялауды міндеттейді. Нәтижетде оқушылар
шамадан артық оқу ақпараттарынан құтылады және өзін-өзі творчестволық
жағынан дамытуға мүмкіндік алады.
6. Жалпы білім беру мазмұны негізгі компоненттерінің жеке адам-