7М01101 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


Лидерлік қабілеттерді диагностикалау (Е.Жариков, Е.Крушельницкий) тестінің нәтижесі



бет12/16
Дата12.06.2022
өлшемі0.86 Mb.
#459164
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Амирова Ляззат Базархановна

Лидерлік қабілеттерді диагностикалау (Е.Жариков, Е.Крушельницкий) тестінің нәтижесі.


Тестті қолдану ережесі: Сізге «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруді қажет ететін 50 сауал ұсынылған. Сауалға жауап беру барысында көп ойланбауыңызды өтінеміз. Егер өз жауабыңызға күмандансаңыз екі жақты жауапқа тән (альтернативті) «+» немесе «-» («а» немесе «б») деген белгіні қоюыңызды өтінеміз.
Жауабы: 1а, 2а, 3б, 4а, 5а, 6б, 7а, 8б, 9б, 10а, 11а, 12а, 13б, 14б, 15а, 16б, 17а, 18б, 19б, 20а, 21а, 22а, 23а, 24а, 25б, 26б, 27б, 28а, 29б, 30б, 31а, 32а, 33б,
34а, 35б, 36а, 37а, 38б, 39а, 40б, 41а, 42а, 43а, 44а, 45б, 46а, 47б, 48а, 49б, 50б.
Берілген жауаптармен сіздің жауабыңыз сәйкес болса -1 балл қойылады, сәйкес келмесе – 0 балл.

Тест жауаптарын талдау және түсіндіру.


  • Егер балл саны 25-тен аз болса, лидерлік қабілеті бәсең.

  • Егер балл саны 26-35 болса, лидерлік қабілеті орташа қалыптасқан.

  • Егер балл саны 36-40 болса, онда лидерлік қабілеті жақсы қалыптасқан (жоғары).

  • Егер балл саны 40 болса, онда бұл адам лидер ретінде үстемдікке (диктаторлыққа) жақын.

Е.Жариков, Е.Крушельницкийдің ұсынуымен лидерлік қабілеттерді диагностикалау мақсатында «Педагогика және психология» мамандығының күндізгі бөлімінің І және ІІІ курс студенттерінен және «Педагогика және психология», «Дефектология», «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының магистратура бөлімінің І курс магистранттарынан тест алдық [158].
Нәтижесінде ІІІ курс студенттерінің 6%-ының лидерлік қабілеті – жоғары, 62%-ы – орташа, 32%-ының лидерлік қабілеті – төмен. Ал І курс студенттерінің 7%-ы лидерлік қабілеті – жоғары, 62%-ының лидерлік қабілеті

  • орташа, 31%-ының лидерлік қабілеті – төмен деген көрсеткішті көрсетті. Ал магистранттардан алынған тест қорытындысы бойынша 4%-ының – жоғары, 58%-ы лидерлік қабілеті – орташа, 38%-ы лидерлік қабілеті – төмен деген нәтижені алдық (кесте 12).

Кесте 12 -Лидерлік қабілеттерді диагностикалау (Е.Жариков, Е.Крушельницкий) тестінің нәтижесі



Мамандығы

Курс, студент саны

Лидерлік деңгейі- жоғары

Лидерлік деңгейі- орташа

Лидерлік деңгейі- төмен

1

2

3

4

5

Педагогика және психология

І курс, күндізгі бөлім, 26
студент

7%

62%

31%

12 – кестенің жалғасы



1

2

3

4

5

Педагогика және психология

ІІІ курс, күндізгі бөлім, 34
студент

6%

62%

32%

«Педагогика және психология»,
«Дефектология»,
«БОПӘ»,
«МдОТ»

І курс,
магистратура, 26 магистрант

4%

58%

38%

Төменде Лидерлік қабілеттерді диагностикалау (Е.Жариков, Е.Крушельницкий) тестінің нәтижесі диаграмма түрінде бергенді жөн көрдік (сурет 4-6).




Сурет 4 - І курс «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Н.П.Фетискин, В.В.Козлов, Г.М.Мануйловтың «Тұлғаның дамуын әлеуметтік – психологиялық диагностикалау» тестінің нәтижесі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет