7М01101 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



бет10/16
Дата12.06.2022
өлшемі0.86 Mb.
#459164
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Амирова Ляззат Базархановна

Тұлғалық – іс-әрекеттік тұғыр оқудан тыс жұмыста, білім алушылардың қызығушылығына бағытталған, өмірлік жоспарларын, құндылықты бағдарларын ескеруші, жасырын мүмкіндіктерін дамытушы оқыту мәнін түсіндіруші студент іс-әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тұлғалық – іс-әрекеттік тұғыр негізінде студенттер лидерлік әлеуетін белсендіру үдерісінің
деңгейлі сипатын анықтау мүмкіндігі айқындалады, оның әрбір деңгейі белгілі тұлғалық сапалар мен қор мүмкіндіктерін игерумен сипатталады.
Акмеологиялық тұғыр жеке әлеуметтік – кәсіби дамуының белгілі деңгейін өтудегі, нақты жаңа түзілулер және жетістіктермен жалғасын табушы студенттер құндылықтарын кешенді түрде зерттеу, оның барысында жеке, тұлғалық және субъективті – іс-әрекеттік сипаттамалар бірлескен негізде қарастырылады. Акмеологиялық тұғыр студенттердің ішкі мүмкіндіктерін анықтауға көмек береді.
Аксиологиялық тұғыр студент бойында лидер позициясы құрылуының эмоционалды – құндылығы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді, оның негізінде өз тұлғалық және іскерлік қоры арқылы өзгелерге әсер ету студент үшін маңызы бар іс-әрекетке айналады.
Аристотельден бастап Ньютонның ашқан жаңалықтарынан кейін табиғат пен адам эволюциясы секірістерсіз, ауытқуларсыз, қайта оралуларсыз таусылмайтын себеп-салдарлық байланыстар тізбегі ретінде қарастырылады. Синергетикалық амал өзін-өзі басқару, ұйымдастыру, дамыту тұрғысынан қарастырылады. Синергетикалық амал - педагогикада қолданылатын өзін-өзі ұйымдастыру, өз білімін толықтыру және өзін-өзі жетілдіру әдістерін меңгеру болып саналады. Синергетика («синергия» грек тілінен аударғанда бірлесіп әрекет ету, ынтымақтасу), өзін-өзі жетілдіру үрдісін коммуникативтік тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Аталған үрдіс барлық элементтердің өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті нәтижесінде жүзеге асады. Өйткені олар: білімалушылар,оқутушылар т.б. топтар ақпаратқа ашық жүйелер болып табылады. Сондай-ақ студенттердің лидерлік әлеуеттерін дамыту синергетикалық амалдың нәтижесі білім мен тәрбиенің мақсаттары мен мазмұнының өзгеруінде, жаңа парадигманың пайда болуында, ақпараттармен алмасу құралы ретіндегі жаңа технологиялардың қолданылуында басқару үрдісін синергетикаландыруда көрінеді. Яғни синергетикалық амал педагогика ғылымында дидактикалық қызметте көрініс, дамыта оқыту технологиясымен тығыз байланыста қарастырылады. Синергетика термині өткен ғасырдың жетпісінші жылдары пайда болған. Жаңа бағыт үшін ұғым ретінде ғылымға белгілі неміс ғалымы Г.Хакен ендірген еді [130].
Педагогикалық жүйелер үшін синергетизм - бұл өзара дамушы кіші жүйелердің бойында жаңа құрылымдардың туындауына, энергетикалық және шығармашылық әлеуетінің артуына әкелетін және олардың дамудан өзін дамытуға көшуін қамтамасыз ететін кіші жүйелердің (оқыту мен оқудың, тәрбие мен өзін тәрбиелеудің) өзара ынтымақтасу түрі.
Н.Кузьмина «Адам өзін-өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады, ол үшін әртүрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынын анықтаған» [131].
Лидерлік әлеует – бұл бұл жүйелі, интегративті тұлғалық құрылым, ол интеллектуалды, мотивациялық, эмоционалды- еріктік, кәсіби – құндылықты сапалар жиынтығын көрсетеді.
Әлеует категориясы жалпығылыми ұғымдар қатарына кіреді, олардың әдіснамалық негізі педагогика үшін аса маңызды. Әлеуеттік педагогикалық қызметі тұлғаның шығармашылық іс-әрекеті бағытында іске асады, ол өзіндік өмірдің шығармашылық қайта құруына жауап береді. «Лидерлік әлеует» термині «шығармашылық тұлға», «тұлға креативтілігі», «дарындылық» дегенұғымдармен теңестіріледі. Сонымен қатар көптеген ғалымдар аталған терминдерді бір мағынада қарастырған.
Тұлғаның лидерлік әлеуетін анықтауда келесілерді қабылдауға болады – бұл дербес мүмкіндіктер мен тұлғаның ішкі қажеттіліктерінің бірлесуі, іс- әрекет нәтижесін анықтаушы білім, білік, сенім, жеткілікті деңгейдегі құзыреттілік интеграциясына қол жеткізу, жауапкершілік, белсенділік, коммуникативтілік, олар топ мүшелеріне белгілі шешімді ортақ қабылдау кезінде ұжымды шығармашылық өзіндік орнын анықтау мен өзіндік дамуғы ынталандыру.
Сәйкесінше, студенттің лидерлік әлеуеті тек табиғи резервтен ғана емес, тұлға резервінен, үздіксіз білім алу және әлеуметтену үдерісі негізінде қалыптасқан білімінен тұрады.
Осыған сәйкес студенттік қордың лидерлік әлеуетінің қалыптасуы олардың өзіндік лидерлік әлеуетін іске асыруы, оған қажетті білім және білік, лидерлік позиция мотивациясының іргетасы болатын лидерлік іс-әрекет тәжірибесі болады.
Осылайша, активист – студент тұлғасының лидерлік әлеуеті астарлармен берілген, оның мәні негізінен мүмкін болатын лидер критериалды аспектілерімен көрінеді: мәндік – белсенділік және жауапкершілік; стилдік – коммуникативтілікте, ұйымдастырушылық – құзыреттілікте.
Лидерлік мәселелерін зерделеудің көптеген тәсілдемелерімен қатар, біздің ойымызша, Стивен Р.Ковидің идеялары қызық [135], ол тұлғаның қарқындылық қабілетін, яғни, жетекші болу қабілетін пайдаланады.

