7М01101 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация


Әлеуметтік – мәдени іс-шаралар арқылы ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудағы эксперименталдық жұмыс



бет11/16
Дата12.06.2022
өлшемі0.86 Mb.
#459164
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Амирова Ляззат Базархановна

Әлеуметтік – мәдени іс-шаралар арқылы ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудағы эксперименталдық жұмыс

2.1 ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудың әдістемесі


Лидерлік – топтағы түлғааралық қарым-қатынас жүйесінде үстемдік ету мен бағыну, ықпал ету мен еру қатынастары. Фрэнк Карделлдің пікірі бойынша


«біз барлығымыз қалай болғанда да лидер болып табыламыз – отбасында, ұжымда, мектепте, жұмыс орнында және әлемде». Лидерліктің көптеген нұсқалары бар, олардың әрқайсысы белгілі бір қажеттіліктерге сәйкес келеді (жеке, кәсіби, әлеуметтік салаларда). Өзімізде көшбасшыны іздеу мен табу толық жауапкершілікті талап етеді дейді Ф.Кардэлл. «Бұл біз өтуіміз керек жол, біз дайындалусыз керек бастама және онда барлық болмысымызбен қатысуымыз қажет» [98,с.56].
Зерттеу жұмысының анықтаушы экспериментінде біз бағдарламаға сәйкес студенттердің лидерлік әлеуетінің бастапқы деңгейін анықтауды жөн көрдік.
Айқындаушы экспериментке ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY «Педагогика және психология» мамандығының күндізгі бөлімінің І (26 студент) және ІІІ (34 студент) курс студенттері, «Педагогика және психология», «Дефектология», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының магистратура бөлімінің (30 магистрант) магистранттары және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Дефектология» мамандығының күндізгі бөлімінің ІІ (36 студент) курс студенттері қатысты.
Эксперимент барысында біз студенттердің лидерлік әлеуетінің бастапқы деңгейін анықтаудың диагностикалық құралдарын белгілеп алдық, олар төмендегі кестеде көрсетілген (кесте 11).

Кесте 11 -Студенттердің лидерлік әлеуетінің бастапқы деңгейін анықтаудың диагностикалық құралдары





Әдістемелер

Әдістеме авторлары

Мақсаты

Қатысқандар

Лидерлік қабілеттерді диагностикалау тесті.

Е.Жариков, Е.Крушельниц кий

Тұлғаның лидерлік
қабілеттерін, қоғамда өздерін ұстау дәрежелерін анықтау

1,2,3 курс студенттері
1 курс магистранттары

«Тұлғаның дамуын әлеуметтік – психологиялық диагностикалау»

Н.П.Фетискин, В.В.Козлов, Г.М.Мануйлов

Тесттің параметріне қарай коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі анықтау

1,2,3 курс студенттері
1 курс магистранттары

Құндылықтарды өлшеу әдісі

Ш. Шварц

Мақсаты – тұлғаның құндылықтарын анықтау.

3курс студенттері

Лидерлікті өз-өзі бағалауы

-

Бірлескен іс-әрекетте лидерліктің көріну деңгейін анықтау

1,2,3 курс студенттері
1 курс магистранттары

«Лидер деген кім?», «Лидерлік сізге болашақта немен көмек
береді?»

Авторлық сауалнама

Лидерлікке қатысты
ұғымдарды меңгеру деңгейін анықтау

3курс студенттері

«Лидер болуға қабілеттісіз ба» тесті

-

Шынайы лидер немесе лидерлік ұстанымға ұарсы келетін қасиеттерді анықтау

3курс студенттері

«Шынайы лидердің
сипаттамасы»

-

Лидерге тән жеті қасиетті белгілеу

3курс студенттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет