А-021 инвестициялық жоба бизнес-жоспарының (тэн) ҚҰрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар бизнес жоспардың мазмұны



жүктеу 457.5 Kb.
бет3/7
Дата08.07.2016
өлшемі457.5 Kb.
1   2   3   4   5   6   7

3.2. Технологияны сипаттау

3.2.1. Бар технологияларға талдау


  • Өнімдер (қызметтер) жобасы шеңберінде көрсетілген, өндіріс технологиясының тәжірибеде қолданылатын нұсқаларын сипаттау;

  • Іске асырылатын жоба үшін дәл осы технологияларды таңдауға және баламалы нұсқалардан бас тартуға негіз болған белгілерді көрсетіп, өнімдерді (қызметтерді) өндірудің негізгі құндылықтары мен бар нұсқалардың кемшіліктеріне салыстырмалы талдау.

  • Коммерция бағытында қолданылған құрылыс және пайдаланудың технологиясы өзін қалай көрсете алды.



3.2.2. Таңдалған технологиялар


  • Әрбір кезең үшін пайдаланылатын жабдықты, тұтынатын ресурстар мен шикізатты, тартылатын персоналды, кезең мен алынатын өнімнің ұзақтығын көрсетіп, сызба түріндегі технологиялық үдеріс;

  • Технологиялық үдерістің авторы (әзірлеушісі) туралы ақпарат (лицензияның, тәжірибенің болуы, уақытылы үшін жауапкершілік, топтардың үйлесімділігі);

  • өнімдерді (қызметтерді) өндірудің таңдалған технологиялық үдерісін кезең-кезеңмен жалпы сипаттау;

  • таңдалған технологияны пайдалану кезінде қажетті өкілетті органдармен (мемлекеттік органдар мен мекемелер, әкімдіктер, халықаралық эксперттік ұйымдар және т.с.) берілетін сертификаттардың, рұқсаттардың, келісулердің, сараптамалық қорытындылардың қажеттілігі, сондай-ақ осы тармақ бойынша жоспарланған шығындар.

3.3. Жабдықты сипаттау

3.3.1. Жабдықты таңдау


  • өнімдерді (қызметтерді) өндірудің таңдалған технологиясын іске асыру үшін өндірістік кешендерді/технологиялық учаскелерді жабдықпен құрамдаудың ықтимал нұсқалары;

  • жобада пайдаланған жабдықтарды таңдау және баламалы нұсқалардан бас тартуға негіз болған белгілерді көрсетіп, жабдықтар тобының әрбір нұсқасының негізгі құндылықтары мен бар нұсқалардың кемшіліктеріне салыстырмалы талдау.



3.3.2. Таңдалған жабдық


  • Кәсіпорынның жабдықта есептік қажеттілігі және оның құнын есептеу;

  • Негізгі техникалық сипаттамаларды көрсетіп, жобада пайдаланылатын жабдықты, жарақты, жұмыс инструментін, қосалқы бөлшектер мен т.б. тізбесі және қысқаша сипаттамасы;

  • Электр және жылу энергиясын, суды тұтынудың жоспарлаған көлемі, жабдықпен жалпы және жабдықтау топтары бойынша жекелеп тұтынатын, қуатты кәріздерде, тазартқыш құрылыстарында, газда, өзге қорлардағы қажеттілік.

  • Жобада әрекет ететін, барлық жабдық бойынша ағымдағы жөндеу жұмысын, жөнделуді, техникалық қызмет көрсетудің мерзімділігі және құны;

  • өкілетті органдарда (Мемтехқадағалау, Энергия қадағалау және т.б.) тіркелу үшін қосымша сынауларды қажет ететін жабдықтың тізбесі.

Жобада бұрын пайдалануда болған жабдықты пайдаланған жағдайда, келесі ақпаратты көрсету қажет:

- жобада пайдаланатын жабдықтың шығуы және оны пайдалану тарихы туралы;

Осы жабдық жобалық кезеңде жұмыс істеуге қабілетті екендігін растайтын құжат (есеп, қорытынды, тәуелсіз, құзыретті сараптама компаниясының бақылау актісі).


3.4. Кәсіпорындағы сапа жүйесі және жобаның патенттік тазалығы


  • өнім сапасын қамтамасыз етудегі ниет және оны жақсарту бойынша жоспарланған шаралар, соның ішінде өнім сапасының шикізатқа, өндірістің қолданатын технологияларына және т.б. тәуелді болуын көрсету қажет;

  • шығарылатын өнімнің бүкіл болжанатын ассортиментіне сапалы сипаттамалар;

  • таңдалған технология мен жабдық бойынша қысқаша ақпарат, атап айтсақ, таңдалған технология мен жабдық үшінші тараптардың мүдделерін қозғамай ма, осындай жағдайдың пайда болуының алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданады;

  • өтініш беруші иеленген немесе сатып алуға қажетті патенттер, лицензиялар, рұқсаттар және т.б., жоба үшін таңдалған технологиялық үдеріске қазіргі кезде және/немесе болашақта меншік құқығын беретін, келісімдерді (келісімшарттарды, меморандумдарды, хаттамаларды және т.б.), сондай-ақ ол бойынша жоспарланған шығындарды көрсету керек.

3.5. Өндірістік объектілердің құрылысы


  • жобада әрекет ететін, соның ішінде құрылысқа және/немесе қайта құруға жататын объектілердің құрамы (тізбесі) (ғимараттар, имараттар, көліктік және инженерлік коммуникациялар, технологиялық объектілер және т.б.)

  • қажетті өндірістік және қосалқы алаңдардың саны;

  • жоспарланған жобалау-іздестіру, құрылыс-монтаждау және іске қосылатын-жөндеу жұмыстарының құрамы (жоспарланған шығындарды көрсетіп, ірі көрсеткіштер бойынша);

  • ірі көрсеткіштер бойынша орындалған, құзыретті ұйыммен дайындалған, құрылыс құнының негіздемесі.



3.5.1. Бар өндірістік және қосалқы үй-жайлар, инженерлік коммуникациялар


  • бар ғимараттарды, имараттарды, инженерлік коммуникациялар және т.б. тексеру актісін (қарау, тексеру актілері, ақау актілері және т.б.) қоса беріп, олардың жай-күйін сипаттау;

  • бар объектілер бойынша жұмыстардың құрамы және сипаттау (қайта құру, жөндеу және т.б.), оларды осы объектілерді жобаға пайдалану мүмкіндігі үшін жүргізу қажет.

3.5.2. Жаңа объектілердің құрылысы


  • құрылыс алаңшасын сипаттау;

  • құрылыс алаңшасының аумағын инженерлік дайындау, құрылыс жұмыстарын өндіру технологиясы, жабдық, инженерлік қамтамасыз ету, пайдаланатын материалдар мен конструкциялар, объектіні жабдықтау бойынша бар талаптар;

  • сәулеттік-жобалық тапсырманың болуы туралы ақпарат;

  • жобалық құжаттама дайын болу сатысын сипаттау, жобалық-сметалық құжаттама бар болған жағдайда, жобалық-сметалық құжаттама бойынша ресми сараптама қорытындысын көрсету керек;

  • жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсаттың болуы туралы ақпарат;

  • ҚР сәулет және құрылыс саласындағы заңнама талаптарына сәйкес жоба бойынша сәулеттік-құрылыс сараптамасын жүзеге асыратын компанияны таңдауға қатысты ақпарат.


1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет