А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет138/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

қабырғааралық лимфа түйіндері (ln. intercostales) қабырғалар бастарына 
жақын қабырғааралық кеңістікте орналасады. Түйіндерді ішкі жағынан 
көкірекші шандыры мен кеуде пердесі жауып тұрады. Қабырғааралық түйіндер 
лимфаны арқа және мойынның сүйектері мен бұлшық еттерінен кеуде пердеден 
және диафрагмадан жинап, көкірек ортасының лимфа түйіндері мен көкірек 
өзегіне өткізеді. 
Қолқалық көкірек лимфа түйіндері (ln.thoracica aortici) қолқа мен көкірек 
омыртқалардың аралығында орналасады. Лимфа түйіндері лимфаны арқаның 
дорсальды бұлшық еттерінен, көкірек омыртқалардан, қолқадан, бауырдан
плеврадан жинап, көкірекортасының каудальды лимфа түйіндерінен 
краниальды лимфа түйіндеріне өткізеді. 
 Көкірекортасының 
лимфа 
орталығы 
— 
lc.mediastinaleкөкірек 
ортасының краниальды лимфа түйіндері (lc.mediastinales craniales) көкірек 
ортасындағы жүрек плеврасының аралығындағы кеңірдектің жоғарғы және 
төменгі жағында жатады. Лимфаны көкірек қабырғасынан, иық белдеуінің 
бұлшық еттерінен, мойыннан, кеңірдектен, жүректен, қолқадан, жүрекқаптан, 
плеврадан жинап, көкірек өзегі мен оң лимфа бағанына құяды. 
Көкірекортасының ортаңғы лимфа түйіндері (lc.mediastinales medii) 
жүректің жоғарғы жағында, қолқа мен өңештің аралығында орналасады. Лимфа 
түйіндері лимфаны өңештен, кеңірдектен, бауырдан жинап, көкірек ортасының 
краниальды және бронхтық лимфа түйіндеріне өткізеді 
Көкірек ортасының каудальды лимфа түйіндері (lc.mediastinales 
caudales) көкірек ортасындағы қолқа мен өңештің аралығында орналасады.Бұл 
түйіндер лимфаны өңештен, плеврадан, бауырдан, көкбауырдан жинап, көкірек 
ортасының краниальды және ортаңғы лимфа түйіндеріне өткізеді. 
Вентральды көкірек лимфа орталығы - ln.thoracicum ventralr — төссүйек 
тұтқасының дорсальды бетінде жатады. Орналасу орындарына байланысты бүл 
орталықтың лимфа түйіндері краниальды және каудальды болып екі топқа 


209 
бөлінеді. Аталған орталық түйіндері лимфаны көкірек қабырғасының төменгі 
бөлігінен және диафрагмадан жинайды да, көкірек өзегіне өткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет