А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет120/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

54 - суретІҚМ алдыңғы аяқ атериясы 
Иттекәріжілік артериясы тізенің жоғарғы жағында беткей пальмарлыжәне 
дорсальды тізе артерия тармақтарына(rr.carpeus palmaris et dorsalis) ажырайды. 
Дорсальды тізе артерия тармақтарынан дорсальды тізе торы түзіледі. Осы 
дорсальды тізе торынан І-IV дорсальды жіліншік артериялары(aa.metacarpeae 
dorsales І-IV) шығады. Бұл артериялар алдыңғы жіліншіктердің төменгі 
жағында, иық артериясынан бөлінетін беткей иық артериясының(a.brachialis 
superficialis) жалғасы білектің краниальды беткей артериясының(a.antebrachialis 
superficialis cranialis) медиальды тармақтарынан басталатынІ-IV жалпы 
дорсальды башпай артерияларымен(aa.digitales dorsales communis) қосылып 
кетеді. Ал кәріжілік артериясынан бөлінетін екінші тармақ беткей пальмарлы 


187 
тармағы(r.palmaris 
superficialis) 
шынтақжәне 
каудальды 
сүйекаралық 
артерияларының тізелік пальмарлы тармақтарымен бірігіп, терең пальмарлы 
доғаны жасайды.
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Алдыңғы аяқтың қандай артерияларын білесіндер? 
2 Орталық артерия 
3 Кәрі жілік артериясы 
17.4 Көкірек және құрсақ қолқасының артериясы 
Сабақтың мақсаты: Көкірек және құрсаққолқасының артериясын игеру 
Көкірек қолқасы(грудная аорта) — aorta thoracica — көкірек керегесі 
қабырғасына париетальды тармақтар (дене қабырғасына арналған), көкірек 
қуысындағы мүшелерге висцеральды тармақтар бөледі.
Париетальды 
тармақтарға: 
қабырғалараралық 
артериялар(аа. 
intercostales), ал жылқыда бұлардан басқа алдыңғы диафрагмальды артерия 
(a.phrenica cranialis) жатады. Қабырғалараралық артериялар (5- қабырғадан 
соңғы қабырғаға дейін) ез кезегінде дорсальды, жұлындық және вентральды 
тармақтарға бөлініп (омыртқалық, алдыңғы қабырғалараралық, бел және 
құйымшақ артериялары да, осылай тармақталады), аттарына сәйкес дене 
аумақтары мен мүшелерді қанмен қамтамасыз етеді.
Висцеральды тармаққа өңеш-бронх бағаны жатады. Ол қолқадан 5-қабырға 
тұсында бөлініп, одан соң өңеш артериясына(a. oesophagea) жөне бронх 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет