184
тармағының қызметін атқарады. Ал басқа жануарларда терең иық артериясы
салыстырмалы нашар жетілген.
2) коллатеральды шынтақ артериясы(а. collateralis ulnaris) иық
артериясынан тоқпан жіліктің дистальды
бөлігінен каудальды бағытта
ажырайды.
Ерекшеліктері.Жылқымен шошқадаколлатеральды шынтақ артериясы
шынтақ артериясына(a.ulnaris) айналады. Күйіс
қайтаратын жануарлар мен
итте бұл артерия нашар жетілген.
3) екібасты бұлшықет артериясы(a. bicipitis) иық артериясынан тоқпан
жіліктің орта
тұсынан ажырап, екібасты бұлшықетті қанмен қамтамасыз етеді.
4) шынтақтың көлденең артериясы(a.transversa cubiti) шынтақ буынының
бүккіш бетінен краниальды бағытта бөлініп,
тізе және бақай буындарының
жазғыш бұлшық еттерін тамырландырады.
Ерекшеліктері.Жылқыда,
күйіс
қайтаратын
жануарлардажәне
шошқадашынтақтың көлденең артериясы жалпы сүйекаралық артериямен
жалғасып, шынтақтағы тамырлы торды түзуге қатысады.
5) жалпы сүйекаралық артерия(a. interossеa communis) білек сүйектерінің
проксимальды сүйекаралықсаңылауы
тұсынан басталып, сүйекаралық
каудальды және краниальды артерияларға ажырайды.
а) сүйекаралық каудальды артерия(a. interosseus caudalis) дорсальды тізе
торын және терең пальмарлық доғаны түзуге қатысады. Терең пальмарлық
доғадан өз кезегіндежіліншіктің пальмарлық терең артериялары (a. metacarpea
palmaris (profunda) lateralis) шығады.
Ерекшеліктері.Жылқыдажәне күйіс қайтаратын жануарлардасүйекаралық
каудальды артерия жетілмеген. Шошқамен иттесүйекаралық каудальды
артерия сүйекаралық краниальды артерияға қарағанда ірі болып келеді.
б) сүйекаралық краниальды артерия(a. interosseus cranialis)
білек
аумағының алдыңғы бүйір бетімен өтіп, тізе және бақай буындарының жазғыш
бұлшық еттерін тамырландырады.
Ерекшеліктері
. Сүйекаралық краниальды артерия жылқыдажәне күйіс
қайтаратын жануарлардаөте жақсы жетілген. Ол өз кезегінде сүйекаралық
терең иық артериясымен жалғасатын сүйекаралық қайтарма артериясын бөледі.
Сүйекаралық краниальды артерия тізеге қарай төмендеп, дорсальды тізе торын
жасауға қатысады және пальмарлы тізе торына артерия тармағын бөледі. Күйіс
қайтаратын жануарларда сүйекаралық краниальды артерияның төмендеген
соңғы тармағы IVтерең пальмарлы
жіліншік артериясымен қосылып,
IVбақайдың латеральды артериясына айналады.Шошқамен иттесүйекаралық
краниальды артерия нашар жетілген.