Кесте 8 - Студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың компонентттері, өлшемдері мен көрсеткіштері





Компонентт ер

Өлшемдері

Көрсеткіштері

1

2

3

Мотивациял ық

Студентерді ң топ ішінде лидер болуға бағытталуы

  • табысты, бәсекеге қабілетті болу қажеттілігі

  • лидерге тән қабілеттер жүйесін меңгеруге ұмтылыс

  • командада жұмыс жасауға ашық түрде қажеттілігін кқрсету, өзіне лидер ретінде міндеттерді ала білуге ұмтылу

  • лидердің үздіксіз білім алуға, кәсіби және тұлғалық өсуге әрдайым ұмтылуы

Танымдық

Студенттерд ің лидерлік әлеует туралы білімдер жүйесін меңгеруі

  • еңбек нарығында лидерлік әлеуеті жоғары деңгейде дамыған педагог-маманның сұранысқа ие болғандығын білу және түсіну

  • «лидер», «лидерлік әлеует» ұғымдарының мәнін және оның теорияларын білу және түсіну.

  • лидерлік әлеуетті дамытуға бағытталған өзін-өзі тану, өзін- өзі тәрбилеу, өзін-өзі жетілдіру әдістерін білу және меңгеру

-басқару саласындағы механизмдері туралы білімдер жүйесінің болуы

  1. – кестенің жалғасы




1

2

3

Іс- әрекеттік

Студенттерд ің лидерлік әлеуетті дамытудың тиімді жолдарын шынайы әрекетте қолдана
білу.

  • іс-әрекетіндегі бірізділік (мақсат, мотив және құралдардың бір-бірімен ұштасуы)

  • топтың өзге адамдарымен мүмкіндігінше қарым – қатынасқа түсуі

  • ізбасарларының өзін-өзі бекітуін жүзеге асыруға жағдай жасау дағдысы

  • командада ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтерді атқаруы

Сонымен қатар,біз студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың үш деңгейін анықтадық.


Студенттердің лидерлік әлеуеті дамуының төмен деңгейі лидерлік сапалардың қалыптаспағандығымен, үстіртін біліммен, лидерлікті қалыптастыру үдерісі және лидерлік сапалардың қажеттілігі туралы түсінбегендігімен, лидерлік сапаларды дамытуға жағымды ұмтылыс уәждемесінің болмауымен сипатталады.
Орташа деңгей лидерлік сапалардың ішінара қалыптасуымен сипатталады, онда студенттер тек қажетті іс-әрекетке қызығушылық танытады, үстіртін білімі, лидерлік сапалардың кейбірі ғана қалыптасады, олар тиімді кәсіби іс- әрекет үшін жеткіліксіз.
Жоғары деңгей лидерлік сапалар қалыптасуымен сипатталады, оның негізінде студенттердің лидерлікке деген тұрақты қызығушылығы, лидерлік туралы білімі бағдарлама талаптарынан тыс, лидерлік құзыреттілікті көтеру қажеттілігі бар, кәсіби іс-әрекетте мәселелі жағдайдың объективті бағасы болады.
Жоғарыдағыны қортындыласақ:
Лидерлік – өте күрделі және бәрін қамтитын феномен. Лидерлікті түрлі зерттеулердің нәтижелері топтың бірігу мен ұйымдасуына қажеттігі салдарынан туындайды деп түсіндіреді. Басшылыққа қарама-қарсы лидерлік ресми емес негізге ие.
Өз кезегінде лидерлік әлеует үш негізгі құрамдас бөлікті біріктіреді: ұмтылыс, қабілет және қатысу. Нақ осы көрсеткіштердің болуы адамның лидерлік әлеуетінің деңгейін анықтайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет