38.Қазақ тіліндегі протеза құбылысы
Протеза (грек. prothesis – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін, тілдің табиғатымен үйлестіру үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдына жамалады. Олай болатыны қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лоқ-лоқ, лүп-лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атауыш сөздер бұл дыбыстардын басталмайды
[3, 103].
Ы: лаж, лай, лас, лашын, лау («Ылау деп, үй деп дікілдеп» Абай), рас, рақат, разы, рай, рақмет, рақым, радио, разъезд, ранг, рапсодия, рация.
І: леген, лекер, леп, рәсуа, рәсім, рәуіш, рет, реніш, ребус, революция, регресс, редукция, рельс, республика, Ресей.
Ұ: рұқсат, рух, ру, Лұқпан.
Ү: Рүстем, үрөл (роль).
Қазақ тілінде протезаның күші елеулі, өз алдына буын болып тұрады. Протезаны ескермеу өлеңге үлкен нұқсан болар еді.
Күрс етті кеп тау шыңын
Жібергендей ылақтырып.
Құйды бір кез жаңбырын,
Ашуы оның шарт сынып. [4, 39]
Жел қарғиды қарағайдан секіріп,
Соның ілебі бұтақтардың дірілі.
Тынып бір сәт жатты ұйықтап кекілік,
Тек құлақта бұлақтардың гүрілі. [4, 41]
Суаттың суы мол емес,
Суылдай берер құрақтар.
Ойыны бейне төбелес,
Алысады ылақтар. [4, 34]
Сырбай Мәуленовтің бұл өлең шумақтарындағы протеза жақсы қолданылған. Ылақтырып, ілебі, ылақтар деген сөздер айтылу барысында лебі, лақытырып, лақтар деген сөздерге бір күш, ауырлық түсіріп тұрғандай айтылады.
39.Графика және оның тарихы
Графиканың мәні және алфавит. Графика (грек. Graphike – жазылған, өрнектелген, сызылған), аты айтып тұрғандай, жазу және соған қатысты мәселелерді қарастырады, яғни белгілі бір жазуға қарасты барлық амалдың жинағы, әріп пен дыбыстың арақатысы, сол әріп таңбаларды жетілдірудің жайы. Қазіргі қазақ графикасының басты құралы әріптер мен түрлі тыныс белгілері болып табылады. Бұдан басқа сөздерді қысқарту бас әріппен жазу, жаңа жолдан бастау, текстегі кейбір сөздерді айшықтандыру да графикалық амалына жатады.
Жазуда әріптер тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін болса, графикалық жүйе де соғұрлым жетілген болып танылады. Жеке әріп жеке дыбысқа сәйкес келетіндей немесе жеке дыбысты жеке әріппен дәл беретіндей мінсіз графика жоқ деп есептеледі, графика соған ұмытылады.
Қазіргі қазақ графикасы әріптердің жазылу тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы және баспа графикасы болып бөлінеді. Қазіргі жазу графикасындағы әріптердің нобайы көне орыс жазуындағы дыбыстар нобайының негізінде пайда болған.
«Жазу (жазба тіл) – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береті мүмкіндік беретін құрал». Жазудың шығуы және оның даму кезеңдері К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері» оқулығында жақсы айтылған.
Графика деген түсінік әдетте фонемалық (дыбыс-әріп) жазуға байланысты қолданылады. Мұндай жазуда алфавит, графика және орфография сияқты ұғымдар орайласып жатады.
Қазір әлемде үш түрлі жазу жүйесі кең тарқалған: латын, кириллица және араб жазулары. Алайда бұл жазулардың қай-қайсысы да дыбыс пен әріптің, әріп пен дыбыстың сәйкестігін қамтамасыз ететіндей мінсіз графикалар емес. Ағылшын тілінде 46 фонема бар. ал оны беру үшін алфавитінде 26 таңба және әр түрлі 118 графема пайдаланылады. Графема – тілдің графикалық жүйесіндегі ең кіші единица. Әдетте ол әріптерге синоним ретінде қолданылады.
Кириллица жазуының графикалық жүйесі графемалар мен фонемаларды өрнектеуге қолайлы. Мұны тек грек тіліндегі шіркеу кітаптарын ескі славиян тілі. Мұны тек грек тіліндегі шіркеу кітаптарын ескі славян тіліне аудару үшін славян ағартушысы Кирилл 863 жылы грек алфавиті негізінде жасаған. Қазіргі орыс алфавиті осы кириллицаның негізінде жасалып, түзету, толықтырудан өтті.
Қазақ тілі жазудың осы үш түрлі жүйесін басынан өткізді. Қазақ жазуы 30-жылдарға дейін араб графикасын пайдаланып келеді де, 1929 жылы шілденің 25-інде Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің «Қазақтың жаңа емлесі туралы декреті жарияланғаннан кейін Қазақтың жаңа емлесі туралы декреті жарияланғаннан кейін латын графикасына көшті. Жаңа алфавитте 29 әріп болды: 9-ы дауыстыларды ( а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і), 18-і дауыссыздарды (б, г, ғ, д, ж, з, к, қ, л,м, н, п, р, с, т, h, ш), екеуі жарты дауыстыны (й, у) таңбалады. Емленің негізгі принципі фонетикалық болды. Бас әріп пайдаланылмады. 1938 жылдың басында қаулы қабылданып жазудағы негізгі принцип морфологиялық деп танылды және бас әріппен жазу заңдастырылады. Осы күнгі и, у, х, ф, в әріптері енгізіледі. Алайда латын графикасына негізделген жазудың өмірі қысқа болды.
1940 жылы орыс графикасына негізделген жазуға көшу туралы заң қабылданды, соның нәтижесінде қазіргі жазуға ие болдық. Алғашқы алфавитте 41 әріп болды. Алфавиттік қатарда алдымен орыс тіліне тән әріптер, содан соң орыста жоқ, қазақ тіліне ғана тән әріптер тұрды. Бұл тәртіп 1957 жылы өзгеріп қазіргідей күйге келді, яғни а, ә, б, в, г, ғ деген сияқты және қазақ алфавиттерінің қатарына ә әрпі қосылды.
Қазіргі қазақ алфавитінде 42 әріп бар.Оның 33-і орыс тілінен өзгеріссіз қабылданды да, орыс графикасының негізінде жаңадан тоғыз әріп (ә, ғ, қ, ң, ө, ү, ұ, і, h) жасалады. Бұл әріптердің 25-і дауыссыздардың, 15-і дауыстылардың таңбасы, екі әріпте (ь,ъ) дыбыстық мән жоқ.
Рас, тілдегі дыбыстарды бас-басына жеке әріппен таңбалау, әсте мүмкен емес. ондай жағдайда өзімізге таныс ат, от, ет, өт сөздерінің құрамындағы т-ға төрт түрлі таңба табу керек болады. Сондықтан алфавиттік жазу көбіне фонемаға негізделеді де, әріп саны тілдегі дыбыстардан әлдеқайда кем болып шығады. Мұндай жағдайда жазу айтудың барлық ерекшеліктерін бере Алмайтыны аян. Орыстың алфавиттік жазуы фонемаға негізделген. Бір ғана фонема қолдану барысында әлденеше дыбыстық реңге ие болады.
Қазақ жазуы да фонемалық жазу. Үндестік заңына сәйкес кез келген фонема бірнеше реңде ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |