А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет119/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

5.Орталық артерия (срединная артерия) — a. mediana— иық 
артериясының жалғасы. Иық артериясы жалпы сүйекаралық артериясы 
ажырағаннан соң, орталық артерия — деп аталады. Орталық артерия кәрі 
жіліктің медиальды бетімен төмен түсіп, тізенің тамырлы торы мен жіліншік 
артерияларын түзуге қатысады. Орталық артериядан алдыңғы аяқтың білек 
аумағынан бастап, одан төмен жатқан аумақтарды артерия қанымен 
қамтамасыз ететін бірқатар артериялар ажырайды. Олар: 
1) терең білек артериясы(a.profunda antebrachii) тізе және бақай 
буындарының бүккіш бұлшық еттерін тамырландырады. 
2) кәріжілік артериясы(а. radialis) тізе буынының жазғыш бұлшық еттерін 
қоректендіреді. 
3) 
тізенің дорсальды тамырлы торы менпальмарлық жіліншік 
артерияларын түзуге қатысатын артерия тармақтары. 
Ерекшеліктері.Жылқыдаорталық артериядан терең білек артериясы 
бөлінгеннен кейін, проксимальды кәрі жілік артериясы(а. radialis proximalis) 
ажырайды. Бұл артерия тізеге дейін төмендеп,тізенің дорсальдыжәне 
пальмарлы тармақтарына(rr.carpeus dorsales et palmares) бөлінеді. Тізенің 
дорсальды тармағы төмен түсіп, өз кезегіндеII-ші және III-ші дорсальды 
жіліншік артерияларына айналады. 
Кәріжілік артериясы (а. radialis) IIдорсальды жіліншік артериясына 
байланыстырғыш артерия тармағын бөлгеннен кейін, терең пальмарлық доғаны 
түзуге артерия тармағын ажыратады да, одан әрі екі артерия тармағына бөлініп, 
IIжәне III пальмарлы жіліншік артерияларына (aa.metacarpeae palmares II et III) 
айналады. Бұл артериялар үшінші сүйек аралық бұлшық етке қоректендіргіш 
тармақтар бөліп, одан соң III бақайдың жалпы пальмарлы артериясының 
(a.digitalis palmaris communis III) тармағымен қосылып, беткей пальмарлық 
доғаны (arcus palmaris superficialis) түзеді.
Беткей пальмарлы доғадан IIIжәне II бақайдың жалпы пальмарлық 
артериялары басталады.
1) II бақайдың жалпы пальмарлы артериясы (a.digitalis palmaris communis 
II) IIжәне III бақайлардың өзіндік пальмарлары артериялары ажырайды. Ал III 
бақайдың жалпы пальмарлы артериясы (a.digitalis palmaris communis III) жалпы 
бақай аралық артерия ретінде төмендеп, III және IV бақайлардың өзіндік 
пальмарлы артерияларына ажырайды.


186 
Алдыңғы аяқ басының алдыңғы (дорсальды) бетін артерия қанымен 
қамтамасыз ететін дорсальды тізі торын (rete carpi dorsale) жасауға: 1) кәріжілік 
артериясының 
дорсальды 
тізелік 
тармақтары, 2)коллатеральды шынтақ 
артериясының 
дорсальды 
тізелік 
тармақтары, 3) пальмарлы жіліншік 
артерияларының 
тескіш 
тармақтары 
және4) өзіндік бақай артерияларының 
дорсальды тармақтары қатысады. 
Шошқадатерең білек артериясы жалпы 
сүйекаралық артериядан бұрын иық 
артериясынан ажырайтындықтан, орталық 
артерия 
тек 
үш 
тармаққа:кәріжілік 
артериясына, 
беткей 
пальмарлы 
артерияғажәне шынтақ тармағынағана 
бөлінеді. Алдыңғы аяқ басының терең 
және беткей пальмарлы артерия доғларын 
түзуге кәріжілік артериясы, әсіресе, 
шынтақтармағы қатысады. Осы аталған 
доғалардан шығатын ІІ- IV пальмарлы 
жіліншік 
артериялары 
өз 
кезегінде 
проксимальды және дистальды тескіш 
тармақтар 
бөліп, 
одан 
әрі 
бақай 
артерияларына 
айналады. 
Олардың 
тарамдалуы күйіс қайтаратын жануарларға 
ұқсас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет